Сарыбекова Ж.Т., Спатай Ж.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

ТҰЛҒАНЫҢ КӘСІБИ МАМАНДАНУЫН ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГТЕР АРҚЫЛЫ ДАМЫТУДЫҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕЛУІ

 

Психологиялық зерттеу жұмысы арнайы ұйымдастырылған эксперимент ұғымымен тікелей байланысты. Себебі кез келген психологиялық зерттеу эксперименттің көрсеткіштері мен қорытындысынсыз ешқандай нақты дәйектер бермейді. Олай болса, эксперимент – «тәжірибе» деген мағынамен сипатталып, ежелден қалыптасқан ғылыми зерттеу әдістерінің бірі болып табылады. Ал психологиялық эксперимент – зерттеуші мен зерттелінушілер арасындағы жоспарлы ұйымдастырылған іс–әрекет түрі. Ол теориялық  талдаулар негізінде ғылыми болжамды тексеруге бағытталады.  Сонымен біздің зерттеу жұмысымызда тұлғаның кәсіби мамандануын, яғни шығармашылық белсенділігін тәжірибелік сынақтан өткізу мақсаты қойылған.

Адам шығармашылыққа қабілетті. Шығармашылық бұл процесс, қазіргі уақыттың категорияларын бірнеше жолмен қарастыруға болады, өтіп кеткен осы процестің өзінің негізі тұлға жасау, оның қасиеттері мен қабілеттіліктері, мұның өзі нағыз процесс ал келешекке бұл шығармашылық өнім. Сонымен қатар, жалпылауда, шығармашылық фактісінің үстіңгі талдауын, психологиядағы бүтін бағыттың негізі, креативтіліктің астарында деп белгілейді.          

 Адамның белсенділігі өзара әрекеттесудің ішкі формасы және олардың сыртқа көріну формасы ретінде байқалады. Оны бір жағына «өзіне» деген ерекше қабілет ретінде сипаттауға болса, екінші жағынан түрлі өзара қатынаста көрінетін қасиет ретінде бағалауға болады. Белсенділік мәселесіне жалпы сипаттама беретін болсақ, бір жағынан, оны іс-әрекет өлшемі ретінде процестің өтілу деңгейі және жалпы арақатынасы, екіншіден – субьектілердің өзара әрекеттестікке потенциалды мүмкіндігі. Басқа сөзбен айтқанда кез-келген өзара әрекетке немесе процестің жүру деңгейіне оның бағасы, сапалық және сандық сипаттамасы, сонымен қатар субьектінің өзара әрекетке потенциалды мүмкіндік бағасы.

         Сонымен адамның шығармашылық белсенділігінің жалпы және мәнді белгілерін қосу арқылы, ол өзіне, біріншіден кез келген өзара әрекет, екіншіден, процестің интенсивті жүру деңгейінің сапалық және сандық сипаттамасы; үшіншіден, субьектінің сырттан тыс жанама ішкі қарамақайшылықтарының бастауларында болатын кез-келген процесс немесе өзара әрекеттің негізі туралы түсінік.

Біздің зерттеу жұмысымыздың эксперименттік бөлімінде 37 -ден (N=37) астам зерттелушінің өлшеу қорытындысы талқыланды. Барлық алғашқы мәліметтер бойынша сыналушылардың ұқсас көрсеткіштерінің нәтижесі топтастырылды. Барлық сыналушыларды біз екі топқа іріктедік. Олар 20 бақылау тобы болса, 17 тәжірибе тобы болды.

Біздің нәтижеміз бойынша зерттеудегі адамның индивидуалды белсенділігін келесі негізгі теориялық түсініктерден көруімізге болады:

а) адамның белсенділігі индивидтің тұрақты қасиетіне тән қарастырылған, іс-әрекет пен мінез-құлық қарқынды жүзеге асырылуда жоғары деңгейді көрсетті, бағыттылығы,  беріктілігі мен әртүрлілігі немесе оның қатынас әрекеті, адамның нақты ішкі тілегінен туындайды;

ә) Адам белсенділігінің қажеттілігі шамаланған таным жиынтығының белгілі сандық көрсеткіші және іс–әрекет пен мінез–құлықтың нақты актілерін ұйымдастыру тәсілдері ішкі механизмдер мен индивидуалды ерекшеліктерді табу болып табылады;

б) Адам белсенділігін нақты көрсету үшін өзін негізге алады. Осы негіздемелерді оқу түсінудің мүмкіндіктерін көрсетеді, неге мұндай, оның қарқындау шегі адамның мінез –құлқы және іс –әрекетін  басқаша жүзеге асыру емес іс жүзінде жүзеге асыруына ынталандырады және көлемін кеңейтеді;

в) Адам белсенділігінің қозғалмалы күші соңы емес оның ішкі немесе сыртқы факторлары болады, мұндағы қарсы шығу, осы немесе ондағы іс– әрекеттердің кейбір қарама–қайшылықтары арқылы жүзеге асырылады;

г) Басқаша қарым–қатынастың белсенділігі екі қарым–қатынасты қосқанда мүмкіндігінше көріну белсенділікті есепке алу жинақтауда нақты көрсетуі қаншалықты көрсете алмауы адам белсенділігін зерттеуді болжайды;

д) Бірліктерді талдау сапасында индивидуальды адам белсенділігінің көрінуі әрекеттестік актілері нақты қызмет ете алады және адам мінез–құлқындағы оның түсінушілік жүйесі, қоса алғанда өзіндік мотивациялық ой операциясының динамикалық және тиімділік қорытынды компоненттері болып табылады  [89. 38 б]. 

Біздің зерттеу жұмысымызға таңдалып алынған осы жастағы тұлғалардың шығармашылық белсенділігін зерттеуге іріктелген әдістемелер төмендегі міндеттерді шешуге бағытталды:

        біріншіден, тұлғалық және әлеуметтік-психологиялық бағдарланған, ол тұлғалық дамуына, жалпы қалыптасатын қабілеттеріне, интеллектуалды потенциалына ықпал ететін танымдық процестерге бағытталатын, өзінің қажеттілігін қанағаттандыратын, пайдалы ақпараттар арқылы қызықтырылуы тиіс;

  – екіншіден, олардың тіршілігі үшін мәнді, көп уақытты қажет етпейтін, сонымен қатар олардың басқалардан құпия жақтарын сақтайтын әдістер тобы;

       – үшіншіден, түрлі әдістеме арқылы тұлға еш қиындықсыз өз бетінше және қызығушылықпен орындай алуына жағдай жасау.

Олай болса, зерттеудің болжамын дәйектеу мен ұйымдастыру барысында зерттеу мәселесіне байланысты айқындалған эмпирикалық міндеттері мыналар:

                         зерттеудің негізгі әдістерін іріктеу, талдау;

  негізгі зерттеу әдістерінің өлшемдерін өңдеу, айқындау;

                         Тұлғаның шығармашылық белсенділігін анықтайтын параметрлері негізінде оның даму деңгейін анықтау.

Зерттеу жұмысының тәжірибелік міндеттері: алынған нәтижелер негізінде тұлғаның шығармашылық белсенділігін әлеуметтік психологиялық тренинг ықпалына арналған арнайы бағдарлама құрастыру, оны өңдеу және тиімділігін бағалау.

Психологиялық экспериментті ұйымдастыру мен алға қойылған міндеттерді шешуге арналған зерттеудің өтілу барысы екі үлкен блоктан тұрады:

1.  Тұлғаның танымдық белсенділігінің даму деңгейін зерттеу (ойлау ұшқырлығы мен креативтілігі).

2. Тұлғаның шығармашылық белсенділігінің даму деңгейін зерттеу.

Тұлғаның шығармашылық белсенділігін зерттеудің тиімді ұйымдастырылуына тәуелділігін әдістемелер негізінде зерттеуіміздің өтілу барысын  1-суретте сипатталды:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                                               

 

Сурет  1 Зерттеу әдістемелерінің өтілу барысы

 

     Шығармашылық ғылыми мәселе ретінде психологияда салыстырмалы түрде ертеден бері зерттеледі және теориялық және эксперименталды зерттеудің өте салмақты салаларының бірі болып саналатыны кездейсоқ емес. Бұл мәселеде кез келген өлшемде психикалық бейнелеудің белсенділігі, адам іс әрекетінің өнімділігі, қабілеттер табиғаты, ұсынылғандығы анық.

Зерттеу жұмысымыз бірнеше эксперименттік кезеңдерден тұрады. Эксперимент барысында адамды бақылап қана қоймай, өзгеруіне мүмкіндік жасалынады. Психологиялық эксперименттің нәтижелілігі оның алға қойылған мақсаты мен оған қол жеткізуге бағытталған болжамдардың дәлелденуіне байланысты. Оның өзі эксперименттік әдістемелердің нақты іріктелуі мен бірін-бірі толықтыруын құрайды. Сондықтан ғылыми зерттеу жұмыстарының эксперименттік барысын бірнеше кезеңдерге бөліп жоспарладық. Ол төмендегі 1-кестеде  сипатталды:

 

Кесте 1 - Зерттеу жұмысының  эксперименттік кезеңдері

 

Зерттеу кезеңдері

Зерттеу мазмұны

1

диагностикалық

зерттеу мәселесі бойынша әдістемелерді қолдану арқылы мәселенің өзектілігін айқындау

2

болжамдық

зерттеу мақсатына сәйкес қосымша болжамдар жасалынды, соған сай эксперименттік–тәжірибелік зерттеулер бағдарламасы мен өтілу барысын ұйымдастыру, ұсыну

3

ұйымдастырушылық

зерттеу жұмысының бағдарламасын іске қосуға қажетті жағдайлар құру және зерттеу жұмысын жүргізу

4

тәжірибелік

зерттеу әдістемелерінің негізгі өтілу барысына көрсетілген іс–шараларды жүргізу, құрылған әдістемелік бағдарламаның тиімділігін анықтау

5

қорытындылау

алынған мәліметтер сәйкестігін байқау және нәтижелерді сараптау

 

Осы кезеңдердің негізінде зерттеу жұмысымыздың эксперименттік іс– шаралары жүргізілді.