БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНІҢ
СПОРТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ РЕТІНДЕ ҚАРАСТЫРЫЛУЫ
Назаров Ақылбек Амирович «Түркістан Ахмет Ясауи» колледжі магистр-оқытушысы,
Әбділлаев Әбдіқалық Көшербайұлы Қ.А.Ясауи
атындағы ХҚТУ профессоры
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі
оқу-тәрбие үдерісінің өзгеше ерекшелігі
қосымша білім беру жүйесіне қатынасымен анықталады.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі дене мәдениеті
бойынша қосымша білім беруді қалыптастырулың негізгі
жағдайы оқушылардың мотивтері мен мазмұны бойынша
әртүрлі білім алу қажеттіліктерін
қанағаттандыратын вариативті және дифференциалды
педагогикалық бағдарламаларды іске асыру болып саналады.
Күнделікті өмір тіршілігіндегі спортпен шұғылдану
барысында қалыптасқан жеке ерекшеліктерін пайдалана білу
оқушының спорт мектебінің тіршілік тынысына енуіне
мүмкіндік жасайды. Спорт болашақ спортшылардың жоғары
нәтижелерге жетуі үшін тек дене қозғалысы сапаларын
жаттықтырумен ғана шектеліп қоймайды, сонымен бірге
олардың алдына психологиялық дайындығын қамтамасыз
ететін қатаң талап қояды.
Спортшыны нәтижелі дайындау жағдайларының бірі оның
тіршілік ұстанымдарының күшейтілген шыйрығуын,
жоғары талаптану бастамасын құру болып табылады.
Балалар мен жасөапірімдер спорт мектептерінде білім
берудің ерекшелігі оны
басқару жүйесінде де көрінеді. Балалар мен
жасөспірімдер спорт мектептеріндегі педагогикалық үдерісті
тиімді басқарудың негізгі шұғылданушылардың
(оқушы, студент) дене дайындығы деңгейін арттыруға,
олардың салауатты өмір бейнесіне қызығушылық ынтасын
дамытуға бағыттау, өз қабілеттерін көрсетулері
үшін дайындауда қоғамның әлеуметтік
сұранысын орындауда қолда бар қоғамдық
қатынастарды жетілдіру болып табылады.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі білім беру
қосымша спорттық білім беру үдерісі ретінде
қарастырылады. Спорт мектептеріндегі қосымша спорттық білім
берудің мақсаттары келесі міндеттерді жүзеге асыруды алдын
ала қарастырады:
• спорттық қызметтің қандай да бір
қызықтыратын түрлерінің есебінен негізгі білім
түрлерін дамыту;
• шұғылданушыларды толық жабдықталған,
қолайлы, қуаныш сезімі ұялайтын, яғни «күтілмеген
нәтижелі жағдай» және қарым-қатынасты
жақсаратын ортамен қамтамасыздандыру;
• дербес білім алу жолын таңдауына көмектесу.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі қосымша
спорттық білім берудің әлеуметтік маңыздылығы
жеке тұлғаның жан-жақты дамуы мақсаттарының
келесі кешенімен қамтамасыздандырылады:
• қосымша бағдарламалар арқылы іске асырылатын
танымдық дамумен;
• жеке тұлғалар арасындағы өзара
қарым-қатынас тәжірибесі кіретін, әлеуметтік
бейімделумен;
• әлеуметтік бастамалардың дамуымен;
• кәсіби бағдарламалар арқылы спорттық
қызметті сапалы түрде және нәтижелі таңдаумен;
• спорттық дайындықты кәсібилікке дейін
бағдарлаумен;
• әртүрлі спорт түрлерінен деңгейі мен
мазмұны бойынша әртүрлі бағдарламаларды меңгеру
арқылы оқушылардың шығармашылық потенциалын
ашумен;
• бос уақытты тиімді ұйымдастырудың құралдары
мен формаларын таңдауға мүмкіндік туғызатын
бағдарламалардың әртүрлігі бейнедегі танымдық
проблемалар жиынтығы (пролематика) бойынша жалпы мәдениетті,
оның ішінде қызметтік бос уақытты тиімді өткізу
мәдениетін дамытумен байланысты.
Білім беру мақсаттары өзінің дамуын оқу
материалының мазмұнынан, оқыудың білім беру
бағдарламаларын дұрыс құрудан алады. Дене
мәдениеті мен спорт саласындағы спорт мектептерінде қосымша
білім беру бағдарламасының мазмұны мыналарды алдын-ала
қарастырады:
• жеке тұлғаның
спорттық шығармашылыққа және спорттағы
өз қажеттіліктерін орындау мотивацияларын дамыту;
• оқушылардың қарым-қатынастық
қабілеттерін, дербестігін, жеке мәдениетін дамыту;
• шұғылданушылардың дене және ақыл,ой дамуын
түзету;
• балалар мен жас жеткеншектердің мінез-құлық, іс-әрекетінің
алдын алу шаралары.
Дене мәдениеті бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде
жеке тұлғаның өзін-өзі еркін анықтау аясы
ретінде қосымша білім беруді тиімді ұйымдастырудың
жағдайы оқушылардың білім алу қажеттіліктерінің
мотиві мен мазмұны бойынша әртүрлі
қанағаттандыратын вариативті және дифференциалды оқу
бағдарламаларын жүзеге асыру болып табылады.
Шұғылданушылардың басты қажеттіліктеріне мыналар
жатады:
• оқушылардың өздерінің жеке қабілеттерін
тамытуға, сол сияқты олардың өз таңдаған
спорттық қызметіне қызығушылығын өздігінен
жүзеге асыруға, өзін-өзі жетілдіруге және
өзін-өзі дамытуға ұмтылуы ретінде алдын ала келісілген
шығармашылық (креативті) қажеттіліктер;
• спорт түрлері бойынша негізгі білім беру бағдарламасына
кірмейтін білім көлемін арттыруға ұмтылумен анықталатын
спорт мектебі оқушыларының танымдық қажеттіліктері;
• өз қатарларымен, ересектермен, әріптестерімен,
педагогтармен, жоғары дәрежелі спортшылармен
қарым-қатынаста жүзеге асырылатын, қатынастық қажеттіліктер;
• қосымша білім алу нәтижесінде жеке проблемаларын шешу
қызығушылығымен пайла болатын, оқып, үйрену
немесе қарым-қатынас аясында жатқан компенсаторлы
қажеттіліктер;
• кәсіпке дейінгі және кәсіби спорттық
дайындыққа белгілеумен байланысты кәсіби
бағдарлық прогматикалық қажеттілік;
• қол бос кездерді мазмұнды ұйымдастыруға
ұмтылумен байланысты бос уақыт қажеттілігі.
Оқу материалдардың мазмұнында
шұғылданушылардың жоғарыда көрсетілген
қажеттіліктерді жүзеге асыру барысында балалар мен
жасөспірімлер спорт мектептеріндегі оқу-тәрбие үдерісін
басқаруды ұйымдастыруды жетілдірудің негізгі бағыты ретінде
нормативтік құжаттарды өңдеп дайындау
қарастырылуы мүмкін.
Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде
шұғылданатындарды спорттық дайындаудың өзгеше
ерекшелігі бағдарлама мазмұнына енген барлық теориялық
білімдер спорттық практикада сынақтан өткізіледі, спорттық
қызметтің әртүрлі салаларының тәжірибесіне
ұласады.
Өзінің бағыттылығы бойынша балалар мен
жасөспірімдер спорт мектептерінің педагогикалық
бағдарламалары негізгі үш түрге бөлінуі мүмкін:
білім беру, оқытып үйрету және бос уақытты тиімді
пайдалану.
Мұндай бағдарламаның идеологиясы төтенше
әртүрлі бейнеде, оның негізгі сипаттамалары келесі
үлгілік құрылымда ұсынылуы мүмкін:
• жасы бойынша: мектеп жасына дейінгілер, бастауыш, орталау, орта мектеп
оқушылары мен жасжеткіншектер үшін;
• жынысы бойынша: аралас, ер балалар үшін, қыздар үшін;
• созылу ұзақтығы бойынша: бір жылдық, екі
жылдық және т.б.;
• іске асыру үлгілері бойынша: топтық, жеке;
• спорттық қызмет түрі бойынша.
Спорттық қызмет түрі бойынша балалар мен
жасөспірімдер спорт мектептерінің спорттық
бағдарламалары мамандық саласы және көп салалы болып
бөлінеді.
Меңгеру деңгейі бойынша бағдарламалар мыналарға
бөлінеді: жалпы мәдени, тереңдетілген, кәсібі
бағдарланған және т.б.
Қосымша спорттық білім беру бағдарламасының
бірқатар жіктелуі бар.
Бағдарламалық жобалауды бастауға кірісер алдында
педагогқа бағдарламаның «негізгі бағыттылығын»
(түрін) бірден айқындау ұсынылады.
Әдетте бағдарламаның мына бес түрі айырмаланады:
1. Бағыт
көрсету, хабардар ету. Мұндай
бағдарламалардың негізгі бағыты балалардың дене
мәдениеті мен спорттың қандай да бір түрі бойынша жеке
тұлғалық хабардарлық бағдарын
қалыптастырумен байланысты.
2. Маңызды,
күрделі, іргелі: Мұндай
бағдарламалардың мақсаты – қандай да бір спорт түрінен
маңызды білімді меңгеру.
3. Қолданбалы
(технологиялық). Бұл
бағдарлама түрінің басты мәні қандай да бір спорт
түрі бойынша балалардың белгілі бір қызмет тәсілдері
мен біліктіліктер жиынтығын меңгеруі үшін жағдай жасау
болып табылады.
4. Ақпараттық. Курстың мақсаты - әрбір баланың,
жасөспірімнің иелігіне қандай да бір спорт түрі туралы
ақпараттар ағымын беруге мүмкіндік жасау.
5. Бос уақытын тиімді
өткізу бағдарламалары – бұл
бағдарламалар спорт мектептерінде тұрақты негізде
оқитын тәрбиеленушілерге, сол сияқты
шұғылдануға кезеңдермен қатысатындарға
арналады.
Қазіргі кезде балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріндегі
спортшыларды дайындаудың іс тәжірибесінде балалардың бос
уақыттарын тиімді пайдалану бағдарламасына үлкен маңыз
берілуде.
Балалардың сабақтан бос уақыттарын тиімді пайдалану
бағдарламаларын дене мәдениеті мен спорт саласында потенциалды
мүмкіндеріне мына тапсырмалар жатады:
• өзін-өзі жетілдіру;
• әлеуметтік-тарихи ортақ мүддегілікке жататынын саналы
ұғыну;
• жалпы адамзаттың адамгершілік құндылықтарын
сақтау;
• әлеуметтік белсенділік;
• спорттық жоғары жетістіктерге жетуге бағыттылық.
Балалардың сабақтан бос уақыттарын тиімді
пайдалануға арналған бағдарламалар білім беру
бағдарламаларына қарағанда адамның дене
дайындығын, интелектуалдық, әсерленушілік мүмкіндіктерін
жоғары дәрежеде көрсетеді.
Шет елдердегі озық білім беру практикасында технологиялық
өңделіп, дайындалған мұндай бағдарламалар «curriculum»,
яғни «жүгіру жолағы», «мақсатқа жету жолы» деп
аталады, олар дәстүрлі «syllаbus» оқу бағдарламасынан
(курс бағдарламасы, лекция, жоспар, сабақ кестесі) айырмаланады.
«Сurriculum» бағдарламаларында терең анық және
нақтылы ойластырылып дайындалған білім беру немесе спорттық
мақсаттар мазмұндалған. Егер алға қойылған
мақсаттар барлық мәселелерді қамтитын глобальды сипатта
болса, онда соңғы мақсатты тапсырмалар мен одан әрі
бөлінетін арасындағы бір ізді байланысты көрсетумен
сипатталады. Мақсаттарды анықтауға ерекше назар аударылады,
немесе мақсат-барлық бағдарламалар мазмұнының
тұтастығына кепілдік беретін жүйеге жасаушы элемент.
Мақсаттарды тұжырымдаудың алгоритмін Д.Л. Моррисей
орындалатын әрекетті сипаттайтын етістіктің
анықталмаған формасынан немесе бұйрық райынан
басталатын келесі сәттерді атап көрсетті:
• талап соңғы нәтижені анықтайды;
• мақсатқа жетудің тапсырылған мерзімін
нақтылайды; күш, құрал, уақыт және
қуаттардың мүмкін болатын максимальды мөлшерін
белгілеу;
• бұл мақсатқа жетудің дәлелін айқындау
үшін қажетті қай жерде мүмкін, спорттық
жұмыстардың талап етілген нәтижелерінің сандық
сипаттамасын көрсету;
• не және қайда істелінген болуы тиіс екенін түсіндіру;
• бірегей оқу циклының нақтылы кезеңдеріндегі
оқытып, үйрету міндеттерін қою;
• спорттық жаттығуларды меңгеру үдерісінде
жаттықтырушы мен оқушылар қызметін үйлесімді
ұйымдастырудың тәсілдерін, мүмкіндік жағдайлары
мен формаларын сипаттау;
• оқушыда бұрыннан бар, даму үстіндегі спорттық
біліктілігі мен дағдыларын, пәндік саласын, танымдық,
әлеуметтік аясын меңгеру үшін қажетті
әртүрлі біліктілік дәрежелерін қалыптастырудың
әдістері мен тәсілдерін сипаттау;
• диагностика тәсілдерін анықтау және нәтижелерін
бағалау;
• егер нәтижелер күтілген нәтижеге жетпесе, оқытып,
үйрету үдерісін түзетудің варианттарын бағдарлау;
• дене жаттығуларының барлық курсын меңгеру
үшін қажетті материалдық, уақыт, адам және
ресустарды есептеу.
Бұл бағдарламалардың немесе технологиялардың
стандартты бағдарламалардан айырмашылығы, олар
оқушыларға спорттық қызметті белсенді
меңгерудің құралы мен мүмкіндік жағдайын
белгілейді, яғни оларға өзін және өз күшін
байқап көруге, қызықты шығармашылықпен
шұғылдануға және қарым-қатынас жолдарын
іздеуге өз ісін таңдауға және оны айқын,
айтарлықтай нәтиже түрінде лайықты
аяқтауға, ойлап табушылық, фантазияларды еркін
көрсетуге мүмкіндік туғызады.
Оқушылардың мұндай қызметке қатысуының
ерекше мәні бар, яғни оларға бұрыннан бар
спорттық қабілеттерін жетілдіруге және жаңаларын
меңгеруді қамтамасыз етеді, спортта жоғары нәтижелерге
жетудің мүмкіндік деңгейлерін арттырады.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Педагогика. Дәріс курсы. – Алматы: «Нұрлы Әлем», 2003. –
368 б.
2.
Әбділлаев Ә.К. Дене мәдениеті мен спорт педагогикасы
(лекциялық жинақ)
3.
Лихачев Б. Педагогика (курс лекция) Москва. 2006г.
4.
Каинова Э.Б. Общая педагогика физической культуры и спорта. Москва. 2007г.
5.
Педагогика учебник для институтов физической культуры / Под ред в.В.
Белорусовой и М.Н. Решетень -2-е изд., доп и перераб. –М.: ФиС, 1986. -288с.