М.Х.Дулати атындағы ТарМУ                                                              дене тәрбиесі     кафедрасы         ның                                                                  оқытушысы                                          Шонов Еркін Шайбекұлы

 

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ БҮГІНГІСІ БОЛАШАҒЫ

           

Күрестің ұлттық түрі - қазақ күресі. Қазақ күресінің даму тарихы тереңде жатыр. Қазақ халқының өмір сүру салты көшпенді тұрмысқа бейімделгендіктен, күнделікті іс-әрекетінің өзі күрес. Тарихқа көз жүгіртсек көшпенді тайпалардың түп атасы сақ, ғұн, түркілер дәуірінде садақ атудан, ат үстінде найзаласудан тағы басқа дәстүрлі сайыстар өтетіні жайлы нақты деректер бар. Мысалы, Қытайдың осы заманғы археологтары біздің жыл санауымыздан бұрын Хан патшалағы дәуірінде тұрғызылған, Шинан қаласы маңындағы ежелгі түркілердің қонысын қазып қабырды ашқанда зираттың ішінен екі мыс табақша табылыпты. Табақшалардың бетінде екі адам бір-бірімен қоян-қолтық ұстасып, күресіп жатқан сипатты ашық бейнеленген екен. Қытай ғаламдары бұл палуандары түріктердің арғы тегі саналатын ғұндар деп ұйғарған. Демек , бұл заттар – күрес шежіресінің айғағы. Оның бер жағында халақтық эпостарға сайыс өнеоі жайлы көркем тілімен керемети баяндалса, ерте замандағы таңбалы тастардағы күресіп жатқан адам бейнелі таңбалар жайдан-жай саланбаған                                                                                   Қазақ күресінің ғңылыми жүйеленуі 1920 жылдан басталған. 1936 жылы Семей өзіндік орны бар. ХХ ғасырдың басына дейін ел ішінде күрестің бірізді жүйеленген тәтрібі болған жоқ. Сондықтан да әрбір өңірде күрес ішкі ерекшеліктерін сақтай отырып, қалаптасқан.                                                                                                                                    Қазақ күреінің ғылыми жүйеленуі 1920 жылдан басталған. 1936 жылы Семей қаласында қазақша курестен  Қазақстан чемпионаты өткен.  «Қазақ күресі» бойынша бірінші ірі жарыс 1938 жылы ауыл шаруашылығы аймақтары арасындағы спартакиада аясында өткен. Сол сәттен бастап жарыс дәстүрлі түрде республика қалаларында тұрақты өткізіліп отырған.                                                                                                                                     Қазақ күресінде шалу, жата  тастау, арқалай, кол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп алу, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрінеде қолдануға болады. Ойынның ережесі бойынша жатып күресуге болмайды. Қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады. Адамның  ептілігі мен жылдамдығы, шымырлығы мен ой жүйріктігі басым палуандар жеңіске жетеді. Бұл күні палуандар тек алпауыт алпамсадай азаматтар ғана емес, орта салмақты, арықша келген азаматтарда бола алады. Себебі мұнда ең бастысы сенің жігерің мен ұмтылысың.                                                                                                                                   Қазақ тарихында жауырыны жерге тимеген батыр аталарымыз да жоқ емес. Аттың құлағында ойнап, ерлегімен, батырлығымен, батылдығымен палуандылығымен көзге түсен. Махамбеттей ер тұлғалы батырлар, Балуан Шолақ сынды ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген палуанб қазақ елін әлемге танытқан Қажымұқандай аталарамызды айтпау мүмкін емес.                          Орасан күш иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған қазақтың тұңғыш палуаны – Қажымұқанның тарихтағы орны ерекше. Қазақ еленің атын әлемге таңытып, өзінің еңбекқорлығымен, өнерімен, дүниежүзін аралап, бойына берген күшінің арқасында әлемді өзіне қарата білді. Қажымұқан Мұнайтпасұлы 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған. ХХ ғасырдың басында түркі халқының ішінде тек қазақ палуаны ос ындай атаққа ие болды. Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Зайкин, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды теспе темір үзетін палуандармен қатар жүріп, біз кілемдегі айқастарда осы балкандарды шетінен жығып, бәйге алу – сол заманда нағыз ерлік еді               Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы – 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады.                                                        Атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық төл спортымыз қазақ күресінің аясы кеңейіп, даңқын әлемге паш етіп жүрген палуандарымыз да жоқ емес. Қазақ  палуандарының арасында Олимп биігін Жақсылық Үшкемпіров, Шәміл Серіков сияқты ағаларымыз жеңіс туын желбіретіп бағындырды. Сол ағаларымыздың сара жолын жалғастырған Дәулет Тұрлыханов, Асхат Житкеев, Нұрбақыт Теңізбаев, Ақжүрек Таңатаров сияқты тағы да коптеген күш алыптары баршылық.                                                    Қазақша күрестің дамуы еліміз тәуелсіздік алғаннан кейіне басталады. «Қазақша күрес» федерациясын құрып,көптеген ғылыми еңбектер жазып,тұңғыш төраға болған-Ерғали Мұхитдинов ағамызды айтпай кету мүмкін емес. Ол кісінің ерең еңбегі мол.Алғаш рет «Қазақша күрес» федерациясын құрып, оның тұңғыш төрағасы болған адам.Осы шамада,яғни 1990 жылдары атақты балуан Әбілсейіт Айханов ағамыз өзі бас болып қазақша күрес ережесін жазып, ол ереже 1990-1995 жылдарға дейін қод\лданыста болды.Одан кейін күрес ережесін жетілдіріп,  қазіргі палуандар киіп күресіп жүрген күрес киімінің негізін жасаған адам-Елемес Әлімханов.Бұл кісінің де қазақ күресіне сіңірген еңбегі зор.2002 жылдардан бастап осы күрестің қыр-сырын білетін Бауыржан Жаналин, Марат Жақитов, Диқанбай Биткөзов сияқты мамандар қазір қолданыста жүрген ережені дүниеге әкелді.2004 жылы Берлин қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының кіші құрылтайында «Қазақ күресі» бойынша халықаралық федерация құрылып, оның басшысы болып Серік Төкеев сайланды.                                                                                                    2004 жылы алматы қаласында ҚР Президентінің  жүлдесі үшін қазақ күресінен ірі халықаралық турнир болды. Оған әлемнің 25 елінен 100-ден аса спортшылар қатысты.Олардың қатарына Германия,Түркия,Голландия,Франция және басқа да елдер болды.                                                                                                                                                   Алғаш рет Азия біріншілігі 2006 жылдың шілде айында Ресейдің Алтай жерінде өтті. 2007 жылы Алматы қаласында «Күрес фестивалі» өтті. Фестивальға әлемнің 60 мемлекуетінен спортшылары қатысты. 2008 жылы Ресейдің Орск қаласында екінші біріншілігі өткізілді,оған 42 мемлекеттің палуандары қатысып, Қазақстанның 4 палуаны алтын, ә-і күміс медальмен оралды. 2010 жылы Астана қаласында 3-ші әлем біріншілігі туын желбіретті, оған 46 мемлекеттен 300-ден астам палуандар қатысты.Қазақ палуандары бұл бәсекеде намысты қолдан бермей 5 алтын 1 күміс 1 қола медаль иеленіп командалық есепте бірінші орынды алды.                                                                                                                    Алғаш рет 2011 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында,ұлтжанды азаматымыз Арман Шораевтың жобасы негізінде «Қазақстан Барысы» турнирі өткізілді.Оған әр облыстан 4 палуаннан,барлығы 64 балуан қатысып бас жүлдені сарапқа салынды.Бұл сайысты бірінші орынды Қызылордалық палуан Ұлан Рысқұл иеленді. Екінші рет 2012 жылы «Қазақстан Барысы» турнирі өтті.Бұл турнирде Тараздық палуан Бейбіт Ыстыбаев «Қазақстан Барысы» атанды.Үшінші рет өткізілген «Қазақстан Барысында» Шығыс Қазақстан облысының палуан Айбек Нұғмаров атанса,сондай-ақ 2014 жылғы «Қазақстан Барысы» Мұхит Тұрсынов иеленді.                                                              2014 жылдың 25 қазан күні Павлодар қаласында тұңғыш рет қазақ күресінен «Әлем барысы» атты халықаралық турнир өтеді. Бұл-қазақ күресінің тарихында бұрын-соңды болмаған жетістік. «Әлем барысы»ауыр салмақта өтті. Оған бес құрлықтан 35 елдің жауырынды спортшылары келді.Бұл да болашақта Халықаралық Олимпиада комитеті тарапынан қойылып отырған талаптар сай болуы үшін өткізілген жарыс. «Әлем барысына» Еуропа мен Азияны айтпаған күннің өзінде Америка да, Африка да, жалпы,бес құрлықтан 35 елдің спортшылары келді. Әр мемлекеттің намысын қорғау үшін сол елдің бір палуан сыңға түсті. Жарыс жоғары деңгейде,халықаралық турнир деген тәртебеге лайық болуы үшін салмағы арнайы 90 келіден жоғары дүлей күш иелері келді.Әрбір жарысқа қатысушы өз елінің мақтанышы,бетке ұстар палуаны болды.«Әлем барысы» халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды.Брайсон Видаль-дзюдодан Олимпада ойындарының қола жүлдегері.Айта кетейік,жүлде қоры 150 мың долларды құрады.                      Халық «Әлем барысынан» жауырыны жерге тимеген палуандарынан үміт күткені шындық.Бірақ,спорттың аты – спорт.Біреуге жеңіс,біреуге жеңіліс болады.Бұл біздің   

 

ӘДЕБИЕТТЕР

1.  Қазақтың ұлттық ойындары. Б.Төтенаев, Алматы, 1994 жыл

2.  Қазақтың ұлттық спорт  ойындары. Е.Сағындықов, Алматы «Рауан», 1994 жыл

3.  Дене тәрбиесі сабағында қолданылатын қысқаша терминдік сөздер Е.Шоңов, Н.Байзақова, Қ.Омаров, А.Жұмабеков, Тараз қаласы, 2001 жыл.

4. Қазақтың ұлттық спорт ойындарының тарихы мен дамуы, Шоңов Е.Ш., Тараз қаласы, 2015 жыл,