Зергерлік бұйымдарың дизайнының қазіргі алатын орны

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, «ЖӨБТК және дизайн» кафедрасы,

Тараз қаласы.

Аға оқытушы, магистр – Иманбекова Калдыбике Көбейевна

Аға оқытушы, магистр –Смагулова Гулнара Спанбаевна

 

Бұрынғы замандарда зергерлік бұйымдар құндылығы басқаша бағаланатын, оларда белгілі бір сиқырлы күш бар деп саналатын. Олар тіл-көзден, жамандықтардан, тіпті қарақшылық шабуылдардан қорғайды деп есептелген. Ол сенімдердің кейбіреулері осы күнге дейін сақталған. Әрбір асыл тастың және металлдың өзіне тән мағынасы бар.

Қазіргі кездері зергерлік бұйымдар тек әшекей  ғана емес, дәстүрлі техника мен қазіргі заманғы технологияларды бірге қолданып зергерлер жасаған дизайн мен өнердің бір саласы. Өте қымбат зергерлік бұйымдарды алушылар бұрындары классикалық минимализмге жүгінетін немесе өрілген жүзіктер мен «барокко» стиліндегі сырғаларды таңдайтын, ал қазіргі заман адамдары кейінгі декормен жасалған зергерлік бұйымдардың соңғы модельдеріне қол жеткізуге тырысады. Бұрынғы кездері зергерлік бұйымдар атадан балаға мұра ретінде берілетін болса, қазіргі заман сәнгерлері сәндік бұйымдарға аксессуар ретінде қарайды, ал сән тұрақты емес, өте өзгермелі екендігі белгілі. Тұтынушыларды қанағаттандыру үшін жыл сайын шығарылатын коллекциялар саны күрт өсті. Қазіргі заман зергерлері асыл тастар және бағалы металлдарды ғана қолданбайды, сонымен қатар, талантты дизайнерлердің инновациялық идеялары да қолданылады. Зергерлік бұйымдардың бұрынғыдай символикалық мағынасы бар, тек тематикасы өзгерген: бұрынғы классикалық зергерлік бұйымдарда фауна мен флора әуендері мен геометриялық формалар кеңінен қолданылса, бүгін әшекей ролін пластик, металл, тіпті шегелер де орындай береді. Пайдаланылатын материалдар саны шексіз өсті: алтын мен күміске тек асыл тастар ғана емес, сонымен қатар, акрил, раковина, фарфор, эбонит, оргшыны, керамика, силикон, пластмасса, текстиль, ағаш, қағаз және тіпті аттың қылдары мен ready-made деп аталатын дайын заттар: конструктор Лего немесе  гайкалар пайдаланылады. Сонымен қатар, металлдан өрілген, торланған «металл өрнектері» секілді филигранды бұйымдар үлкен сұранысқа ие болды. Әр түрлі ағаштардан: қара, күлгін, қызыл, эбен, сонымен қатар, бамбуктен, палисандр, жаңғақ, тик, самшиттен жасалатын бұйымдар саны көбейді. Ағашты көбінесе ақ материалмен (металлмен немесе перламутрмен) немесе қара тастармен бірге пайдаланды. Зергерлік іске арзан, әрі дөрекі бетон секілді материалдар да пайдаланыла бастады. Кейінгі кездері заттар дизайнының барлық салаларында және зергерлік істе бетон кеңінен пайдаланылуда [1].

Авангард стилінің ерекшеліктері: оларды жасайтындар ешқандай нормалар мен дәстүрлерді мойындамайды, олар ашықтан-ашық жеке, эксцентрлік, адамдарды таң қалдыратын бұйымдар жасайды. Ашықтық, декордың көзге түсуі, материалдардың күтпеген үйлестірілуі, ойда жоқ өңдеу тәсілдерін қолдану, конструкцияның икемділігі және қозғалмалы болуы, графизм тенденциясының болуы – осының бәрі авангард стиліне жататындар.

Жоғарыда келтірілген стильдер ішінде әртүрлі бағыттар мен бірнеше микростильдер бар, олардың арасында геометриялық, конструктивтік, бейнелеу бағыттары және бірнеше микростильдер бар, олар біріктіріліп, «төрт құбылыс» (жер, от, ауа, су)  атауымен аталады.

«Жер» тақырыбындағы зергерлік бұйымдар көлемді, әрі жеңіл, детальдары өте мұқият жасалады. Айнадай жарқыраған бетіне фактуралы және күңгірт түстер қолданылады. Ою-өрнекпен формаларының негізгі әуендеріне флора мен фауна мотивтері, сондай-ақ, Жер бетінің рельефі жатады.  Мұндай бұйымдарға шынжырлар мен білезіктер, алқалар, сырғалар, түйреуіштер, көзсіз сақиналар және родонит, малахит нефрит, агат, яшма, сердолик, бирюза, інжу көздері орнатылған сақиналар жатады.

«От» тақырыбындағы зергерлік бұйымдар көбінесе тек алтыннан жасалады және көздері болмайды. Барлық декоративтік эффектілер алтынды әртүрлі тәсілдермен өңдеу арқылы және бір бұйымда қызыл түсі басымдау көп түстерді пайдалану арқылы жасалады.

«Ауа» тақырыбындағы зергерлік бұйымдар жұқа, жеңіл, мөлдір болады. Оларда екі декоративтік элемент – тор мен өрнек қолданылады. Тор тюльдің фактурасына ұқсайды, ал өрнек испан мантиниялары мен тараққа ұқсайды. Қосымша жеңілдік пен мөлдірлік эффектісіне сары алтынға бағалы емес мөлдір материалдар мен түрлі-түсті тастарды пайдалану арқылы қол жеткізеді.

«Су» тақырыбындағы зергерлік бұйымдар (алқалар, сырғалар, түйреуіштер, білезіктер) өз формаларымен сорғалаған суды еске түсіреді, оларға опал,  аквамарин, хрусталь және өрнек элементтерімен көздер жасалады

Шығыс мотивтері – сәнге жаңа енген бағыттардың бірі. Индияның экзотикалық колориті өзінің магиялық сиқырымен тартымды. Ескі дәстүрлер мен жаңа технологиялар қосылып, стильдер мен материалдар араласады, нәтижесінде өте нәзік талғамды ханзадалар мен ханымдарға лайық зергерлік бұйымдар пайда болады. Бриллиант орнатылған алтын алқа, сырға, сақиналарда тропикалық гүлдердің, жемістердің, жәндіктердің және құстардың табиғи түрлері бейнеленген. Зергерлік бұйымдар қолтырауын, хамелеон, пантера бейнесіндегі асыл тастармен әшекейленеді. Зергерлік бұйымдар қатарын қырланбаған алмаздар, кораллдар және өңделмеген бирюза толықтырады [4].

Қорытынды ретінде: бүгінгі сәндік бұйымдарда идея мен ниеттің маңызы үлкен. Қазіргі заманғы зергерлік бұйымдар дизайнының тенденциясы – өмір стилі секілді сипатталады.

Әдебиеттер:

1.   Коровина  Н.И.  Ювелирные тенденции нашего времени.  Ювелирная Россия. Информационно аналитический журнал – 2009. – №4

2.   Нотаристефано Л. Визуальные продажи ювелирных украшений. Ювелирная витринистика. Текст. /Лаура Нотаристефано; пер с англ. Н.Баженова. М. Изд. дом 6 карат, 2009.