Арнайы киімнің пайдалану
көрсеткіш мәселелері сұрақтары
Байұзақова
Г.С. аға оқытушы, Байұзақова Ә.А., студент
М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
Арнайы
киімді талдау көрсеткіштері оның пайдаланылу түріне
қарай: барлығына міндетті және кейбір түрлеріне
ғана міндетті болып бөлінеді.
Арнайы
киімдердің барлық түрінің сапасын сипаттайтын міндетті
көрсеткіштеріне, киім астындағы климаттың ерекшеліктері мен
жылулық күйі, антропологиялық өлшемі мен еңбек
шарттары құрылымына сәйкестігі, бұйымның салмағы,
үздіксіз қолдану ұзақтығы, тігістердің
қаттылығын, үзу күшін, үлгі шешімінің
түстік және композициялық толықтығы
(көркемдік - эстетикалық көрсеткіші), химиялық тазалау
мен жууға тұрақтылығы жатады.
Арнайы
киімнің жалпы көрсеткіштеріне гигиеналық, эксплуатациялық,
эргономикалық және көркемдік-эстетикалық жатады
Гигиеналық көрсеткіштер адам
қозғалысы мен тыныс алуына, денеге қажетті жылу
күйінің сақталу мен қан айналымына, дененің
қалыпты тыныс алуына байланысты болады. Кез-келген киім дененің
аумағына ауа ерекшелігін бөлетін, бір жағынан, адамның
интенсивті жылу бөлуі, басқа жағынан
қарастырғанда қоршаған ортаның
метеорологиялық параметрлерінен және киімнің құрылысына
(оның құрастырылуы, материалдың физика-химиялық
құрылымынан және т.б.) бағынышты болады.
Киім астындағы ауа ерекшелігінің
көрсеткіші болып ылғалдылық пен ауа температурасы, сонымен
қатар оның құрамындағы
көмірқышқыл диоксидінің бар болуы болып табылады.
Жылу алмастыру әдісінің есебі
түрлі арнайы киімдерді әр түрлі климаттық
аудандарда(белдеулерде) пайдаланудың нақты шарттарына сай
жобалауға мүмкіндік береді.
Бұйымның эргономикалық сапасын
бағалау дегеніміз, өлшемдердің сәйкестігін, формасын,
бұйымның түсін, оның бөлшектерінің
өзара орналасуының антропометриялық, физиологиялық,
психологиялық талаптарға сай болып және бұйымды
қолданудағы жайлылықты қамтамасыз етіп, жұмыс
істеушіге түсетін психологиялық және физикалық
күштің үйлесімділігін білдіреді.
Бұйымның
көркемдік-эстетикалық көрсеткіштері оның
композициялық(тепе-тедіктер, үлгісіне, бейнесіне) және бояулардың үйлесімдік(
материалдың түстік үйлесімі, топтастырылымның
фурнитуралары) шешімімен, қоса алғанда нақты
тұтынушының фирмалық үлгісін ерекшелеп тұратын,
эмблема мен логотипімен анықталады.
Аталған көрсеткіштер негізінен
гигиеналық, пайдаланылу және эстетикалық талаптардың
қамтамасыз етілуін шарт қылады.
Қорғаныштық құрылым
келесі міндетті көрсеткіштермен арнайы киімнің
қорғаныштық тиімділігін қамтамасыз етеді:
·
механикалық әсер етуден және жалпы өндірістік ластанудан-
тетіктердің тегістелуіне қарсылығы;
·
Жоғары температурадан, жылу бөліну мен төменгі
температурадан, пакеттің ауа және бу өткізгіштігінен;
·
пакеттің ауа өткізгіштігімен-ашық жалыннан;
·
радиоактивті затардан- қорғаныш коффициентінен,
қатерсізденуге бейімділікпен;
·
рентген сәулесінің бөлінуінен-қорғасын
эквиваленті;
·
уытсыз шаңдардан, әктен, шыны талшықтарынан- шаң
өткізгіштіктен, шаңсыздануға тұрақтылық;
·
қышқылдан-қышқыл өткізгіштік
·
сілтіден-сілті өткізгіштік
·
электр қуатынан- электрлік қарсыласу, қорғаныш
коэффициенті;
·
электр өрісі- қорғаныш коэффициенті; магнит
өрісінен-қорғаныш коффициенті;
·
судан-су өткізгіштік;
·
лактар мен сырлардан, лак пен сырлауды өткізгіштік;
·
органикалық еріткіштерден- органикалық еріткіштерді
өткізгіштік
·
насекомдардан- насекомдарды өткізгіштік, дезинсекцияға
тұрақтылығы;
·
мұнай шикізатынан- мұнай өткізгіштіктен;
·
майлардан- май өткізгіштік
Бірақтан,
қазіргі уақытта аталған көрсеткіштердің
барлығына бірдей анықтау әдістемелері мен нормативтік
талаптар жасалмаған.
Адам денесіне механикалық әсерден
және өндірістік ластанудан қорғайтын келесі материалдар
ұсынылады (кесте 1)
Кесте 1
Адам денесін механикалық әсерден және
өндірістік ластанудан қорғайтын арнайы киімдерге
арналған материалдардың физико-механикалық
көрсеткіштері
|
Материал |
Артикул |
Арнайы киім |
Үзілу жүктемесі, Н |
Жазықтықтағы
қажалуға тұрақтылығы, айналымы, кем емес |
|
Негізгі жібі |
Арқау жібі |
|
|
|
|
Саржа |
3202 |
Күртешелер |
1233 |
480 |
|
Куртешелік маталар |
3400 |
Күртешелер, комбинезндар, жартылай
комбинезондар |
720 |
385 |
|
Плащтық полотно |
3104 |
Костюмдер, күртешелер |
804 |
706 |
|
Бөз |
134 |
Халаттар |
253 |
294 |
|
Арнайы киімдерге арналған мата |
13689 |
Халаттар |
680 |
490 |
|
Жартылай зығырдан |
11227 |
Халаттар |
180 |
125 |