«Өнім сапасы» деген
түсінікті талқылау сұрақтары
Байұзақова
Г.С. аға оқытушы, Байұзақова Ә.А., студент
М.Х.
Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті
«Өнім
сапасы» деген түсінік атқару міндетіне байланысты адамның
белгілі қажеттілігін қамтамасыз етуіне мүмкіншілік беретін
өнімнің қасиеттер жиынтығы болып табылады.
Бұйымның
қасиеттері оны өңдеу, пайдалану барысында анықталып,
сапалы және мөлшерлі түрінде сипатталуы мүмкін.
Киімнің өнім ретінде жобалау, өндіру және пайдалану
үдірісінде әр түрінде ұсынылады: болашақ
жоспарлаудың объектісі, болжамдау және өңдеу объектісі
(зерттеу, жобалау, дайындау), дайын өнім, тауар, пайдалану заты.
Дайын
бұйымға адам мен тұтынушы ретінде белгілі талаптар
қойылады. Соларға байланысты өнімнің сапа
көрсеткіштері қалыптасады.
Киімнің
сапасы екі топ сапа көрсекіштерімен сипатталады: тұтынушылық
және техника-экономикалық көрсеткіштері.
Тұтынушылық
сапа көрсеткіштеріне адам затты пайдалану барысында белгілі
сұранысын қанағаттандыратын қасиеттер қатары
жатады. Бұл сапа көрсеткіштері бұйымның адам үшін
жеке және қоғамдық деңгейіндегі
құндылығын белгілеп, ол 5 сынып көрсеткіштері
арқылы ұсынылады:
-
әлеуметтік;
- функционалды;
- эстетикалық;
- эргономикалық;
- пайдалану.
Әлеуметтік
көрсеткіштер – бұйымның атқару міндетіне және
өлшем тобына сәйкестігімен анықталады.
Функциональды
көрсеткіштер – бұйымның тұтынушылық
сұранысына сәйкестігімен ішкі және әлем
нарықтағы бәсекелес қабілеттілігімен анықталады.
Эстетикалық
көрсеткіштер – бұйымның сән бағытына
сәйкетігімен, композициялық шешімінің деңгейімен
анықталады.
Эргономикалық
көрсеткіштер – бұйымның тауарлық көрінісімен,
гигиеналық және психо-физиологиялық сәйкестігімен
анықталады.
Пайдалану
көрсеткіштер – материалдар төзімділігімен,
тұрақтылығымен, пішінқалыптастыру және
пішінтұрақтылығымен анықталады.
Технико-экономикалық
көрсеткіштері үш сапа көрсеткіштерімен белгіленеді:
-
бұйым құрылысының технологиялық
деңгейі;
-
бұйымның құрылысының стандартизациялау мен
унификациялау деңгейі;
-
бұйымның үнемділігі.
Қазіргі
уақытта тұтынушылық нарығында аранйы киімді ұсына
отырып қажет етілген талап кешеніне сәйкес бола бермейтіндігін
байқалады, әрқашан шетінен, ыңғайлы керемет
жағдайдағы өндірістік ортаға арналған арнайы
заманға сай киімге қажеттіліктің ерекшелігін таратуды
қамтамасыз етеді.
Оданбылай
қазіргі уақытта орын алған киімге
функционалды-эргономикалық талаптар позициясынан нақты көп
пішінді арнайы киіинің құрылымынң базалық
жүйесінің сәйкессіздігі жағдайларды анықтайды да
осы мәселені толық көлемде шешуге мүмкіндік бермейді.
Осы тұста ерекше айта кету керек, киімнің
құрылымның динамикалық сәйкестігін
қамтамасыз ете отырыпоны пайдалану шарты өнеркәсіптің
кез-келген саласы үшін арнайы киімді жобалаудың өзекті
тапсырмасы болып табылады.
Бұл жұмыста жол
құрылысшылардың кәсіпорын жұмысшыларының
арнайы киімдерін жобалау үдерісі үшін бастапқы ақпарат
компоненттерін қалыптастыру мақсатындағы жобалық
эргономикалық принциптер негізінде орындалған «адам – аранайы киім»
жүйесі элементтерінің биокинематикалық әрекеттестігін
үйрену.
Жұмыс күнінің
эргономикалық суреттерін талдау және жұмысшыларды
талдаудың сипатты қозғалысын зерттеу нәтижесінде
тіреулі-қозғалысты аппараттың жұмысына байланысты, жұмысшылар
орындаған қозғалыс жіктелулері жасалған болатын.
Осы
жіктеулерге сәйкес барлық қозғалыс үш үлкен
топқа бөлінген: «тұрып» орындалған жағдай,
«отырып» орындалған жағдай, «жатып» орындаған жағдай.
Өз кезегінде, әрбір осы топ, өзіне қозғалысты
қосып, үш топқа бөлінуі мүмкін: дененің
жоғарғ ықозғалысы, аяқтарының
қоғалысы және қолдарыны ңқозғалысы.
Қолдарының
қозғалысы әртүрлі болады, бірақ негізгісі
шынтақ буынын әртүрлі бұрыштармен бүгу және
ашу, ол иық буынымен қозғалады (алға-артқа, жанына).
Аяқтарының
негізгі қозғалысы: тіреу функциясымен байланысты
қозғалыс – қозғалыс, аяқтарының
қатысымен жасалатын қозғалыс, ол рессорлы қызмет
атқарады және локомторлы қозғалыс жасайды
(жүрісінде, отырып-тұруда). Денемен жасалатын
қозғалысқа, бүгу және жазу жатады (алға
еңкейіп және артқа, жанына еңкейіп).
Жұмыс
барысы еңбек процесінің шарттарына қарай анықталады.
Оны таңдау кезінде мынаны ескеру керек: жұмыс сипаты, жұмыс
аймағының көлемі. Жұмыс күшінің талап
етілген көлемі (статистикалық және динамикалық),
орындалатын операцияның нақтылығы, көлемі және
орындалатын қозғалыс қарқыны.
Жағымсыз
әсер тұрыстың өзі ғана емес, ол тұрыста
адамның қанша уақыт тұрғандығында
байқалатындығын білген маңызды. Үйлесімдіжұмыс
тұрысы бастапқы сәтте адам қозғалысының
кеңістіктегі шамасындағы қол және аяққа
арналған қол жетімділіктің көлемінің есебі
кезінде қызмет етуі керек. Ыңғайсыз тұрыс, отырып
жұмыс істеугеаяқ үшін жеткіліксіз еңістікті тудыруда,
кіші қолмен жаслаатын операциялардың нақтылығын
айтарлықтай азайтуға алып келеді.