Современные информационные технологии/ 3.Программное обеспечение

 

Нурпеисова Ж.С. аға оқытушы

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Интернетте іздеу жүйесімен жұмыс жасау

 

Қазіргі таңда іздеу жүйелерi қазақстандық Интернеттің ажырамас бөлiгі болды. Iздеу жүйелерi  - бұл тек қана ақпаратты іздеу қана емес, сонымен қатар кәсiпкерлiк үшiн қызығарлықтай салаларды ұсынатын үлкен және күрделі механизмі.

Іздеу жүйесі — мәліметті Интернеттен іздеу мүмкіндігін ұсынатын веб-торап. Іздеу жүйесінің басым бөлігі мағлұматты Әлемдік өрмек сайттарынан іздейді, алайда файлдарды ftp-серверлерден, тауарларды интернет-дүкендерінен, сондай-ақ мәліметті Usenet жаңалықтар тобынан іздей алатын жүйелер де бар. Соңғы уақытта түрлі XML-деректер ішінде RSS технологиясына негізделген іздеудің жаңа түрі пайда болды

Iздеу жүйелерi негiзгi келесі  қасиеттеріне ие болу керек:

ü     Толықтық

ü     Дәлдiк

ü     Өзектiлiк

ü     Iздестiру жылдамдығы

ü     Көрнекiлiк

Егер де сіз іздеген ақпараттың ресурстарының адресін білмесеңіз, іздеу жүйелерін қолданыңыз. Берілген іздеу машиналарын жүктеу үшін адрестік жолда мына адреті жазыңыз:

Øhttp://yandex.ru

Øhttp://www.rambler.ru

Øhttp://www.google.ru

Øhttp://www.site.kz

Ø http://www.net.kz

Øwww.tabu.nursat.kz

Øhttp://www.google.kz

Øwww.yahoo.com

Øhttp://www.wisenut.com/

Øwww.altavista.com/

Øhttp://www.lii.org  және тағы басқалары.

Іздеу жүйлермен жұмыс барысында қолданылатын жалпы  ережелері бір біріне сәйкес келеді. Іздеу жолында сізге қажетті сұрақты немесе затты сипаттайтын  кілттік сөздерді енгізуіңізге болады.  Сонда да сізге қатысты емес көптеген ақпарат көлемін табасыз. Ал сізге керек нақты ақпаратты табу үшін, сұранысты қолданыңыз.

Сұранысты қолдану бойынша нұсқаулар:

ü           Белгілі сөздер кездескен құжатты алып тастау үшін, оның алдына  минус таңбасын  қойыңыз. 

ü           Және керісінше, белгілі сөздер құжатта міндетті түрде кездесуі үшін, оның алдына плюс белгісін қойыңыз.

Назар аударыңыз, сөздер мен белгілер (плюс/минус) бос таңба болмауы керек. Мысалы, сұраныс жеке хабарландыру бойынша автокөліктерді сату, сізге ол туралы әр түрлі  жеке хабарландырулар бойынша  көптеген сайттарға сілтемелерді береді. Ал сұраныс жеке хабарландырулар + автокөліктердіі сату сізге нақты автокөліктерді сату туралы хабарландыруларды көрсетеді. Егер сізге Париждің сипаттамасы,  турагенстволардың ұсыныстары керек болмаса, мынадай сұраныс жазыңыз: жолсерік Париж-агенство-тур.

ü           Егерде сұраныста терілген бірнеше бос орынмен бөлінген сөздер болса, онда олар ізделінген құжаттың бір сөйлемінде болуы қажет.

ü           Сөздер арасында | таңбасын қоюға болады, егер де сіз құжатты іздеу үшін берілген сөздердің біреуі бар болса. Мысалы, фото түріне сұраныс | фотография |снимок | фотосурет  аталған сөздердің біреуі болатын құжаттарды іздейді.

ü            ~ (тильда) таңбасы бірінші сөзі бар, бірақ екінші сөзі жоқ сөйлемдер болатын. Мысалы, банк сұранысы бойынша  ~ заң барлық құжаттарды табады, егер де онда «банктер» сөзі бар болса, және оның қасында «заң» сөзі болмаса (сөйлем шегінде).

ü           Егер де сұраныста тырнақшаларға алынған тұрақты сөзтіркесі қолданылса, онда құжаттарды іздеу кезінде осы сөздер бірінен соңы бірі жазылып келеді

ü           Егер де іздеу нәтижесінде құжаттар көп болып кетсе, және де сіз осы тізімді қысқартқыңыз келсе Искать в найденном флажогын басыңыз.

ü           Егер сіз табылған құжаттардың бірі сізге ең ыңғайлы болып келсе, Ұқсас құжаттарды іздеу ссылкасын басамыз.

ü     Сұраныстарда ? таңбасын қолдануға және  бір немесе бірнеше таңбалардың орнына * таңбасын қоюға болады. 

ü     Барлық формадағы сөздерді іздеу үшін оның алдына # жұмыс таңбасын қою қажет.

ü     Егер @  жұмыс таңбасын сөздің алдына қойсаңыз, ол тек сөзді ғана емес, сонымен қатар біртүбірлі сөздерді табады.

ü     Кеңейтілген іздеумен қолдана отырып, тар іздеу шарттарын қолдануға болады (мысалы, құжат тілі,мерзімі,  сөздер арасындағы қашықтық және т.б.).

                                              

Әдебиет:

1.                 Основы работы с MS Office и Интернет. Корпорация Microsoft, 2004.

2.                 Титоренко Г.А. Автоматизированные информационные технологии в экономике: учеб. для студ. Вузов по экон.спец. – М.:ЮНИТИ-ДАНА, 2006

3.                 http://kk.wikipedia.org