Педагогические  науки”

 

Нишанбаева Сабира  Зетбековна

Абай атындағы ҚазҰПУ Mагистратура және PhD докторантура институты

«6M010300» - Педагогика және психология мамандығының 2- курс  магистранты

 

Ж.Аймауытовтың педагогикалық мұраларындағы тәлім-тәрбиелік идеялары және оның негізгі бағыттары.

Ж.Аймауытов – ақын, жазушы, драматург, публицист, аудармашы. Өзінің қоғамдық-саяси, ғылыми педагогикалық еңбегімен тарихымызға өшпес із қалдырған, патшаның отарлау саясатына қарсы күрескен, бүкіл өмірін қазақ халқының ұлттық мүдделеріне арнаған, сол үшін жазықсыз жапа шегіп, құрбан болған үлкен қайраткер, әнші домбырашы, актерлік қабілеті бар «сегіз қырлы, бір сырлы» тума талант екендігі белгілі. Оны ұғыну психикалық процестерге байланысты.

Жүсіпбек Аймауытовтың шағын прозадағы алғашқы беталысы оның журналистіктен жазушылыққа, өмір фактілерін түзуден бейнелеп көрсетуге ұмтылысын, суреттілікке бой ұрғанын көрсетеді. Сөйте-сөйте ол үлкен проза үлгілеріне ауысты.

«Қартқожа» - болған оқиғалардың ізімен жазылған шығарма. Оның қаһарманы–өмірде болған адам[1] Бірақ, Жүсіпбек өмір фактілерінің ауқымында қалып қоймай, оны дәуір шындығына лайықты жазушы қиялымен толықтырып, нақты типтік көркем бейнеге айналдырған. Оның Қартқожасы өмірде болған прототипінен көп жағынан өзгеше, қаһарманның таныс-бейтанысы сияқты.

Соңғы жылдары, әсіресе Жүсіпбек әдебиетке қайтып, оралғаннан кейін, жазушыны білетін адамдардан оның шығармашылық өмірге қатысты мәліметтер түсе бастады. Соның ішінде «Қартқожа» романының жазулы тарихына байланысты материалдар да бар. Осы деректерге қарағанда, Қартқожа-өмірде болған, романға негіз болған оқиғалардың біразын басынан кешірген адам. Жүсіпбектің жерлесі, белгілі жазушы Зейтін Ақышевтің айтуынша, Қартқожа Жананұлы Тоғанбаев 1896 жылы туып, 1938 жылы сталиндік репрессияға ұшыраған. «Өз басым ол кісіні жақсы білемін, -дейді Зейтін. Оның атын атамай, Қартаға дейтін еді. Ол өзінің алдынан сабақ алған біздерге ғана емес, оны білген әлеуметтің бәріне қадірлі, бәріне сыйлы адам еді. Жеті атасынан бері шыр бітпеген тақыр кедей болатнын... Жасынан зерделі бала байдың қозысы мен қойының соңында жүріп-ақ, молдадан оқып, арабша сауатын ашып алады. Оған қанағаттанбай, Баянауыл бекетіндегі бастауыштан жоғары мектепке түсіп, орысша оқиды».

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары мұғалімдік курстан өткен Қартқожа қалған өмірінің барлығын ұстаздық қызметке арнаған. Оның алдынан жаңа заманның көптеген жас кадрлары өткен. Зейтін Ақышев –соның бірі[2]. Қартқожаны жақсы білген Жүсіпбек оған тақыр кедейдің ішінен шығып, оқып,жаңа дәуірдің рухани тіршілігін жасауға ұмтылған алғашқы жастардың бірі есебінде қараған. Жаңа өмір жасаушылар, қазақ халқының сауатын ашып, оларды өрге сүйрейтіндер осылардың ішінен шықпақ. Жүсіпбектің романын жастарға арнауы, оның қаһарманы етіп жас ұрпақтың типтік өкілін алуы осыны аңғартады. «Ел үшін күйген, еңбекті сүйген, Ізгі тілекті, Ер жүректі, Жұртшылықтың көсемі- Жалыңды жастарға арнаймын!» дейді ол «Қартқожаның арнауында».

Жүсіпбектің Қартқожаны қазақ аулындағы ең әлсіз топ-тақыр кедейдің баласы етіп алуында да үлкен  мән бар[3]. Біріншіден, ол тарихи Қартқожаны шыққан ортасын дәл көрсету ниетінен туса, екінші жағынан, қоғамдық жіктің ең төменгі, әлсіз ортасында алынған қаһарманның теңдікке қолы жетіп, оқып, сол қоғамға пайдалы азамат болуын суреттеу ниетінің өзі де қызғылықты. Бұған жазушының өзініңде шыққан ортасын қосу керек. Ол да кедей баласы, кедей өмірін жақсы біледі. Соған лайық Роман қаһарманы дәуірдің өзгерістерін біртіндеп бойына сіңіре ойанып, оқып, қатарға ілігеді. Романда сол кездің әдебиетінде көбірек байқалатын қаһарманды тезірек жеткізіп, күрескер етіп шығаратын жасандылық байқалмайды.  Жазушы қартқожаны өмірдің ұзақ, сан қилы талқысына салып, біртіндеп, оятады. Тіпті роман соңында да ол-белсенді, жетілген күрескер емес, қаладан оқып, ауырдағы жаңа өмірді жасауға ниет қып келген жас. Ауыл кедейі ішінен шыққан жас адамның сол дәрежеге жетуінің өзі-қазақ даласына келген қоғамдық саяси –әлеуметтік өзгерістердің салдары екеніне роман оқырманы сендіреді. Алдағы өмірді жасаушылар осылардың қатарынан шығатынын нұсқайды.

Роман басталғаннан-ақ біз оның негізгі кейіпкерімен танысамыз. Ол ауыл молдасынан оқитын көп баланың бірі болмағанымен, мінез-құлқы жағынан да, тіпті сыртқы пішінмен де олардан бөлек көзге түседі. «Сол балалардың ішінде босаға жақта-астында бір жапырақтай тері, мұрнын қос-қостап тартып, қожасының ақ сабауына, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып бір бала отырған еді. Жасы 10-11 шамасы болар ме екен, қалай?...Екі жеңі де сауы, бетінің бір жағы да сатпақ, көзінің былшығыда жөнді тазармайды. Сол баланың қақ-соқпен ісі жоқ, момақан, аңқау, көзі бажырайып, аузын ашып, мұрны қоңқиып отырғаны. Жасында балпиған, сүйкімді бір бала болады ғой, тап сол бала осы еді. Құдай оңдап, аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа ... Жас балаға лайық ат емес қой», деп суреттейді жазушы оны. Жүсіпбек оның сыртқы портретін де ішкі мінез –құлқындағы ең басты назар айдаратын нәрсе –оның оқуға ынтасы, құмарлығы. Бұл-сол кездердегі қазақ балалары психологиясындағы жаңалық. Ол жаңалықты бізге XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының даму жағдайлары әкеледі. Ресейдегі әлеуметтік революциялардың қазақ қоғамының даму жағдайлары әкеледі. Ресейдегі әлеуметтік ревоюциялардың қазақ жеріне әсері, ұлттық сана-сезімнің оянуы, оқу-білімнің қажеттігін түсінуі бұл кезде дәуірдің ең өзекті жаңалығы боп кіре бастаған еді. Қазақтың дамған елдердің қатарына қосылуы, ең алдымен, ел ішінде оқу білім тарату, сол арқылы қалың қауымды ұйқыдан, надандықтан жарыққа шығау идеясымен тікелей байланысты қаралады. Сондықтан, Қариқожаның өз ортасынан ерекше оқуға ұмтылуы –дәуірдің типтік құбылысы деп қаралуы керек.

Ендігі жерде Қартқожаның үміт –арманының бәрі орыса оқу тілегімен байланысты өрбиді. Ол әр жерде ашылған орыс мектептері, оларда оқитын қазақ балалары жайлы мәліметтерге құлағын түре жүреді[4].  Жазушы бұл жерде Қартқожаның ішкі толғанысына, сезіміне үңіліп, оның өзі көрген орысша оқыған жастар жайлы ойларын ортаға салады. Ол көрген әбділдә перуатшік, Уфа медресесінің шәкірті, Жүніс, т.б. баланың ынтасын ұштап, қиялана қанат бітірген жандар. Бәрі де орысша оқыған, іс басындағы адамдар. Қартқожа солардай болуды армандайды.

Ескі қоғамдық ортада адмның әлеуметтік тұрмыс ықпалынан сытылып шығып, мақсатына жету үшін талаптануы оңай да емес еді. Қартқожа да оған жете алмайды. Оның үстіне, тағдыр қитығына кездесіп, Жұмын үйінің шаруасы да күйзеліске ұшырайды. Күн көріп, таңдайын жібітіп отырған жалғыз көк бие жамандатып өледі. Сол үйдің құты көк бие екен-ол өлісімен одан қалған ұрпақ түгел қырылады: құлынын қасқыр жеп кетеді, көк тай алқымына шығу шығып өледі, көк құнанды ұры әкетеді. Қызыл шолақ сиырдың желіні ісіп бір жағы беріштеніп, сүтінен айрылып, сыңар емшек болып қалады. Күзекте отырғанда шығып кеткен қара інгенді әлде кімдер бір жұмадай шөп тасуға салып, зоықтырып, бота тастап,  ыстық суықты болып ол өледі. Қартқожа әкесінің балаша еңіреп жылағанын көреді. Солқылдап әжесі жылайды. Соларды көріп үй айнала беріп оның өзі де жылайды. Мұның аяғы жұтқа жалғасып, Жұманның өлімімен тынады. Осындай жағдайда ол 1916 жылғы июнь жырлығын қарсы алады. Романның екінші бөлімі түгелдей осы оқиғаға арналады[5].

Қартқожаның оқуға ұмтылуы –осы өмірді танудың нәтижесі еді[6]. Ол келешектің оқумен ғана байланысты екенін ұғады. Оқуды Баян қаласында малайлыққа жалданып, орыс тілін үйренуден бастайды. Семейдегі мұғалімдер курсына, Омбы рабфагына түсіп оқиды. Тұрмыс жағдайымен кейде оқуын үзіп, ара-арасында мұғалімдік қызметтер атқарып, бала оқытады. Қоғамға пайдалы істерге қатысады. Осы жолдағы Қартқожаның талабын, ізденісін жазушы сол кездің саяси –әлеуметтік тіршілігімен байланыстыра суреттейді. Дәуірдің қат –қабат шындығы Қартқожаның талабын, ізденісін жазушы сол кездің саяси –әлеуметтік тіршілігімен байланыстыра суреттейді. Дәуірдің қат-қабат шындығы Қартқожаның ғана емес, бүкіл елдің алдында жаңа жағдайлар тосады. Қартқожа соларды көріп ойлайды. Романның соңында ол омбыдан елге, оралып, жиналған жұрт алдында жігерлі сөз сөйлеп, халықты еңбекке, оқуға шақырады.

Қартқожа арқылы азаттық, теңдік дүбірі оятқан жас ұрпақтың ұлттық ой-өрісін, сана сезімін көрсетуге ұмтылған жазушы мақсаты осы айтылғандардан анық танылады. Ең бастысы –негізгі қаһарман өзін қоршаған қоғамдық ортамен тығыз байланыста суреттелген. Ол –өз кезіндебарлық саяси әлеуметтік істерге қатысушы. Дәуірдің қайшылықты көзқарастарының бір жағын батыл ұстағанмен, ол сол арқылы шындықты біртіндеп танытып, ой –өрісін жетілдіреді, пікірін қалыптастырады.

Романның соңғы бөлімінде жазушы өз кейіпкерін революциядан кейінгі аласапыран уақиғалар елегінде ұстайды. Өмір тартысы тудырған сұрақтарға тап етіп, соған жауап іздейді. Мысалы: жазушы революцтядан кейінгі «разверстка» оқиғасын суреттеп, мал жинау кезіндегі зорлықты, асыра сілтеуді қоспасыз әңгімелейді [7].

Мұнда жазушы Кеңес өкіметінің байлардың малын алу науқанын бүкіл халықты тонауға айналдырған белсенділігін әдемі суреттеген. Адамды қорлаумен, зорлықпен қабаттаса жүргізілген бұл науқанның аяғы 1920-1921 жылдардағы аштыққа әкелгені белгілі. Қартқожа осы науқанды көзімен көріп, оның жоспарсыз, ретсіз жүргізілгенін байқайды. Осының аржағында Баяннан Семейге бара жатқан кейіпкердің көзімен жазушы сондай зорлықтардан кейін малы азайып, күн көрісі азайып, күнкөрісі әлсіреп, жүзеу тартып қалған елдің суретін береді.

Жүсіпбектің реалистік өнері романдағы халық тұрмысының кең жасалған суреттерінен анық көрінеді. Қартқожа өмір кешкен ортан ыашу мақсатымен ол қазақ ауылы тұрмыс-тіршілігінің әр қилы шындығын шынайы бейнелейді, әрбір суреттің, құбылыстың оқиғаның артында автор қоғам мен адам, тіршілік жайындағы ой түйіні тұрады. Сол арқылы ол өз кейіпкерін де ойландырады, толғанысқа, сезінуге жетелейді.

Жүсіпбек суреткерлігі болған оқиғаны әдемі, көз алдына елестете әңгімелеп беруінде ғана емес, ол негізгі кейіпкер басынан кешкен қиындыққа оның ортасын, табиғат құбыластарын да ортақ етіп суреттей білуінде. Ол табиғатты да, оның сырын да жақсы біледі. Оны әрқашан адам сезімінен, әрекетімен байланыста көрсетеді.

Адам сезімі табиғат үндесуін Жүніс пен Шәмкештің кездесу түнінің суретінен. Қартқожаның солдатқа шақырылған күні өз алдында тұрып ойланған сезім күйінен көреміз[8]. Мұнда да даланың кеңдігі мен бейқамдығы тудырған мінездер ашылады. Ел –жұртынан айрылу қаупі туған Қартқожаға бүкіл ауылы, табиғатымен, жанымен сондай ыстық көрінеді.

Табиғатты Жүсіпбек жалпы ұғымда емес, адамның туған жері, өскен ортасы мағынасында түсінеді. Оның адам жанына жақындағаны, онымен үндестік сыры да осында. Мұны солдаттан қайтқан Қартожаның Баянға келердегі сағыныш сезімінен айқын көреміз. Кейіпкер суреттей отырып, жазушы туған жер туралы үлкен толғаныс жасайды[9].

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Аймауытов  Ж. Бес томдык шығармалар жинағы. Т.1, Алматы, 1996 ж. 5-29 б.б.

2. Акышев 3. Жүсшбек және оның Қартқожасы // Жұлдыз, 1990, №8, 185 б.

3. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т.7,  Алматы,  2004 ж. 462 б.

4. Аймауытов  Ж. Шығармалары. Алматы, 1989 ж.,560 б.

5. Майтанов Б. Ақбілек - психологиялык роман //Жұлдыз,1992 ж., №107

6. Майтанов Б. Ақбілек-психологиялық роман //Жұлдыз, 1992 ж. №107, 56-61 б.б.

7. Қазақ әдебиетінің тарихы. Т. 7. Алматы, 2004 ж., 462 б№.

8. Қазақ әдебиетінің тарихы: 2-ші кітап: Оқу құралы. Алматы, 2002 ж.-455 б.

9. Ақышев 3. Жүсіпбек және оның Қартқожасы // Жұлдыз, 1990, №8, 186 бб.