ТӘРБИЕНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ҚОЙЫЛАТЫН

ТАЛАПТАР

Шолтаева Н.М.- М. Сапарбаев атындағы ОҚГИ «Парасат» колледжі

  Өзін-өзі жақсы көрмейтін адам жоқ десек, сол сияқты өз Отанын сүймейтін де адам жоқ, міне осы сүйіспеншілік тәрбиешіге адам жүрегінің кілтін қолына береді және өзінің табиғатындағы дара кемшіліктерімен отбасылық және рулық жарамсыз қылықтарымен күресуде шешуші күш болады.

Тәрбие адамға екінші қасиет беру үшін бұл тәрбиенің идеясы шәкірттің санасына сіңуі керек, ал санаға сіңген әдетке, әдеттегіні дағдыға айналдыру қажет. Тұрақты көзқарас адамның санасынан оның ойлап қабылдауынан бұрын орын алады, сол уақытта ғана ол оның табиғаттарының элементтеріне айналады.

Тәрбиенің бірыңғай міндетін бір сөзбен «адамгершілік» деп түсіндіруге болады. Адамның алдында қанша мақсат болса, тәрбиеге де сонша міндет артуға болады. Педагогиканың міндеттерін біртұтас, бүтін нәрсе деп терең және дұрыс ойластыру үшін сол тәрбиенің мақсатын біртұтас деп түсінуге алдын ала мүмкіндік алу керек.

Адамгершілік-адамның ең жоғарғы мақсаты. Олай болса, оның тәрбиеге қатысы бар. Мұны жоққа шығарушы адамгершіліктің не екенін түсінбейді. Оның бұл жөнінде бір нәрсе айтуға құқығы жоқ. Алайда адамгершілікті адам мен тәрбие берудің бар мақсаты етіп қою үшін оны кеңірек түсіне білу керек, сонымен қатар оның шынайы мүмкіндіктерінің алғы шарттарын көрсету қажет.

Адамгершілік деген оқымыстылық пен ақылдылықтың қажетті шарты емес дейтін пікірге сенумен бірге, біз қоғамдық өмірдің әсерімен, әдебиеттің әсерімен және тағы басқа қоғамдық күштің әсерімен отбасылық және қоғамдық тәрбиенің адамның адамгершілік қасиетінің қалыптасуына күшті және шешуші ықпал жасау мүмкіндігіне толық сенеміз. Сонымен қатар біз адамгершілік әсер тәрбиелеу ісінің негізгі көздейтін мақсаты деген пікірді батыл айта аламыз...

Адамды өмірге баулу саналы да ерікті түрде ішкі заңдылықты, кұдіретті бастауды сырттағыға таза әрі толық жеткізу, өзіндік санасымен, ойымен және ақылымен толысатын жан ретінде адаммен қарым-қатынас жасау, сондай-ақ осы мақсатқа жеткізетін жолдар мен құралдарды үйлестіру - адам тәрбиесінің мағынасы деп аталады.

...Біз тәрбие жетіле келе адам күштерінен - дене, ақыл және адамгершілік  күштерінен  асып түсіп  әрмен қарай  дамыта беретінін білеміз. Тәрбие осы талаптардың барлығына тәуелді бола отырып, адами қалыптың ең тұңғиық қырларын арқау етеді.

Жоғарыда айтылған ақиқатты қолданбау, ал керісінше, оған қарсы үнемі күпірлік жасау, балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемі туралы олардың өміріндегі кейбір сыртқы құбылыстары бойынша тікелей қорытындыға келу өмірдегі және тәрбиедегі үйлесімсіз құбылыстардың, жиі қайталанатын сәтсіздіктердің ең мәнді себебі болып табылады.

Кез келген шынайы тәлім-тәрбие мен оқыту, кез келген шынайы тәрбиеші мен мұғалім өздерінің барлық талаптары мен ұйғарымдарында екі мақсатты немесе екі жақтылықты көздеуге тиіс, яғни беруші әрі қабылдаушы, біріктіруші әрі бөлектеуші, талап қоюшы әрі кешірімді қадағалаушы, активті әрі пассивті, анықтаушы әрі бастаушы, қатал әрі жұмсақ болуы қажет. Сондай-ақ оқушы, тәрбиеленуші де нақ осындай жолға қойылуы керек. Алайда ол екеуінің арасында, талап пен оның салдарының арасында, байқалынбай әмір ететін үшінші бір дүние болуға тиіс. Атап айтсақ, бұл үшінші қажетіне қарай шарттардан туындайды, әрі жасансыз шынайы айтылған жақсы сөз - жарым ырыс ретінде жеткізіледі. Бұл үшіншіге тәрбиеші де тәрбиеленуші де бірдей бір қалыпта бағынады. Оның әмірін сөзсіз мойындау, айқын ұғыну және оған сүйсіне берілу - міне осылар мұғалім мен тәрбиешінің бойынан тіпті ерекше табанды түрде әрі таза күйінде табылуы керек. Оның үстіне үнемі берік те бекем көрініс беруге тиіс. Педагогикаға катысы жоқ қоғамдық құбылыстар ретінде танылады.

Германиялық педагог-практиктер кейде тіпті тәрбиелеу, білім беру деп бөлуді құптамайды да, олардың ұғымынша бұл екеуі бөлінбейтін біртұтас ұғым.

Педагогика деп аталатын ғылым тәрбиелеумен ғана айналысады және білім алушы адам, яғни тәрбиешіге толық бағынатын тірі жан деп қарайды. Білім алушы тек тәрбиеші арқылы ғана білімдік немесе тәрбиелік әсер алады, яғни мұндай әсерлерді олар тек тәрбиешілердің көмегімен кітаптар, әңгімелер, есте сақтау талаптары, көркем немесе дене жаттығулары арқылы да алуы мүмкін. Тәрбиешінің қалауымен сыртқы әлемнің барлығы балаға ықпал етеді. Тәрбиеші өзінің тәрбиеленушісін элемнің ықпалынан ештеңе өткізбейтін қамалмен қорғаштайды және өзі пайдалы деп есептегендерін ғана мектептік тәрбиелік түтікше бойымен өткізеді.

Тәрбие педагогика пәні емес, бірақ педагогика назар аудармауға болмайтын құбылыстардың бірі, педагогиканың пәні тек білім беру болуы тиіс және бола алады да. Білім беру кең мағынада, біздің пікірімізше, адамды дамытатын, дүниеге деген көзқарасын кеңейтетін, оған жаңа мәліметтер беретін барлық ықпалдардың жиынтығын құрайды.

ӘДЕБИЕТ

1.Л. Н. Толстой. Педагогические сочинения. М. Педагогика, 1989. - 542 с.

2.Н.К.Крупская. Таңдамалы педагогткалық шығармалары. Аудармашылар:

Ғ.Оспанов, Н.Шакеев, С.Жұмабаева, Ғ. Қарсыбеков