УДК 372. 357 043

«Материалтану» пәнін оқытудың мазмұндық ерекшеліктері

Сыздыкова Б.О.

кандидат технических нук, доцент

Казахской национальный технический университет  им. К.И.Сатпаева.

Алматы, Казахстан

 

Егемендік алып тәуелсіздікке қол жеткізгелі елімізде болып жатқан өзгерістер білім беру саласына елеулі жаңалықтар әкеліп отыр. Бүгінгі заман талабына сай зерделі, ой-өрісі дамыған азаматты қалыптастыру мемлекетіміздің ең негізгі стратегиясы. Жас ұрпаққа білім берумен қатар әлем кеңістігіне кіру, дамыған елдермен тең дәрежеде бөлу көзделуде [1].

Қоғамның  дамуын қамтамасыз ету барысында білім беру жүйесі мен ғылымның өзіндік орны ерекше. Білім беру жүйесінің құрылымдық деңгейлерінде білім сапасын қамтамасыз ететін тұлға – мұғалім екендігі белгілі.

Жалпы білім беретін мектептерде «Технология» пәні мұғалімдері 5В012000 – «Кәсіптік оқыту» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасының көптеген жоғары оқу орындарында даярланады. «Технология» пәні мұғалімі колледждерде, кәсіптік-техникалық училищелерде, кәсіптік мектептерде, лицейлерде, гимназияларда сабақ бере алады.

«Технология» пәнінің мазмұнына назар аударсақ – оның құрамына өндірістің көптеген салаларында қолданылатын техникалық жабдықтар, технологиялық процестер, әртүрлі техникалық материалдар туралы мағлұматтар алуға болады. Сондықтан академик А.П. Сейтешев студенттер технологиялық процестерді іске асырудың ғылыми негіздерін жеткілікті игеру арқылы білікті маман болып қалыптасады – дейді [2].

Адамзаттың дамуымен, соның ішінде техниканың дамуымен бірге пайдаланатын материалдардың түрі мен саны, сапасы мен көлемі артуда. Механикалық және технологиялық қасиеттердің белгілі бір кешені (комплексін) қамтамасыз ететін байырғы материалдармен қатар, халық шаруашылығының жекек салалаларында жұмсалатын айрықша қасиеттерге бай жаңа материалдар пайда болуда. Мұндай материалдарға: магниттік, ыстыққа төзімді және балқуы қиын, жентектелген ұнтақты материалдар; жартылай өткізгіш материалдар; атомдық және космостық техника материалдары; композициялық материалдар, полимерлер, шынылар т.б. жатады. [3].

«Материалтану» пәнін оқытудың негізгі мақсаты студенттерге металл қорытпаларының құрылымы, ондағы болатын фазалық өзгерістер мен металл емес материалдардың құрылысы мен қасиеттері, сонымен қатар осылардан жасалатын жеке тетіктердің сапасы мен сапалық көрсеткіштерін арттыру жолдары, материалдарды ұтымды таңдау арқылы бұйым сапасын көтеру туралы білім негіздерін қалыптастыру [4].

Барлық химиялық элементтер металл және металемес болып бөлінеді. Табиғатта 100-ден астам элементтер бар, соның 80-нен астамы металдар. Әрбір металдың өзіне тән қасиеттері болады: созылғыштығы, электр мен жылу өткізгіштігі, балқу температурасы, түсі, меншікті салмағы және т.б. Ондай қасиеттерін металл қорытпаларын өндіру мен өңдеу кезінде реттеуге болады. Осылайша металл қорытпаларына сұйық күйінде әртүрлі металдардан аз мөлшерде қоспа қосылып, өңделеді. Егер металл құрамында бірнеше қоспа элементтер болса, ондай металл легірленген деп аталады. Легірленген болаттар құрамындағы легірленуші элементтердің құрамы мен мөлшеріне, құрылымы мен қолданылуына қарай жіктеледі [5, 290-295 б.б.],

Осы ғылыми мақала авторы өз зерттеулерінде материалтану пәнін жоғары оқу орындарында, колледждерде, жалпы білім беретін мектептерде оқыту жолдарын ұсынуға қатысты ондағанан мақалалар мен оқулықтар жазды. Соның бір оқу құралының [4] мазмұны мына бөлімдерден тұрады:

-  материалтану;

-  металлургия өндірісінің негіздері;

-  өндірістік металдар;

-  металды қысым арқылы өңдеу;

-  құю өндірісінің технологиясы;

-  металл емес материалдар.

Оқу құралының «Материалтану» бөлімінде негізгі ұғымдар қорытылып, алынған металдың сұйық күйден қатты күйге өту процесінің заңдылықтары, материал қасиеттері, құрылымы қарастырылады. Сол сияқты металл қорытпаларының күй диаграммалары, оны құраушы элементтер, әрбір нүктенің, сызықтың, қисық сызықтың алатын орны мен маңыздылығы көрсетіледі.

Осы оқу құпалының әрбір бөлімінен студенттерге білім беру негіздері автордың [6] еңбегінде әр қырынан талданған. Материалды өңдеу және қайта өңдеу процестерінде жаңа сипаттағы, жаңа құрамдағы материал алынатыны зерделенген. Нәтижеде негізгі материал (ең көп мөлшерде қолданылатын)  ретінде болаттың жіктелуі мен таңбалануы және қолдану аясы нақтыланған.

Қорыта келе «Материалтану» пәнінің мазмұндық ерекшеліктерін төмендегіше атап өтуге болады.

-  темір рудаларынан алдымен шойын өндіріледі;

-  шойын құрамындағы көміртек мөлшерін азайту арқылы болат алынады;

-  өндіру тәсілдері бойынша болатты конвертерлік, мартенді, электр пештерінде қорыту арқылы алады;

-  болат сапасын арттыру үшін оған әртүрлі қорытпа қоспаларын қосу арқылы легірленген болат алынады;

-  сондықтан болат көмертекті және легірленген болып жіктеледі;

-  қолданылуына қарай болат конструкциялық, аспаптық және ерекше қасиетті деп бөлінеді.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Научно-методический журнал «Ребенок и право» журнал №1 (3) 2010, ОО «СДОО Жұлдыз». Астана, 62 с.

2 Сейтешев А.П., Абдыкаримов Б.А. Научные основы профессионально-технической педагогики. Алма-ата, Казпрофтехконтакт, 1993, 432с.

3 Сидорин И.И., Косолапов Г.Ф., Макарева В.И. и др. Основы  материаловедения. Учебник для вузов. – М.: Машиностроение, 1976.

4 Самсаев М.Б., Сыздыкова Б.О. және т.б. Материалтану және конструкциялық материалдар технологиясы. Оқу құралы. Алматы, 2001. ҚазМемАгроуниверситет баспаханасы. -173 бет.

5 Сыздыкова Б.О. Материалтану пәні бойынша оқу материалдарының мазмұны мен құрылымдары. Ғылыми мақала. Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Хабаршысы №2-3 (70-71), 2010, 290-295 б.б.

6 Сыздыкова Б.О. Материалтану пәнін оқытудағы оқу элементтерінің мәні. Ғылыми мақала. Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы. Ғылыми журнал. №3, 152-157 б.б. Астана, 2010.

 

 

Резюме:

В данной статье рассмотрены особенности содержания учебной дисциплины «Материаловедение» при подготовке учителей общеобразовательных школ «Технология».

 

Resume:

This article deals with  substantial peculiarities oj teaching the academic                                   subject  of  “Material Sciences” in training teachers oj general educational schools.