ӘОК 622: 521

ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ  CАҒАСЫНЫҢ ЗООПЛАНКТОНДАРЫ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Жалиев Н.А.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

 

Жыл сайынғы су асты бірлестіктер құрылымы мен қызметі өзгерісінің  зерттеулері Жайық – Каспий бассейні коректік ресурстар қорын бағалау және олардың қорын болжауға мүмкіндік береді. Бұл  жұмыстың негізіне Жайық өзені сағалық бөлігінде орналасқан станцияларынан 2012 жылғы көктемде кешенді зерттеу кезінде жиналған зоопланктон материалдары берілген.

         2012 жылғы зерттеу мәліметтері бойынша Жайық өзені зоопланктоны омыртқасыз  жануарлар 27 таксонымен берілген.

 Коловраткалар мен кладоцерлер  түрлері  саны 2011 жылы мен 2012 жылы бірдей болды. Ескекаяқтылардың  биыл 2 таксонға  артықшылығы байқалды. Былтырғы жылмен салыстырғанда көктемде зоопланк-тондардың сапалық құрамында кейбір өзгерістер құрамынан коловраткалардың 4 түрі, кладоцерлер  4 түрі және  копеподтар 3 түрі түсіп қалған. Ротоферлі және кладоцерлі комплексте 4 түрлі организмдер,  копеподтарға – 5 түрі қосылған. 

Ротиферлі комплекс негізінен келесі түрлермен  Asplanchna priodonta, A. herriski, Brachionus calyciflorus берілген. Бұрын кездеспеген  B. quadridentatus mulheni, сонымен бірге  Filinia longiseta, Notolca acuminata, Polyarthra vulgaris түрлері болды.  Кең түрде Brachionus guadridentatus [1,2] коловраткалары таралған, барлығы 10түр. Кладоцерлер негізінде алдыңғы жылдар сияқты, Bosmina longirostris, Moina brachiata, Chydorus sphaericus болды. Ал копеподтар кешенінде, өткен жылы сияқты Acartia tonsa, Calanipeda aquae dulcis, Eudiaptomus gracilis байқалды. Зерттелген аймақта зоопланктонның саны мен биомассасы алдыңғы жылдармен салыстырғанда (12 есе саны жағынан және де 10 есе биомассасы бойынша) өсті, ескекаяқтылар ірі особьтары болуымен және сәйкес, 109,39 экз/м3 мен 1497,47 мг/м3 құрады. Биомасса бойынша 2010 жылда артықшылықта кладоцерлер 123,25 мг/м3 ірі шаяндар Moina brachiata және Alona rectangula әсерінен, болды. Ал  2011 және 2012 жылдары саны және биомассасы бойынша доминанттар ескекаяқтылар болды. Екінші орында - кладоцерлер. Саны  жағынан 2011 жылы, алдыңғы жылдағыдай ескекаяқты шаяндар (55,17%) артықшылықта Acartia tonsa шаянымен қосқанда болды.

         2011 жылы субдоминант болған кладоцерлер орнын, 2012 жылы коловраткалар (27,53%) басты.  Бұтақмұрттылар шаяндар үлесіне, жалпы санның  17,3%  келді. Зоопланктондар топтарының саны мен биомассасы 1 кесте мен сурет 1-де  берілген.

 

Кесте 1 – Жайық өзені төменгі ағысындағы зоопланктон топтарының 2010-2012 жылдардағы саны мен биомассасы

Топтар, түрлер

Жылдар

2010

2011

2012

Саны, мың. экз. /м3

 

С

%

С

%

С

%

Коловраткалар

7,5

34,56

1,67

18,62

30,12

27,53

Бұтақмұрттылар

4,2

19,35

2,02

22,52

18,92

17,3

Ескекаяқтылар

10,0

46,1

5,28

58,86

60,35

55,17

Барлығы

21,7

100

8,97

100

109,39

100

Биомасса, мг/м3

 

Б

%

Б

%

Б

%

Коловраткалар

48,0

18,5

11,42

8,0

103,31

6,9

Бұтақмұрттылар

123,25

47,5

53,34

37,38

570,9

38,13

Ескекаяқтылар

88,2

34,0

77,93

54,6

823,2

54,97

Барлығы

259,45

100

142,7

100

1497,41

100

         2012 жылғы зоопланктондардың жалпы саны зерттелген су айдында - 24,13 тен (төменгі Дамба бекеті)  159,29 мың   экз/м3- ға дейін (Бугорки  бекеті) өзгерді. Биомассасы  315 мг/м3  Бугорки  станциясы  1666 мг/м3 –ға Институт бекеті дейінгі аралықта  болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

График  1 – Жайық өзені сағасындағы зоопланктон топтарының  2011-2012 жылдардағы саны мен биомассасының қатынасы.

Біздер зерттелген аймақтың маңызды трофтығы(  ) анықталды.  Су көзінің жағдайының маңызды көрсеткіштерінің бірі зоопланктон биомассасы орта есептен 2,0 г/м2, яғни трофтық шкала бойынша  α -мезотрофты су көзі болып табылады [3].

                  

График  2 –Жайық өзені сағасындағы  2011 – 2012 жылдардағы зоопланктон топтарының пайыздық үлесі.

            Сонымен, жоғары айттылғандарды қортындылай келе 2012 жылы планктон жеуші балықтардың коректік қоры, былтырғы жылмен салыс-тырғанда жоғары болды. Бұнда маңызды ролді есекаяқты шаяндар көптігі, сонымен бірге,  Cyclopoida ролінің өсуімен анықталады, бұл балықтардың коректік қорының көбеюіне әкеледі. 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Атлас беспозвоночных Каспийского моря под редакцией /Я. А. Бирштейна и др. М.: Пищевая промышленность, 1968 .- C.76 - 95,120 – 184.

2. Определитель пресноводных беспозвоночных России и сопредельных территорий, Л.: Наука, 1999 – Т.4 – 998 с.

3. Шарапова Л.И., Фаломеева А.П. Методическое пособие при гидробиологических рыбохозяйственных исследованиях водоемов Казахстана. – Алматы, 2006. – С. 10-23.

 

Состояние кормовой базы  в низовьях и дельте  реки Урал 

Аннотация

      Количественный анализ материала собранного весной 2012 года   показал, что величина биомассы зоопланктона оценивается как высококормная по известным многолетним материалам для р.Урал, хотя разнообразие зоопланктона было невелико и насчитывало 27 вида,  т.е. на 3 вида больше чем в 2011 г.

 

 

The status of the food base in the lower reaches and delta of the river Ural

Abstract

 

Quantitative analysis of the material collected in the spring of 2012 shows that the zooplankton biomass is estimated as highfood known for many years materials to the river, although the diversity of zooplankton was small and consisted of 27 species, i.e. by 3 species-more than in 2011.