БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
к.э.н., ассоц. проф. Аязбаева Г.Н.,
магистрант Кадыргалиев А.О.
«Менеджмент» ұғымына берілген
көптеген анықтамалардың ішінде, менеджмент
ғылымының классиктері ең мазмұнды да мағыналы
анықтама береді. Ф.У.Тейлор басқару туралы: «не істеу керек екенін
анық білу және оны жақсы, арзанға жасап шығу»
деген. А.Файоль оған келесі түсініктеме берген: «Басқару
дегеніміз, алдын ала көре білу және ұйымдастыру, реттеу,
үйлестіру, сондай-ақ бақылау». П.Друкер: «басқару –
бет-бетімен жүрген тобырды тиімді, бір мақсатқа
жұмылдырылған және өнімді жұмыс істейтін
топқа айналдыра білетін қызметтің ерекше түрі» деген
еді.
Қазіргі
менеджменттің алдында тұрған міндеттерін шешудің
әр түрлі әдістері бар: басқару міндеттерін нақты
әдістердің көмегімен шешу, басқару үрдістерін
үлгілеу, қабылданатын шешімдерді ақпараттық,
техникалық тұрғыдан қамтамасыз ету т.б. Алайда
басқарудың тиімділігі тек шешім қабылдау тәсілдеріне
тәуелді емес, ол көп жағдайда шаруашылық механизмдеріне
және мемлекеттік реттеу жүйесіне тәуелді. Осылайша,
менеджмент басынан аяғына дейін бүкіл ұйымдық
мәселелерге тәуелді болып, адам қызметінің барлық
салаларын қамтиды.
Экономиканың
нарықтық қатынастарға бейімделуі – көптеген
экономикалық мәселелерді шешуді түпкілікті түрде
басқаша қарауды талап етеді. Экономика мен саяси
жүйенің өзгеруі үлкен мүмкіндіктермен
қатар, әрбір адамға оның тұрақты өмір
сүруіне бірқатар қиындықтар да әкеледі,
түсініксіз жағдайлар қалыптасады. Алайда адамның жеке
мүмкіндіктері, іскерлік қабілеттері кез келген
әлеуметтік-экономикалық жүйенің дамытушы күші
болып саналады.
Басқару
тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту – тиімділік факторларын
кешенді түрде көрсететін ұйымдық-техникалық
шараларды дайындап, жүзеге асырғанда ғана мүмкін болады.
Сондықтан ұйым деңгейінде тиімділік факторларының
классификациясы ұсынылады.Ұйым қызметінің тиімділігін
арттыруды көздейтін бағыттарға анықтама беретін
теориялық жолдарға талдау
жасағанда, оларды екі топқа бөлуге болады: 1-топ – ұйым
қызметінің нәтижесінің өсуіне байланысты шаралар;
2-топ – ресурстар шығындарын азайтумен байланысты шаралар (ресурстарды
сақтау, фирманың шығындарын азайту).
Өзінің
қаржы-шаруашылық қызметін атқарып жүрген
кәсіпорынды қаржыландырудың
мақсаттары мен міндеттері өте көп болуы мүмкін.
Олар: бәсекелестік күресте лидерлікке қол жеткізу;
өндіріс көлемі мен өнім өткізуді өсіру;
кәсіпорынның операциялық және қаржылық
тұрақтылығын арттыру; табысты көбейту; шығындарды
азайту; компанияның нарықтық құнын арттыру;
ликвидтығын көтеру; кәсіпорынның экономикалық
қуатын арттыру т.б.
Басқарудың
экономикалық тиімділігін арттыру жолдары |
||||||
|
|
|
||||
Нәтижені
жақсартумен байланысты шаралар |
Ресурстар
шығындарын азайтумен байланысты шаралар |
|||||
|
|
|
|
|
|
|
ТЕХНИКАЛЫҚ |
ҰЙЫМДЫҚ |
ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ |
||||
|
|
|
|
|
|
|
Минималды материалдар шығынын
қамтамасыз ететін технологи-яларды қолдану |
Ресурстарды алу мен пайдалануды
есепке алуды ұйымдас тыруды жетілдіру |
Масштаб заңының,
уақыт үнемдеу заңының т.б. заңдардың
әсерін талдау |
||||
Оптималды материалдар шығынын
қажет ететін қондырғыларды қолдану (жаңарту) |
Өндірісте ресурстарды алу мен
пайдалану циклдерін қысқарту
|
Басқаруда менеджменттің ғылыми әдістерін
қолдану |
||||
Қолданылатын рес-
урстардың сапасын жақ-сарту және алдын-ала белгіленген
қасиеттері бар материалдарды жасау |
Технологиялық
құрал-жабдықтарды жөн- деу сапасын арттыру |
ФСА, болжау әдістерін, ЭММ-ді
қолдану |
||||
Тасымалдаудың және
ресурстарды сақтаудың техникалық базасын же- тілдіру |
Ресурстарды үнемдеу
мақсатымен өндіріс пен еңбекті ұйымдас тыр-уды
жетілдіру |
Жұмысшылардың еңбек
жағдайы мен демалысын жақсарту |
||||
Шикізатты өңдеудің
технологиялық режимін жетілдіру |
Ресурстарды қайта пайдалануды
ұйымда- стыру |
Үнемдеуді арттыру үшін
ынталандыру мен жауап-кершілік шараларын қол-дану |
||||
Ресурстар шығындарын модельдеу
үшін сынақ базасын құру |
Ресурстарды үнемдеу
мақсатымен ұйымдық-техникалық шараларды дайындау
және жүзеге асыру |
Үнемдеу мен сапаға
қатысты әлеуметтік-психологиялық шараларды жүзеге
асыру |
||||
Өнімнің жоғары
сапа-сын қамтамасыз ететін технологияларды қолдану |
Сапа мен өндіріс көлемін
арттыру мақсатымен – өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру-
ды жетілдіру |
Еңбек сапасы мен
өнімділікті арттыруды және жұмысшылардың кәсіби
деңгейін көтеруді мотивациялау |
||||
Максималды еңбек
өн-імділігін қамтамасыз ететін құрал-саймандар-ды қолдану |
Сапаны жақсартумен байланысты
ұйымдық-техникалық шараларды дайындап, іс жүзіне
асыру |
Ұйымның мақсатына
бола корпоративті рух пен корпоративті мәдениетті дамыту |
||||
Сурет 1. Басқарудың экономикалық тиімділігін
арттыру жолдары
Нарықтық қатынастарға
көшу экономиканың терең қозғалыстарын талап ете
отырып, өндірісті интенсифтендірудің, әрбір
кәсіпорынның қажет етеді. Сондай-ақ экономиканың
саналы түрде ұйымдастыру
нәтижесі өндірістік қатынастар мен өндіріс
күштерінің жан-жақты дамыған тиімділігі және жетілген
шаруашылық механизмін қамтамасыз ету керек.
Өндірістің тиімділігін
арттырудың маңызды факторы болып-ғылыми-техникалық
прогресс
табылды. Ғылыми-техникалық прогресс ең алдымен
ғылымның, кадрлардың кәсіптік-техникалық
деңгейінің өсуінің, еңбек өнімділігі
және өнімнің сапасын арттырып ғылыми-техникалық
жаңалықтардың, өнертапқыштық пен
жетістіктердің бір-бірімен өзара тығыз байланысты процесі.
Қазіргі
нарықтық экономикада кәсіпорын дамуындағы басты
құбылыс ғылыми-техникалық прогресс нарыққа бейімделуін және
экономикалық өсуде сапалы факторларды қолдануды аса ғылыми-техникалық
революция болып табылады.
Ғылыми-техникалық революцияны
күрделі, жан-жақты құбылыс деп қарап және
оның бір-бірімен тығыз байланысты үш түрлі
маңызды құрамын айтуға болады. Біріншіден,
ғылыми-техникалық революция ғылым мен өндірістің
терең интеграциялық процессімен сипатталады;
Кәсіпорындағы ғылыми-техникалық революция
ғылымының және ғылыми жетістіктері мен өзат
тәжірибенің, жұмыстарының жан-жақты дамуы мен
өндірісті жаңа технологиялық процестерге көшумен
анықталады.
Екіншіден, ғылыми-техникалық
революция деген сөз, өндірісті компьютерлендіру үрдістерін
басқара алатын кадр дайындайтын революциялық құбылыс
деген ұғымды береді.
Үшіншіден, ғылыми-техникалық
революцияның ең маңызды құрамды бөлігі деп
өндірістік менеджментті нағыз революциялық
құбылыс деп айта аламыз. Оның ішінде зерттеу, маркетингтік
зерттеу, конструкциялау, жобалау жұмыстары мен өндіріс процесстері
бір-бірімен тығыз байланысты.
Бұл өндірістік
қордың екі жақты сипатымен байланысты: бір жағынан олар
өнімнің белгілі бір түрін дайындау үшін еңбек
құралдары болып табылады, екінші жағынан,
қоғамдық еңбек өнімділігін арттыру, нақты және
заттандырылған еңбекті үнемдеу, қол еңбегін
механикаландырылған еңбекпен алмастыру арқылы жұмыс
күшін босатып алу құралы болып табылады. Күрделі
қаржы жаңадан негізгі қор жұмсауға жұмыс
істеп тұрған негізі қорды кеңейтуге, қайта
жаңартуға жұмсалған шығын. Күрделі
қаржыны кәдеге жарату процесінде жаңа негізгі қор
жасалып, жұмыс істеп тұрғандары жаңартылады.
Экономикалық тиімділікті анықтауда қойылатын міндеттер
және тиімділікті анықтау объектілері әртүрлі болуы
мүмкін. Көрсеткіштердің белгілі бір жүйемен
осыған байланысты қолданылады.