Экономические науки /13.Региональная экономика

Бұхарбаева Ақмарал Жетібайқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлкеттік университеті, Қазақстан

Қызылорда облысының әлеуметтік экономикалық даму жолында шағын және орта бизнестің дамуы мен оны жетілдіру жолдары

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында бағдарлама аясында кәсіпкерлерді қолдау тетіктерін кеңейту туралы міндет қойғаны баршаға мәлім. Қазақстанда «Бизнестің жол картасы-2020» табысты жүзеге асырылуда.Осы бағдарлама бойынша көптеген шағын және үлкен кәсіпкерлік нысандары ашылып жатыр. Бұл бағдарлама дамыған сайын кәсіпкерлердің саны және кәсіпкерлік нысандары көбейіп жатыр. Экономикалық даму және сауда министрлігі осы бағдарламаның қарқынды дамуы үшін көптеген өзгерістер енгізіп, кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасап жатыр. Соның ішінде алып қарайтын болсақ кәсіпкерлерге берілетін несие санының көбеюі олардың пайыздық мөлшерлемері төмендетілгені. Кәсіпкерлерді қолдау ретінде «Даму» қоры ашылып жатыр. Ол қор кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруда көптеген іс-шаралар өткізуде. Негізгі бағдарламаның  міндеті қазақстандықтарды іскерлік белсенділігін арттыруға және бәсекеге қабылетті  әртараптандырылған экономика кешендердің дамытуына бағытталған. Осы ретте Қазақстан Республтикасында бір қатар жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде Қызылорда облысы бойынша есепті кезеңде өңірдің эконономикасын нығайту бағытында атқарылған шаралардың нәтижесінде, облыс халқының әл-ауқаты артып, экономика салаларында өсімге қол жеткізілді. Өнеркәсіп саласында облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары қолданыстағы бағамен 1 104,1 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, 2011 жылмен салыстырғанда 1,0 пайызға артты. Тау-кен өндіру өнеркәсібі және каръерлерді қазу саласында 1 030,9 млрд. теңгенің өнімі өндірілді немесе металл рудаларын және осы саладағы көрсетілген техникалық қызметтер көлемінің артуы есебінен өсім - 0,4 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінде 47,0 млрд. теңгеден астам өнім өндіріліп, резеңке және  пластмасс бұйымдарын, мұнай өнімдерін өңдеудің артуы есебінен 7,0 пайызға өсті. Электр энергиясымен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау бойынша нақты көлем индексі 122,0 пайызды, сумен жабдықтау бойынша 128,2 пайызды  құрады.  Сонымен қатар, 2012 жылы Үдемелі индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде сомасы 4 млрд. теңге болатын 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланса, есепті кезеңде құны 2,0 млрд. теңгеге жуық 11 жоба жүзеге асырылды. Индустрияландыру Картасы шеңберінде 4 жобаны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Оның ішінде:

1) Құны 220,0 млн.тенгені құрайтын «Қорқыт ата зиярат етушілер орталығы» кешенінің құрылысы аяқталды. Бірақ, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша инженерлік инфрақұрылым тартуына байланысты, нысанды 2013 жылдың 1-ші жартыжылдығында толық іске қосу жоспарлануда.

2) Құны 280,0 млн.теңгені құрайтын «Құрама жем зауытының құрылысы» жобасының қондырғыларының кешіктіріліп әкелінуіне байланысты индустриаландыру картасын өзектендірудің қорытындысымен жобаны іске қосу мерзімі 2012 жылдан 2013 жылға ауыстырылды.

3) Құны 100 млн.теңгені құрайтын «Құрама жем шығару өндірісі» жобасы 2012 жылдың индустриаландыру картасын өзектендірудің қорытындысымен картадан алынды.

4) Құны 110 млн.теңгені құрайтын «Тыңайтқыш сығындысын өндіру және жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру» жобасы 2012 жылдың индустриаландыру картасын өзектендірудің қорытындысымен картадан шығарылды.

Сонымен қатар, есепті кезеңде Индустриаландыру картасын өзектендіру бойынша 10 жоба жолданып, оның 3 жобасы Картаға енгізілді. Олар:

- «Күйдірілген кірпіш зауытының құрылысы» жобасы. Аталған жобаның құны 20 млн. теңге. Қазіргі таңда нысанның құрылысы аяқталып, жобаны іске қосу актісі алынды. 20 жаңа жұмыс орындары құрылды;

- «Сауысқандық кен орнында қара тақта тасты автоклавты өңдеу» жобасы. Жобаның жалпы құны 35,0 млрд.теңгені құрайды. Аталған жобаның 1-ші кезеңінің құрылысы аяқталып, қазіргі уақытта кәсіпорын жоба құрылысының 2-ші кезеңін бастап 2014 жылы аяқтауды жоспарласа, 3-ші кезеңін 2017-2018 жылдары аяқтауға межелеуде. Жоба толығымен іске асырылған жағдайда 649 жаңа жұмыс орындары ашылады;

- «Синтетикалық латекс өндіру зауытының құрылысы» жобасы. Жобаның құны 421,0 млн.теңгені құрайды. Жобаны 2013 жылы іске асыру жоспарлануда. Жоба іске асырылған жағдайда 42 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Елбасымыздың елімізде кәсіпкерлікті дамыту жолында «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында, сонымен қатар, үстіміздегі жылы кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау құралдары жөнінде 2 семинар өткізіліп, семинарға жалпы 100-ге жуық жергілікті кәсіпкерлер, жоғарғы оқу орындарының ғалымдары қатысты. Сондай-ақ, 13-14 қазанында «Жібек жолы - 2012» Бизнес-форумы өткізілді. Бизнес-форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, шетелдік инвесторлар, еліміздің даму институттарының өкілдері, ірі компаниялардың басшылары қатысты.  Облыс көлемінде кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жұмыстары жалғасын тапты. Тоқсан сайын облыс әкімінің бизнес-қауымдастықпен кездесуі өткізіліп, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржы есебінен шағын және орта бизнес субъектілерін ақпараттық қолдауға бағытталған семинарлар, дөңгелек столдар ұйымдастырылды. Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес кәсіпкерлік саласын дамыту мақсатында, бизнесті жүргізудегі әкімшілік кедергілерді азайту, оның ішінде тексерулерді оңтайландыру, мемлекеттік органдардың бақылау қадағалау функцияларын қысқарту бойынша жұмыстар атқарылды. Статистикалық мәлімет бойынша облыста 4652 шағын кәсіпкерлік субъектілері (заңды тұлғалар) тіркелген, яғни 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,8 пайызға жоғары. Шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 65695 адамды құрап, 2011 жылдың сәйкес кезеңінен 4,1 пайызға өскен. Олардың  шығарған өнімдерінің көлемі 172067 млн. теңгені құрап, 1,9 пайызға артты. Облыста шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау екінші деңгейлі банк филиалдары, қаржы қорлары, шағын несие ұйымдары және несие серіктестіктері арқылы жүргізілуде. 2013 жылдың 1 қаңтарына жоғарыда аталған қаржы көздері арқылы шағын және орта бизнеске 13,6 млрд. теңге несие беріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есеге өскен. Оның ішінде, шағын несие ұйымдары арқылы 3,6 млрд. теңге, несие серіктестіктері арқылы 941,2 млн. теңге, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 193,4 млн. теңге, екінші деңгейлі банк филиалдары арқылы 8,8 млрд. теңге несие берілген. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыруға 2012 жылы 1,9 млрд. теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде:

пайыздық ставканы субсидиялауға 294,3 млн. теңге;

несиені ішінара кепілдендіруге 48,0 млн. теңге;

бизнесті сервистік қолдауға 51,2 млн. теңге;

өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 1453,5 млн. теңге.

Бағдарлама 3 бағытта іске асырылды:

«Жаңа бизнес бастамаларды қолдау»;

«Валюталық несиелері бар кәсіпорындарды қолдау»;

«Жұмыс істеп тұрған бизнесті сервистік қолдау».

«Жаңа бизнес бастамаларды қолдау» бағыты бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдендіру үшін Аймақтық үйлестіру кеңесінде 79 жоба мақұлданып, оның 72 жобасы субсидиялануда, 5 жоба ішінара кепілдендірілді. «Валюталық несиелері бар кәсіпорындарды қолдау» бағыты бойынша «Жуу-булау станциясын сатып алу, модернизациялау және оны қайта жаңғыртып кеңейту» жобасының 1037,4 млн.теңгесі субсидиялануда. «Өндірістік инфрақұрылымды дамыту» бағыты шеңберінде бөлінген 1 453,5 млн.теңгеге 10 жоба іске асырылуда. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде жоспарланған шараларды іске асыру бойынша жұмыстар жүргізу; шағын және орта бизнестегі әкімшілік кедергілерді азайту, олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру, қызметін ынталандыру бойынша жұмыстарды жалғастыру; Қызылорда облысының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспарында қаралған шараларды жүзеге асыру; мақсат етіп қойған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері параметрлерінің орындалуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізу. Облыс бойынша 2012 жылдың 1 желтоқсанына шағын және орта бизнестің белсенді субъектілерінің (заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтар) саны 19 840 құрап, ол өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстарғанда 7,4 пайызға өскені байқалуда. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 158,606 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, ұқсас кезеңмен салыстырғанда 1,8 пайызға өскен. Кәсіпкерлік субъектілерінің  дамуын қолдау және ынталандырудың негізгі құралдарының бірі болып қаржы-несиелік ресурстар табылады.  Облыста шағын және орта бизнесті қаржы-несиелік қолдау екінші деңгейлі банк филиалдары, «Агронесие корпорациясы» ационерлік қоғамының Қызылорда өкілдігі, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамының филиалы, шағын несие ұйымдары және тағы басқа түрлі қаржы ұйымдары арқылы жүргізіледі. 2012 жылы барлық көрсетілген қаржы институттары арқылы шағын бизнес субъектілеріне 13,6 миллиард теңге, онын ішінде екінші деңгейлі банк филиалдарымен 8,8 миллиард теңге несие беріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге өскені байқалуда. Шағын және орта бизнестің дамуын ынталандыру мақсатында облыста 2012 жылы «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-конкурсы мен «Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласындағы жетістігі үшін» конкурсы өткізіліп, көрмеге жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері мен тауарлары кең көлемде қойылды. Сонымен қатар, облыс әкімінің бизнес қауымдастықпен кездесулері тоқсан сайын өткізіліп, онда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қаралды. Әкімшілік кедергілерді азайту жұмыстарын жалғастыру мақсатында   Қызылорда облысы әкімдігінің «Кәсіпкерлікті дамытуды қолдау және бизнеске түсетін әкімшілік кедергілерді азайту мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» кеңес құрылды. Кеңеске облыс әкімі төрағалық етеді және оның құрамына  мемлекеттік органдар, «Атамекен одағы» Ұлттық экономикалық палатасының облыстық филиалы, «Қызылорда» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары және жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдері енгізілген. Кеңесте, кәсіпкерлік саласында кездесетін қиындықтармен қатар бизнесті жүргізуге берілетін рұқсат құжаттарын қысқарту, оны оңтайландыру мәселелері қаралды. Мысалы, аталған кеңестің тамыз айындағы отырысында кәсіпкерлік мақсатқа жер учаскесін табыстау, сондай-ақ, құрылыс нысандарын салу және салынған құрылыс нысандарын қабылдау барысында кездесетін кедергілер, рұқсат беру құжаттары қаралса, қыркүйек, қазан айларындағы отырыстарды өзен жағалауы туризмін дамыту мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғастырылуда.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Елбасының «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы

2. Карасова А.А. // Значение экономико-правовой базы в организации учета предприятий малого бизнеса // Аль пари, 3 2011

3. Қ.Р. статистикалық мәліметтері