Экономические науки/региональная экономика
статистика магистрі Оспанова Гульпат Айбасовна
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті, Казахстан
ӨҢІРЛЕРДІ ДАМЫТУДА
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІҢ
МӘНІ МЕН РӨЛІ
Қазақстан
экономикасын дамыту бірінші кезекте өңірлер экономикасын дамытумен
анықталады. Экономикалық бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ету мен әлеуметтік
мақсаттарға қол жеткізу инновациялық даму стратегиясын
арттыру негізінде жүзеге асырылады.
Бүгінде
Қазақстанда дамудың инновациялық жолына өту
үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Сондықтан
да отандық өндіріс орындары бәсекеге төтеп бере алатын
өнімдерді шығару мақсатында өндірісті жаңа
технологиялық жарақтандыру мәселесіне тез арада
көшулері қажет деп есептейміз.
Соңғы
уақыттары өзекті
мәселелердің қатарына
тиімді өнеркәсіптік саясатты қалыптастыру және
оны жүзеге асыру арқылы отандық
өнеркәсіптің тұрақты дамуын жүзеге асыру
маңыздылыққа ие болып отыр. Нарықтық
экономиканың алғашқы жылдарында кәсіпорындарды қаржылық тұрақтандыру
мәселесі негізгілердің бірі болды.
Бүгінде қабылданып отырған өнеркәсіптік
саясат шынайы бәсекелестікті қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды
жүргізу, өңірлерді дамыту, өндірісті мамандандыру мен
кооперциялауды кеңейту және жаңа технологияларды енгізуге
ықпал жасауды қамтып отыр. Жаңа технологияны кең
көлемде дамыту өңірлердің инновациялық дамуынсыз
мүмкін емес.
Ел
экономикасының әртүрлі салаларын инновациялық
жолға қою әрі кешенді түрде инновациялық
қызметтің дамуын қамтамасыз ететін
Қазақстанның «Үдемелі индустриалды-инновциялық
даму» мемлекеттік Бағдрламасы 2015 жылға қарай елдегі ішкі
жалпы өнім көлемін 7 триллион теңгеге дейін көбейтуді
көздеп отыр. Осы көзделген мақсатқа қол жеткізуде мемлекет пен бизнестің
күшін экономикалық өрлеу үшін шоғырлндыру, елдегі
барлық ресурстарды (қаржылық, кадрлық,
ақпараттық) экономиканың негізгі бағыттарын
дамытуға тиімді жұмсау, инновациялық қызметке
қатысушылардың қызығушылықтары мен
жаупкершіліктерін арттыру, ақпарат кеңістігін толық игеру
және қолайлы инновациялық орта қалыптастыру
маңызды.
Үдемелі
индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы негізінде
өнеркәсіптік қуаттарды жаңа технологиялық
жарақтандыру, оларға қажетті техникаларды алу маңызды
болып табылады.
Ел Президенті
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050» стратегиясында инновацияны
қарқынды дамытуға бағытталған
Бағдарламаларға сүйене отырып, отандық
тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен
қатар шикізаттық емес экспорттың үлесін 2025
жылға қарай екі есеге, ал
2040 жылы үш есеге дейін ұлғайтуды міндеттеді.
Сондай-ақ шикізаттық емес секторды кеңейтуге негізделген жаңа өндіріс орындарын дамыту да
маңыздылыққа ие болып отыр.
Өңірлердегі
инновациялық экономика үш негізгі факторларға әсер
етумен қалыптасады:
- дамудың
инновациялық жолына өтуде қалыпты жағдайлар жасау;
- инновациялық
процестерді белсендендіруде шаруашылық субъектілерінде мотивацияның
болуы;
- инновациялық
процестерге мемлекеттің белсене қатысуы.
Өңірлердің
инновациялық даму жағдайы бірінші кезекте сол аймақтың
инновациялық әлеуетінің деңгейіне тікелей байланысты.
Сондықтан өңірлердің инновациялық әлеуеті
сол аймақ үшін маңызды болып саналатын негізгі
звенолардың жеткіліксіздігін және инновацияның
қарқынды дамуына кері әсер ететін критерийлерді анықтау
мақсатында жан-жақты
зерттеулер жүргізу қажет. Осы зерттеу нәтижелері бойынша
өңірлерді инновациялық дамытудың стратегиялық
бағдарламасын жасау маңызды болып табылады.
Қазақстандық
инновациялық жүйе элементтеріне мыналар жатады:
- Қазақстанның
барлық өңірлерінде мемлекеттің қатысуымен
әртүрлі бағытта белсенді инновациялық компаниялар
құру;
- қысқа
мерзім ішінде жаңа технологияларды жасау және оны өндіріске
енгізу;
- жаңа
технологияларды жасауда жоғары білім жүйесінде зерттеулер
жүргізу және кадрларды әлемдік деңгейде дайындау;
- инновацияның
пайда болуы мен ақпараттық технологияның жүйелі дамуын жүзеге
асыруда инновациялық
инфрақұрылымды құру;
- өңірлердегі
жұмыс жасап тұрған кәсіпорындардың
инновациялық дамуына жауапты басқарушылық персоналдарды қайта
дайындау жұмыстарын жүргізу қажет.
Отандық
ғалымдардың пікірі бойынша,
инновация- бұл тұтынушылардың қажеттілігін
қанағаттандыра отырып, нәтижесінде экономикалық,
ғылыми-техникалық, әлеуметтік және басқа да
нәтиже беретін жаңа құралдарды (өнімдер) игеру
нәтижесі. Инновация өнімдер шығаруды жетілдіру секілді,
компания ресурстарының (қаржылық, кадрлық,
ақпараттық), инфрақұрылымының (өндірістік
құрал-жабдықтар, үйлер мен ғимараттар, байланыс
желілері) және өндірістік
сфераның дамуына ықпал жасайды.
Компанияның
нарқтық талаптарды ескере отырып ұйымдастырылуы
инновациялық белсенділігін арттырады. Бәсекелестік экономика
кең етек жайған уақытта дайын өнімдер экспортын арттыру
үнемі жаңа өнімдер шығарумен айналысатын
инновациялық-белсенді кәсіпорындарды дамытпайынша мүмкін емес
екені белгілі. Олай болса қолайлы инновациялық климатты
қалыптастыру үшін өңірлер төмендегі міндеттерді
дер кезінде жүзеге асырулары қажет деп есептейміз:
-
өңірлердің табиғи-климаттық
жағдайларын ескере отырып инновациялық қызметті дамыту
бағытын жасау;
-
инновациялық қызметтің
нормативті-құқықтық актілерін қалыптастыру;
-
өңірлердегі инновациялық
саясаттың жұмыс жасауын қадағалау барысында бөлімшелерді
ұйымдастыру;
-
өңірлердегі кәсіпорындардың даму
бағытына сәйкес зерттеу базасы бар жоғары оқу орындарында
кадрларды дайындау.
Өңірлердегі
өңдеуші кәсіпорындар басшыларының пікірі бойынша
инновациялық қызметті жедел түрде жүзеге
асырудағы негізгі қиыншылықтар мыналар деп атап
көрсетеді, біріншіден, меншікті қаражаттың жеткіліксіздігі,
екіншіден, жоғары бәсекелестік, үшіншіден, жаңа
құралдарды қайтару мерзімінің
ұзақтылығы, төртіншіден, білікті кадрлардың
жеткіліксіздігі және ынталандырушы
нормативті-құқықтық құжаттардың
әлі де болса жетілмегендігі.
Қазіргі уақытта
өңірлерді дамытудың негізгі тұжырымдамасы
аудандық экономикада шаруашылықтық тетіктер негізін
өзгерту процестерінің болуы. Инвестициялық-инновациялық
процестер өңірдің әлеуметтік-экономикалық
процесінің құрамдас бөлігі ретінде көрініс тауып,
экономикалық өсу қарқынын анықтауға негіз
болады. Қазақстанда нарықтық экономиканы қалыптастыру
мен орнықтыру тікелей инвестициялық қызметті дамытумен
байланысты және оның ымырашылдығы халық
шаруашылығының барлық бағыттары мен сфераларында
қалыптасқан.
Инвестициялық
қызметті басқаруда қолайлы нәтиже алу үшін
ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларға салынған
ақша, мүлік және ақыл-ой
құндылықтарының барлық түрін мақсатты
реттеу қабылданды. Инвестициялық менеджменттің негізгі
мақсаты кәсіпорынның өндірістік қызметінің
ішкі және сыртық ортасына бірдей әсер ететін
кәсіпорынның инвестициялық қызметін жүзеге
асыруды қамтамасыз ету болып табылады. Осы қызметтерді жүзеге
асыру барысында инвестициялық менеджмент мына сұрақтарды
шешуге шақырады: инвестициялық қызметтен түсетін
пайданы жоғарылату; инвестициялық тәуекелділікті
төмендету; тиімді инвестициялық қызметтер есебінен
жағдайын жақсартуды қамтамасыз ету.
Қазіргі уақытта ең өзекті
мәселе инвестициялық бағдарламаларды қалыптастыру мен
жүзеге асыруда инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу
болып отыр. Инвестициялық бағдарламаны бұл берілген мерзімде
инвестициялық қызметті анықтайтын іс-әрекеттер,
іс-шаралар өткізу орны, ресурстар, мерзімі мен мазмұны бойынша
өзара байланысқан жүйе деп түсінуге болады.
Инвестициялық бағдарламаны қалыптастыру мен жүзеге
асыру бұл өңірлер үшін әлдеқайда тиімді
инвестициялық жобаларды таңдау, оларды жүзеге асыруды
жоспарлау мен бақылау.
Шетел тәжірибесі
көрсеткендей, мемлекеттің рөлі инвестицияны жандандыруды
басты инвестор болуды көздемейді, тек шаруашылықтық
шешімдерді үйлестіруде жиналымдар мен инвестицияны ынталандыруда
институттар құруды көздейді. Мұнда мемлекет пен жеке
секторлар тең дәрежеде әріптес болып табылады.
Ескірген
құрал-жабдықтарды ауыстыру және техника мен
технологияның жаңа түрлерін ендіру мақсатында
әлемдік тәжірибеде табысты қолданылатын тиімді
тәсілдердің бірі инвестициялық салықтық несие
болып табылады. Мағынасы бойынша капитал салымдарымен мемлекеттік
қаржыландыру, ал нысаны бойынша – салықтық жеңілдіктер,
яғни салық салынатын табыс көлемін қысқарту.
Өңірлер
экономикасында өнеркәсіптік өндіріс саласы маңызды роль
атқарады және халықтың өмір сүру
қызметін қамтамасыз ететін
негізгі әлеует болып есептелінеді. Аймақты дамыту мен
шаруашылық субъектілерінің қызметін кеңейтуде ел
экономикасына инвестиция тарту маңызды сұрақтардың
бірі. Меншік нысаны бойынша негізгі
капиталға салынған инвестиция көлемі жылдан-жылға
ұлғайып келеді. Мұның өзіндік себептерін айта
кететін болсақ, басқа салаларға қарағанда
мұнайгаз саласына тартылған инвестицияның қайтарымы бар,
аймақта Батыс Қытай және Батыс Европа
индустриалды-инновациялық бағдарламасының
қарқынды жүруі, жергілікті басқару ұйымдары
тарапынан аймақ өнеркәсібіне қажетті инвестиция
көлемін тартуға
қолайлы жағдайдың қалыптасуы деп білеміз.
Салынған
инвестициялардың экономикалық тиімділігі негізінен
инвестициялық циклдың ұзақтылығын
қысқартуға байланысты. Сондықтан инвестициялық циклды
қысқарту кәсіпорындар үшін өзекті мәселе
болып табылады.
Аймақтың
кәсіпорындар үшін инвестиция оның
материалдық-техникалық базасын жаңартумен қатар
бәсекеге қабілетті өнім өндіруді көздейді
Өнеркәсіп
саласының инвестициялық белсенділігін арттыру Қазақстан
үшін экономикалық жаңғыртудың негізгі
алғышарттарының бірі болып, отандық өндірісті
дамытуға ықпал жасайды.
Индустриялық-инновациялық
даму стратегиясын ойдағыдай іске асыру өнімнің
бәсекелес түрлерін өндіру мен экспорттың өсіміне
жағдай жасау және экономиканы әртараптандыру,
жаңғырту негізінде елдің экономикасының
ұзақ мерзімді тұрақты өсімін қамтамасыз
етуге ықпал етуі тиіс. Ел экономикасында жеке бастамалар
басымдыққа ие болады.
Инвестициялық
қызметтің белсенділігі бұл өңірдің
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және
бәсекеге қабілетті өнім өндірісін дамытудың
негізгі шарттары болып табылады. Бұл үшін өңірлерде
институционалдық қайта құру жолымен
қоғамдық құрылысты реформалау ғана емес,
сонымен қатар аймақтың аграрлы және
өнеркәсіптік секторына ірі
масштабты инвестицияны тарту қажет.
Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету және өндіріс
орындарына инвестицияны тарта отырып төмендегі шараларды жүзеге
асыру қажет деп санаймыз:
-
республикалық және жергілікті бюджетті
қалыптастыру мен оның
орындалуын жүзеге асыру барысында
өңірлердің экономикалық әлеуетін жан-жақты
қарастыру қажет;
-
өңірлер үшін жетекші салалардың экономикалық әлеуетін тиімді
пайдалану және салаларды
әртараптандыру процесін күшейту;
-
өңірлерде шағын және орта бизнесті
дамыта отырып, жұмыссыздық
мәселесін шешу;
-
бәсекеге қабілетті тауарларды өндіру
мен жаңа қондырғыларды толық
меңгере алатын кадрларды дайындау
мақсатында студенттердің іс-тәжірибесін өндіріспен
үйлестіру.
Пайдаланылған әдебиеттер көзі
1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты
2. Шалболова У.Ж., Махницкая Е.И. Управление инвестиционно-инновационной
деятельностью в Казахстане.-Алматы, 2012.-246 стр.
3.
Үкіметтің «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму»
Бағдарл