Э.ғ.к., доцент Искаков Бауыржан Мұратбекұлы
Магистрант Жаксыбаева
Асем Елтаевна
«Тұран-Астана» университеті, Қазақстан
Өнімнің бәсекеге
қабілеттілігі – табыстылыққа жетудің маңызды
факторы
Қазіргі
кезеңдегі нарықтық экономика көп қырлы әр
түрлі: өндірістік, коммерциялық, қаржылық
және ақпараттық өзара байланысты
құрылымдардан тұратын күрделі организм болып табылады.
Нарықты қатынастардың мәнін көрсететін түйінді
түсініктердің бірі – бәсекеге қабілеттілік.
Біздің
мемлекетіміз дүниежүзілік нарыққа шыға отырып,
халықаралық қаржы ұйымдарымен
ынтымақтастықта, шетелдік және отандық инвестициялар
тартуын шешеді. Мемлекетіміздің дербес дамуы үшін сыртқы
саяси және экономикалық базасы жасалған. Бұл маңызды
болғанымен, алғы шарттың қажеттілігінің бірі.
Әлеуметтік-экономикалық дағдарыстан шығу, бұл
экономикамызды құруда және оның бәсеке
қабілеттілігін қамтамасыз етуде елеулі ықпалын тигізеді.
Бәсеке қабілеттілік бұл жағдайда басты мақсат
емес, бұл өмірдің жоғарғы сапалығы,
әл-ауқаттылығы, қауіпсіздік, білімділік, бюджет тепе-теңділігі,
тұрақтылық сияқты жоғарғы
мақсатқа жетуде қолданылатын құрал. Кәсіпорынның
бәсеке қабілеттілігі – бұл көп көзқарасты
түсінік. Бәсеке қабілеттілігі бар өнім шығару
үшін - өнеркәсіптің, жобалау процесстері, өткізу
және тұтынушыларға өнімді сатып болғаннан кейінгі
қызмет көрсетулердің өзі бәсекелік
қабілетті болу керек. Осыдан кейін бұйымның бәсеке
қабілеттілігі, өндірістің бәсеке қабілеттілігі,
ғылыми-техникалық бәсеке қабілеттілік,
қызметкерлердің бәсеке қабілеттілігі, маркетинг
қызметінің бәсекеге қабілеттілігі,
өнеркәсіп бәсеке қабілеттілік сияқты негізгі
түсініктерді сызып қойған дұрыс. Осы толық емес
түсінік тізбегі жоғарғы шек болып табылатын “өнімнің
бәсеке қабілеттілігің пирамидасының” негізін
құрайды.
Өнімнің
бәсеке қабілеттілігі нақты нарық пен сату
уақытына қатаң бекітілген түсінік. Кез-келген тауар
рынокқа шыққан кезде келе келе өз бәсеке
қабілеттілік әлуетін жұмсай бастайды. Бұл
үдерісті баулатуға болады, бірақ тоқтату мүмкін
емес.
Тауардың
бәсекеге қабілеттілігі – сатып алушыға қызығушылық
тудыратын және тұтынуды қанағаттандыратын нақты
ерекшелік жиынтылығымен анықталады, ал қалған
мінездемелеріне көп көңіл бөлінбейді. Сондықтан,
неғұрлым жоғары деңгейдегі сапалы тауарға жаңа
ерекшеліктері үшін оның бағасы көтерілсе және
негізгі топ тұтынушыларына қызығушылық тудырмаса,
тауардың бәсеке қабілеттілігі соғұрлым
төмендеу болады.
Сол себепті,
нарықтық экономикаға өту барысында
қазақстандық тауар өндірушілердің сапа
проблемасына деген көзқарастары өзгеріп, соған
қарамастан өнімді өндіру, өңдеу барысында тек
сапалы емес сонымен қатар бәсеке қабілеттілігі бар
өнімді жетілдіруді қажетті етеді. Бәсекелі нарық
жағдайында тауарға ұсыным сұранымнан артық болса,
онда тұтынушы баға сапа жағынан қанағаттандыратын
тауарды таңдайды. Тұтынушы сұрауларына сәйкес келмеген
өнім іске асырылмайды. Осылай тауар өндірушілердің
бәсеке қорытындысы өнімнің сапасын бақылаудың
ең тиімді әдісі бойынша көрініс табады. Бәсеке –
нарықтың экономика жағдайында өндіруші тұтынушы
үшін күресуге, өнімнің сапасын жақсартуға,
өндірісті және өткізуді ұлғайтуға,
өндіріс шығындарын азайтуға арналған
қозғаушы күш. Бірақ бұл отандық экономиканы
реформалаудың басында алынған бәсекелі механизм,
дамыған елдердің тәжірибесі бойынша, шаруашылық
механизм нарығы автоматты түрде шыға келмейді және
мемлекет жағынан жәрдемді талап етеді.
Бәсеке
қабілеттілік факторларын зерделеуге таяу шет елдердің
ғалымдарымен қатар біздің республика ғалымдарының
да жұмыстары арналған. Сонымен қатар, тамақ
өнеркәсібінің бәсеке қабілеттілігін
анықтайтын факторлар аз зерттелген. Әдебиетті теоретикалық
талдау, өнім бәсеке қабілеттілігінің сыртқы
(экзогенді) және ішкі (эндогенді) факторларын әшкерелейді. Қазақстан
Республикасы ашық нарықты экономикаға өту
жағдайында ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарда
тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсеке
қабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді. Сол себептен
де тауарлардың бәсеке қабілеттілігі мен оны өндіру
шығындарының арасындағы рационалды экономикалық
деңгейді іздеу мәселесі туып отыр. Кез-келген
кәсіпорынның, жалпы республиканың экономикалық
және әлеуметтік өміріндегі хал-жағдайы осы
мәселенің оң шешілгеніне байланысты болады.
Қазір
тауардың бәсеке қабілеттілік құрамдас
бөліктерінің ішінде баға басты фактор болып табылмайды.
Алдыңғы орындарға қазір тауардың
тұтынушылық қасиеттері (функционалдығы, дизайн)
және сервис деңгейі, бұл жерде тек қана жөндеу
мүмкіндігі емес, сондай-ақ оның планетаның кез-келген
нүктесінде жасалу мүмкіндігі де есептеледі. Тауардың
бәсеке қабілеттілігін бағалау берілген өнімнің
басқа фирмаларының сәйкес өнімімен салыстыру негізінде
жүргізіледі. Өнімнің бәсеке қабілеттік
көрсеткіші пайдалы эффекттің тұтыну бағасына
қатынасымен көрсетіледі, ал пайдалы эффекттің орнына тауар
сипаттамасының интегральдық көрсеткіштері – оның сапасы
алынады.
Нарық
жағдайындағы кәсіпорынның тиімді жұмысы,
экономикалық өсуі мен дамуы оның бағыттайтын
стратегиясының дұрыс таңдалуына байланысты, бұл
оған потенциалды адам капиталы мен басқа да ресурстарды
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өндірістің
тиімділігі бұл кәсіпорынның тұрақты
экономикалық өсімін, өндірген өнімнің
бәсеке қабілеттілігін жоғарлатуға мүмкіндік
береді.
Бәсекелестердің
тауарлық саясатын оқып үйрену тауарлардың ассортименті мен
талдауды бейнелейді. Өнімдерін бәсеке қабілеттілік
параметрлерінің мәнін анықтау және тұтынушылар
қанағаттану талдауы респонденттер өнімнің
табиғилығы, иісі, түсі, консистенциясы мен дәмдік
қасиеттерін анықтайтын өнімнің майлылық критерийі
көрсеткіштеріне сезімталдығын көрсетеді. Қазақстанның
тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, шаруашылық
нарықтық механизміне көшуі элемдік экономикалық
жүйеге толық және тиімді түрде екеуі үшін
экономикалық бәсекелестігіне қол жеткізудің объективті
қажеттілігін шарттастырады. Бұл жағдайларда тұтынушы
үшін сапасы және бағасы жағынан артықшылығы
бар бәсекеқабілетті өнім бәсекелестік
экономиканың негізгі болуы қажет. Талдау нәтижесі бойынша
бәсекенің мынадай анықтаушы белгілерін атап көрсетуге
болады. Бәсеке – шаруашылық жүргізудің
нарықтық әдісінің фундаменті, өнімнің
бәсекеге қабілеттілігінің құрылуының
негізіне нарық субъектілерінің арасындағы өзара
қарым-қатынастың нышаны мен сипаты ықпал етеді. Бәсеке
– өнімнің техникалық, экономикалық, маркетингтік
көрсеткіштеріне оны жобалаудан бастап соңғы
тұтынушыға жеткенге дейінгі кезеңдердің
барлығында ықпал етеді. Бәсеке – даму мен өсудің
қозғаушы күші, мақсат таңдаудың, сол
мақсатқа жету жолындағы ізденістің, жетістікке
ұмтылудың ықпалшысы. Мемлекет тұрғысынан
алғандағы сыртқы жүйенің бағыттары болып,
біздің ойымызша, монополияға қарсы және баға
саясаты, салықтық реттеу, өнім және қызмет
сапасын мемлекеттік реттеу, импортты алмастырудың және
отандық кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік саясаты,
мемлекеттік инвестициялық саясат, кәсіпорындарды оңалту
және санация болу керек. Осы
айтылған бағыттар кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін қамтамасыз етуге зор үлес қосады деп
пайымдай отырып, кәсіпорын тұрғысындағы бағыттар
маңызын жоққа шығаруға болмайды. Әр
кәсіпорын өзінің микро деңгейінде бәсеке
қабілеттілікті қамтамасыз ету жүйесінің келесідей
бағыттырын ұстануы керек: шығындарды басқару,
өнім сапасын және бәсеке қабілеттілікті басқару,
өндірістік әлуетін оңтайландыру, еңбек ресурстары
мотивациясы, контроллинг, кәсіпкерлік белсенділікті ынталандыру,
маркетинг және логистика, инвестицияларды және инновацияларды басқару,
бизнес реинжиниринг.
Кәсіпорынның
бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету механизмінің макро
және микро деңгейіндегі тұтқалар бірін-бірі
жоққа шығармай, кәсіпорында тең жүргізілсе,
біздің ойымызша, кез-келген фирманың қатерлерден,
қолайсыз жағдайлардың алдын-алып, өз бизнесіне
тұрақты сипат беруіне толық мүмкіншілік бар. Сөйтіп,
егер мүмкін болатын өзгерістер арнайы болжау нәтижесінде
анықталмаса, өткен мерзімде фирманың экономикалық
көрсеткіштерінің мерзімді құлдырауын
сәйкестендіру үшін пайдаланылған шаралар (шығындарды
азайту, еңбек өнімділігін арттыру, өндірісті дамыту,
өткізуді белсенді ұйымдастыру) өзгерістерге жасалатын
алғашқы жауап болып қарастырылады. Бәсеке
қабілеттілікті қамтамасыз ету стандартты емес және
төтенше шараларды қабылдауды талап етеді. Бұл төтенше
шараларды 2 категорияға бөлуге болады. Бірінші категорияны
құрушы шаралар, фирманың қызметін оның
сыртқы ортамен қатынасында, ішкі ортасының динамикасында
және құндылық жүйесінде болған дискретті
өзгерістерге сәйкестендіру үшін қабылданады. Мұндай,
фирма бейнесін өзгертіп және тәжірибеге “жаңа
өмір салтын” енгізуге әкелетін, шаралар болып: фирманың жаңа
бизнес сфераларына енуі, фирманың ағымдық
заттық-өндірістік мамандануынан бас тартуы, онық қайта
құрылуы және стратегиялық жоспарлау жүйесін
енгізуі сияқты шаралар табылады. Екінші
категорияны құрушы шаралар қалыпты қатынастардың өзгеруіне әкелмейді. Сонда да олар
біршама түбегейлі: өткізуді ынталандыру бойынша өте кең кампаниялар жүргізу, әлсіреген
сұранысты жоғарылату үшін бағаны жедел төмендету,
негізгі капиталды ірі көлемде есептен шығару, ескірген тауарлардың көп запасын жою, ескірген
құрал-жабдықтарды ауыстыру, еңбек күшін жалдауды шектеу, басшы кадрлардың біліктілігін көтеру бағдарламаларын
тоқтату, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық
жұмыстарына шығындарды азайту.
Сонымен,
нарық жағдайында өнімнің тұтынушылардың
көпшілігі үшін бағасы қол жетерліктей, сапасы
жоғары болуына әкелетін региондағы азық-түлік
өнімдерін өндіруді дамыту, тауар өндірушілер арасында
бәсекелестік құру тек қана реттеу мен
басқарудың экономикалық механизмі болған жағдайда
ғана іске асады. Механизмнің элементтері шаруашылық
әрекеттерді іске асыратын субъектілер арасында, сонымен қатар
олардың ішінде нәтижесінде қатардағы тұтынушы
ұтатын өз ара тиімді қатынастарды” дамуына мүмкіншілік
береді. Экономикалық құраушының ерекшелігі –
соңғы тұтынушылар үшін тұтыну бағасы сату
бағасына тең болатындығы.
Өнім
бәсеке қабілеттілігін талап етілетін деңгейде
қамтамасыз ету оны сандық бағалау қажеттілігін
нұсқауды. Бәсеке қабілеттілік критерийлары ретінде
өнімнің тек қана тұтынушылар үшін
қауіпсіздігі азық-түлік өнімдерінің бәсеке
қабілеттілігін бағалау үшін міндетті шарт және азық-түлік
өнімдерінің экологиялық тазалық сұрақтары
ерекше актуальді болғандықтан бәсекелестік артықшылықтарын
анықтау үшін берілген. Өнеркәсібінің бәсекеге
қабілеттілігін қамтамасыз ету жүйесі мемлекет
тұрғысында келесідей бағыттарды қамтуы мүмкін:
Нарықта
дамуы, бәсеке, тұтынушылар талаптары сапа түсінігін
кеңейте түсіп, кәсіпорындардың бәсеке
қабілеттілік және сенімділік факторы ретінде қарастырылатын
болды. Тауар өндірушілер және тұтынушылар арасындағы
қатынастар қазіргі кезде тиімді сапаны басқару жүйесін
қажет етеді.
Әдебиеттер:
1.
National Business / 2008, № 8.
2.
АгроИнформ / 2008, № 9, с. 5-7.
3.
Маркетинг / 2007, № 3, с. 17-21.
4.
Экономика, 2008. № 6, с. 18-20.
5.
Экономика сельско-хозяйственных предприятии предприятии, 2006. № 7.