Магистрант Талғат Айгерім

«Тұран Астана» университеті, Қазақстан

 

Қазақстан Республикасының

жергілікті өкілді органының комиссияларының ұйымдастырылуы ерекшеліктері

21-ғасырдың бірінші он жылдығы Қазақстанда конституциялық құрылыстың жаңа кезеңімен атап өтілді. 2007 жылғы 21 мамырда «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданып, онда ел үшін қағидаттық маңызды жаңалықтар жарияланды. Бұл ретте уақыт тезінен өткен мемлекеттік құрылыстың қазақстандық үлгісінің өлшемдері негізінен сақталды. Конституциялық реформа барысында осы үлгі аясында Парламент палаталарының рөлі мен ықпалын арттырған билік қатынастарының жүйесі жаңғыртылды, олар бүгінде мемлекеттегі істің жай-күйіне бұрынғыдан да үлкен жауапкершілік алады. Азаматтық қоғам институттарының жан-жақты дамуы, мемлекет пен қоғам қатынастарының үйлесімділігі бағдарының нәтижесінде мемлекеттік және қоғамдық институттардың неғұрлым белсенді өзара іс-қимылына конституциялық тыйымдар мен шектеулер алып тасталды, бүгінде біздің елдің ішкі жағдайы мен қажеттіліктеріне толықтай сай келетін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі жаңартылды [1].

Конституциялық нормаларды өмірге келтірумен байланысты міндеттерді уақытылы және тиімді шешу жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметінің нысандары мен әдістерін жан-жақты жетілдіруді талап етеді. Қатынастардың субъектілері ретінде басқарушы органдар, функционалды-салалық бөлімшелерге бірігетін депутаттар, тұрақты және уақытша комиссиялар және аумақтық органдар, яғни депутаттық топтар және аппарат шығып отырады. Жергілікті өкілді органдардың құрамына мәслихаттың құзыреті мерзімінде әрекет ететін тұрақты депутаттық комиссиялар және белгілі бір уақыттың ішінде әрекет ететін уақытша депутаттық комиссиялар сияқты функционалды-құрылымды буындар кіреді. Тұрақты комиссиялардың құзыреті мәслихат қарауына жататын мәселелерді алдын-ала қарау мен дайындаудан, оның шешімдерін, заңдарды өмірге келтіру ықпал етуден және бақылау функцияларын атқарудан тұрады.

Жоғарыда аталған заңға сәйкес мәслихат өз құзіреті мерзімінде мәслихат органдары болып табылатын тұрақты комиссияларды құрады. Олардың саны жетіден аспауы тиіс. Қажет болған жағдайда мәслихат тұрақты комиссияларды жаңадан құрып, таратып және қайта ұйымдастыра алады. 12-баптың 2 бөліміне сәйкес тұрақты комиссиялардың тізбесі мен сан құрамын мәслихат белгілейді. Маңғыстау облыстық мәслихатының регламентімен әрбір тұрақты комиссияның саны, құрамы дауыс беруге бөлек шығарылады. Олардың сандық және жеке құрамы мәслихатпен сессия төрағасы, мәслихат хатшысының ұсынысы бойынша анықталады. Тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелерін өз депутаттары арасынан тиісті мәслихат сайлайды. Тұрақты комиссиялардың саны жетеуден аспауы тиіс. Ұсыныстарды кез-келген депутат енгізуге құқылы. Комиссиялардағы төрағалардың кандидатураларын алдын-ала ұсыну ашық дауыс беру арқылы қатысушы мүшелердің көпшілігімен бекітіледі [2]. Тұрақты комиссиялар:

- аталған мәслихат сессиясының күн тәртібі бойынша, сондай-ақ мәслихат сессиясында қаралатын кез келген мәселе бойынша мәслихатқа, мәслихат сессиясының төрағасына, мәслихат хатшысына ұсыныс енгізуге;

- өздерінің құзырына жататын мәселелер бойынша мәслихат сессияларында баяндамалар мен қосымша баяндамалар ұсынуға;

- тиісті аумақта орналасқан кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекеме-лердің, жергілікті басқару органдарының басшыларының хабарламаларын өз отырыстарында тыңдауға;

- қорытындылар әзірлеуге және қаулылар қабылдауға, ұйғарымдарды жасауға;

- жергілікті атқарушы органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің басшылары мен лауазымды тұлғаларына қажетті материалдар мен құжаттарды ұсыну туралы өтінішпен жолдануға құқылы.

Тұрақты комиссиялар өздерін сайлаған мәслихат алдында жауапты және жылына кемінде бір рет өз қызметі туралы есеп береді. Тұрақты комиссиялардың отырысы қажеттілігіне қарай шақырылады және егер отырысқа олардың құрамына кіретін депутаттар санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі. Комиссия төрағаларының кандида-туралары, олардың атынан сессияға тиісті комиссияның депутаттарының бірімен ұсынылады, олардың саны шектелмейді. Кез-келген депутат комиссия төрағасына өзінің кандидатурасын ұсына алады. Тұрақты және тексеру комиссияларының жұмысы перспективті және ағымдық жоспарлар бойынша, салалық бағыттар бойынша жүргізіледі. Тұрақты комиссиялар өздерінің отырыстарында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты, облыс халқының өмірлік деңгейін жақсартуға қатысты өзекті сұрақтарды қарастырады. Комиссияның ұйымдастырылуы мен қызметін жүйелеу келесідей қорытындыларға келуге мүмкіндік береді:

1.   Қазіргі таңда мәслихаттардың тұрақты және өзге де комиссиялары-ның ұйымдастырушылық әлеуеті соңына дейін жүзеге аспаған болып қала береді, ал бұл, өз алдына депутаттардың белсенділігі мен бастамашылығына, сондай-ақ мәслихат хатшысы мен аппарат қызметкерлерінің жұмыс тәжірибесіне тәуелді болып келеді.

2.   Комиссияның бақылау функциясы толық түрде жүзеге аспайды, олармен қабылданатын шешімдер олармен сирек бақыланады. Одан басқа, комиссиялардың бақылау функциясы айтарлықтай қысқартылды, егер ол жүзеге асса да, көбінесе тек жанама түрде асады.

Комиссияның мүмкіндіктерін көбінесе мәслихаттың кадрлық саясатында мәслихатпен сайланатын лауазымдарға кандидатураларды алдын-ала қарастыру жолымен жүзеге асыру қажет екендігі көрінеді. Мәслихаттар депутаттарын сайлау Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңдарымен регламенттеледі. Мәслихат депутатының Қазақстан Республикасының өкілді жүйесіндегі орны мен рөлі құқықтық көріністі депутаттың конституциялық-құқықтық мәртебесі мен оның жүзеге асырылуын мемлекет тарапынан қамтамасыз етілуінен табады. Мәслихат депутаты Парламент депутатына қарағанда бүкіл халықтың өкілі болып табылмайды, ол ең алдымен, жалпымемлекеттік мүдделерді ескере отырып, сайлау округының халқының еркін білдіреді. Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 20-бабының 2-бөліміне сәйкес мәслихат депутатының өкілеттілігі тиісті аумақтық сайлау комиссиясы оны депутат ретінде тіркеген кезден бастап, мәслихат өкілеттігі тоқтатылған кезден бастап тоқтайды. Депутат өз округі сайлаушыларымен тұрақты байланыс жасауға, оларды мәслихаттың жұмысы, жергілікті бюджеттің атқарылуы, аумақтық даму бағдарламалары, жоспарларының орындалуы туралы ұдайы хабарлап отыруға, мәслихат шешімдерінің орындалуын ұйымдастыруға және бақылау жасауға қатысуға міндетті [3].

Депутаттың өкілеттігін мерзімнен бұрын тоқтату туралы шешім аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша, қатысып отырған депутаттардың жалпы санының көпшілік даусымен мәслихат сессиясында қабылданады. Депутаттың қоғамдағы және мемлекеттегі орны халық өкілдігінің функциясын жүзеге асыруға, билікке құқықты оған сеніп тапсырған өкідік етушілердің еркі мен мүдделерін білдіруге шақырылған, оның мемлекеттік биліктің өкілді органының мүшесі ретіндегі жағдайымен анықталады. Мәслихат депутаттары аумақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелеріне, заңдылық пен құқықтық тәртіптің нығаюына ерекше көңіл бөледі, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 21-бабына сәйкес депутатың өз өкілеттігін жүзеге асырған кезде құқықтары мен міндеттері кеңейтілді. Депутат: сайлауға және мәслихат сессиясының төрағасы, мәслихат хатшысы, тексеру комиссиясының төрағасы, тұрақты комиссияның төрағасы немесе мүшесі болып сайлануға, мәслихаттың өзге де органдарына сайлануға; мәслихат сессиясы мен оның тұрақты комиссияларында және өзге де органдарда қарау үшін мәселелер ұсынуға, оларды қарауға және шешімдер қабылдауға қатысуға; мәслихат құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша, тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жолдаулар жіберуге және сұраулармен жолдануға; өз округінің сайлаушыларымен, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен және ұйымдармен кездесулер мен жиналыстар өткізуге; сессияда тиісті мәслихат аумағында орналасқан жергілікті атқарушы орган мен ұйымдардың лауазымды адамдарының мәслихаттың құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша есептерін тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге; тиісті әкімият отырыстарының жұмысына қатысуға; мәслихат пен оның органдары отырыстарының стенограммаларымен және хаттамаларымен танысуға; фракциялар мен депутаттық топтар түрінде депутаттық бірлестіктер құруға құқылы.

Депутаттық топтың құрамында мәслихаттың кемінде бес депутаты болуға тиіс. Депутаттық топтарды тіркеу мәслихат сессиясында жүзеге асырылады. Жергілікті өкілді орган депутатының құқықтары мен міндеттері тұтастық пен бірлікпен сипатталатын жүйені құрайды. Мәслихат депутатының аталған құқықтары мен міндеттерін келесі түрлерге бөлуге болады: жергілікті өкілді органның құрылымын қалыптастыру мақсаты болып табылатын ұйымдастарушылық өкілеттіктер; мәслихат шешімдерінің орындалуы мен атқарушы органдардың қызметіне бақылау жүргізу үшін арналған бақылау өкілеттіктері; мәслихат құзырына жататын мәселелер бойынша шешімдерді дайындау, қарау және қабылдау үшін арналған депутаттың құрылтай өкілеттіктері және сайлаушылармен байланыстар бойынша өкілеттіктер.

Депутаттар мен сайлаушылардың өзара қатынастары депутаттық мандат сипатымен анықталады. Депутат регламентте белгіленген тәртіппен мәслихат сессияларын, тұрақты комиссиялардың және өзге де органдарының отырыстарын өткізу кезеңінде, депутаттық өкілеттіктерді жүзеге асыру уақытында оған негізгі жұмыс орны бойынша жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен орташа жалақысы, бірақ осы қызметте бір жылға дейінгі жұмыс стажы бар тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс әкімі аппараты басшысының жалақысынан аспайтын мөлшерде және жол жүру уақыты ескеріліп, сессиялар, мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының отырыстары өтетін мерзімдегі іссапар шығыстары өтеле отырып, қызметтік міндеттерін орындаудан босатылады.

Әдебиеттер:

1. Жанузакова Л.Т. Проблемы совершенствования местного управления в Республикe Казахстан. // Право и государство, 2010. №2. - С.24.

2. Исмагамбетов Ж.С., Кучин И. А. Концепция муниципального развития Казахстана. - Алматы, 2009.

3. Таранов А.А. Местное самоуправление. - Алматы, 2009.