Мырзахмет
Ғалия Кенесбайқызы
М.Х.Дулати
атындағы ТарМУ-дің аға оқытушысы
Қазақ-түрік
халықтарының этно қарым-қатынастары
Қазақстан Республикасы тәуелсіз
мемлекет болып жарияланғаннан бергі әлемдік қауымдастыққа
енуі іс жүзінде аяқталып,
халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен ролі айқындалды.
Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің
тарихи дәнекерлік қызметін қайта
жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік саясатын
жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық
қауымдастық шеңберінде тең құқықты
қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын
қалыптастыру, мемлекетаралык шиеленістерді
бәсеңдету, қазіргі Орталық Азия елдері арасындағы,
әсіресе Ауғанстан мәселесіне байланысты
қалытасқан жағдаятты оңдастыру, шетелдермен
экономикалық және мәдени байланыстар-ды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен нақты
қадамдары айқын дәлел.
Сонымен қатар отарлық және кеңестік
кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған халықтың
тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін
сәйкестендіру аясында өтіп жатқан рухани және
мәдени әрлеу барысында Қазақстан Республикасы
көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен
ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын
жаңғыртуға да ерекше
назар аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын
ресми халықаралық қарым-қатынастармен қатар
елдерді жақындастыратын мәдени
байланыстардың да маңызы зор. Осы орайда Қазақстан
мен Туркия арасындағы мәдени және рухани байланыстардың
кеңінен дамуы кездейсоқ құбылыс емес.
Ежелден шығу тегі бір түрік халықтарының
соңғы он жылдан астам
уақыт ішінде өзара ынтымақтастығының нығаюы
КСРО құрамынан бөлініп шыққан
тәуелсіз жас мемлекеттердің әлемдік қауымдастықта
өз орнын дәйектеуге септігін тигізуде. Қазақстанның
отарлық дәуірде, одан соң Кеңес мемлекеті құрамындағы
кезенде белгілі себептермен үзіліп қалған
дәстүрлі мәдени және рухани туысқандық
байланыстарының қайта жаңданып, тұрақты
сипат алуы бүгінгі тәуелсіз мемлекеттің дамуы үшін аса
зәру мәселе. Түркия мемлекеті, шет елдердің ішінде,
1991 жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының
тәуелсіздігін мойындап, дипломатиялық қарым-қатынас
орнату ниетін білдірген ең тұңғыш мемлекет.
Сондықтан 1990 жылдардын бас кезінде жекелеген мәдени, ғылыми байланыстардан бастау алған
осы қарым-қатынастар тәуелсіз-дік жылдары кең
өріс алып, тұрақты сипатқа ие болды.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекетініи
Түркиямен шынайы мәдени байланыста-рының
орнаған кезі 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі
мерзімді қамтиды. Себебі отарлық және кеңестік мемлекет
жағдайында Қазақстан мен Түркия арасындағы
байланыстар дербес әрі кең көлемді де, нақты сипат
алған жоқ. Екі ел арасындағы мәдени байланыстар саяси
және ![]()
экономикалық ынтымақтастық
қатынастардың құрамдас бөлік ретінде он жылдан
астам уақыт ішінде әр салада нақты нәтижелерге ие
болды.
Бүгінде Қазақстан мен Түркия
арасындағы байланыстардын қатарында
жалпы мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, ақпарат құралдары
мен баспасөз, діни-рухани байланыстардың өкшелеп,
жалпы екі ел арасындағы ресми мемле-кетаралық
қатынастардың құрамдас бөлігі ретінде әрқайсысы
өз саласында жеке бір ағымды құрайтынын айту
қажет. Алғашқы кезде бұрын үзіліп немесе
тоқырап қалған дәстүрлі туысқандық
байланыстарды қалпына келтіру мақсатымен жалпы мәдени
байланыстар көлемінде орнатылған осы қатынастар бүгінгі
ғылыми-техникалық мүмкіндіктер, нарықтық
катынастар ықпалымен әр салада нақты нәтижелерімен
толыға түсуде. Оған Түркия мен Қазақстан
арасындағы экономикалық
байланыстардың нәтижелерін мысал ретінде келтіруге болады.
Түркі елдері ішіндегі Қазақстан мен
Түркия арасындағы мейлінше дамыған екі жақты
қарым-қатынастар аса ауқымды және тарихи тамырларға
негізделген. Жоғарыда айтылғандардың бәрі де екі
елдің арасындағы жемісті де нәтижелі
ынтымақтастықтың қомақты көріністері болып
табылатындығын, сондай-ақ екі жақты
қарым-қатынастарды барынша нығайту
шаралары үздіксіз дамытытын, жетілдіріліп, кеңейіп әрі тереңдеп
келе жатқандығын атап өткеніміз жөн. Халықтар
арасындағы сенім мен
өзара түсінушілікті орнықтыруда және
халықаралық ахуалдысауықтыруда мәдени
байланыстардың маңызды орын алатыны анық. Бұл өзара
қарым-қатынастар динамикалық және жоспарлы түрде
іске асырылып, сонымен бірге мемлекеттер арасындағы
ынтымақтастық аяқалысының ойдағыдай дамуының маңызды факторы болып саналады. Бұған
2002 ж. қарашада
Түркістан қаласында өткен Дүниежүзі қазақтарының
II құрылтайы да назар аударды. Делегаттар құрамында болған
Түркиядағы қазақ қауымдастығының
өкілдері де бұған кәміл сенетінін білдірді.
Екі ел арасындағы қарым-қатынастар
бір-бірінің ішкі істеріне араласуды, үстемдігін жүргізуді
қуаттамайды. Бұл байланыстар демократиялық,
туысқандық қарым-қатынастарға негізделген. Демек,
ғылыми және мәдени байланыстар
ынтымақтастықтың жалпы принциптері негізінде өз
еркімен, егемендік пен ұлттық мүдделерді құрметтеу,
толық тең құқықты, өзара тиімділік
пен өзара жауапкершілік жағдайында дамып отыр.
"Қазақстан-Түркия қарым-қатынастары динамикалы
түрде дамуда, және қай жерде бірлескен жобалар жүзеге асырылмасын, қазір экономика, мәдениет,
білім беру салаларын атау қиын. Біздің халықтарымыз жәй тең құқықты
серіктес қана емес, рухани жағынан да, этникалық
түбірі жағынан да етене жақындай түсуде. Олардың арқасында қазақстандықтар
қадірлейтін және мақтана алатын үлкен достық.
Қазіргі жағдайдағы
Қазакстан мен Түркия Республикасының мәдени және ғылыми қарым-қатынастары
мәселелері, сондай-ақ, оның алдағы даму мүмкіндіктері
мен тенденциялары, оның деңгейі мен сапасын арттыру, мәдени
және ғылыми ынтымақтастықты дамыту жөніндегі екі
ел үкімет басшылары деңгейінде жаңа келісімдер жасау
және қол қою, ортақ ғылыми-мәдени потенциал
мен қор кұру, бүгінгі күн талабына сай өзекті
мәселелердің бірі болып отыр. Бұл тұжырым біздің
егемендігімізді қалыптастыру және шынайы тәуелсіздігімізді
нығайту кезеңіңде тұрған жас
мемлекетіміздің міндеттеріне сай келеді. Екі ел арасындағы
байланыстардың көкейкестілігі, сонымен бірге, географиялық
және мәдени-тарихи сабақтастықтан да туындайды. Жалпы
мемлекетаралық ғылыми-мәдени байланыс жүйесін жасау мен
оны жүзеге асыру Үкімет тарапынан және мекемелер арасында
жасалған келісімдермен шарттастырылған.
Жыл өткен сайын толлыққанды сипатка
иеленіп келе жатқан шығармашы-лық қарым-қатынас
мәдениетіміздегі өзара әсер ету, өзара байыту
процестеріне маңызды үлес қосуда, бауырлас халықтар
арасындағы достықты нығайта түсуде.
Қазіргі кезде кең өpic алған
қазақ-түрік мәдени байланыстарын одан әрі
жетілдіру бүгінгі күннің және келешектін де міндеті. Бұл
тәуелсіз еліміздің халықаралық
және сонымен бірге түркі әлемі қауымдастығындағы
орнын, рөлін нығайта
түсер еді. Сондықтан бұл қарым-қатынастарды одан
әрі дамытып, екі жақты мәдени-рухани байланыстарды нығайту үшін төмендегі іс-шаралар аса
қажетті:
-қазақстандық жастарды бастауыш
сыныптардан бастап түркілік ғылым мен мәдениеттің аса
көрнекті қайраткерлерімен, ұлы қолбасшыларымен, жетекші-лерімен
таныстыру;
-
орта сыныптарда оқушыларға түркі мәдениетінің
басқа ел мәдениеттерінен ерекшеліктерін жан-жақты жеткізу
және түркі елдердін тарихи, мәдени түп-тамырларының
ортақ екенін көрсету;
-
тиісті тақырыптар бойынша оқулықтар мен әдістемелік
оқу құралдарын бірлесіп дайындау;
-Түркиялық жоғары оқу орындарында студенттермен,
мамандармен, оқыту-шылармен алмасуды жүйелі жолға
қою;
-
тәжірибе, мерзімдік басылымдар материалдарымен, ғылыми
ізденістер жолында жаңалықтармен алмасу;
-
бірлесіп конференциялар, конгрестер ұйымдастыру, ғылыми жобаларды бірлееіп жүзеге асыру жұмыстарын
тұрақты ету.
Келісімдерді жүзеге асыру
барысын қорытындылай келе, Қазақстан мен Түркия арасындағы
мәдениет, ғылым мен білім саласындағы екі жақты ынтымақтастықты одан
әрі терендету және кеңейту маңыздылығы, қол
жеткізген келісімшарттарды іс жүзінде жүзеге асыру механизмдерін
дайындау үшін Үкімет пен Елшіліктер қасында белгілі бір жұмысшы
тобын құру қажеттілігі де бар сияқты, Қазақстан
мен Түркияның мәдени ынтымақтастық саласындағы
екі жақты қарым-қатынастар ж:ағдайың сараптау
келісімдердің жоғары деңгейде болғанына, делегациялардың,
көркемдік ұжымдардың кең ауқымда
алмастырылғанына қарамастан, мәдени байланыстар
күтілген нәтижелерді бере алмағанын және екі елдегі бар
мүмкіндіктерге толық жауап бермейтіндігін көрсетті.
Сондықтан жүзеге асырылу мерзімінің келіп жеткенді-гіне байланысты үкіметтік деңгейдегі жаңа
келісімдерді дайындау және оларға қол қойдыру қажеттілігі
де бар.
Бұл шаралар осыған дейін қалыптасқан
қарым-қатынастардың заңды жалғасы болып табылады.
Әрине, сапалық және сандық прогрестерге қарамастан, екі жақты ынтымақтастықтың
мүмкіндіктерін кеңейту жеткіліксіз деңгейде пайдаланып
отырғанын ескеріп, бұл кемшіліктерге жол бермеу жағын қарайыру қажет.
Бұл тұрғыда,
ең алдымен, келісімдер мен
межеленген келісімшарттарды жүзеге асыру барысында бюрократиялық
кедергілер мен ведомствоаралық келіспеушіліктерді, сондай-ақ
жекелеген ведомстволардың салғырттығын жеңуге тура келеді.
Екі елдің министрліктері мен
ведомстволары
арасындағы тікелей
байланыстың төмендігі екі жақты іскер байланыстардың
дамуына да тосқауыл қоятынын басқару органдары ескеруі
қажет. Осы мәселелер тиімді шешімін тапса, қазақ-түрік
мәдени байланыстарының ауқымы көлемінде екі ел арасындағы
қарым-қатынастар
әлеуметтік-экономикалық проблемаларға да, ресми мемлекеттік саясатқа да
өзінің оң ықпалын тигізетіні даусыз.