Математика/ 2. Перспективы систем информатики

 

Ф.-м.ғ.к., доцент Батыров Б.Е.,

«Ақпараттық жүйелер» мамандығының студенті Абылкасова А.А.

 

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Қазақстан

 

«Жоғары деңгейлі программалау әдістері» пәні бойынша электрондық оқулық жасаудың кезеңдері

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясының ендірілуі оқытуды дараландырып, студенттерге оқу траекториясын таңдауға, өздігінен білім, білік пен дағдыларды алуға өзіндік бақылау жасауына мүмкіндік береді.

Оқу курстарының құрылымы өзгеріске ұшырап, дәрістік сағаттар азайды, негізгі күш студенттің өздік жұмысына түсті. Оқыту интерактивті болып, студенттің өздігінен білім алуы мен маңызы артты. Жаңа оқыту технологиясының енгізілуіне байланысты оқу-әдістемелік кешендерді құрастыру және оқу жоспарларын ендіру, студенттің оқу траекториясын таңдау, жүктемесін есептеу сияқты кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру мен жүргізуді автоматтандырудың, жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың қажеттілігі туындады.

Аудиториялық және аудиториядан тыс өздік жұмыстарда да кеңінен қолданыс тауып жүрген электрондық оқулықтар мен автоматтандырылған оқыту жүйелері оқу материалын беру, ақпаратқа талдау жасау, білімді бекіту және бақылау сияқты бірнеше қызметті қатар атқарады. Электрондық оқулық қашықтан оқыту формасының да басты құралы болып табылады.

Кредиттік оқыту жүйесінде электрондық оқулықтардың студенттерге өздігінен білім алу мен өзіндік бақылау жасауда маңызы зор. Электрондық оқулық – компьютерлік техниканы қолдану негізінде жасалған жаңа оқулық түрі, ғылыми негізде дайындалған педагогикалық-ақпараттық өнім. Электрондық оқулық деп өз бетiмен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бiр бөлiмiн компьютердiң көмегiмен меңгерудi қамтамасыз ететiн программалық-әдiстемелiк кешендi айтады [2].

                   Электрондық оқулық бiрiншi кезекте басылымдарды толықтыратын, жаңа ақпарат ұсынатын және бiлiм алушының алған бiлiмдерi мен дағдыларын шектеп тестiлеуге бағытталуы керек [1].                                                                                                                  «Жоғары деңгейлі программалау әдістері» пәні бойынша электрондық оқулықты құрастыру үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

-         Пәндік аймақ бойынша мәтіндерді жинап, өңдеу;

-         Электрондық оқулықты UML диаграмалармен жобалау;

-         Электрондық оқулықтың интерфейсін жобалау;

-         Деректер базасын құрып, өңдеу.

Пәннің мақсаты - жоғары деңгейлі бағдарламалау кезінде, тәжірбиеде көп кездесетін есептерді неғұрлым ыңғайлы, толық әрі дәл шешу әдістерін зерттеу.

Пән бұған дейінгі пәндермен, яғни алгоритм және программалау тілдері, ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика мен келешек арнаулы пәндерімен тығыз байланысты. «Жоғары деңгейлі программалау әдістері» пәні бойынша дәрістер, практикалық жұмыстар, зертханалық жұмыстар, СӨЖ жұмыстары жинастырылады. Электрондық оқулықты құрастыру бірнеше кезеңдерден тұрады. І кезең - ол пәндік саланы талдау. Қазіргі уақытта компьютерлік оқыту жүйелердің нарығында оқу процессінде қолдануға арналған жоғары сапалы көптеген программалық өнімдер пайда болды. Оларды ресейлік, қазақстандық және шетелдік өндірушілер шығарады. Шетелдік оқыту жүйелерін локализациялау қиын жұмыс, сонымен бірге мазмұнын «механикалық» аудару кезінде көптеген психологиялық және психолого-педагогикалық факторлар есептелінбейді, оқытудың жергілікті, ұлттық ерекшеліктері назарға алынбайды және нәтижесінде жұмсалған күш-жігер толық ақталмайды. Қазір программалық қамтама нарығында ресейлік және қазақстандық компьютерлік оқыту жүйелердің таңдауы пайда болды. Электрондық оқулықтарды және оқыту жүйелерді шығару бойынша көшбасшылары «Кирилл и Мефодий», «1С», «Логос», «SoftKey» және басқа фирмалар болып табылады [3].

           ІІ кезең - мазмұнын құрастыру. Пәннің жұмыс оқу бағдарламасымен анықталған теориялық материал, тәжірибелік тапсырмалар құрылымдалады және мысалдармен толықтырылады. ІІІ кезеңде оқулықтың барлық ақпараттық фрагменттердің сипаттамасы келтіріледі. IV кезеңде аппараттық платформаның таңдалуы және таңдалынған программалау жүйесі көмегімен программалауы орындалады. Электрондық оқулықты іске асырудың программалық құралдарын таңдау маңызды болып табылады. Программалау жүйені таңдауынан оқулықтың сыртқы түрі, оның эстетикалық деңгейі тәуелді, сонымен бірге оның функционалдылығы, деректердің әртүрлі форматтарын қолдау мүмкіндігі, мультимедиа стандарттарына сәйкестігі, кез келген компьютерде орнатылған программалық қамтамаға қарамастан жұмыс істеу мүмкіндігі. «Жоғары деңгейлі программалау әдістері» пәні бойынша ЭО жобалау үшін HTML, PHP тілдері таңдалынды, олар ЭО құру кезінде қойылатын талаптарына толығымен қанағаттандырады.

 

Әдебиет:  

1.                     Балыкина Е.Н. «Модель электронного учебного пособия и технология его проектирования» // Дистанционное и виртуальное обучение. Дайджест российской и зарубежной прессы - № 2, 2002.- с.5-8.

2.                     Ержанова А. Білім беруде ақпараттық технологияларды қолдану. // Информатика негіздері-№ 3, 2003.- 69 б.

3.                     Стародубцев В.А. Фрактальный принцип разработки электронных учебных пособий. // Открытое образование - №5, 2002.- с.48.