П.ғ.к., доцент Әбілқасымова Г. Қ.

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

магистрант Әлімбеков Д. Е.

 Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

магистрант Кенжебеков Г. Б.

 Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қазақстан

 

Болашақ кәсіби оқыту бакалаврының құзыреттілігін қалыптастырудағы модельдеу процессінің рөлі

 

 

Білім беру жүйесін түгелдей реформалаудың өзектілігі ғылым мен техниканың, мәдениеттің жоғары жетістіктерімен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасындағы құрылған және ғылыми негізделген үздіксіз білім беру жүйесі мамандардың кәсіби даярлығы мәселелерін шешуде жаңа талаптар қояды.

Болашақ мамандардың кәсіби даярлығының мазмұнын кемелдендіре түсу мәселесіне ҚР «Білім беру туралы» Заңында ерекше көңіл бөлінеді,  мұнда білім беру жүйесінің негізгі міндетімен қатар оның басымдылық міндеттері, оның ішінде: «оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге қосылу; еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білікті мамандар мен жұмысшылар даярлау, оларды қайта даярлау мен біліктіліктерін жоғарылату» [1].

Қазақстан қоғамының интенсивті әлеуметтік-саяси және экономикалық жаңаруы барлық білім беру институттарында нақты көрініс табуда.  Болашақ мамандарды жоғары білім беру жүйесінде оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарының, мазмұнының, әдістерінің өзгеруі ЖОО оқытушысының ғылыми-педагогикалық қызметіне тікелей ықпал етеді. Соған сәйкес, жоғары оқу орны оқытушыларын даярлау процесін үздіксіз білім беру арқылы кемелдендіру қажеттілігі туындайды.

Жоғары білікті мамандар даярлау «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту концепциясының» мазмұнында өзекті  мәселе ретінде қарастырылып, «жоғары білім беруді дамытудың негізгі тенденциясы мамандар даярлау сапасын жоғарылату, интенсивті ғылыми-зерттеу қызметімен  интеграцияланған инновациялық білім беруді дамыту,    ЖОО зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың қажеттіліктерімен тығыз байланыста болуы, білім беру мен ақпараттық технологиялардың кемелденуі» екендігі көрсетіледі [2].

Осыған орай қазіргі кезде кәсіби даярлық және оның мазмұны мен кәсіби даярлық технологияларымен байланысты сұрақтар  үлкен маңызға ие болуда, олар педагог – ғалымдар мен практик - мамандарды жоғары мектептегі дидактиканың өзекті мәселелердің бірі – оқыту сапасын жоғарылату және болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесін шешуге жетелейді.

Қазіргі таңда кәсіби білім беру жүйесі инновациялық, шығармашылық, ғылыми-педагогикалық бағытта ойлауға қабілетті оқытушыны қажет етеді. Жаңа типтегі кәсіби оқыту бакалаврының маман ретінде қалыптасуының негізін құрайтын шарттар - оның педагогика категориялары мен әдіснамалық негіздерін білуі, студент тұлғасының дамуы мен әлеуметтендірілуі заңдылықтарын білуі, болашақ мамандарды оқыту мен тәрбиелеу технологияларының мақсаттары мен мәнісін білуі, студенттердің  жасқа сай және психикалық даму заңдарын білуі, яғни өзінің кәсіби құзыреттілігінің жоғары дәрежедегі көрінісі.

        Нәтижелі білім берудің мәні кәсіби оқыту бакалаврының іс-әрекеті оның жеке басының әлеуетін іске асыруға негізделген және оның оқылатын пәндер мен салаларға сәйкес келетін білім алуын талап етеді. Білім берудің мұндай түрі білім алушының ішкі субстанциясының өзгеруіне және оның өзіндік тәжірибесі, құзыреттіліктерінің пайда болуына жәрдемдеседі. Сондықтан педагогикалық процесс барысында білім беруге құзыреттілік тұғырымен келу оның прагматикалық сипатта болуын және тәжірибеден пайдалыны ала білу, өзінің алған білімін өзара байланыстыру және оны ретке келтіре алу, өзінің алдындағы міндеттерін өздігімен шешу біліктілігін қалыптастыруға бағытталатынын көрсетеді.

        Құзыреттілік тұғыр - білім беру үдерісін ұйымдастыру, ол субъектінің іс-әрекеті арқылы (оқу, таным, ойын және. т.б) өзін-өзі жүзеге асыру құқығына, құзыреттілікті меңгеруге және пайдалануға негізделген. Құзыреттілік тұғыр ақырғы мақсатты пәндік білім, білік, дағдымен байланыстырып, негізгі құзыреттілікті меңгеруге бағытталады. Негізгі құзыреттілікті қалыптастыру болашақ мамандардың білім, білік және іс-әрекет тәсілдерін шынайы өмірде практикалық міндеттерді шешуге қолдана алу дайындығын көрсетеді.   

   Елімізде және алыс-жақын шетелдегі білім беру теориясы мен практикасында «құзыреттілік» пен «құзырет» ұғымдарын қалай қарастыратынын қарайық.

Ғалым-зерттеушілер және педагог-практиктер құзыреттілік ұғымын анықтағанда әртүрлі пікірді ұстанады. А.В. Бурцев, В.В. Евдокимов, И.А. Зимней, М.В. Кирилина, С.Г. Молчанова, Г.К. Селевко, В.В. Сериков, Ю.Г. Татура және т.б., көптеген зерттеушілер «құзыреттілікті» белгілі іс-әрекетті жүзеге асыруға қажеттітұлғаныңқұзыреттер жиынтығы негізінде меңгерген кіріктірілген сапасы деп көрсеткен. «Құзырет»алғанбілім, білік және іс-әрекет тәжірибесі негізінде әрекет жасауға дайындығы және қабілеті.

Көптеген зерттеушілер қазіргі таңдағы ең басты міндет адамның оқу үдерісінде меңгеретін негізгі құзыретін және оны қалыптастырудың амалдарын анықтау болып табылады. Солардың ішінде білімге немесе дағдыға қарағанда құзыреттілікті кең мағынада қарастырылып, яғни құзыреттілік оларды өзіне енгізеді, бірақ олардың қосындысынан тікелей туынды құрамайды (А.А Пинский, Б.Н. Хасан, С.Е. Шитов және т.б); құзыреттілік – білімнің, біліктіліктің көлемі, осы негізде алынған тәжірибе, қалыптастырылған құндылықты қатынастар (С.М. Зинина) құзыреттіліктер арнайы және тар бағытталған (Т.М. Матвеева); құзыреттілікке субъект іс-әрекетте  (А.М. Аронов, П.Г. Щедровицкий және т.б), оқыту үдерісінде (С.Е. Шитов және т.б.) ие болады деген. 

К.Ж.Аганинаның пікірінше, құзыретті болашақ маман дайындауға қатысты «өзінің ішкі және сыртқы ресурсын іс-әрекетінде табысқа жетуде іске асыра алуы» [3]. 

А.М. Аронов құзыреттілікті белгілі бір іс-әрекетке кірісуге деген даярлығы деп қарастыруды ұсынады, сөйтіп, құзыреттілікті екі іс-әрекеттің байланысына қазіргі білім беру және болашаққа негізделген іс- әрекеттің негіздемесі бар екеніне  көңіл аударады [4].

А.М Ароновтың ойларын жалғастыра дамыта келе П.Г Щедровицкий «іс-әрекет ой іс-әрекетінің бөлігі», ал құзыреттілік «бұл іс-әрекеттің жіктелген субъекті іс-әрекеті» деп ерекше атап өтеді. Бұдан құзыреттілік іс-әрекеттің категориясы деп айтуға негіз пайда болады. П.Г.Щедровицкийдің пікіріне сүйенсек, ол әрі субъектіленген болып шығады, яғни жекелеген іс-әрекет тәжірибиеден өткізілген, субъектілік реңге ие болады. Осы негізде алып қарағанда бірегей болып табылады.

Сонымен бірге бұл әрі «түр», яғни жан-жақты субъект үлгіні іс-әрекеттің әр түрінде қолданылып,  іс-әрекетке даралық стиль береді. Құзыреттілікті іс-әрекеттік категория ретінде түсіну үшін  ақыл-ой іс-әрекеттің бөлігі екенін баса айтудың үлкен мәні бар: субъектінің ие болған барлық білімі, біліктілігі дағды ретінде автоматтандырылады, типтік немесе типтік емес, сырттан реттелетін немесе еркін жағдайларда қолданылады, ой іс-әрекетінде  рефлекциядан өтеді [5]. 

М.А.Холодная құзыреттілікті адамның білімдерін айрықшалайтын мынадай сипаттамаларды бөліп шығарады: әртүрлілігі, элементтердің бөлініп шығарылғандығы, соның ішінде негізгілердің біліктілігі, қазіргі уақытта өзектілігінің тездігі және басқалары. Ол адамның білімдер жүйесін тұлғаның құндылық бағытталғандығымен анықталатын бастамашылықпен үзілмес байланыста қарастырады [6].

Қазіргі дүниежүзілік білім беру тәжірибесінде құндылығы, мақсаты және нәтижесінің білім берудің орталық, өзіндік «түйінді» ұғымы ретінде құзыреттілік, біріншіден, өзіне білім берудің зияткерлік және дағдылар құрамаларды біріктіреді; екіншіден, құзыреттілік ұғымына білім берудің мазмұнына идеологияны интерпретациялау салынған, яғни «нәтижеден» қалыптасатын; үшіншіден, құзыреттілік интегративтік табиғатқа ие, себебі ол мәдениеттің және іс-әрекеттің ( комуникативтік, ақпараттық, құқықтық) кең аясына салыстырмалы релевантты бірқатар біртекті немесе өзара жақын біліктілік пен білімдерді қамтып алған.

        Айта кету керек, негізгі құзыреттіліктерге іс-әрекетті жоғары деңгейдегі мамандандыруды мақсат ететін, қолдануға келетіндерін жатқызады. Қарым-қатынаста, кәсіптік және кәсіптік емес іс-әрекетте көрініс табатын негізігі құзыреттіліктерге, ең алдымен, әлеуметтік, коммуникативтік, рефлексивті құзыреттіліктер жатады.

        Аталған құзыреттіліктер, әрине, болашақ кәсіби оқыту бакалаврын дайындайтын жоғары оқу орнының оқытушысының кәсіби іс-әрекетінде көрініске ие болуы -  педагогикалық шарттардың негізгісі. Осыған орай біз өз зерттеуімізде кәсіби оқыту бакалаврын дайындайтын ЖОО оқытушысының моделін жасауды жөн көрдік.

Жоғары білім берудің түпкілікті мақсатын маман моделін жобалау түрінде түсінуге болады. Ғылыми таным категориясы ретінде, модель ойша елестетілетін немесе материалды түрде жүзеге асатын жүйе, ол зерттеу пәнін  адекватты көрсетеді және модельді зерттеу арқылы сол объект жайлы ақпарат алуға болатындай етіп оны алмастыра алады. Модельдеу – бұл модельдерді жасау мен зерттеу әдістері.

Модельдер үлгі ретінде практикалық қызметте немесе іс-әрекет барысында әртүрлі ситуациялар мен проблемаларға талдау жасауда қолайлы. Ұйымдастырылған модельдің уақыттық өзгерісіне анализ жасаумекеменің дамуын бақылауға және болып жатқан өзгерістерді анықтайтын ішкі тенденцияларды ажыратуға мүмкіндік берді. Модельдер болашақ жағдаяттарды құрастыру мен оны әрі қарай дамытуға мүмкіндік беретін жолдарға анализ жасауда тиімді.  

Жоғарыда аталғандай, жеке тұлға білім беру процестерінің өзінде де, оны басқаруда да үлкен роль атқарады. Сондықтан болашақ маман тұлғасын модельдеу жоғары мектептегі білім сапасын тиімді басқаруды қамтамасыз етуге қажетті процесс болып табылады.   Маман моделіне бір жағынан, кәсіби даярлық кірсе, екінші жағынан – физикалық, психикалық және рухани саулық, білімділік, жалпы мәдени сауаттылық тәрізді жеке тұлғалық қасиеттер кіреді. Бұл тәрізді  сипаттамалар мұндай модельдің бірнеше нұсқаларын барлығын көрсетеді.

Осылайша, мемлекеттік стандарттарда егжей-тегжейлі қарастырылған біліктілік талаптарынан басқа, ЖОО оқытушысының кәсіби моделіне  төмендегі белгілер де кіреді:

1)         интеллектуалдық құзіреттілік, яғни бұл білімнің ұйымдастырылуының ерекше түрі – құрылымдылық, категориялылық, жалпылаушылық, ситуацияларға анализ жасаудағы икемділік  пен оперативтілік - бұлардың барлығы  белгілі бір  қызмет саласында тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді;

2)         интеллектуалдық инициатива – бұл бүтін тұлғаның танымдық және түрткілік (мотивациялық)  ұмтылыстарының органикалық бірлігін, белгіленген шектен  асуға және қажетті қолдау берілмеген интеллектуалдық әрекетті дамытуға деген даярлығын көрсететін  қасиеті;

3)         өзін-өзі ұйымдастыру, бұл ситуацияға анализ жасау, міндет қоя білу, алынуы мүмкін нәтижелерді және өз іс-әрекетінің салдарын болжау мен жоспарлау, өзіндік рефлексия негізінде өз шешімдерінің тиімділігін бағалау мен өзін-өзі бақылау;

4)         өзін-өзі реттеу, яғни өзінің интеллектуалдық әрекеттерін еркін басқара алу, өзіндегі өзгерістерді көру қабілеті, мәдениет механизмдерін түсіну және өзін-өзі түзетуде оларды қолдана білу.

Кәсіби білім берудегі жалпы гуманитарлық даярлық жоғары оқу орны түлектерінің жеке тұлғасына қойылатын жоғары талаптардан келіп шығады. Осыған орай, жоғары оқу орны оқытушысының моделінде келесі қабілеттер де байқалады: 

-         проблемалық жағдайға жүйелі талдау жасауды жүзеге асыру;

-         анықталмаған проблемалық жағдайдың міндеттерін ажыратып алу және оны ұғынықты етіп жеткізу;

-         қарама-қайшылықтарды көру мен дұрыс бағалау және стандарттан тыс  шешімдер қабылдап оларды мақсатты түрде шешу;

-         қайталанбас идеялар мен шешімдер шығару;

-         болжамдар ұсыну;

-          «мінсіз нәтижені» адекватты жеткізу;

-         шығармашылық міндеттер немесе проблемалардың көп вариантты шешімдерін іздестіру мен саралау;

-         өзіндік ойлау инерциясын саналы түрде жеңе білу;

-         проблемалар төңірегінде қажетті ғылыми ақпараттарды мақсатты түрде іздестіру және т.б.

ЖОО моделінің жеке-тұлғалық сипаттамасы  анағұрлым күрделі, әрі болжауға қиын болып саналады. Егер моделдің функционалдық және заттық-кәсіптік құрамдас бөліктерін зерттеуде  аса айырмашылықтар болмаса, ал жеке-тұлғалық жағы турасында мейілінше түрлі түсініктер болуы мүмкін.

Ең алдымен мынаны ескеру қажет, жеке тұлғаның әлеуметтік және психологиялық сапалары оның белгілі бір әлеуметтік міндеттерді орындауына бағдар беретін дүниетанымдық ұстанымдарын көрсетеді. Маманның жеке тұлғалық жағы адамның мүмкіндіктерін ашуды көздейді, оның қызығушылықтары мен ынта-түрткілерін қалыптастырады, оқытушы мен студенттің өзара біріге орындайтын мақсатты әрекеттері процесі кезіндегі қажеттіліктерді қалыптастыруды көздейді. 

Осыдан келіп кәсіби оқыту маман моделіне төмендегідей талаптар қойылады:

1)         өз мамандығының әлеуметтік маңызы мен мәнісін ұғыну, яғни оның кәсіби құзыреттілігінің қалыптасқан деңгейі;

2)         қоғамның этикалық және құқықтық нормаларын сақтау;

3)         аксиологиялық ұмтылыстардың болуы, яғниидеал, құндылықтар, басымдылықтар т.б.;

4)         тұлғааралық қатынастар заңдарын білу және оларды практикада пайдалана білу;

5)         шешімдер қабылдау қабілеті мен олардың жауапкершілігін мойынға алу;

6)         адамзаттық, гумандық түрткілердің - әділдік, жанашырлық, сүйіспеншілік сезімдерінің, т.б. болуы;

Көптеген студенттердің оқытушыға деген көзқарасында қағидаға сүйенуден гөрі, жеке басының ерекшеліктеріне сүйену сипаты басым болып келеді. Студенттер педагогтың талапшылдығынан, өзіне талап қоя білуінен  адамгершілік негіздер іздеуге бейім, әдетте, оқытушының әлсіз жақтары мен кемшіліктерін кешірмейді. Сондықтан студенттермен қарым-қатынас жасау мен педагогикалық қызмет тұтастай алғанда гуманизм қағидалары негізінде құрылады, ал гумандылық – адамгершілік құндылықтарының бірі болғандықтан, ЖОО оқытушысының кәсіби құзыреттілігі болып саналады. 

Біздің ойымызша, қазіргі заманғы оқытушының жеке-тұлғалық бейнесіне және кәсіби құзыреттігіне жататын белгілер бұл:

-         іскерлік қабілеттері айқын көзге түсетін, ұйымдастырылған, жауапкершілігі мол, өз мінез-құлқын, тәртібін жақсы  бақылай білетін  адам;

-         оқытушы әріптестері мен студенттерге ғана емес, өзіне де сыни көзбен қарауға бейім;

-         оқытушыға альтруистік белгілердің тән болуын оның студенттер мен әріптестеріне жанашырлық көрсету мен көмек беруге ұмтылудың көрсеткіштері деп интерпретациялауға болады .

Жалпы аталған мәселені шешу барысында алынған мағлұматтар негізінде біз болашақ кәсіби оқыту бакалаврының жеке тұлғасын модельдеу арқылы жоғары оқу орнында білім берудің сапасын тиімді басқару мүмкіншілігінқамсыздандыруғажәне болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру процессін оңтайландыруғаболады деп тұжырым жасаймыз.

 

 

 

Пайдаланылған әдебиетттер тізімі:

 

  1. 1. ҚР «Білім туралы» Заңы // Егемен Қазақстан 2007. – 15 тамыз
  2. ҚР білім берудің 2015 жылғы даму тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі газеті.

3.     Аганина К.Ж Теоритические основы подготовки учителей интегрированных предметов// Материалы Республиканской научно-практической конференции, посвещенной 80-летию доктора педагогических наук, профессор Н.Д.Хмель. –Алматы: 2008. – С 74-82.

4.     Аронов А.М. Предметно-методологические основы компетентности педагога. / Материалы конференции // www.conf.krasu

5.     Щедровицкий Г. П. Системное движение и перспективы развития системно-структурной методологии. — Обнинск, 1994.

6.     Холодная М. А. Когнитивные стили. О природе индивидуального ума. 2-е изд., перераб. — СПб. «Питер», 2004. — 384 с.