“Педагогические  науки”

2.Проблемы подготовки специалистов.

Магистр-оқытушы Ишанов А. М.

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, Қазақстан

Колледж оқушыларын әскери-патриоттық шаралар арқылы тәрбиелеу

Өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беруде оқушыны жан-жақты тұлға етіп тәрбиелеу үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Елбасы өзінің әр сөзінде жас ұрпақты патриот етіп тәрбиелудің маңызын ескертіп отырады: «Қазақстан болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде: «Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз – қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азамат өзін-өзі айқын билеуін қалыптастырады» деген болатын. Әрине бүгінгі таңда егемендікке қол жеткізіп, алға қарай нық басқан, экономикасы берік Қазақстанның гүлденуіне үлес қосатын әр жас ұрпақтың патриоттық сезімі болуы қажет.

Әскери патриоттық тәрбие дегеніміз не? Бұл ҚК қатары мен Отан алдындағы абыройлы міндетті атқару және Отанды шексіз сүю үшін оқушы бойында жоғары мінез-құлық қағидаларын, өзін-өзі ұстаудың нормаларын, міндетті еңбек пен физикалық және әскери-кәсіби дайындықты жасақтайтын педагогикалық іс-әрекетпен тығыз байланысты ұйымдастырылған үздіксіз үдеріс. Әскери-патриоттық тәрбие беру ұғымына саяси-моральды тәрбие, физикалық, әскери-техникалық және бастапқы әскери дайындық (БӘД) енеді.   

Міне осындай тәрбие беру тапсырмасы оқытушыға тиімді әскери-патриоттық іс-шараларды ұйымдастыру міндеттерін жүктейді.

Бұл қасиетті міндеттер аясында жүргізілетін іс-әрекеттердің бірі – әскери-патриоттық іс-шаралар. Әскери-патриоттық іс-шаралар әр түрлі формада өтіледі. Оның негізгі мақсаты сабақта немесе сабақтан тыс уақытта оқушыларды теория-практикалық тәрбиелеу. Осы мақсатта колледждегі АӘД пәні жұмысын оқытып-ұйымдастыру бағдарламасы барысында біз де осы мүддеден шығуға тырысып келеміз. Сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу үшін жан-жақты әрекет етіп, оқушыларды әскери дайындықпен қамтамасыз етіп, бойларына отансүйгіштік, ұлтжандылық, патриоттық сезімдерін бекітіп отыруды басшылыққа аламыз.

Мәселен бір ғана, әскери-патриоттық тәрбие берудің бір жолы ретінде өткізген «Патриот» айлығы аясында:

- облыстық М. Мәметова мұражайына саяхат жасап, оқушы бойында елді қорғауда ерлік көрсеткен батыр тұлғалардың, соның ішінде ҰОС кезінде ерлікпен қаза тапқан қазақ қызы М. Мәметованың ерекше есімін саналарында терең сіңіріп, сақтап, құрметтеуіне ықпал еттік;

- Ұлы Жеңіске арналған кітаптар көрмесін, қабырға газеттерін шығаруды ұйымдастыру арқылы оқушылардың ҰОС тарихына терең бойлап, білімдерін кеңейтуге жол аштық

- шығармалар және мәнерлеп оқу байқауын ұйымдастыру арқылы, оқушының әскери-патриоттық, Отаншылдық сезімдерін қағаз бетіне түсіріп, өз ойларын жеткізулеріне, ақын-жазушылар шығармашылығымен таныса отырып, оны сезініп оқуына мүмкіндік беріледі (ҰОС кезінде Жамбыл ақынның «Ленинградтық өренім» атты өлеңі жауынгерлерге ұлы рух беріп, жеңіске ұмтылуға үлкен көмек болған дейді, сол секілді оқушыларда мұндай әдеби патриоттық тәрбиеден өздеріне үлкен сабақ алары сөзсіз);

- спорттық жарыстар ұйыдастырылады, бұл арқылы оқушының физикалық дайындығы жетіле түсіп, күштілік, шыдамдылық, төзімділік қасиеттеріне тәрбиеленеді, спорт – әскери-патриоттық тәрбиенің ажырамас бөлігі;

- «Жас ұлан - патриот» саптық әндер байқауы арқылы, рухы биік, ел мен жерді қорғауға, батырлар мен ерлікті, елдікті дәріптеуге арналған әндер шырқалады, бұдан оқушы бойында асқақ патриоттық сезім, рухани өсу пайда болады;

- мультимедиялық жобалар байқауы, оқышулардың шығармашылық ой-өрісін бағамдайды;

- қалалық, облыстық, колледжішілік шерулер мен фестивальдерге атсалысу арқылы өзара тәжірибе алмасу кеңейтілмек;

- Жеңіс күніне арналған бірқатар іс-шаралар топтамасына: мылтық атудан жарыс, ҰОС ардагерлерімен кездесу т.б. енді, мұнда оқушылардың практикалық білім өрісі кеңейеді, өнегелі сұхбаттар жүргізіледі, ҰОС арадагерлерінің өз аузынан нағыз ерлік үлгілерінің әңгімесін тыңдайды;

- өзге оқу орындарының әскери кафедрасына, әскери бөлімшелерге саяхаттау арқылы нағыз әскери өмірмен, әскери құрал-жабдықтармен танысады, оқушы бойында қызығушылық пайда болып, елге әскери қызмет атқаруға деген құлшыныс пайда болды;

Жыл сайын түрлі осындай әскери-патриоттық іс-шаралар ұйымдастыру арқылы, төмендегідей нәтижелі жетістіктерге қол жетіп отыр:

- оқытушылардың өзара тәжірибе алмасуы, сабақтаса жұмыс жасауы;

- практикалық іс-әрекеттерге көп мән берілуі;

- барлық оқушылардың қызығып, атсалысуы;

- ҰОС және басқа әскери бағыттағы соғыстардың ардагерлері мен жетістікке жетіп жүрген аймақтағы әскери адамдардың дәріптелуі;

- әскери-спорттық жарыстарды ұйымдастыру арқылы, физикалық күшті оқушының қалыптастырылуы;

Осындай формадағы айлықтар оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастырып қана қоймайды, білім ошағының тәрбие саласындағы іс-әрекетіне үлкен септігін тигізеді. Сондықтан бұл тек бір ғана оқытушыға ғана емес, оқушы үшін жауапты әрбір тұлғаның азаматтық борышы. «Көп түкірсе көл» деген қазақтың қанатты сөзін басшылыққа алып, бірлесе жұмыстану керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     Выступление президента Казахстана Н.А. Назарбаева на II конгрессе молодежи Казахстана, Астана, 2002 год.

2.     Серік Шалов «Егемен Қазақстан» газеті. Отанға деген сүйіспеншілік. Ол неден басталады? 15.10.2008ж.

3.     Отансүйгіштік тәрбие-басты міндет //Қазақстан мектебі. - 2005. - №5-6. - Б.3-5