Интеграциялық
байланыс негізінде оқушылардың дүниетанымын
қалыптастырудың мәні
«Тұран-Астана» университеті
доценті А.Ш.Танирбергенова
магистрант Г.Д.Көзейбай
Табиғаттың
бейнелену заңдылықтарынан тыс баланың жеке дамуында
өздігінен жүзеге асырылады деп айтуға болмайды. Адамзат
тәжірибесінде тіркелген ғылыми білімдерді, оны талдауды
оқушыға әдейі үйретпейінше меңгере алмайды. Адам
табиғат объектілері және құбылыстарымен жеке қатынаста,
табиғат байлықтарын пайдалануға байланысты еңбек
әрекеті процесінде де бір нәрселерді таниды. Бірақ бұл
жол өте баяу жүреді және адамзаттың қазіргі
өркениетін қанағаттандыра алмайды.
Қоршаған
дүние заңдылықтарын танудың екінші жолы – адамды жеке
дамыту және ол арнайы ұйымдастырылған оқыту процесі
арқылы жүзеге асырылады. Бұл жағдайда оқушыларды
оқыту процесіндегі мақсат пен құралдың ара
қатынасы өзгереді: оқыту процесінде – мақсат болып
табылатын модельдер, яғни оқу материалы, ал түпнұсқа
оқушылар үшін мақсатқа жетудің
құралы.
Оқыту
процесінде дамыту процесі қазірге дейін көкейкесті болып есептеледі
және оған көптеген зерттеулер арналған: бастауыш
мектепте-ақ теориялық білімдерді қалыптастыру арқылы
баланы дамытуды негіздеу (Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.З.Зак т.б.), теорияларды
түсіндіру функциясын күшейту, оқу пәндерінің
мазмұнына әдіснамалық білімдерді ендіру (Л.Я.Зорина,
А.В.Усова т.б.), оқытудағы эмпирикалық және
теориялық танымның бірлігінде, индукция мен дедукция ара
қатынасында алу қажеттігі (М.Н.Скаткин т.б.).
Психология мен
педагогикада жаратылыстану табиғат пен адам туралы білімнің
біртұтас аймағы ретінде алынуда (Л.В.Кузнецов, В.С.Леднев,
И.Д.Зверев т.б.).
Барлық
оқу пәндері, барынша күрделі жүйені көрсетеді,
оның маңызды элементі болып табылатын – ұғым. Олар
бір-бірімен байланысқан, ұғымдық құрылымды,
оқу пәнінің негізін жасайды [26; 32]. Оның пікірі
бойынша, оқу пәнінің ұғымдық жүйесі
әртүрлі күрделіліктегі өзара байланысты
ұғымдар жүйесін: ұғым-элемент, ұғым-комплекстер,
және іргелік ұғымдар. Іргелік ғылымдар, жетіле
және дами отырып орталық ұғымдар ретінде теориялардан
өтеді және осы ұғмның мазмұны
ақиқат шындық моделінің құрылымын
анықтайды.
А.В.Усова,
ұғымдардың ғылыми білімдер жүйесіндегі ролі мен
орнын қарастыра отырып, «ғылыми теориялар – бұл ғылыми
ұғымдар жүйесінің дамуы. Олар жаңадан
ашылған ғылыми фактілерді талдау нәтижесінде жасалады» [29,
57].
Ал, кейбір
зерттеушілер ғылыми ұғымдарды қалыптастырудың
тиімділігі саласында келесі ережелерді: «Оқу пәндері оқушылар
алдында динамикалық жүйе, тұтастық логикалық,
объективті өмір сүретін құбылыстар мен
заңдылықтарды өзара байланыста және
тұтастықта беруі керек» деп ұсынады [24]. Оның пікірі
бойынша, оқу курстарын жүйелеу және қорыту негізінде
құру ғылыми білімдер құрылымын үнемі
анықтап отырады (ғылыми фактілер, заңдар, теориялар)
және оқу пәнін (жалпы курстағы әрбір
бөлімнің орны мен мәні, олардың арасындағы
байланыс), сол сияқты әрбір бөлімнің және
бүкіл курсты қортындылаушы тақырыптармен аяқтау.
Жүйелеу және қорыту көптеген фактілер, жекелеген
заңдылықтарды қарастыруда олардың бөлінуі» деп
көрсетеді [24, 21].
Психологтар
Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Элькониндердің
зерттеулері көрсеткендей, оқушылар санасы білімді
неғұрлым көбірек қамту, олардың
тығыздығы неғұрлым сыйымдылықтағы
ұғымдарды жасау бағытында дамитындығы
анықталған. Дамыған ақыл-ой теориялық
ойлауға бейім өз мазмұнында біртұтас жүйе
құратын объективті өзара байланысты құбылыстар
аймағын құрайды. Онсыз және одан тыс бұл
құбылыстар тек эмперикалық тұрғыдан
қарастырылатын объект ғана болып саналады. Теориялық ойлау
теориялық ұғымдарды қалыптастырады, оның
мазмұнын жалпылық пен даралық, тұтастық пен
жекеліктің бірлігі құрайды. Егер дүниетанымдық
ғылыми ұғымдар жөнінде сөз болса, онда олардың
арасындағы жалпыға ортақ байланысты орнату
құралы, олардың бірлігін анықтау негізі.
Табиғаттың іргелі барынша аз жалпы заңдары бола алады.
Мұндай байланыстарды орнықтырудағы ойлау әрекеті
жаратылыс-ғылыми дүниетаным болып табылады. Бұндай
процестің негізі заңдылықтары табиғат жөніндегі
білімдердің бірлігі және сонымен бір мезгілдегі олардың
тығыздалуы, қортытындысы.
Дүниетанымның
қалыптасуы туралы көзқарасқа біршама тарихи даму
сипатын берген Ф.Гегель болды (1770-1831). Оның ойынша ойлау жеке
адамның басында ғана болатын процесс емес, ол әлемдік
күш, табиғат та, адам қоғамы да соның туындысы.
Логикалық формалар абсолюттік Идеяның, Рухтың дамуының
белгілі сатысы. Рух дамуының белгілі кезеңінде адамның дүниетанымына айналады.
Дүниетаным - өзінен тыс бір нәрсені бейнелеу емес,
Рухтың өзін-өзі тануының бір жолы. Ал тану өзін
өзі жасаумен барабар.
Дүниетаным-
адам болсын, қандай басқа бір зат болсын, бүкіл әлем
болсын, оның дүниеде болу жолын, болу тәсілін
көрсетеді. Құбылыстың ішкі өзіндік абиғаты
оның өзін-өзі қалай жасайтатында, өзін
қалай сақтауында, үнемі бүкіл болмысын қалай
жаңғыртып отыруында. Ал бұл қандай маңызды болса
да, жеке белгі емес, себебі жеке белгі немесе белгілер нерсенің
тұтас табиғатын қамти алмайды. Бұл оның ішкі
заңдылығы. Сондықтан заттың ішкі заңын бейнелеу
үшін де адам ой жүзінде болсын, іс жүзінде болсын затты,
өз заңдылығымен қайта жасап шығуы тиіс. Әр
нәрсені біз оның өз заңдылығымен ой жүзінде
жасай алсақ ол дүниені тануымыз. Бұл жәй білуден
басқа нәрсе, әсіресе заттармен, олардың қасиеттерімен
жәй таныс болудан тіпті бөлек. Мысалы, машина жөнінде
толық мағынада ұғым сол машинаны жасаған,
соның идеясын, схемасын физикалық т.б. заңдардың
негізінде ұсынған және соны түсінген, білетін адамдарда
бар, ал сол машинаны жүргізуді ғана білетін адамда шын
мәнінде толық ұғым жоқ. Әсіресе, сол
машинаның барлық тетіктерін жеке-жеке білгеніміз бізге
ұғым бермейді. Олардың бәрі ұғымның
қалыптасуының алғышарттары ғана.
Дүниетанымның
қалыптасу жолын
әртүрлі түсінуден оның мазмұны мен
ауқымын әртүрлі байыптау шығады. Дж.Локк негізінен
эмпирикалық логикадан дүниетанымның мазмұны мен
ауқымының кері қатынасы туралы заң шығады.
Ұғымның мазмұнына мұнда танылатын
объектінің белгілері мен қасиеттерін жатқызады, ал
ауқымына осы ұғымның қамтитын заттарының
бәрі кіреді. Дүниетанымның мазмұнына ең жалпы
белгілер кіретін болғандықтан, оның қамтитын заттарының
шеңбері кеңіген сайын, оның мазмұнына кіретін
ортақ белгілер де азая түседі және керісінше:
ұғымның қамтитын заттары азайған сайын оған
кіретін ортақ белгілер де көбейе түседі. Яғни ең
жоғарғы абстракциялар мазмұны жағынан ең кедей
түсініктер. Жалпылықтың дәрежесі көтерілген сайын
оның мазмұны да сүреңдене бермек. Ал дүниетаным
жалпы белгілерге емес, заттың өзіндік болу тәсілін не жолын
көрсетуге және ой жүзінде жасауға құралады
дейтін көзқарас бойынша оның мазмұны мен
ауқымының қарама-қарсылығы жоғалады, себебі
жалпылық мұнда нәрсенің ортақ белгілерін
ғана емес, барлық белгілері мен қасиеттерін қамтиды.
Оның барлық қасиеттері де әлемде болу жолының
әртүрлі көріністері болып тұрады, сол арқылы
олардың бәрінің де орны, атқаратын қызметі
анықталып, түсіндіріледі. Олардың әрқайсысынсыз
тұтастықтың бірлігі жоғалады. Бұл
тұрғыдан жалпылықтың деңгейі
жоғарылаған сайын оның мазмұны байиды әрі тереңдейді.
Ұғымның мазмұны мен ауқымы шын мәнінде бір
нәрсе болып шығады. Оның тағы бір негізгі себебі
ұғымды осылай түсіну оны тұрақты
өзгермейтін белгілердің жиынтығы емес, өзін үнемі
қайта тудырып, бір қалпын үнемі қайталап отыратын
процесті көрсетеді.
«Ойлаудың
жоғары дәрежесі, зерттелетін объектінің елеулі белгілері мен
қасиеттері туралы пікірдің түйіні болып табылатын
мәннің тұтас бірлестігі -
дүниені тану
қалпында қабылданады», - деп көрсетеді Н.И.Кондаков.
«Ұғым –
дүниедегі құбылыстар мен процестердің мәні
танылып, олардың елеулі жақтары мен белгілері
қорытындыланатын ойлау үрдісіндегі бейнелеудің бір формасы».
Елеулі деп қарастырылатын ұғымдардың белгілері, заттар
мен құбылыстар мәнін бейнелеп, осы топқа жататын
объектілер белгілерін ажытару қызметін атқарады.
Дүниетаным
төменгі сатыдан жоғары сатыға көтерілу барысында
жетіліп, ескі ұғымдарды ұштап, жаңа
ұғымдарды қалыптастыратын тарихи дамыған таным жемісі
болып табылады.
Ғылыми
ұғымдар, ақиқат бейнесі бола отырып, заттар мен
құбылыстар қорытындысы ретінде «икемделгіш және
қозғалғыш келеді. Гносеологиялық категория ретінде дүниетаным жалпы және жеке, нақты және абстрактілі
қарама-қайшы жағдайлар бірлестігі болып табылады.
Дүниетаным,
айнала қоршаған дүниенің түрлі жақтарын,
заңдылықтарын, байланыстарын тану үрдісінде пайда болады.
Сонымен қатар, ұғымдарға, идеялардың таным объектілеріне
кері әсер етуінен, шынайы ақиқатты зерделеу
формаларының өзін жетілдіруден көрінетін дербестік тән.
Формалды-логикалық
тұрғыда ұғымдар проблемасы оның мағнасына,
жасалу жолына, ұғымдар мазмұнын ашу тәсіліне, таным
құралы ретіндегі ұғымдар мәніне қарай
қарастырылады.
Таным
құралына роліне мінездеме бере отырып, Д.П.Горский, оның
төмендегідей белгілерін ерекшелейді:
-
дүниетаным біздің біліміміздің
шоғыры;
-
олар дара заттар мен құбылыстар
жиынтығын бағдарлау құралы болып табылады;
-
дүниетаным, таным қозғалысын
қамтамасыз етудің қажетті жағдайы;
-
олар ойлау процесін реттейтін өте маңызды
құрал;
-
ғылыми ұғымдар, субъектінің еркі
мен ықыласына бағынбайтын объективті білімнен тұрады.
Психологтар дүниетаным
түрлі түсініктемелерін береді. Мысалы,
Н.А.Менчинская, былай жазады:
«Дүниетаным» сөзімен біздер, заттар мен
құбылыстардың қасиеттерін бейнелейтін қорытынды
білімді белгілейміз.
Дүниетанымдағы бейнеленген
заттар мен құбылыстар санына қарай, ерекшеленген
бірыңғай кластар санына қарай, ұғымдардың
өзара байланысы оның сипатының келесі логикалық
категорияларын айқындайды: мазмұны, көлемі, басқа
дүниетаныммен байланысы және қатынасы.
Дүниетанының мазмұны болып, осы дүниетаным арқылы
санамызда бейнеленетін заттар мен құбылыстар класының елеулі
қасиеттерінің жиынтығы табылады. Мазмұнына қарай
олар ғылымда қарапайым және күрделі болып екіге
бөлінеді.
Дүниетанымның
көлемі оны қамтитын немесе санамызда бейнеленетін объектілер
санымен сипатталады. Осы тұрғыдан оларды жалқы және
жалпы ұғымдар, категориялар деп бөлуге болады. Жалқы
және жалпы түсініктер бөлінбейтін диалектикалық
бірлестікте болады: жалпы ұғымдарды жалқы
ұғымдарсыз түсіну мүмкін емес, ал жалқы
дүниетаным да өздерін сәйкес жалпы ұғымдардан
туындайды.
Сонымен,
дүниетаным қандай болмасын адамның объективті
ақиқатты тануы барысында және жеке дара таным барысында да
үнемі дамып отырады. Оқыту барысында меңгерілетін әрбір
дүниетанымның елеулі белгілерінің саны оны алғаш
қалыптастыруға ғана емес, әрі қарай
дамытуға және пайданануға да жеткілікті болуы тиіс. Егер
дүниетанымның елеулі белгілері оптимальды көлемдегі
фактілермен айғақталып, басқа дүниетаныммен өзара
байланыста қарастырылатын болса, ол дәлелді әрі сенімді
сипатта қабылданар еді.
Пайдаланылған
әдебиеттер
1. Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы. /2-4
сынып/ - Алматы: Республикалық баспа кабинеті, 1997. – 258 б.
2.
Стандарт Қазақстан
Республикасы орта білімінің мемлекеттік стандарты – Алматы. Ы.Алтынсарин
атындағы Қазақтың білім академиясы, 1998. 363 б.
3.
Аймағамбетова Қ. Бастауыш
сыныптарда дүниетануды оқытудың теориялық негізі.
Алматы. «Балауса баспасы», 2003 ж.