12 ЖЫЛДЫҚ ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ОРТА БУЫН СЫНЫПТАРҒА АРНАЛҒАН БЕЙНЕ МАТЕРИАЛДАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ

 

Шагиров М.Д.

 

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Петропавл

 

Ғылыми жетекші: Икласова К.Е., аға оқытушы

 

 

Бүгінде жаһандану заманында жас ұрпаққа әлемдік стандартқа сәйкес білім беру мәселесі республикамызда ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен әлемдік жинақталған тәжірибеге, отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере, оқыту мен тәрбиелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мәселе болып отыр. Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамсына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр.

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу – әлемдік білім кеңістігіне еркін енуді көздейтін заман талабынан туындап отырған мәселе. Мектеп бітірушінің әлеуметтік және қоғамдық өмірдегі өзгерістерге икемделе отырып, еркін енуіне дайындығын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Мәселен, (Финляндия, Сингапур, АҚШ) алдыңғы қатарлы дамыған елдердің 12 жылдық білім беруге көшудегі нақты қадамдары еліміздің білім беру жүйесіне едәуір өзгеріс енгізу қажеттілігін дәлелдейді.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа Жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақты қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Бізге эканомикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет», деп оны 12 жылдық білім беруге баса назар аударған еді.

Біз бүгінгі күні осындай әлемдік білім беру жүйесіне негізделген басым бағыттарды ұстануымыз керек. 2008-2009 оқу жылынан бастап 12 жылдық білім беруге кезеңдеп көшу басталды. Бүгінгі күні білім беру мазмұнын жаңартуды көздейтін Қазақстан Республикасының білім беру тұжырымдамасы жан-жақты талқыланып, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы өткен алқа мәжілісінде мақұлданды. 12 жылдық білім мазмұнының негізгі өзегі – қарқынды дамып келе жатқан өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, жеке басының, сондай-ақ қоғам пайдасына қарай өзін-өзі толық жүзеге асыруға дайын білімді, шығармашылыққа бейім, құзыретті және бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мен дамыту болып табылады.

Оқу орындарының практикалық жұмысында ақпараттың жаңа экрандық ұсыну көздерінің қарқынды енуі (кодоскоп, проекторлар, киноаппараттар, оқу теледидары және бейнемагнитофондар, сонымен бiрге ақпараттың дисплейден шағылысатын компьютерлер) бейнематериалдарды жеке оқыту әдiстерi ретінде қолдануға, оны ерекшелеп қарастыруға мүмкіндік бередi. Бейнематериалдарды пайдаланып өнер-бiлiмдердi ұсыну үшiн ғана емес, яғни оларды бақылау, бекiту, қайталау, жалпылау, жүйелеу сияқты дидактикалық функциялардың бәрiн ойдағыдай орындайды. Бейнематериалдардың пайдалануы көбiнесе ақпараттың көрнекi қабылдауында орнатылады. Оқушының әр түрлi дербестік дәрежесiн және таным белсендiлiгiн тану процесімен әр түрлi басқару тәсiлдеріне рұқсат бередi де, өнер-бiлiмдердi меңгерудiң дедуктивті және индуктивтi жолын бағамдайды.

Қазiргi оқыту әдiстерді қалыптастыру кезеңде бiлім мен іскерлікті әбден жетiлдiру үшін бейне сабақтары пайдалануды бағамдайды. Cабақ уақытында әр түрлi нұсқаларда көрнекiлiктi қолдану оқушының шапшаң есте сақтауына мүмкiндiк туғызуына ғана емес, қызығушылығына да жағдай жасайды. Бейне сабақтар өздігінен үйрену үшiн белсендi құрал ретiнде қолданыс тапты, көбі өнер-бiлiмдеріндегi кемшiлiктерін жою үшiн өзіне қызықтыратын бейне курстарды қолданады.

Бейнематериалдарды сабақта қолдану ақпараттың бір көзі ғана емес екендігін белгiлеп алуымыз керек. Бейнематериалдарды пайдалану оқушылардың психикалық қызметтiң әр түрлi жақтарындың дамуына мүмкiндiк туғызады, ең бастысы назар мен ес. Қарау уақытында сыныпта бiрлескен таңырлық қызметтiң атмосферасы пайда болады. Бұндай шартта тiптi зейінсіз оқушы зейiндi болады. Фрагменттің мазмұнын түсiну үшiн, белгiлi күшті жұмсау керек. Осылай ерікісіз зейiн еріктіге өтедi. Ал назардың қарқындылығы есте сақтау процесінің ықпалына тиеді. Ақпарат түсуiнiң әр түрлi арналарын (акустикалық, көрермен, моторлы қабылдау) пайдалану осы материалдың түсiрiп алуына оң әсерін бередi.

Қорыта келгенде, ( әр оқушының және топты тыңдаушылардың назарын басқару қабiлеттiлiгі, ұзақмерзiмдiк жадтың көлемiне әсер ету және есте сақтаудың берiктiгiн нығайту, оқушыларға эмоционалды әсерді ұсыну және оқыту уәждемесiн жоғарылату) оқушыларға оқу бейнематериалдардың әсері психологиялық ерекшелiгiн оқу процесiнде қарқындатуына мүмкiндiк туғызады және мектеп оқушыларының коммуникатив құзырын қалыптастыру үшiн қолайлы жағдайларды жасайды.


 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.           12 жылдық білім беруге өтудің эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру туралы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 327 бұйрығы. Астана,2001 жылдың 10 мамыры//Қазақстан мектебі.-2001.-С.7.-1б.

2.           12 жылдық мектептің негізгі орта буынының білім мазмұны // Қазақстан Тарихы. -2006. -3 3-10б.

3.                    Краснянский М.Н., Радченко И.М. Основы педагогического дизайна и создания мультимедийных обучающих аудио/видео материалов. – Тамбов 2006.