КӨПТІЛДІК
ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Нурмагамбетов К.Б.
М.Қозыбаев атындағы
Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университеті, Петропавл
Ғылыми жетекші Икласова К.И., аға оқытушы
Бүгінгі
күні біздің қоғамымыздағы қостілділік
біртіндеп көптілділікке ауысып келеді. Бұл
көптілділіктің негізгі басымдығы ана тіліне беріледі,
өйткені, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде меңгеру
азаматтардың бірігуіне ықпал етеді, орыс тілі
ғылыми-техникалық ақпарат көзі болып табылса, шет тілі
адамдардың өзін - өзі әлемдік қоғамдастыққа
сәйкестендіру қабілеттерін дамыту үшін қажет.
Қазақстан Республикасы Президентінің
"Қазақстан-2050" стратегиясында еліміздің
әлемдік интеграцияға кірігуі үшін көптілділікті дамыту
міндеті қойылды.
Көптілділік,
мультилингвизм, полилингвизм – нақтылы коммуникативтік
жағдайдың әсер етуімен белгілі бір әлеуметтік ортада,
мемлекетте бірден үш, одан да көп тілде сөйлей білушілік.
Мұның өзі жеке адамның (индивидуумның) көптілділігі
және ұлт пен ұлыстың көптілділігі болып
бөлінеді. Көптілділіктің үш тілді меңгеру
дәрежесі сол адамның немесе бүтіндей халықтың
өмір сүрген тілдік ортасы, әлеуметтік, экономикалық,
мәдени өмірі, тұрмыс-тіршілігі секілді көптеген
факторларға байланысты. Ұлттық құрамы
бірыңғай, бір ғана этнос мекендейтін мемлекетте
Көптілділік сирек. Онда жеке адамның ғана Көптілділікгі
ұшырасады (Жапонияда, Кореяда, Германияда, Исландияда) [1].
Көптілділік
– АҚШ, Ресей Федерациясы, Үндістан, Нигерия сияқты
жүздеген ұлт пен ұлыс мекендейтін мемлекеттерге тән
құбылыс. Көптілділік: жаппай Көптілділік, ішінара Көптілділік
болып бөлінеді. Жаулап алу, халықтардың қоныс аударуы,
көрші елдермен тығыз қарым-қатынас секілді тарихи
себептерден кейбір халық өкілдерінің жаппай
Көптілділікгі қалыптасқан. Сондықтан да
Көптілділік көп ұлтты геогр. кеңістікте кең
тараған. Мәселен, жаппай Көптілділік Кавказдағы армян,
аджар, осетин, құрд, грек, т.б. халықтар арасында,
сондай-ақ, Дағыстан халықтары арасында жиі кездеседі.
Қазіргі Қазақстан Республикасындағы
қалыптасқан жағдай да осыған ұқсас.
Мұндағы славян тектес халықтардың дені – негізінен бір
тілде ғана сөйлейтіндер, қазақтардың
көпшілігі екі тілде сөйлейді. Ал ұйғыр, өзбек,
дүнген, құрд, түрік, әзербайжан, тәжік,
татар, т.б. ұлт өкілдері арасында Көптілділік кең
тараған. Неміс, корей, шешен ұлттарында да Көптілділік
едәуір жиі ұшырасады. Кейінгі кезде шет тілін үйренуге ден
қойыла бастағандықтан, қазақтар арасында да
Көптілділік көбейіп келеді. Бүтіндей ұлт пен
ұлыстың Көптілділікгі – социолингвистердің зерттеу
нысаны боларлық күрделі құбылыс. Жаппай
Көптілділік жағдайында коммуникативтік формалар (диалектілер,
говорлар, әр алуан жаргондар, жеке тілдер) өте күрделі
қолдану иерархиясын құрайды. Мысалы:
1)
тар локалды шағын топ арасындағы
қатынас (үй-ішілік тіл);
2)
топаралық тұрмыспен байланысты локалды
қатынас құралы (мыс., Азия мен Африканың көп
ұлтты елдеріндегі “базар” тілі);
3)
билік жүргізетін әкімш. (немесе ұлт)
тілі;
4)
көп ұлтты аймақтың ресми тілі;
5)
мемл. тіл (немесе халықаралық байланыс тілі).
Егер бастапқы екеуі ресми қатынас құралы болмай, тек
ауызекі сөйлесу тіліне жатса, соңғы үшеуінің
атқарар қызметі жан-жақты.
Бүгінгі
күні өндірістің, коғамның ақпараттандырылуы
және есептеу құрылғыларының жаңа
түрлерімен кеңінен жабдықталуы бағдарламалауға арнаулы
білімді қажет ететін кәсіби-бағыттау мәселесін
қойып отыр.
Бағдарламалау тілдерін
оқытуда бағдарламалаудың процедуралық, процедуралық емес, логикалық,
функционалдық, объектілі–бағытталған
түрлерін қамту қажет. Оқушылар қазіргі
бағдарламалау тілдерінің түрлерімен қатар,
олардың әрбіреуінің сипаттамасы мен қолданылу саласын
анықтай білуі керек [2].
Процедуралық
емес (декларативті) тілдер – бұл
тілдерді қолданғанда нәтиженің қандай
сипаттамалары болу керектігі бағдарламада анық көрсетіледі,
бірақ оны алу жолдары айтылмайды. Декларативті
тілдердің ерекшелігі-декларативті семантика. Декларативті
семантиканың негізгі концепциясы- әрбір оператордың мағынасы
оның бағдарламада қалай пайдаланатындығына байланысты
емес. Бұл тілге белгілі бір ережелер мен фактілер жүйесіне
негізделген логикалық бағдарламалау тілдері жатады.
Логикалық тілдер
математикалық логикаға негізделген. Бұл тілде берілген
фактілерден белгілі бір шарттар бойынша жаңа фактілерді шығару
әрекеттері берілген логикалық ережелерге сүйене отырып
орындалады.
Функционалдық
тілдер рекурсиялық функцияларға негізделген. Функционалдық
тілде жазылған бағдарлама мәндер мен функциялар арқылы
анықталған теңдеулер жиынынан тұрады. Бір мәндер
өз кезегінде басқа мәндердің функцияларының нәтижесі
түрінде беріледі.
Объектілі
–бағытталған тілдер — бұл тілдерде басқа тілдердегі процедуралар
мен деректер ұғымдары “объект” ұғымымен беріледі.
Бағдарламалау
тілдерін тереңдетіп оқытуда ең алдымен, нақты бір
бағдарламалау тіліне немесе техникалық
құрылғыға байланбай, оқушыларда ойлаудың
белгілі бір стилін қалыптастыру міндеті тұрады. Сондай ойлау
негізінде есепке деген жүйелі көзқарас тудырып,
алгоритмдеудің жалпы білімі мен дағдылары арқылы есепті
шешудің тиімді әдістері қарастырылады. Бұндай
оқыту әдісі жоғарғы мектептің төменгі
курстарындағы бағдарламалау тілдерін оқытуға және
бағдарламалау тілдерін оза оқытуға [3] қажет болатын базалық білімді
қалыптастырады.
Көп
тілді оқытудың әдістемесі бағдарламалау тілдерін
салыстыра оқытуды қарастырады. Тәжірибелік сабақтарда
бір есепті әр түрлі бағдарламалау ортасында
(процедуралық, объектілі бағытталған) шешу арқылы
оқушылар:
-
бағдарламалау тілдері мен пайдаланушы интерфейсінің
даму бағытын көреді;
-
өз бетімен немесе оқытушының
көмегімен әрбір бағдарламалау ортасының
артықшылығы мен кемшілігін анықтайды, сол арқылы
шешілетін есепке байланысты бағдарламалау ортасын таңдай алады;
-
бағдарламалық өнімнің маңызды
сипаттамаларының бірі-пайдаланушы интерфейсі екендігіне көз
жеткізеді;
Сонымен,
қазір бағдарламалауға көптілдік платформа негізінде кәсіби
бағдарлы оқытудың әдістемесін жасау
бағдарламалауға оқытудың өзекті мәселесі
болып табылады. Осы мәселені шешу барысында бағдарламалауға көптілдік
платформа негізінде кәсіби бағдарлы оқытудың
мазмұнын, оқытудың әдіс-тәсілдерін, оқыту
құралдарын жасау және кәсіби-бағдарлы
оқытуды ұйымдастыру жолдарын анықтау міндеттері тұрады.
Әдебиеттер:
1. Мысин М.Н. «Структура профильных курсов для классов с
углубленным изучением информатики». Кафедра ИиВТ, Самарский государственный педагогический университет, г. Самара.
2. Шестаков А.П. Профильное обучение информатике в старших классах средней школы на примере курса "Компьютерное математическое моделирование" Автореферат, диссертации на соискание ученой степени кандидата педагогических наук, Омск, 1999 г.
3. Нурбекова
Ж.К. Фундаментальное и опережающее обучение программированию студентов по
специальности «Информатика», Автореферат диссертации на соискание ученой
степени доктора педагогических наук, Алматы, 2007 г.