ӘОЖ:
574.24:57.371.4:37.017.91
ОРТА МЕКТЕП БИОЛОГИЯ КУРСЫНДА ЖҮЙЕЛІК
ӘДІСПЕН ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІ ЖЕТІЛДІРУ
Шажанбаева С.Е., Ибадуллаева
С.Ж.,Оңғарбаева Г.Р
(Қорқыт Ата атындағы ҚМУ,
Қызылорда)
Жүйелік
тәсілде оқушылардың
биологиялық білімі келесі формаларға ие болады:
-биологиялық
түсініктер кейбір құбылыстар мен нәрселердің
сыртқы қырларын көрсететін шындықты танудың тура,
негізінен сезімдік формасы ретінде; оларды пәндік білім түрінде қарастыруға
болады;
-
биологиялық ұғымдар құбылыстар мен нәрселердің
ішкі мәнін ашатын логикалық таным ретінде өз дамуының
бастапқы кезеңдерінде түсініктен ұғымға
өтетін өтпелі формаларды тауып алады; мұндай өтпелі
формаларды пәндік-жүйелік білім түрінде
қарастыруға болады; жүйелі білімде жүйенің кейбір элементтері мен тұтас
жүйедегі элементтердің өзара қарым-қатынасы
көрінеді; мұндай білім әдетте теориялық білім деп
аталады;
- биологиялық категориялар- оқушылар игерген жекелеген
түсініктерді синтездейтін неғұрлым жалпы ұғымдар
[1].
6-сынып биология пәні қарастыратын «өсімдік организмі», 7
сынып биологиясындағы «саңырауқұлақтар,
бактериялар, жануарлар организмі», 8-сыныптағы «адам организмі» жекелеген
ұғымдар, осылардың негізінде 9-11 сыныптарда жалпы биологиялық
ұғымдар (категориялар)- «организм күрделі биологиялық
жүйе болып табылатын тірі материя ұйымдасуының ең
негізгі формаларының бірі» сияқты ұғымдар
қалыптасады. «клетка»-«организм», «дарақ»-«популяция»-
«түр»-«биоценоз»-«биосфера», «органикалық дүниенің
тарихи дамуы»-«жерде тіршіліктің пайда болуы» категорияларының
арасындағы байланыстар жалпы
биолгиялық ұғымдарды білдіреді [1,2].
Ғылыми идеялар
әлеуметтік бағытталған, сондықтан пәндік білім
шеңберінен біршама шығып кетеді; олар тек оқушылардың
дүниетанымын кеңейтіп қана қоймайды, сонымен бірге табиғатты
әрі қарай танудың мақсаттарын, бағыттарын
жәіне перспективаларын ашып, биологиялық білімді адам
әрекетінің әртүрлі салаларында практикалық
тұрғыда қолдануға және дүниетаным
қалыптастыруға жағдай жасайды. Тірі табиғатты
танудың аталған сезімдік және логикалық таным
формаларын дамуда, бір формадан келесі формаға өтуде
пайдаланған дұрыс. Әрбір форма пәндік білімнің
белгілі деңгейін сипатайды.мұны оқушылардың
сабақтағы таным әрекетін басқаруда ескеріп,
танымның осы кезеңіне сай келетін білім формасын таңдап алу
маңызды.
6-8 сыныптарда
пәндік және пәндік-жүйелік білім басым болса, 9-10
сыныптарда пәндік-жүйелік және жүйелік білім, ал 11
сыныпта жүйелік және жүйеаралық білім сипаты басым
болады. Мектептің
негізгі сатысында жалпы биологиялық білім логикалық аяқталғандық сипат алуына орай,
9-сыныпқа арналған бағдарлама «Жалпы биология негіздері» курсын оқытуға
арналған [3].
Зерттеу жұмысының мақсат-міндеттеріне
сәйкес Қызылорда қаласындағы №233 орта мектепте
педагогикалық эксперимент ұйымдастырылды.
Педагогикалық эксперименттің құрылымы:
-
анықтау эксперименті (2011-2012
оқу жылдары);
-
қалыптастыру эксперименті (2012-2013
оқу жылдары).
Анықтау эксперименті кезеңінде
білімнің, ептіліктер мен дағдылардың бастапқы
бақылауы жүзеге асырылды. Қалыптастыру эксперименті екі кезеңде
жүргізілді: оқу-тәрбие процесіне экологиялық білімді,
ептілік пен дағдыны қалыптастыру үлгісінің
компоненттері; білімнің, ептілік пен дағдының қорытынды бақылауы
енгізілді. Экспериментке
қатысқан оқушылардың жалпы саны 53.
Анықтау экспериментін
жүргізу барысында біз әдістемелер сериясын, оның ішінде
оқушылардың экологиялық білімін анықтау үшін
сауалнама жүргізілді.
Экологиялық білімді, ептілік пен дағдыны табысты
қалыптастыру үшін оқушылардың экологиялық
білімділігін нақты деңгейде болғанын игеру аса маңызды
мәселе. Осы мақсатта
анықтау эксперименті
негізінде оқушыларға диагностикалау жүргізілді.
Арнайы экологиялық
білімді, ептілік пен дағдыны қалыптастыру үшін
экологиялық білімінің деңгейін анықтау
жүргізілді. Оқушылардың арнайы экологиялық білімін
қалыптастыру деңгейін анықтау төмендегі критерийлер
бойынша анықталды:
-
арнайы экология түсінігін
меңгеру;
-
арнайы экологиялық білім деңгейін
анықтау.
Арнайы экологиялық білім
түсінігін меңгеру сапасы және экологиялық білім
деңгейін анықтау №233 орта мектебінде 20 сұрақтан
құралған тестілеу әдісімен жүргізілді. Арнайы экологиялық түсінікті
игеру және экологиялық білім деңгейлері төмендегі
көрсеткіштер арқылы анықталды:
-
жоғары – дұрыс жауап 100-91 %
болғанда;
-
орта -
дұрыс жауап 90-81 % болғанда;
-
төмен - дұрыс жауап 80-61 % болғанда.
Арнайы
экологиялық түсінікті
меңгеру сипаттамасы 1-кестеде келтірілген.
1-кесте. Арнайы экологиялық
түсінікті меңгеру деңгейі
|
деңгейі топ |
жоғары |
орта |
төмен |
|||
|
адам |
% |
адам |
% |
адам |
% |
|
|
Бақылау тобы (26 оқушы) |
8 |
30,7 |
12 |
46,1 |
6 |
23,07 |
|
Эксперименттік топ (27 оқушы) |
8 |
29,62 |
13 |
48,14 |
6 |
22,2 |
Анықтау
экспериментінің нәтижесі төмендегі көрсеткіштерді
көрсетті: экологиялық түсінікті меңгеру деңгейі
жоғары оқушылар бақылау тобында 30,7 пайызды
құраса, эксперимент тобында 29,62 пайызға тең болды.
Орташа деңгейді игерген оқушылар үлесі бақылау тобында
46,1 пайызды, эксперимент тобында 48,14 пайызды құраса, ал
төмен білім деңгейін көрсеткен оқушылар саны екі топта
да бірдей болды. Пайызға шаққанда бақылау тобында 23,07
пайызды, эксперименттік топта 22,2 пайызды
құрады (1-сурет).

1-сурет. Арнайы экологиялық түсінікті меңгеру
деңгейі (%)
Анықтау эксперименті барысында
оқушылардың экологиялық білімі үш деңгей бойынша
анықталды:
- жоғары деңгей-
экологиялық білімді оқу-тәрбие процесінде
қолдана білу ептілігімен; оқушылардың экологиялық
дайындығы арасындағы пәнаралық байланыстарды
көрсете білу және қолдана білу ептілігімен;
- орта деңгей- экологиялық білімді оқу-тәрбие
процесінде қолдана білу ептілігімен, пән аралық байланыстарды
көрсете білумен және
оқушыларды экологиялық дайындауда оларды қолдана білу
ептілігінің болмауымен; экологиялық білім мен тәрбие беруді
ұйымдастыру үшін әдістемелік тәсілдерді дұрыс
таңдай білумен, бірақ оларды сауатты қолданудың
жеткіліксіздігімен сипатталады.
- төменгі деңгей-
экологиялық білімді оқу-тәрбие процесінде экологиялық білімді қолдану
деңгейінің төмендігі, экологиялық білімін
пәнаралық байланысты қолдану деңгейінің
төмендігімен сипатталады.
2-кесте. Арнайы экологиялық
білім деңгейі
|
деңгейі топ |
жоғары |
орта |
төмен |
|||
|
адам |
% |
адам |
% |
адам |
% |
|
|
Бақылау тобы (26 оқушы) |
7 |
29,9 |
13 |
50 |
6 |
23,07 |
|
Эксперименттік топ (27 оқушы) |
9 |
33,3 |
13 |
48,14 |
5 |
18,5 |
Эксперимент барысында
алға қойылған мақсаттардың бірі болып
оқушылардың экологиялық білім деңгейін анықтау
көзделген. Арнайы экологиялық білім деңгейіне сараптау
жұмыстары жасалып, төмендегідей көрсеткіштер байқалды:
бақылау тобында 26 оқушыдан жоғары деңгейді 7
оқушы (29,9%), орташа деңгейді 13 оқушы (50%), төменгі
деңгейді 6 оқушы (23,07%) көрсетті. Эксперименттік топ
оқушыларына келетін болсақ зерттеу барысында келесі
көрсеткіштер айқындалды:
жоғары деңгейді 9 оқушы (33,3%), орташа деңгейді
13 оқушы (48,14%), төменгі деңгейді 5 оқушы (18,5%)
көрсетті (2-сурет).

2-сурет. Арнайы экологиялық білім деңгейі (%)
Қалыптастыру
эксперименті 9-сынып Биология пәнінде
«Ағзалар мен ортаның қарым-қатынасы» тарауын
оқыту кезінде жүргізілді. Онда жүйелік әдісті
қолдану арқылы экологиялық білімді
жетілдіру көзделді.
Зерттеу жұмысының
соңғы кезеңінде ұсынылған әдістемені
қолданудың тиімділігі тест тапсырмалары арқылы талданды.
Қалыптастыру экспериментінің нәтижесі бойынша
оқушылардың
экологиялық түсінікті меңгеру 3-кестеде
және 3- суретте келтірілген.
3-кесте. Арнайы экологиялық
түсінікті меңгеру деңгейі (қалыптастыру
эксперименті)
|
деңгейі топ |
жоғары |
орта |
төмен |
|||
|
адам |
% |
адам |
% |
адам |
% |
|
|
Бақылау тобы (26 оқушы) |
9 |
34,6 |
12 |
46,1 |
5 |
19,23 |
|
Эксперименттік топ (27 оқушы) |
11 |
40,74 |
13 |
48,1 |
3 |
11,1 |
Қалыптастыру экспериментінің нәтижесін
талдау барысында арнайы экологиялық түсінікті меңгеру
деңгейі бақылау тобында 9 оқушы (34,6%) жоғары
деңгейді, 12 оқушы (46,1%) орта деңгейді, 5 оқушы
(19,23%) төменгі деңгейді көрсетсе, эксперимент тобында 11
оқушы (40,74%) жоғары деңгейді, 13 оқушы (48,1%) орта деңгейді, 3
оқушы (11,1%) төменгі деңгейді көрсетті (3-сурет).

3-сурет. Арнайы экологиялық түсінікті меңгеру
деңгейі бойынша қалыптастыру экспериментінің нәтижесі
(%)
Сонымен қатар арнайы экологиялық білімді
игеру деңгейі де анықталды. Қолданылған жүйелік
әдістің оқушылардың экологиялық білімінің
жетілуі, дамуына оң әсерін тигізді (4-кесте).
4-кесте. Арнайы экологиялық
білім деңгейі
|
деңгейі топ |
жоғары |
орта |
төмен |
|||
|
адам |
% |
адам |
% |
адам |
% |
|
|
Бақылау тобы (26 оқушы) |
9 |
34,61 |
13 |
50 |
4 |
5,38 |
|
Эксперименттік топ (27 оқушы) |
13 |
48,1 |
13 |
48,1 |
1 |
3,7 |
Қалыптастыру экспериментінің нәтижесін талдау барысында
арнайы экологиялық білімді игеру деңгейі бақылау тобында 9
оқушы (34,61%) жоғары деңгейді, 13 оқушы (50%) орта деңгейді, 4 оқушы
(15,38 %) төменгі деңгейді көрсетсе, эксперимент тобында 13
оқушы (48,1%) жоғары деңгейді, 13 оқушы (48,1%) орта деңгейді, 1
оқушы (3,7%) төменгі деңгейді көрсетті (4-сурет).

4-сурет. Арнайы экологиялық білім деңгейі бойынша
қалыптастыру экспериментінің нәтижесі (%)
Жүргізілген зерттеу
жұмыстарының нәтижесінде оқушылардың
экологиялық білімін жетілдіруге
жүйелік әдісті қолданудың тиімділігі
анықталды.
Зерттеу
жұмысында қарастырылып отырған мәселе
толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Алдағы уақытта
оқушылардың экологиялық білімін арттыруда инновациялық
технологияларды қолдану әдістемесін жетілдіру қажет.
Резюме
В статье дано краткое описание биологических понятии при изучении курса
биологии 6-11 класса. Наряду с этим дается обоснование проведенного
эксперимента. Раскрыта роль применения системного метода при совершенствовании
экологических знаний учащихся. Научный эксперимент дал положительные результаты
ярким примером которого были результаты проведенного тестирования.
Summary
The article gives a brief description of the biological concept in the study
of biology course 6-11 class. Along with that the rationale of the experiment.
The role of a systematic method for improving the environmental knowledge of
students. Scientific experiment yielded positive results vivid example of which
were the results of the testing.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Ковжасарова М. Р.Технология
обучения на основе системного подхода с использованием блочного системного
структурированного представления изучаемого материала (методические рекомендации). Алматы. -2003. -27 с
2.
К.Ж.Жүнісова., Р.Сәтімбеков.,
К.Ә.Жаңабердиева., Қ.Ә.Жұмағұлова.
Бағдарламалар. Биология жалпы орта білім беретін мектептің 9-
сыныбына арналған. Алматы, 2004
3.
Ж.Шілдебаев., Ж.Қожантаева.,
Л.Аманжолова. Биология. Жалпы білім беретен мектептің 9- сыныбына арналған оқулық.
Алматы, «Мектеп»., 2009