“Педагогические  науки”

5.Современные методы преподавания.

Оқытушы Елекеев Д.

Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, Қазақстан

Сызу сабақтарында жобалау технологиясын қолдану

Бүгінгі таңда елімізде білім беру саласында жаңа технологияларды қолдану арқылы, оқушылардың білімінен бөлек, шығармашылық қабілетін арттырып, интеллектуальды дамуына жағдай тудыру мәселесі кеңінен қозғалып отыр. Болашақ маманның өз саласында жетістікке қол жеткізуі үшін оның жан-жақты біліммен қаруланып, өзгелерден оқшау тұратын қарым-қабілетін пайдалану арқылы жаңалық ашуға деген құлшынысын қамтамасыз ету тапсырмасы, оқытушылардың өз сабағын оқыту барысында теориялық және практикалық іс-әрекетке ерекше көңіл бөле отырып, шығармашылық қарым-қатынас орнату міндетін жүктеп отыр.

Осы орайда сызу сабағын оқытуда жаңа технологиялардың жемісін қолданып, білім беруде нәтижеге қол жеткізуде. Жалпы, сызу сабағы:

- Оқушылардың кескіндеу мәдениетін жасақтау;

- Оқушылардың кеңістікті қабылдауы мен елестетуін, логикалық және техникалық ойлауын, шығармашылық және танымдық мүмкіндіктерін белсенді дамытуға әрекет ету;

- Оқушылардың түрлі сызба-кескіндемелік құжаттамаларды оқу мен орындау дағдысын қамтамасыз ету;

- Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін жасақтау, ыждағаттылық, ұқыптылық, дербестік әрекеттерін дамытуға бағытталады.   

         Сызу сабағын оқыту орта, және арнаулы кәсіптік оқу орындарында базалық пән ретінде, оқушыда жалпы ұғым-түсінікті қалыптастырады. Сызудың қоғамның әр саласында алатын қызметі мен қажеттіліктерін оқытып, оны тәжірибеде қолдануға бағыттайды. Бүгінгі таңда сызу сабағындағы жобалау әдісін қолданып, білім беру мен тәрбиелеуде жетістіктерге жетуге болатынына көз жеткізіп отырмыз.

Жобалау технологиясы оқушының сабаққа ынтасын ояту, білімді базалық деңгейде меңгертуге бағытталған технологиялардың бірі. Базалық сызу сабағын жүргізуде жобалау іскерлігін қолданудың мақсаттары:

- Бағалау – өткен сабақ бойынша емес, өздігінен білімін кеңейтуге талпынғаны, оны тәжірибеде қолдана алғандығы үшін қойылады. Ұжымда жұмыс жасай білуге үйрету, болашақтағы білім алуға ынталандыру;

- Жобалау әдісі оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетін қызықты формада ұйымдастыруға мүмкіндік береді, оның құрылымы белгілі бір нәтижеге бағытталады;

- Оқушылардың жұмысы тартымды, көркем, танымдық негізде құрылады; жобалау іскерлігі оқушылардың әр түрлі деңгейдегі дайындық мәселесін шешеді; әр оқушы өзінің шама-шарқына, дағдысына, біліміне қарай еңбектенеді;

         Жоба әдісі оқушының өз бетінше, жеке, топпен, бір адаммен іс-әрекет жасауына бағытталған. Олар белгілі бір уақыт аралығында бірге жұмыстанады. Сызу сабағында жобалау іскерлігін жүзеге асыру барысында, төмендегідей қажеттіліктер туындайды:

-         Оқу-материалдық кешенін ұйымдастыру және дайындау;

-         Дидактикалық материалдарды өңдеу;

-         Шығармашылық жобаларын іріктеу;

-         Кескіндеу бойынша оқытуға дайындық;

-         Оқушының жоба орындау барысын бақылау;

-         Жекелеген оқушыларға көмек көрсету және шығармашылық әрекеттерге ынталандыру;

-         Белгілі бір жұмыс жағдайын (жақсы көңіл-күй) жасақтау; оқушылардың жеке және топтық жұмыстануы;

-         Педагогикалық диагностика.

Біздің колледжіміз әр түрлі сала мамандарын даярлайды. Соның ішінде газ және мұнай саласы, құрылыс саласындағы мамандықтар үшін аталмыш технологияны сабақ барысында пайдалану олардың болашақ жұмыстарына үлкен септігін тигізбек. Өйткені жобалау технологиясы барысында тапсырмалар әр мамандықтың ерекшелігіне сай құрастырылады. Бұл соның ішінде құрылыс саласы мамандықтары студенттерінің білімін жетілдіре түсуге үлкен ықпал етеді.

Осылайша, сызу сабағында жобалау технологиясын қолдану нәтижесінде келесідей қорытындылар жасауға болады:

-         Білім беру саласында оқушының жан-жақты, толық тұлға ретінде дамуына жол ашады; 

-         Бүгінгі таңда кең қолданысқа ие;

-         Оқушының психологиялық жағдайын бақылауға алу арқылы, оның даму деңгейіне әсер етеді;

-         Оның негізінде теориялық және тәжірибелік мәселелер қатар қамтылған, шындық болмыспен қатынасы жоғары;

-         Оқушы мен оқытушы қарым-қатынасын белсенді-танымдық іс-әрекеттерге негіздейді;

-         Техник-мамандардың болашақ жұмыстары үшін маңызы зор;

Қорыта айтқанда, жобалау әдістемесі инновациялық тиімді технология болып табылады, ол оқушының ішкі рухани уәжін, оқушының өз бетінше жұмыс жасау деңгейін, төзімділік қасиетін, интеллектуальдық дамуын  арттырады.  

Жобалау іс-әрекеті барысында оқушы өзіндік өзгеріске ұшырып, тұлғалық тұрғыдан өседі. Бірігіп жұмыс жасау оқушылардың өзара тәжірибе алмасуына септігін тигізеді.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.     Гервер В.А. Творчество на уроках черчения. М.: Владос, 1998.

2.     Ералин Қ., Матеева Т. Сызуды оқыту әдістемесі. (Бейнелеу өнері және сызу мамандығы студенттеріне арналған дәрісбаяндар мен практикалық тапсырмалар жинағы). Түркістан. Тұран. 2011.

3.     Ботвинников Л.Д. Сборник задач по черчению. М.: Просвещение, 1973.