ОӘЖ 372.53
Образды-ассоциотивті негізде
киім үлгілерін көркемдеп сәндеуде
музыканың алатын орны
п.ғ.к., аға оқытушы
Ахмет Л.С.
Қазіргі
оқыту технологияларының қарқынды даму кезеңінде
орта білім беретін оқу орындарының оқу үрдісінің
тиімділігін арттыру маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Жаңа ғаcырдың
алғашқы cатыcынан баcтап-ақ адам
балаcы теориялық және қолданбалы тапcырмаларды шешуде
өзіне ұнайтын жолды таңдау мүмкіндігіне қолы
жетті.
Қазақстан білімі бүгінгі таңда жоғары сынып
оқушыларына білім беру үрдісінің барлық
бағыттарында мазмұндық өзгерістерді басынан
өткеруде. Дүниетаным мен білім беруге байланысты білім беруді
реформалаудағы тұжырымдамалық көзқарас та
қайта бағаланды, ақпараттық білім беру
бағдарламалары ендіріліп, қайта жаңартылып, оқытудың шарттары, формалары мен
әдістері жетілдіріліді.
Қоғамның бүгінгі
cаяcи-әлеуметтік, экономикалық даму деңгейі адамның
барлық кәcіби іc-әрекеттері cалаcында жаңа ғылыми
технологияны пайдалануды талап етуде. Бұның бүгінгі
таңда техникалық құралдардың динамикалық
тұрғыда дамып келе жатқан cалаcының бірі – оқытудың
техникалық құралдарына тікелей қатыcы бар. Оқыту
процесін шығармашылық тұрғыда ұйымдастыру
оқушылардың
қызығушылығын арттырып, шығармашылық
қаблеттерін дамытатыны осыған дейін де айтылып келе жатқан.
Осыған орай біз зерттеп отырған материалда киім үлгілерін образды-ассоциотивті
негізде көркемдеп сәндеуде музыканың әсері мол
екендігіне көз жеткіздік [1].
Киім үлгілерінің коллекциясы айқын материал қолдануды немесе шығармашылық қайнардың негізінде
өңделеді. Кемпірқосақтың жеті
түсі – жеті нота. Композитор да
суретші сияқты ойлаған туындысын нақты және
жарығырақ суреттеу үшін, әр түрлі дыбыстарын
таңдайды, оларды араластырады
немесе біріктіреді. Музыка да бояудың түсіндей
адамның сезіміне және
қызу күй жағдайына әсер етеді.
Түс
- қуатты мәнерлі құрал.
Ол да музыка сияқты сезімге
айқын бағыттылық
бере алады.
Киім
үлгілерін
өңдеуде
көп мағына, түрлі-түсті шешім
болады: көркем
тәжірибе, жарық, синтез
және музыка. Алғаш рет ХХ
ғасырдың басында өткізілген музыкалық тәжірибеде А.Н.Октябринмен
симфониялық дастанға
«Прометей» партия жарығы енгізілген
болатын.
Бүгінде
түстімузыкалық күшті
әсерлері театрландырылған оқиғалардың
дайындалуында концерттерде, шоуларда
кеңінен қолданылады, заманға сай электрондық
есептеуіш машинаның лазерлік
тегеріштерден музыкалық
туындыны цифрлік жазуды
салыстырып оқып, түрлі-түсті өрнектер дисплей экранда сурет
салады [2].
Қазіргі заманға сай жазылған музыкалық туындыларды
санасақ, сонымен қоса
түрлі-түсті
өрнектер диспілей
экранда сурет салады. Біз
бүгін жаңа өнер
туындыларының компьютерлік түстімузыкалар арқылы туғаны туралы әңгімелейміз.
Түстер музыканың әсерін күшейтуші, адам сезіміне, эмоциясына
әсер етуші құрал
ретінде қолданылады.
Бұл жағдайда ол
музыкадан туындағандай болып қаралады.
Түстімузыканың
қысқаша мәнінің кестесі «музыка және түс» деп
айтуға болады. Ал
егер осы кестені
тағы бір құрастырушымен жалғастырсақ музыка
түсі костюм және А.Н.Октябиннің идеясының киім үлгілерінің
коллекцияларын және түрлі
түсті гаммаларын өңдеу барысында
пайдаламыз. Әрине, музыканы
қолдану шығармашылық қайнары сияқты,
бірақ түрлі-түсті гамманың құрылуы
айқын музыкалық туынды
негізінде ертерек жүзеге аспады.
Сол сияқты, қызықты түстімузыкалық ассоцацияны, әйелдердегі әр-түрлі темпераментпен, әлеуметтік жағдаймен
бейненің түрлі-түсті
тонымен, музыка мен
түстің жоғары бағалануымен т.с.с. байланыстыруға болады.
Музыка мен
түсті
қабылдауда қандай да
бір заңдылықтары және
байланыстары әйел киім
үлгілерінің
жаңа
өңдеулеріне одан ары
жолдар белгілеуіне
мүмкіндік береді.
Әдебиет шолуында
сұрақтардың
келесі топтары талдап
шығарылған болатын:
дыбыс ұғымы,
музыканың, түсті және
олардың мінездемесінің,
физиологиялық түстің
қызу-психологиялық
қабылдауы,
түрлі-түсті тондарды
жүйеге келтіру; хроматикалық және
ахроматтық
түстердің
үйлестірулері, жылы және
салқын
түстердің
ұғымы; түстің
және
түрдің;
адамның сыртқы және ішкі бейнесінің
түрлі-түсті костюмдерінің шешімдерінің
тәуелділігі түстімузыканың даму
негізгі кезеңдері [3].
Музыка
- суретшілердің, дизайнерлердің және
құрастырудағы
шабыттың қайнар көзі. Музыкалық
шығарманың эмоционалды
мазмұны коллекцияның толық
бейнесі ретінде анықтайды. Ал музыкалық
шығарманың
гармониялық
құрылымы
шапшаңдықпен, әуенмен, динамикасымен, ырғақтықпен, дауыс регисторымен және пайдаланатын аспаптардың тембры костюмның
композициялық
құрылымымен із қалдырады.
Музыканың эмоционалды қабылдануы суретшінің костюм бейнесі жобасын
құруға
жол ашуда, ал музыкалық грамоталары
жіңішке білімдерді пайдаланады
және нюанстық
заңдарға сай
компазициялық пішімдерін құрайды [4].
Мұнымен қатар, музыкалық
шығармашылықтың қайнар бұлағымен киім коллекциясын
құрастырудағы
келесі құбылыстарды анықтауға болады:
-
стильдік шешімде киім
үлгілерінің
құрамы стильдермен, жанрлармен,
әуендер мен ырғақтықтар шығарманың қайнар бұлағы
ретінде музыкалық туындылардың сапасы
таңдалынған;
-
костюмнің пішіні және силуэті, музыканың ырғағы
мен шапшаңдығы,
әніне даусының
әуезділігі мен дыбысты бояулармен байланысты;
-
музыкалық шығарма дыбысының мінез
құлқы, олардың шапшаңдығы мен
ырғақтығы салдарынан костюмнің мінез
құлқы, сызықтық бағыты статикалық
және динамикалық үлгілердің шығаруға
әсер ететінін байқауға болады;
-
матаның суреті мен
түр сипатының өзгеруі
әуенге,
шапшаңдыққа, музыка үндестігіне байланысты;
-
киім үлгісінің коллекциясы
түстік
гаммасының
құрамды үндестілігіне, динамикалық дамуымен,
үйлесімдік құрылымдармен,
музыкалық
қайнар
көзінің
үйлесімділігімен және әнші даусының әуезділігі байланысты.
Жоғарыда айтылған әр түрлі аспектілердің түгелдеп шығуының қатысуы және
мүмкіндігінше байланысуы коллекцияның жұмыстары дизайнерлер мен
суретші модельдердің конструктордың коллекциясы
негізгі ретінде мәнді
жағдайларын
кеңейтуде [5].
Тіпті
осы құбылыстар ішіндегі
біреуі коллекциялардың аспектілер
негізінде қатысты болуы
мүмкін.
Әннің
костюмге деген ықпалын «айтшы маған
сен қандай әнді
тыңдайсың,
сонда мен сені
қандай киімді қалайтыныңды айтамын» деген нақылды баса айтуда жасауын байқауға болады. Яғни музыкамен адамның қандай киімді қалайтындарын жорамалдауға болады. Бұл тәуелділік киімнің дара тапсырысын
дайындауда қолдануы мүмкін.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1.
Қазақстан Республикасындағы білім туралы заңнама.
Заң актілерінің жиынтығы. – Алматы: ЮРИСТ, 2008. -188 б.
2.
Малькова
Т.П. Информатизация: тенденции
изменения психологии, сознания, культуры. М., 1993.
3.
Латыпов Р. Интернет: К
новому типу образования? // Высшее образование в России, 1997.- №3 - с.95-102.
4.
Жолдасбекова С.А. Костюм композициясы. Оқулық - Шымкент, М.Әуезов
атындағы ОҚМУ, 2007.
– 255 бет.
5.
Бланк А.Ф., Фомина З.М.
Практическая книга по моделированию женской
одежды.-М.:Легпромбытиздат.-1992.-256 с.