Филологические науки /Теоретические и
методологические проблемы исследования языка
А. Абилдаева
Л.Н.
Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Ұя
мүшелері ондағы сөзжасамдық тізбектің орны.
Тарам ұяның
басқа бірліктерін ұйымдастыруда да үлкен қызмет
атқарады: атап айтқанда, тарам сөзжасамдық ұяның ірі бірліктерінің бірі –тізбек жасауда.
Көп ғалымдар ұя тізбектерден құралады деген
пікірді қайталайды. С.А.Тихонов «О структуре глагольных
словообразоавтельных цепей» деген мақаласында «Словообразоавтельное
гнездо выступает как совокупность словообразоавтельных цепочка. Тарам мен
тізбектің байланысын, тарамның тізбекке қатысын нақты,
дәлелді ашу, анықтау үшін алдымен тізбектің өзін анықтап
алайық.
Тізбек
– орыс тіл білімінде көп зерттелген
мәселе, әсіресе, сөзжасамдық тізбекті зерттеу
1980 жылдардан бастап кең өріс алды. Бұл мәселені
зерттеуді бастаған Н.А.Тихонов еңбектерінен бастап, тізбек
мәселесін зерттеген ғалымдар саны үнемі өсіп отырды. Ол
ғалымдардың біразын атауға болады: С.А. Тихонов, А.А.
Лукашенец, Г.А. Бочкарева, В.Н.Виноградова, Б.Б.Таджибаев, Б.Хамраев,
А.И.Моисеев, И.С.Улуханов т.б. ғалымдар.
Осы
есімдердің өзі-ақ
орыс тіл білімінде мәселенің көп зерттелгенін
білдіреді. Қазақ тіл білімінде тізбек мәселесін әдейі
зерттеген бір ғана ғалымды атай аламыз, ол – Б.Р.Есімсейтов, 2002
жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбек»
деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. Осы
зерттеуі бойынша бірнеше мақалалар жариялады. Ол тізбекке арналған
жалғыз зерттеу жұмысы болғандықтан,
ғалымның мақалаларын атауды дұрыс деп санадық,
олар:
1)
Ақ етістігінен жасалған ұядағы
сөзжасамдық тізбектердің құрылымы.
2)
Сөзжасамдық тізбектің зерттелуі.
3)
Сөзжасамдық мүшелерінің негіз сөз
мағынасымен байланысы.
4)
Сөзжасамдық тізбектің құрылымы.
5)
Сөзжасамдық тізбек - сөзжасамдық ұяның
күрделі құрылымдық бірлігі.
6)
Сөзжасамдық тізбектің мағыналық
құрылымы туралы түсінік.
Б.Р.Есімсейтовтің осы мәселені
зерттеулерінің нәтижесінде кандидаттық диссертация
қорғағанын, монография жариялағанын жоғарыда
айтқанбыз.
Сөзжасамдық
тізбекті жеке зерттемесе де, ұя мәселесін зерттеумен байланысты К.Құрманәлиев
те зерттеп, ол 1999 жылы «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық
тізбектер» деген кітапша шығарды.
Осы
зерттеулердің бәріне жол ашқан, бағыт берген, ой
салған 1989 жылғы «Қазіргі қазақ тілінің
сөзжасам жүйесі» деген монографиядағы сөзжасамдық
тізбек мәселесіне берілген түсінік, анықтама. Бұл
сөзжасамдық тізбектің алғаш ғылыми
айналымға түсуі еді, монографияда ол мәселені Н.Оралбаева
жазған болатын.
Қазір
сөзжасамдық тізбек сөзжасам оқулығына кірді.
«Қазақ грамматикасынан» орын алды, ол – ғылымда әбден
танылған мәселе.
Осы
ғылыми еңбектерге сүйеніп, орыс тіл білімі
ғалымдарының табыстарын ескеріп, тізбектердің негізгі
қасиеттерін белгілеп, оны нақтылы тілдік деректер арқылы тиянақтап,
онымен тарамның байланысын анықтау мақсат етілді.
Сөзжасамдық
тізбекті сипаттау алдымен оған анықтама беруден басталады.
Бұл ретте А.Н. Тихоновты аттап өту мүмкін емес, ол
сөзжасамдық тізбекке мынадай анықтама берген: «более крупной
единицей словообразовательного гнезда на горизонтальной оси является
словообразовательная цепь. Словообразовательная цепь-это ряд однокоренных слов,
связанных между собой отношениями последовательной производности».
Осы
анықтама көптеген ғалымдар еңбектерінде азды-көпті
толықтырулармен қайталанып отырғаны байқалды. Оны Е.А.Земская, И.А.Цыба, В.Т. Головин, О.И.Дащенко, А.Д.Зверев, В.Н.Немченко, т.б. ғалымдар
еңбегінен көруге болады.
Қазақ тіл білімінде
тізбекке алғашқы берілген анықтама мынадай: «бір
түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз
болатын негізді сөздердің тобы сөзжасамдық тізбек
болады».
Осы
анықтамаларда тізбектің күрделі бірлік екені, бір
түбірден жасалатыны, бір-бірінен тікелей туындайтын сөздер екені,
түбірлес сөздер екені, тізбектің ұяның
көлденең қатарынан орын алатыны, тізбек
мүшелерінің біріне-бірі негіз уәждеме болатын туынды
сөздер екеніне назар аударылған. Ғалымдар тізбектің осы
белгілерін негізгі санап, оны анықтамаға қосқан. Осы
белгілерді нақтылы сөзжасамдық ұялар арқылы
дәлелдеп көрейік, сонда ғылыми пікірлерді тілдік деректер
растаса, ол қағидалардың шындығы,
ақиқаттығы расталады. Ол үшін түт етістігінен
жасалған шағын ұяны мысалға алайық.
22-кесте –Түт
етістігінен жасалған ұя
|
сатылар |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
|
түткіз түткіш түткіле
түтпекте
түтіл
түттір
түту
|
түткіздір
түткізгіш түткіште түткілеу
түтпектеу түтпектет түтілу түттіру түтісу
түтусіз түтуші |
түткізілу түткіздірт
түткіштет түтпектету |
түткіздіру түткіштеу |
|
8 |
13 |
5 |
2-28 |
Осы ұяда 14 тізбек бар, олар:
1)
түт – түткіз – түткізіл – түткізілу;
2)
түт – түткіз – түткіздір – түткіздірт–түткіздірту;
3)
түт – түткіз – түткізгіш;
4)
түт – түткіш – түткіште – түткіште;
5)
түт – түткіш – түткіште –түткіштет–түткіштету;
6)
түт – түткіле – түткілеу;
7)
түт – түтпекте – түтпектету;
8)
түт – түтпек – түтпектет –түтпектету;
9)
түт – түтіл –түтілу;
10)
түт – түттір – түттіру;
11)
түт – түтіс – түтісу;
12)
түт –түту – түтулі;
13)
түт –түту –түтусіз;
14)
түт –түту –түтуші;
Осы 14 тізбектің бәрі
түт етістігінен басталған, ол осы тізбектегі 1-сатыдағы
туынды сөздердің уәждемесі, сондықтан түт
етістігі одан жасалған туынды сөздердің бәрінің
алдында тұр, сонда әр тізбек 1-уәждемеден басталған.
Мұндағы ең үлкен тізбек бес сөзден
құралған, онда түп негіз сөзден басқа 4
туынды сөз бар, олар ұядағы 4 сатыда жасалған.
Бұдан тізбектің әр туындысы бір сатыда жасалғаны
көрінеді, яғни тізбектің мүшелері бір сатыда біреуден
ғана жасалады. Ұяда 5 мүшелі 2 тізбек қана бар, олар
екінші және бесінші тізбектер.
Ұяда 4 мүшелі 3
тізбек бар, олар бірінші, төртінші және сегізінші тізбектер.
Ұяда 3 мүшелі 9 тізбек бар, олар үшінші, алтыншы, жетінші,
тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші, он үшінші, он
төртінші тізбектер. Ұядағы
тізбек саны да, тізбектердің мүше саны да тек осы ұяға
байланысты көрсетілді деп түсіну керек. Сондықтан
оларға да мысал беру керек. 8 мүшелі тізбек сирек кездеседі,
бірақ ол тілде бар, оны
К.Құрманәлиев те, Б.Р. Есімсейтов те жазған.
Біздің зерттеулерімізде де ол бар, оған тіз етістігінен
жасалған ұядан бір мысал келтірейік. Ол мына тізбек: тіз –тізбе
–тізбек –тізбекте –тізбектен –тізбектендір –тізбектендірт –тізбектендірту.
7 мүшелі тізбек 8 мүшелі тізбектен
гөрі жиірек кездеседі, оған да бір мысал берейік, оны жар
етістігінен жасалған ұядан алайық, ол мынадай: жар –жара
–жарақат –жарақатта –жарақаттан –жарақаттану
–жарақаттанушы.
6 мүшелі тізбек аталғандардың
бәрінен де жиірек деуге болады, оған да тұт етістігінен
жасалған ұядан бір мысал алайық: тұт
–тұтқыр –тұтқырлан –тұтқырландыр
–тұтқырландырт –тұтқырландырту. Анығын
айтқанда бұлар жиі кездесетін тізбектер емес.
Сирек кездесетін тізбектерге екі мүшелі
тізбектер де жатады. Оған ой етістігінен жасалған ұядан бір
тізбек берейік: ой –ойпыл, осы тізбектегі ойпыл сөзі ойпыл-тойпыл деген
қос сөзде қолданылады.
Бұл арада ұялардағы
тізбектердің мүшелерінің саны жағынан талдау жасалды.
Ол талдау тізбектің көп мүшелі күрделі тілдік
құбылыс екенін дәлелдеді. Бір тізбектің бірнеше
мүшеден құралуы оның күрделі тілдік бірлік
аталуына негіз болғанын жоғарыда келтірілген талдау анық
көрсетті. Тізбектің екі мүшелі түрінің өте
сирек кездесуі оны дәлелдей түседі. Ұяда екі мүшелі
тізбектің 2-3 ұяда ғана кездесуі, 4,5,6 мүшелі
тізбектердің жиі қолданылуы тізбекті күрделі тілдік бірлік
санауға толық дәлел. Демек, біздің нақтылы
деректерімізде тізбек күрделі тілдік бірлік деген пікірді толық
дәлелдеді.