Қазақ
тілін оқытуда ән мен өлеңнің әсері
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік
университетінің практикалық лингвистика кафедрасының
аға оқытушысы.
Қазақ тілі – Қазақстан
Республикасының мемлекетік тілі болып табылады. Бұл
мәртебенің заңдық негізі Ата заңда
мөрленген 7-бапта қарастырылады. Біздің мақсатымыз мемлекеттік
тілдің қазіргі қоғамдағы орнын анықтау, қоғамдық
орындар мен салалық қызмет көрсету орындарындағы
мемлекеттік тілдің үлес салмағын саралау. Ән
құдіретін ашу және ана тілімізбен ән арқылы
жеткізіп үйрету.
Қазақ
тілі - қазақ мемлекетінің тілі. Тіл - айтулы қазынамыз,
тіл - айрықша құралымыз, қарым-қатынасымыз бен
түсіністігіміздің кепілі дегенімізбен, осы тілді қолданудағы
бірізділіктің сақталмауынан да кейбір ағаттықтардың
туылып қалуы даусыз.
Мемлекетіміздің мәртебесін
биіктетіп тұрған - туған тіліміз. Онсыз мемлекет - мемлекет
болмайды, халық - халық болып қалыптаса алмайды. Түркі
тілдерінің ішіндегі ең бай әрі таза тіл - қазақ
тілі. Біздің тілімізде кәусар бұлақтың үні
де, шапшаң шаруалардың сыры да бар.Еліміздің әуендете
тарқатқан ғұмыр деректерге толы әсем
әндерінде қазақтың танымынан сыр шертетін, бүкіл
өмірлік қағидаларын қалыпқа салатын тың
деректер бар. Осыған қарамастан, мемлекеттік тілді
оқып-үйрену - бүгінгі күннің өзекті
мәселесі болып отыр. Негізгі мақсат - тілді
үйренушілердің, яғни, достық пен туыстықта
жайлаған басқа ұлт өкілдерінің, басқа
ұлт балаларының ой-қабілетін біртіндеп
қазақыландыру, сөйлеуге үйрету, тіл мәдениетін
көтеру..
Қазіргі уақытта өзекті
мәселе - ересек қазақтарға қазақтың
ауызекі сөзін үйрету мәселесі. Тілді үйрету үдерісі сабақ болсын,
телеқойылым, оқу құралдары болсын, тек ауызекі
сөз үйренуге арналуы тиіс. Адамға сөздерді жаттатып,
ережелерді үйретіп, сосын сол жаттап алған сөздерден, сол
ережелер бойынша әңгімені құр деп, ешкімге ешқашан сөйлеуді үйрете алмаймыз. Адам, бала
кезінде естіген сөзін қайталап үйренеді емес пе? Сіз
Испанияға көшіп бардыңыз делік, балаңызды не
немереңізді балабақшаға бердіңіз. Ол ертеңінде-ақ
бір сөздерді айта бастап, бір аптада сөйлей бастайды, жарты жылдан
кейін испандық баладан кем сөйлемейтін болады. Бала сөздерді,
ережелерді жаттап қара тер болған жоқ - ол тек естіген сөздерін
қайталау арқылы сөйлеп үйренді. Біз де солай: тойға барғанда, жай
әңгімелескенде, адамдардан естігенімізді, теледидардан
көргенімізді - ұнаған, ойымызға сәйкес
сөздерді жадымызда сақтап, кейін оларды сондай келісімді ахуалдарда
айтамыз, колданамыз. Көп жағдайда біз ана тілімізде болсын, өзғе тілде
болсын әндерін күнделікті тындап, сөздері жадымызда жатталып,
содан кейін оған деген қызығушылық артып сол
сөздердің мағынасын түсінуге немесе аудармасын іздейміз.
Тал бесіктен жер бесікке дейін
әнмен, жырмен көмкерілген адам ғұмыры және
бұл тағдырдың қазақ баласына қатысы туралы
ұлы данышпан Абай: «Туғанда дүние есігін ашады
өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең…» деп
ән құдіретіне осылайша орынды баға берген емес пе?
Әнді жанындай сүйген, әнді әлдилей білген
халықтың бірі – қазақ елі десек, артық
айтқандығымыз емес шығар.
Музыка – адам жанының, оның ең сырлы
сезімдерінің, ұмтылысы мен арманының негізі. Ол адамның
ішкі дүниесінің терең негіздерін қозғайды. Музыка
– халық жанының, оның дерті мен қайғысының,
ұмтылысы мен шабытының көрінісі.Музыка мәдениетте
алғашқы орында тұрады. Әл-Фарабидің –
«қозғалыс музыкасы» мен өлеңдер қарапайым
халық өмірінде «көңіл жұбату», ал зәулім
сарайларда қоғамның элитасы үшін бал татыған
шекер болған. Музыка өнердің барлық белгілі формасынан
асып түсті, тіпті Әл-Фарабидың музыка жайындағы
шығармаларына «Музыка туралы үлкен кітап» Әл-Фарабидың
«Ырғақтардың жіктелуі туралы кітап»,
«Қосымшалардың ырғақтарға қосылуы туралы
кітап» жатады. Әл-Фараби музыканың, музыкалық өнер мен
Шығыс халықтар аспаптарының шынайы энциклопедиясын
жасаған.
Әл-Фараби жазғандай ол
ежелгі ойшылдардың музыка жайындағы еңбектерін
мұқият оқып шыққан және зерттеген. Ежелгі
авторлар музыканы зерттеуге көптеген шығармаларын арнағаны
белгілі болған. Музыка адам жанын жоғарыға ұмтылдырып,
ең кемел әрі шынайы болмысқа ақыл жүгіртуге алып
келеді. Музыка адам жанын қалыптастыру мағанасында түсінгені
сияқты адамды тәрбиелеуге үлес қосады.
Аристотельдің музыка жайында айтып, жалпы
тұрғыдан сөйлеген сөзін былай қорытындыласа
болады: бірінші, Аристотель ғылымдарды өзінше теориялық
және практикалық деп бөлген және музыканы
теориялық өнер мен практикалық ісәрекет ретінде
зерттейді; екіншіден, ол музыканы болмыс ұстанымдарын ашатын
пәндерге қатысты ғылым сияқты талдайды. Өйткені
ол мәдени, білімді және жоғарғы әдепті адамды
тәрбиелеудегі музыканың мазмұны мен рөлін зерттейді,
үшіншіден, Аристотель музыкалық қабылдаудың ерекшелігін
талдайды. Сондықтан ол адамды тәрбиелеу жүйесіне
қосылған пәнге айналған. Музыка ізгілікке алып барады,
ол адам жанының адамгершілік жағынан әсер етеді. Адам
өмірін саналы еткен, оның жан құштарлығын ретке
келтірген философия сияқты музыка да жетістікке еліктіретін сенімділікпен
жетеді деп санайды Аристотель.
Абайдың:
«Құлақтан кіріп, бойды алар
Әсем
ән мен тәтті күй.
Көңілге
түрлі ой салар,
Әнді
сүйсең, менше сүй»,-дегеніндей кейбір әуендер мен
әуездер ешбір сөз айтылмаса да адамның ішкі дүниесіне
ағыла құйылып, өзінше бір әлемге жетелеп
терең ойға шомдырады. Мысалы, қазақтың кейбір
күйлері орындалған уақытта көз алдыңа кең
байтақ жер мен ондағы әсемдіктер елес береді.
Көктемдегі көңіл-күйді білдіретін, жауған
жаңбырдың тамшыларын елестететін, көңіліңді дем
алдырып, керемет ойға жетелейтін жұмсақ та нәзік
әуендердің бар екені баршаға белгілі. Отанды, бірлікті,
ерлікті уағыздайтын, ата-ананың қасиетіне байланысты, адам
баласын адамгершілік пен имандылыққа баулитын музыка мен
әндерді тыңдау әрі айту үлкен тәрбие ғой.
« Біздің қазақ
әнқұмар халық… Біреу қолына домбыра ұстап
ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиналып, сегіздегі
бала, сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтшы-айтшылап жанын
жағасына келтіреді. Бара-бара не болса да сол әндегі рух
сүйегіне сіңеді, құлағында қалады »
Сұлтанмахмұт Торайғыров
« Әннің қазақ
өмірінде алатын зор маңызды басқа халықтан кездестіру
екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға
ән көмегімен оқытады»
Э. Вульфсон
« Музыка — жүрек тілі, ол —
сезімдер мен көңіл-күй әлемі. Ол дыбыстар арқылы
бейнеленген жан сарайы. Егер сен музыканы түсініп сүйгің
келсе — оны ыждағаттықпен тыңдай біл! Кейін сен оны міндетті
түрде ұнататын боласың, бірте-бірте өзің белгісіз
мезетте қалай үйренгеніңді де сезбей қаласың,
жақсыны жаманнан айыра алатын боласың. Осылай етсең сенде
тамаша талғам пайда болады» Дмитрий
Дмитриевич Шостакович.
А. Байтұрсынов университетінің
Гуманитарлы - әлеуметтік
факультеті, Заң факультеті, Ақпараттық – технологиялық
факультет жәнеде «Ахмет ұрпақтары» дебат клубының орыс тілі бөлімі студенттерінен сауалнама
жүргізілді. Жалпы студенттер сан: 93. Қазақ әндерін
тыңдайтындар – 47, орыс әндерін тыңдайтындар – 25, шетел
әндерін тыңдайтындар 21.
Жұмысымды қорытындылай келе айтарым, Қазақстанда
тұратын әрбір азаматтың мемлекеттік тілі – қазақ
тілін қадірлей, қастерлей білуі қажет. Тіл мәселесі –
көкейтесті мәселе. Бұрынғы бабаларымыз аңсап
өткен тәуелсіздікпен бірге тіліміз,дініміз оралды дейміз.Десек те, әлі
де шешімін таппай келе жатқан мәселелер баршылық.Тіл
мәселесі төңірегінде жоғарыда көптеген мысалдар
келтіріп дәлелденді. Мемлекеттiк тiл -
мемлекеттiң бүкiл аумағында қоғамдық
қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттiк
басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс
қағаздарын жүргiзу тiлi. Қазақстан халқын
топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттiк тiлдi
меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбiр
азаматының парызы және біз сол парызды орындап, тілдік
мәртебесін одан әрі көркейтуге міндеттіміз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11
шiлдедегі № 151-I Қазақстан Республикасының Заңы.
2. Кәкішев Т. Қазақ әдебиеті сынының тарихы
(оқу құралы). Алматы: Санат, 1994. – 448 бет
3. Дулатұлы М. Қазақ тілінің мұңы.
Терминология мәселелері. 1-кітап. Құраст.:
Ш.Құрманбайұлы, О.Жұбаева. Астана, «1С-Сервис» ЖШС,
2006. – 288 бет
4. Егемен Қазақстан. №21(24977) 9.08.2010ж
5. Ана тілі. 18-31 наурыз 2010 жылғы №11-12
6. Қазақ тілі мен әдебиет. №31 12.01.2011ж.