Көптілді жеке тұлға тіліндегі лингвомәдени аспектілер

 

Мәдениет ұғымы ел өмірінде орасан зор орын алады.

Кейінгі жылдардағы  ЖОО мамандарды кәсіби даярлаудың тәжірибесі – оқыту жүйесін ұйымдастыру бағыттарын, міндетті түрде, өзгеруін  көрсетіп отыр. Қазіргі жағдайда бірінші кезеңде «адам мәдениеті», яғни білімнің тәрбиелеуге бағытталған мәдени жасампаздылық қызметі тұр.

Жеке тұлғаның жалпы мәдениеттілік құзыреттілігін дамытуда интеграциялық–мәдени бағыттың жеке іс-әрекеттік, мәдениеттілік, аксиологиялық және жүйелілік интеграциялар  бірегейлі болуы шарт.

Әлеуметтік-педагогикалық деңгейлерде құзыреттіліктің қалыптасуын өзін маңызды тұлға сапасында жасау, әрі адам болып қалыптасуымен байланысты үдеріс және қызмет ретінде зерттейді.

Мәдениетті педагогикалық қызмет тұрғысынан қарастыруда, біз бұл құбылыстың социологияның назарындағы жай – күйін  ескереміз: мәдениетті алуға жіне беруге болады; оның әлеуметтік мирасы бар; оны оқып, үйренеді, себебі ол адамның генетикалық табиғатымен берілмейді. Мәдениет біріншіден өнім, екіншіден, адамның генетикалық табиғатымен берілмейді. Мәдениет біріншіден өнім, екіншіден, адамның әлеуметтік тұрғыдан өзара  әрекет жасайтын жоғары қабілеттік жүйесі. Біздің зерттеуіміздегі берік ұстанатын нәрсе ол мәдениетті бойында тұрақтандырған екі субъектінің бар екендігінде, олар: қоғам және адам, сондықтан да тұлға мәдениеті мен қоғам мәдениеті туралы айту заңды құбылыс. Әрине олар бір – бірінсіз өмір сүрмейді, Адам қоғамсыз, ол қоғам адамсыз өмір сүрмейді. Педагогикалық көзқарас тұрғысынан өзара байланыс бізді оқу – тәрбие үдерісі негізінде қызықтырады.

Жалпы қарым-қатынас мәдениетті қалыптастырудың мәдени – әлеуметтік шарттары мәдениет мүмкіндігімен байланысты, өйткені мәдениетте адамның шығармашылық қуаты мен қабілеті бар, қоғам дамуының жан-жақты қамтылған сипаты мен қызмет түрлерін меңгереді; мәдениетте адамның өмірі мен әлемді игеру тәжірибесін қабылдау, ойлау, күйзелу және әрекет жасау түрінде қуаттандырылады; сонымен бірге білім, құндылық, қағида, мақсат және мазмұн  түрінде оның тәжірибедегі іс-әрекеттері мен рухани тәжірибесін қайта жасайды,ал білім – оның тірі «жол басшысы» әрі байланыс жасайтын құралы 1-8.

Жалпы тұрмыста көп жағдайда адамдардың бір-бірімен қатынасында мына аспектілер қолданылады.

Амандасу, танысу, қоштасу

Енді осы жерде көптілді жеке тұлғаның тілінде қолданылатын лингвомәдени аспектілерге тоқталсақ. Яғни, зерттеу орны ретінде А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, «Медеу» қонақ үйі алынды.

Қазақ тілінде көбіне амандасу аспектілері белсенді орын алады.

Сәлеметсіз бе! Аман-есенсің бе! Қалыңыз қалай? Жақсы! Сау болыңыз!

деген сөз тіркестері. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Қайырлы кеш! Тамаша! Керемет! Өте жақсы! Ас дәмді болсын! деген мүлдем қолданылмайды деуге болады, қалыс қалған секілді, көбіне бұл сөздер орыс тілінде қолданылады. Доброе утро, Добрый день, Добрый вечер, Как дела? Прекрасно, отлично.

         Ағылшын тілінде Good morning! Good afternoon! Good evening! You are welcome! деген сөз тіркестері жиі қолданады.

         Мәдени-әлеуметтік шарттарға этномәдениеттің шарттары жақын жанасады. Қалыптасып отырған жаға жағдай мәдениеттің бұрын болмаған кескінін жасайды. Этномәдениеттің себепшісін жеткілікті бағаламау көптеген зерттеушілердің пікірінше қақтығыстар, тоқыраушылық пен түсінбеушілікке алып келеді және өзінің мәдениетін ғана үздік деп қабылдауға мүмкіндік жасайды. Мұндай түсініктерді этнологтар социо- немесе этноцентризм деген терминдермен нақтылайды және оны мәдениет аралық байланыстарға  кедергі жасайтын себепкер деп қарастырады. Басқа мәдениеттегі түсініксіз жағдайларды ұғынуды үйрену үшін, өзінің жалпы мәдени құзіреттілігіндегі басқа бір себепші ықпалдар арқылы оған деген көзқарасты қалыптастыру, оған қарай «көру бағытын» өзгертуге талпыну қажет. Сонда ғана бөгде мәдениетті түсінуге, тануға, сезінуге және оның құндылықтарын қабылдау мүмкін (әрине, оған өз мәдениетіндей қабылдауы шарт).

Жоғарыда аталған қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі лингвомәдени аспектілер жалпы күнделікті тұрмыста қолданылып отырса да, тіл мен мәдениеттің бірлігіне дәлелді айғақтар екеніне даусыз.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Қайдар Ә. Қ 12 Қазақ тілінің өзекті мәселелері – Алматы: Ана тілі, 1998ж-304бет, 1, 8

2.     Афанасьева «Форм культуры будущего специалиста»

3.     Құдиярова А «Қарым-қатынас психологиясы»

4.     Құнанбаева С., «Современная теория и методика иноязычного образования» Алматы, 2010