А.Байтұрсынов атындағы ҚМУ. Тіл және  әдебиет теориясы кафедрасының доценті ,ф.ғ.к. А.Қайыпбаева

Филология факультетінің магистранты Е. Досанова

Туыс емес тілдердегі заттық мәдени бірліктер

( ағылшын тілі ,орыс тілі, қазақ тілдері материалдары негізінде  салыстырылып алынды    )

 

Тіл – халықтың мәдениеті, салт-дәстүрі, қадір тұтатын заттары мен құндылықтар дүниесінің, қоршаған ортаның т.б. өмір сүру үлгілерінен хабардар ететін құрал.    Мәдениет – адамның тілде көрініс табатын бүкіл рухани өмірі, тәжірибесі. Тіл – мәдениеттің көзі, ұлт өмірінің айнасы. Тіл мәдениеттен тыс өмір сүрмейді, себебі ол мәдениеттің бір көрінісі. Ал, кез келген мәдениеттің түрлері, атаулары тіл арқылы бейнеленіп, тілдің кумулятивтік қызметі арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіледі.

«Киім» тақырыптық тобын лингвомәдениеттану  жағынан қарастыру  ең өнiмдi болып табылады, өйткені  тұрмыстық бірліктердің семантикасына жататын  киімдердің атауы оның халықтың күнделікті өмірмен байланысының күшіне қарай   мәдени құрамдас бірліктері  анық айқындалған .

1. Уәждемелік образдылық  орыс, қазақ  және ағылшын  тілдерінде әр түрлі деңгейде көрсетіледі. Лингвокультуремалардың        атауларының негізіне алынған белгілердің  ұлттық – ерекшеліктері бар.  

2. Осы тілдердің  атауыштық моделдерінің әр түрлілігіне  қарамастан  жасалу жолдарында лингвокультеремалардың негізінде метафоралық және метонимиялық мағыналар жатыр.

Орыс тіліне қарағанда ағылшын тіліне  зерттелетін лингвокультуремаларға  кейіптеу тән, бұл ағылшындардың менталитетіне байланысты кез келген нәрсені нақтылау қасиеті байқалады.

Ағылшын тілі мен орыс тілінің  киім атауларын екі топқа бөліп қарауға болады: 1) алғашқы номинацияның атауы; 2) екiншi номинацияның атауы.

Алғашқы номинацияның атауын беру үрдісі сирек кездесетін құбылыс. Көп жағдайда жаңа атау қолданыстағы бар тілдің негізінде екі немесе оданда көп қоршаған болмыстағы объектілердің арасындағы ассоциациялық байланыс орнатуға негізделетін екiншi номинацияның атауын беру процесінде  беріледі.  Жаңадан жасалған сөздің ішкі пішіні  лексикалық мағынасымен байланысты болып келеді. Мысалы: ағылшын тіліндегі sleeper ( «to sleep» – ұйықтау) – баланың пижамасы  немесе орыс тілінде  фонарик (от «фонарь ») – қол шамға ұқсайтын женнің түрі . Жаңа атауды жасау ағылшын тілі мен  орыс тілінде 2 тәсілмен жүзеге асады: грамматикалық (аффиксация) және семантикалық (мағына ауыспалылығы). Бұл тілдерде киім атаулары екiншi номинация  арқылы аталатыны  ұқсас белгілерінің бірі. Бұл тілдердегі лингвокультуремалардың жасалу жолдарын үшке бөлуге болады:

1.     Етістікпен уәжделетін лингвокультуремалар.

2.     Сын есімдермен уәжделетін лингвокультуремалар.

3.     Зат есіммен уәжделетін лингвокультуремалар.

Орыс тілінде етістікпен уәжделетін лингвокультуремалар  процесті белгілейді: (купатьсякупальник), (накидывать – накидка),

Зат есіммен уәжделетін лингвокультуремалар адамға , затқа байланысты болып келеді:   (рука рукавица, ветер – ветровка, ухо – ушанка).

Қазақ тілінде : қол- қолғап, бел-белбеу, бел -белдемше. Тізеқап – суықта, аязды күндері киетін ауы, ышқыры жоқ екі балақ.

Ағылшын  тілінде етістікпен уәжделген  лингвомәдени бірлік  бір іс әрекетті орындауға арналған ((suspend (көтермелеу) – suspenders (тартпа)), (sweat (терлеу) sweater (свитер) (спорттық тоқыма жылы киім). Қазақ тілінде :   бөрік сөзі –бүр-бүркеу етістігімен байланысты.

Сын есіммен уәжделген  лингвомәдени бірлік  сипаттау мағынасын білдіреді (tight (қатты керілген;) – tights (колготки)). шұлықдамбал. Киім атауларына байланысты сын есіммен уәжделетін сөздердің ұлттық мәні ерекше ,Мысалы: бүрмелі көйлек, қатырғы тақия, сырма байпақ. 

Ағылшын тілінде күрделі лингвокультуремалар  жиі кездеседі: (great (үлкен)+coat (пальто) – greatcoat (шинель)), (windbreaker (ветровка) – wind (жел) + break ұзу), bodyshaper (грация) – body (дене) + shape (пішінге келтіру), chinwiper (слюнявчик) – chin (иек) + wipe үрту). Қазақ тілінде күрделі лингвокультуремалар  жасалу технологиясына немесе түсіне байланысты  уәжділік жиі   кездеседі : кестелі орамал, оқалы бөрік, әдепті ішік, сырма қалпақ, қара тон, көксауыр етік, баскиім,аяқкиім,құлынжарғақ.

Ағылшын тілінде еркін тіркесетін атаулар да кездеседі, мысалы: лингвокультурема  button-through dress (түймелі көйлек) –көйлек бойы үймелер деп аударылады. Орыс тілінде  бұндай тәсіл  кездеспейді.

1. «Пішін »  атау принципі

mushroom (от «mushroom» – гриб) – әйелдердің  сабаннан жасалған  жиектері салбыраңқы  қалпағы

косынка (от «косой») – әйелдің үшбұрышты  бас немесе мойнға тағатын орамалы.

сәукеле - өте биік бас киім, қыз мәртебесін  асқақтатып, көп әшекейлі, қымбат бағалы қалыңдық киімі.

 «Әлеуметтік ,үлттық, кәсіби  атау принципі

3.           cardinal (от «cardinal» – кардинал) – формасы жағынан кардиналдың сутан елестететін пальто

фуражка (от «фуражир») –мандайлығы бар бас киім (әуел бастан ,  фуражирдің бас киімі ).

 жеңде Бақсылар мен серілердің сыртынан киетін, түрлі-түсті кездемеден құрап тігілген киімі.

3. «Орын » атау принципі

opera hat (от «opera» – опера) – цилиндр;

сланцы (от названия города Сланцы, в котором располагался завод «Полимер», производящий данный вид обуви) – разговорное название резиновых шлёпанцев. Бұл тәсіл қазақ тілінде де көрініс тапқан ,Мысалы: қазақ халқының ұлттық киімдерінде тұрғындардың геогр., ру-тайпалық ерекшеліктері де көрінеді және ол көбіне бас киім мен шапаннан байқалады. Мысалы, 8 сай уақ тымақ, 3 құлақты керей тымақ; қаракесек, адай бөрік, арғын тымақ, қыпшақ тымақ, сырмалаған 6 сай найман тымақ, 4 сай жатаған тобықты тымағы болған. Аймақ ерекшелігіне қарай Жетісу, Арқа, қоңырат үлгісіндегі тымақтар деген атауларға бөлінеді. 

4. «қасиеті» атау принципі

soaker (от «soak» – жұту,сіңіру) – балалардың су тимейтін дамбалы;

разлетайка (от «разлетаться») – төменге қарай жалпылдайтын еркін пішілген  киім.

 

5. Принцип номинации «мақсат» атау принципі sleeper (от «to sleep» – спать) – балалардың  пижама-комбинезоны;

Қазақ тілінде ілімтон –құдалыққа барғанда китке кигізетін бастоннан кейінгі екінші жағалы киім.  . Қамзолша –жүріп-тұруға ыңғайлы етіп жасалған, етегі  тізеден жоғары келетін қысқа тон

6. «кию тәсілі » атау принципі

pullover (от «pull» – тащить + «over» – через) – пуловер;

передник (от «перед») –көйлектің алдың кірден қорғайтын киім 

7.  «қолданылған материал» атау принципі

bearskin (от «bearskin» – аю терісі ) – ағылшын гвардейецтерінің тері

ватник (от «вата») – тігілген мақталы күрте немесе безрукавка

Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ең әдемі де кәделі,қымбат бағалы,жылы тонның бірі –қамқа тон.  Келесі мысал:

Мықшима аяғымда былғары етік,

Киіз байпақ тондырмас ызғар өтіп  (Абай )

 

 

Киізден жасалатын киімдер 1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима. Теріден жасалатын киімдер .Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім. 
8. «адам дене мүшелері атаулары атау принципі

leggings (от «leg» – нога) – гамаш, тобыққа дейін денеге жабысып тұратын колготка ;

тельник/тельняшка (от «тело») – матростардың көк- ақ жолақты  төменгі трикотажды жейде .

қолғап («қол»-рука) –қолды суықтан қорғайтын киім.

Қазақ халқының киім атауларын атаудағы ерекшелігі, әдет ғұрып, салт-дәстүрді  ескеретіндігі. Қазақтың сәнді бас киімінің бірі –қарқара.Ерте кезде ырым етіп қыздардың бөркіне ,балалардың киіміне үкі тағатын .Қарқара –құстың аты. Бұл құсты бұрыңғы кезде қасиетті көріп, бас киімге қауырсынын тағатын болған. Қарқара қауырсыны кейініректе,әшекей ретінде қолоданыла келіп, бас киім атауына айналған. Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл-көзден аман болсын деп, оларға ырымдап кигізеді. 

Қазақ киімі құлазыған кең даланың үскірік аязы мен аптап ыстығының, салқын самалы мен аңызақ желінің әсерімен қалыптасқан бар өмірі көлік үстінде өткен Сарыарқа мен оған іргелес жатқан ұлан-ғайыр кеңістікте көшіп-қонған малшы қауымның, таңның атысынан күннің батысына дейін тізе бүкпей «жер шұқылап», мал ұстап күн кешкен Сыр бойындағы, Қазақстанның оңтүстігі мен Талас-Шу атырабындағы жартылай отырықшы және отырықшы елдің ғасырлар бойы реттеуге көне қоймаған тұйық шаруашылығы мен қарабайыр тіршілігі қалыптастырған заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі болғандықтан, өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп-тұруға ыңғайлылығымен ерекше. Қазақтың ұлттық киімдерін жас пен жыныс ерекшелігіне қарай: сәби, бала кездегі киімдер, жігіт, қыз , боз бала дәуірінің киімдері, орта жас, егде  кезеңдегі киімдері деген сияқты түрлерге жіктеуге болатындай. Осыған орай қазақ тіліндегі  киім  атаулары     «әлеуметтік статусты » білдіреді деп айтуға болады.

Қорыта келе әр тіл ұлттық менталитеттін өмір сүру салтының, ұлттық тарихының  бөлігі болып табылады . Ағылшын тілінде атау беру топтарының көпшілігі  киімдердің қасиеттері мен сапасына байланысты болса,  ал орыс  тілінде сол киімнің қандай іс-әрекет  барысында  қолдануға икемділігі  Бұл салыстырылып отырған тілдердің дүниенің тілдік бейнесін қалыптастыруда жалпы тенденцияны бейнелеп көрсетедi. Орыс тіліндегі дүниенің тілдік бейнесі «іс-әрекет» бейнесі ретінде көзге елестейді, ағылшын тіліндегі дүниенің тілдік бейнесі – «сипаттама» ретінде. Қазақ тілінде    киімнің қандай іс-әрекет  барысында  қолдануға икемділігіне және қасиеттеріне  байланысты атау беріледі  .

Пайдаланған әдебиеттер:

1.      Мұқанова Г. Мемлекеттік тіл және аударматанудың өзекті мәселелері, Астана 2011

2.      Қазақ дәстүрлі мәдениетінің энциклопедиялық сөздігі. А. Құралұлы, Алматы, Сөздік – словарь. 1997

3.      Ермоленко Г.М. Лингвокультуремы тематической группы «одежда» (сопоставительный анализ на материале английского и русского языков) ,автореферат диссертации на соискание ученой степеникандидата филологических наук ,Пятигорск – 2009.

4.       Ж. О. Артықбаев, Ә. Ә. Сабданбекова, Ә. Қ. Елемесов, Е. Н. Дауенов Дәстүрлі қазақ этнографиясы , Павлодар 2008

5.      Алмауытов Ә.Б. Қазақ тіліндегі киім атауларының этнолингвистикалық табиғаты . Автореферат Алматы, 2008