ФИЗИКА/1. Теоретическая физика.
Оқытушы К.Т.Қайырлиева
Орал
газ,мұнай және салалық технологиялар колледжі,
Қазақстан
Табиғаттағы тіршілік атаулының өсіп-өнуі,
даму көзі- оның тамыры, адам баласының санасының даму
көзі – оның тілі. Ана тілінің уызына қанбаған, оның
бұлағынан нәр алмаған ұрпақтың
баршасының бойынан ізгіліктің нышандарын табу мүмкін емес, өйткені
жастарымыз халықтық педагогикадан, ұлттық
салт-дәстүрлерімізден, рухани байлығымыздан қол
үзіп кеткен ұрпақтың өкілі.
Қазақ
халқы өзінің бүгінгі күнін бағалай
отырып,өткен өміріне көз салу, тарихи тәжірибеден
сабақ алу, мәдени дәстүрлерін,озық
әдет-ғұрпын, өмір салтын зерттеу, оларды
ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жеткізу
мәселерімен ұстаздар қауымы да мұқият
шұғылдана бастады.Халықтың тірнектеп жинаған
оқу-тәрбие ісінің бай тәжрибесін аса тиімді, шығармашылықпен
қолдана білу- әрбір ұстаздың міндеті.[1]
Оқушыларды ұлтжандылыққа, халқын
қастерлеп, оған қалтқысыз қызмет етуге
тәрбиелеу және адамгершілікке, қайырымдылыққа
баулу мақсатында күнделікті оқу-тәрбие жүйесіне
халықтық педагогиканың тағылымдарын енгізу кең
өріс алып келеді.
Міне, өз ұрпағының өнегелі,
өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін
халық педагогикасының негізгі мақсатын оқу-тәрбие
үрдісіне тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып
табылады.
Халықтық оқу-тәрбие
ісінің негізгі мақсаты – жалпы адамды, ең алдымен баланы
сұлулық хабардар ете отырып тәрбиелеу. Оқу мен
тәрбие алдында ата-ана да, тәрбиеші мен ұстазда, адамды
қоршаған ұжым да, тіпті көшедегі кездейсоқ
халық та жауап береді. Сол себепті физика пәнін оқытуға
мысалды алыстан іздемей-ақ халқымыздың пайдаланып келген
ұлттық құрал-саймандарын, ұлттық атауларын
қолдануға болады.
Халықтық педагогика мен халықтық
психология тағылымдарын пайдалану, физика пәнінің әр
тарауларынан өткізілген сабақ түрлері оқушылардың
пәнге қызығушылығын, белсенділігін арттырып, тарауды пысықтау
кезеңін сапалы өткізуге, материалды толық меңгеруге
көмектеседі. Халық педагогикасының тағылымдарын физика
сабағында қолдану – оның білімдік және тәрбиелік мақсаттарын
жүзеге асырумен қатар халқымыздың
салт-дәстүрін қастерлеп, оқушыларды ұлттық
мақтаныш рухында тәрбиелеуде зор мәні бар.[2]
Қазақтың
әдет-ғұрып, салт-санасында кездесетін кейбір элементтерді физика
сабағында қолдануға болады. Біз осыдан жазу-сызуы
болмаған халқымыздың табиғат құбылыстарын
дұрыс түсіне білгендігін, көргендігін, данышпандығын
аңғарамыз.
“Механикалық
толқындар” тарауын өткенде домбыраның қалай дыбыс
шығаратын аспап екенін айта кету керек. Алдымен тыныштықта
тұрған ішекті тепе-теңдігін бұзып тербелтеміз.
Екіншіден, ішектің тербелісі ауаға беріліп, ол арқылы дыбыс
бізге жетеді. Үшіншіден, домбыраның беттік тақтайы да
тербеліске түседі. Домбырамен бірге қобыздың да қалай
дыбыс шығаратынына тоқтала кеткен жөн.
Енді
“Броундық қозғалыс” тақырыбына келейік. Бұл
сабақты да тартымды етіп өткізудің сан алуан жолдары бар.
Нақты дәлелге жүгінсек, күбіге айран піскенде
майдың түсуі, қатты дене бөлшектерінің
сұйықтағы қалықтаған қозғалысы
екенін жатық тілмен әңгімелеген жөн.
Ал, “Газдардағы
электр тогы” тақырыбын өткенде мына мысалға назар
аударған тартымды. Найзағай ойнағанда үйден
шықпай, есік-терезені жауып отыру керек деген ұғымның
қалай пайда болғанына тоқталу оқушылардың
сабаққа деген ынтасын арттырады.
Келесі
сөз “Спектрлер” тақырыбы туралы. Мұнда ақ және
қара түстерді қалай пайдалану керектігін жан-жақты
ұғындырған ұтымды. Тілге тиек ететініміз – “Конвекция”,
“Сәуле шығару” құбылыстары. Бұларды
түсіндірген кезде киіз үйдің іргесін түру, түндігін
ашып қою есебіне тоқталу оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, көзқарасын
қалыптастырады.[4]
Оқушылардың
басым көпшілігі физика пәнін тек қаптаған жалаң
формулалар, заңдылықтар деп түсінеді. Осы себептен де
физика сабағында халықтық педагогика негізінде
ұлттық салт-дәстүрлерді уағыздап, жас
ұқпақ санасына дарытуды, осы арқылы пәнге деген
қызығушылығын арттыруды мақсат еткен жөн.
Мұғалімнің
шығармашылық ізденіспен жаңаша жүргізілетін
күрделі жұмысы – физика пәніне халықтық,
ұлттық салт-дәстүрлерді, ұлттық атауларды, ұлттық
тіл өрнектерін, ұлттық ойындарды көптеп қолдана
білу. Оған даяр жоба ұсынуға болмайды. Егер
мұғалім сабақта бір тақырыпты оқытуда
шәкірттерді ойландыруға, тәжірибе жасап, оған
қорытынды жасай білуге, сөйлесу мәдениетін дамытуға
көңіл аударса, келесі бір сабақты мүмкіндігіне
қарай халқымыздың дәстүрлі ұлттық
тұрмыс, салт-сана көріністеріне, қазіргі жеткіншек жете біле
бермейтін ұғым-түсінігін бүгінгі өмірге жанастыра
көңіл аудартса, сол арқылы танымдық мақсат
қояды. [3] Сөйте отырып, ұлттық
салт-дәстүрді қадірлей білуге, адамгершілікке, ізгілікке, ұлттық
тәлім-тәрбие беруге назар аударылады. Ғасырлар бойы
күнделікті тұрмыста қазақ халқы физика
ілімінің атауларын, салтын, дәстүрін қолданып келген, қолдана
береді.
Қолданылған
әдебиеттер.
1.Г.Б.Әлімбекова.
Физика пәнін халықтық педагогика тағылымдарымен
байланыстыра отырып оқыту. Оқу құралы. Алматы. “Литера.”
2001 ж.
2.
“Математика және физика” журналы. 2006, №6.
3.
“Ұлағат” журналы. 1999, №2.
4. “ИФМ”
журналы. 2010 ж.