Шетел
тілін жаңа технологияның
негізінде оқыту
Абай
атындағы
ҚазҰПУ-дың 1
курс магистранты
Қабдылманова Л.
Қазіргі кездегі білім беру үдерісінің мақсаты – бәсекелестікке дайын,
жоғары деңгейде қарым-қатынасты еркін жасай алатын, жан-жақты
оқушыны тәрбиелеу болып табылады.
Бұл ретте Қазақстанның Болон процесіне қол
қоя отырып, білім беру процесінің бірізділігін,
жаңашылдығын, ақпаратқа қанықтығын
талап етіп отыр. Осы жағынан алғанда, шет тілін оқытуда жаңа
ақпараттық технологиялардың қолданылуы үлкен
рөл атқарып отыр. Жаңа ақпараттық
технологиялардың қолданудың тиімділігі, оның оқу үдерісінің жандануына септігін
тигізіп қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың
шет тілін оқуға деген қызығушылығын оятып,
оқу үдерісін жағымды,
тиімді және қызықты болуына үлкен әсер етеді.
Жаңа ақпарттық технологиялар – оқушы
мен мұғалім арасындағы интерактивті қарым-қатынасты
ұйымдастыруға, оқу үдерісін өздігінен меңгеруге зор мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық
технологиялар төмендегідей
бөлінеді:
1.
Интеркативті – жалпы білімді өзіндік білімге айналдыруға
мүмкіндік беретін мұғалім мен оқушы арасындағы
үздіксіз белсенді қарым- қатынас;
2.Интерактивті емес – берілген
тақырыпты өздігінен меңгеруге бағытталған [1].
Аталған технологиялардың ішінде интерактивті
технологиялар тиімді болып табылады. Себебі, ол оқушының
мұғалімнен тікелей кеңес алуға, ал мұғалім
оқушының жұмысын тексеруге мүмкіндік береді.
Жаңа ақпараттық технологиялар оқыту үдерісінде қолдануға мынадай
тиімді мүмкіндіктерді ұсынады: чат, форум, интернет
бағдарламалары, блогтар, тікелей интернет көмегімен
өткізілетн семинарлар мен дәрістер, электронды кітаптар, программалық
жабдықтандыру және т.б.
Осының ішінде қазірі
кездегі ең көп таралғаны және заман талабының
бірі болып табылатыны – интернет қорларын пайдалану.
Интернет оқыту үдерісінде келесідей қызметтерді
атқаруы мүмкін:
·
Ақпарат көзі, яғни оқушы сабаққа дайындалу
барысында өзіне тиімді жан-жақты қарастырылған
ақпаратты табуына үлкен септігін тигізеді;
·
Асинхронды комуникация – бұл қарым-қатынас түрінде
коммуникацияға қатысушылардың екеуінің де болуын талап
етпейді, қазіргі кезде көп таралған блогтарға жазылып,
соларға жауап беріп, ақпарат алмасуға мүмкіндік алады.
·
Синхронды, керісінше коммуникация үдерісіне екі жақтың да белсенді
қатысуын талап етеді. Форумдарда немесе чаттарда
мұғалімнің де, оқушының тікелей ақпарат
алмасуына мүмкіндік бар. Бұл ретте коммуникация екі адам ғана
емес, топ арасында жүргізілуі мүмкін, сөйтіп бір
уақытта бір тақырыпта бірнеше адам пікір алмасып, өз ойын емін-еркін жеткізе алады, ал
мұғалім болса, осы ақпараттың жағымдылығын,
нақтылығын, шынайылығын, ойлардың қатесіз
жеткізілуін қадағалайды [2].
·
Қашықтан оқыту қазіргі кездегі білім алудағы
жаңа сөз болып табылады. Қашықтан оқыту
арқылы оқуға белсенді азамат, жаңа технология
көмегімен өз мемлекетінде отырып, шет елдік диплом алуға зор
мүмкіндік береді [3].
Программалық жабдықтандыру. Интернет
көмегімен қатар шет тілін оқытудың белсенді
ақпараттық құралдары болып компьютерлік программалар
болып табылады.
Олар:
· Мультимедиалық
лингафондық RINEL-LINGVO сыныптары мұғалім мен оқушы арасындағы сөздік
және видео байланыс немесе бір топқа біріктірілген оқушылар
арасындағы сөздік және видео байланыс. Бұндай байланыс
түрі айтылған ақпараттың экранда белгіленуі
арқылы жүзеге асады.
·
HiClass - мұғалім ұсынған дәріс кең
түрде оқушылар мониторында көрсетіледі. Оның келесідей
функциялары бар:
- Broadcast and Quick Broadcast –
аудио және видео
материалдардың жиынтығы;
- Observe and Quick
Observe – оқу процесін
қадағалау;
- Group Dialog – дискуссия
жүргізу мақсатында топ ішінде топтарды ұйыдастыру.
· Language Teacher
Partner – Қалталы электронды сөздік. Бұл электронды
құрал сөздер мен сөйлемдерді аударып қана
қоймай, сонымен қатар, диктофонда керекті ақпаратты
жазуға, ағылшын тілін интрекативті түрде оқуға, TOEFL тестінің
негізінде өз білімін тексеруге және синтезатор көмегімен
анық акцентті тыңдап, фонетикалық тәжірибені
жетілдіруге мүмкіндік береді [4].
Жаңа ақпараттық
технологиялар оқушылар бойында ақпарттық құзыреттілікті
дамыта отырып, қоғамның ақпараттануына зор әсер
етеді.
Жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалану:
·
Оқушы мен мұғалімнің белсенді коммуникацияға
түсуінің нәтижесінде оқуға деген
қызығушылығы мен белсенділігін дамытады;
·
Оқушы бойында ақпарат іздеу барысындағы өзіндік
жұмысты, іздеу, сұрыптау, іріктеу, анализ біліктіліктерін дамытады;
·
Оқыту үдерісінің интенсификациясы;
·
Оқушы мен мұғалім бойындағы кәсіби
коммуникативті біліктілікті дамытады.
Сөйтіп,
жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, оқу үдерісінің
тиімділігін арттыруға мүмкіндік аламыз.
Пайдаланылған
әдебиеттер тізімі:
1.
Обратнева О.А., Марусева М.В. Применение
современных информационных технологий в обучении иностранному языку,
Гуманитарные науки, - 71-75,
2.
Пудова Г.В. Роль возможностей интернета в обучении иностранному языку // Материалы
XXIII международ. конференции Дульзоновского чтения
Издательство ТГПУ, 2002, Томск, часть II
3.
Полат Е.С. Дистанционное
обучение, учебное пособие, ВЛАДОС, 1998, 192с.
4.
http: // langinfo.ru/ Новые
технологии обучения иностранному языку
Резюме
Бұл
мақаланың негізгі мақсаты қазіргі кездегі кеңінен
қолданылатын ағылшын тілін оқыту процесінде тиімді болып
табылатын жаңа технологиялардың қолданысы жайлы мәлімет
беру. Мақалада ақпараттық жабдықтандырудың
түрлері туралы ақпарат алуға болады.
Резюме
Статья
посвещена теме современные технологии обучения, которое является в данный
момент очень важным аспектом преподавания иностранных языков. В статье освещена
тема програмного обеспечения классов для изучения иностранного языка.