З.ғ.к., доцент Малдыбаев А.М., магистрант Оралбаева М.Р.

«Болашақ» университеті, Қазақстан

ҚР адам және азаматтың қолайлы қоршаған ортаға құқығының жүзеге асырылуының келелі мәселелері

Адам-заттың қазіргі даму кезеңінде халықаралық әрі ұлттық деңгейдегі адам құқықтары мен бостандықтарын белгілеу және жүзеге асыруға байланысты мәселелерде маңызды үрдістер байқалуда. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның негізгі құқықтарының бірі қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы екенін белгілеп берді.

Экологиялық білім беру табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз етуін, әрбір адамның жалпы экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру және даму үрдісін  түсінеміз. Қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың бір-біріне көмектесе әрекет жасау мәселелері шиеленесе түсуде. Өңдірістік өркендеуіне, оның экономикасын арттыруға үлкен ықпал жасайтын табиғи ресурстардың кейбір түрлері азаюда. Сонымен бірге зиянды қалдықтар көбейіп, қоршаған ортаны ластауда. Мұның өзі барлық адам әрекеті саласында табиғатты, жерді және оның астыңғы қабатындағы байлықтарды, ауаны, өзендер мен көлдерді, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін және оларды тиімді пайдалану осы заманның алдынғы қатардағы мәселелерінің біріне айналып отыр. Сондықтан, адамның өмірі мен денсаулығы кез келген өркениетті қоғамның ең жоғары құндылығын құрайды. Осы игіліктерді қамтамасыз етудің негізгі алғы шарты болып, адам өміріне және денсаулығына қолайлы қоршаған табиғи ортаны қалыптастыруы табылады.

Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық кауіпсіздігі Тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі шаралары Жоспарының 1-тармағына сәйкес әзірленген және қоршаған ортаның ластану деңгейін төмендетуді, Қазақстанның қазіргі бар барлық экологиялық мәселелерін талдауды және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың жүйесін оңтайландыруды қоса алғанда, оларды шешу жөніндегі кешенді шараларды әзірлеуді көздейді[1;64].

Әркімнің қоршаған қолайлы ортаға деген құқығы халықаралық және мемлекеттік стандарттарға жауап бере алатын қоршаған ортада өмір сүрудің реалды мүмкіндіктерін, экологиялық шешімдерді дайындау, талқылау және қабылдауға қатысу, олардың жүзеге асырылуына бақылау жасау, нақты және заманауи экологиялық ақпараттарды алу, экологиялық шығынның орнын толтыру мүмкіндіктерін қарастырады. Бұл мәселелердің өзектілігі қазіргі жағдайда экологиялық мәселенің ауқымды мәнге ие болуына байланысты болып отыр.

Қазіргі таңдағы экологиялық нашар ахуал, адамның экологиялық құқықтарын қамтамасыз ету мәселесін бірінші, кезек күттірмес мәселелер қатарына шығарылып отыр. Адам құқықтарын, оның ішінде экологиялық құқықтарды қамтамасыз ету, кез келген мемлекеттің басты міндетін құрайды.

Қолайлы қоршаған ортада өмір сүру құқығы, алғаш рет өз көрінісін халықаралық-құқықтық құжаттарда тапқан. Осы құқықты зерттеу және оны қорғау қажеттілігін, заңгерлер мен дүниежүзілік қауымдастықтың өкілдері тек соңғы оңжылдықтарда түсіне бастағаның айта кеткен жөн. 1992 жылдың маусымында БҰҰ-ның Рио-де Жанейродағы болған айналаны қоршаған орта жөніндегі конференциясы климаттың өзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам ел қол қойды. 1999 жылдың 19 наурызында БҰҰ-ның штаб квартирасында Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.

1997 жылы 24 шілдеде АҚШ президенті Клинтон атақты ғалымдарды жинап (оның ішінде 3 Нобель сыйлығының лауреаты бар) «парниктік эффекті» тудыратын газдарды азайтуға бағытталған заңды қабылдап, жахандық жылынуға қарсы күресетін ұлттық компанияны құрып, бұл мәселені радикалды түрде шешуге жұмылдырды. 1997 жылы 29 шілдеде «Вашингтон папкасы» қабылданды. «Қызу әсерінің» салдарынан болатын климаттың өзгеруі жалпы әлемдік көлемдегі проблема болып табылады және қоршаған ортаның жан-күйіне барынша ықтимал қатер төндіреді. Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды.

Осылай, талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістік энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар жөніндегі келешектегі жоспарды ашты [2;398].

Бүгінгі күнде, Қазақстан Республикасында адам құқықтары саласындағы негізгі халықаралық нормаларға сәйкес келетін дамыған экологиялық заңнама қалыптасқан. Бірақ, аса күрделі экологиялық ахуал және бұл саладағы мемлекеттік билік қызметінің сылбырлығына байланысты  қолайлы қоршаған ортаға құқықты қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігі күннен күнге арта түсуде. Қазақстанның Конституциясында жеке адамның құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына ретінде жарияланғанмен, адамның экологиялық құқықтарының бұзылуы тәжірибеде өте жиі кездеседі.

Болашақта қолайлы қоршаған ортаға құқықтың қамтамасыз ету деңгейі қазақстандық құқықтық жүйенің даму дәрежесін және оның тиімділігін бейнелейтін басты өлшемге айналу мүмкін. Демек, әрекет етуші заңнаманың ақаулықтарын жою және қолайлы қоршаған ортаға құқығын жүзеге асыру тәртібін анықтау мен қорғаушы кепілдіктер жүйесін жетілдіру мемлекеттік биліктің басымды мақсаттарының бірі ретінде қарастырылуы тиіс.

Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруды бақылау және құқық қолдану функцияларын жүзеге асыру кезінде қосарланушылықты болдырмау және мұндай қызмет процесінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғау тетігін құру жолымен мемлекеттік бақылау органдарын күшейтуді көздеу керек. Демек, қазіргі кезде қоғам мен табиғаттың бір-біріне көмектесе әрекет жасау мәселесі шиеленісе түсуде. Өндірісті өркендетуіне, оның экономикасын артыруғы үлкен ықпал жасайтын табиғи ресурстардың кейбір түрі азаюда. Сонымен бірге зиянды қалдықтар көбейіп, қоршаған табиғи ортаны ластандыруда. Мұның өзі барлық адам әрекеті саласында табиғатты, жерді және оның астыңғы қабатындағы байлықтарды, ауаны, өзендер мен көлдерді, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін және оларды тиімді пайдалану осы заманның алдыңғы қатардағы мәселелерінің біріне айналып отыр.

Қортындылай келе, келесі тұжырымдар жасауға болады, қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін дамыту, яғни құқық қолданудың және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды ынталандырудың тиімді жүйесінің негізгі сипаттамасын табуға мемлекеттік органдарға көмектесетін және ұзақ мерзімді перспективада қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласында мемлекеттік бақылау органдарының институционалдық реформасын жүргізуге ықпал ететін модельді; өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың мониторингін, оларды сақтауды, кәдеге жаратуды қамтитын қалдықтарды басқарудың мемлекеттік жүйесін құру; ауыз судың табиғи көздерінің радиоактивті ластануын бақылауды жүргізу және де құрлысқа арналған алаңдарды таңдау мен табиғи құрылыс материалдарын пайдалану кезінде шектеу шараларын қабылдау керек.

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.     «Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы» пәні бойынша оқу – әдістемелік кешен / құраст. Ильясова Г.А., А.К.Рахимберлина, – Қарағанды : ҚарМУ басылымы, 2012-135б.

2.     Ғылыми очерктер / Жауапты ред. Жаскайрат Мира. – Қарағанды: Қарағанды мемлекеттік университеті Е.А. Бөкетов атындағы, 2013. -477б.