Мулькубаева Ш.Р., Полева И.А.
Е.А. Бөкетов
атындағы ҚарМУ, Қазақстан
Азаматтар мен ұйымдардың мүліктік
құқықтарын қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдерін жетілдіру
мәселесі
Азаматтық айналымның тиісті
деңгейде қалыптасуы тек субъектілердің азаматтық
құқықтарын мойындаумен ғана байланысты емес,
сонымен қатар бұл құқықтарды
құқықтық қорғауды қамтамасыз
етумен байланысты болмақ.
Ғылымда қалыптаскан
дәстүрлі түсінік «мүліктік
құқықтарды қорғау» ұғымы
құқықтарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін
шаралардың жиынтығын қамтиды. Бұған тек
құқықтық шаралар ғана емес, сонымен
қатар экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық сипаттағы
субъективтік құқықтарды жүзеге асыру үшін
қажетті жағдайларды қалыптастыруға
бағытталған баска да шаралар жатады.
Мүліктік құқықтарды
қорғау – бұл азаматтық құқық
теориясындағы маңызды санаттардың 6ipi болып табылады.
Бұл санаттың мәнін ұғынбау азаматтық,
құқықтық санкциялардың сипаты мен
ерекшеліктерін, оларды жүзеге асыру механизмі мен азаматтық
құқықтық бұзылуымен байланысты туындайтын
өзге де мәселелерді түсінуге қиындық
туғызады [1; 132].
Азаматтық айналым субьектілердің
нақты азаматтық құқықтарын ғана танып
қоймайды, сонымен қатар олардың
құқықтық қорғалуын қамтамасыз етеді.
Заттық құқықтар мен меншік
құқығы ішінара шектеу болып табылмайды. Меншік,
соның ішіндегі азаматтар мен ұйымдардың осы меншікке деген
мүліктік құқықтарын қорғау
институтына римдік жеке құқық кезеңінен бастап
маңызды мағына берілген. Ал римдік жеке
құқық аппараттық түсініктің негізін
қалыптастырды.
Бұл зерттеудің
маңыздылығы мынада көрініс табады, яғни мүлік
экономикалық қатынастары әрбір қоғамның
негізін құрады, ал құқықтық реттеу
осы қатынастырды бекітетін, реттейтін және қорғайтын
нормалардың жүйесі ретінде пайда болады және сақталады.
Қазіргі Қазақстан жағдайында мүлік айрықша
мағынаға ие, себебі, ол саяси және экономикалық
өзгерістің түбегейлі базисі, демократияның қайнар
көзі, сонымен қатар құқықтық
мемлекетті құрудың негізгі шарты болып табылады. Сол себепті
мүліктік қатынастарын қорғау барлық
құқықтық жүйенің маңызды
мақсаты болып табылады.
Қазіргі
өмірде мүліктік құқықтарының
мәні маңызды, өйткені, олар барлық салаларды
қозғайды. Бірақ осындай құқықтарды
қорғаумен қатар жүйесін анықтаудың
бірыңғай түсінігі, оларды іске асыру мен кепілдік
деңгейін анықтау мүмкіншілігінің жоқ болуымен
сипатталады. Кез келген құқықтық
мемлекеттің маңызды міндеті
ретінде құқықтық
қорғаудың деңгейін жоғарылату болып табылады,
сондықтан Қазақстан Республикасында мүліктік
құқықтарын қорғау мәселесі
терең зерттеуді қажет етеді.
Мүліктік
құқықтарды қорғау мәселесі даулы
және цивилистика үшін өте маңызды мәселенін бірі
болып табылады. Қазіргі
уақытта азаматтық
құқық теориясында, жалпы құқық
теориясында мүліктік құқықтарды
қорғау, оның құқықтық табиғаты
және мазмұны жөнінде нақты түсінік жоқ [2;
28].
Соңға
уақытта азаматтар сондай – ақ ұйымдардың
бұзылған мүліктік құқықтарын
қорғау сұрақтарына цивилистика ғылымымен
қатар, өзге де құқық салалары да көп
көңіл бөледі. Бірақ теорияда да, тәжірибеде де шешімнің
дұрыс және әділетті қолдануға байланысты қорғау тәсілін
таңдаудың бірыңғай және біртұтас
қолдану жөнінде амалы жоқ.
Осының
бәрі әртүрлі себептермен анықталады, жекелегенде бұзылған субъективті
құқық сипатымен болған
құқықтық қатынастарды соттардың
тиісінше топтастырмаумен орын алады. Сондықтан бұзылған
құқық және мүддені
қорғаудың біркелкілік тұрақты азаматтық
құқықтық қатынастарына теріс ықпал
етеді. Мүліктік құқықтарды
қорғаудың азаматтық
-құқықтық тәсілдерінің тарихи
аспектілері, сонымен қатар, азаматтар мен ұйымдардың
мүліктік құқықтарын қорғау
институтының қазіргі жағдайы зерделенді.
Мүліктік құқықтар өздері міндеттемеге
қатысушылардың субъективті құқықтары мен
заңды міндеттеріне бағытталған игіліктерді білдіреді. Сонымен
қатар, мүліктік құқықтар несие
берушінің «өзгенің әрекетіне
құқыққа» иелегіне байланысты туындайтын игілік
болып табылады. Міндеттемелік құқықтық
қатынастардың сипаттамасы үшін үлкен рөлді
білдіреді, өйткені мүліктік құқық объектісі
немес міндеттеме пәні болып түседі.
Азаматтар мен
ұйымдардың жекелеген азаматтық –
құқықтық тәсілдерін сипаттау барысында
келесі ерекшеліктерді анықтауға болады: негаторлық
талаптың негізі талапкердің мүлікті пайдалану және
билік ету құқығын негіздейтін жағдайлар
қызмет атқарады. Өз кезіңде виндикациялау тек жеке-
анықталған мүлікке ғана, осы берілген талаптың
мәнінен туындайтын меншік иесіне мүлікті қайтаруға
бағытталуынан туындайды [3; 15]. Ақша және бағалы
қағаз да меншік иесінің айналым құралы болып
табылады, сондай- ақ оларға
азаматтық айналым қатысушылар тарапынан жоғарғы сенімді
қажетсінеді.
Ал заңды емес
қорғау нысаны ретінде азаматтар мен ұйымдардың
заңмен қорғалған мүдде және азаматтық
құқықтарды қорғау бойынша әрекеттерін
қамтитын олармен өздері дербес іске асырылады.
Меншік иесінің иелену,
пайдалану, билік етуді бұзған заттық талаптар
қорғаса, бірақ та меншік құқығы
жоғалтылмайды. Шынайы құқықпен қамтамасыз
етудің объективті және субъективті маңынаның
мемлекеттік бағыну күшімен
қысық түрді қалыптастырады. Заң және сот актілерін орындаудың
түсініксіздігі және шындыққа сай еместігі
шаруашылық субъектілерін (жеке ұйымдар, шағын және орта
бизнес) сонымен қоса жеке азаматтардың да (жеке тұлға)
жағдайын ұтымсыз жағдайға әкеліп соғады.
Себебі мемлекеттің міндеті
ретінде өндіріп алушылардың құқықтарын
қамту, сот актілерін мәжбүрлеу күшімен толтыру болса,
сот орындаушыға жеке түлға немесе заңды
тұлғаға жүктелген міндеттердің табиғатына
қарамастан келуден жалтаратын борышқорды республикалық
ауқымға іздеу салуға құқықты
заңнамалық негіздеуге көрінеді. Заңдылықты
қамтамасыз ету тәсілін және орналасқан жері туралы
деректі анықтауда қазіргі таңда өзге де амалдары
жоқ.
Ал заңды емес
қорғау нысаны ретінде азаматтар мен ұйымдардың
заңмен қорғалған мүдде және азаматтық
құқықтарды қорғау бойынша әрекеттерін
қамтитын олармен мемлекетке немесе өзге де құзыретті
органдарға жүгінбей өздері дербес іске асыралыда [4; 178].
Заттық және
міндеттемілік құқықтық қатынастардың
құқықтық режимдері жиі ұштасып отырады. Бір
кездері міндеттемелік элементімен бірге заттық құқық,
немесе керісінше, заттық элементімен бірге міндеттемелік
құқықтарды бір
бірінен ажырату қиынға түседі. Бірақ заттық
-құқықтық
міндеттемелік-құқықтық талаптар бір
нәтижеге жетуге, яғни азаматтар мен ұйымдардың
мүліктік құқықтарын қорғауға
бағытталған.
Жұмысты зерттеу барасынды азаматтар мен
ұйымдардың мүліктік құқықтарын
кең т.рде қорғау бойынша алынған нәтижелерге
сүйене отырып, келесі ұсыныстар ұсынылады:
1) Құқықты тану, құқықты
бұзатын немесе бұзуға қауіптілікті
туындайтын әрекетке тыйым салу, міндетті
орындауға мәжбүрлеу, моралдық зиянды толтыру,
құқықтық қатынасты тоқтату немесе
өзгерту, мемлекеттік органның заңнамалық актілеріне
сәйкес емес жарамсыз немесе қолдануға болмайтын деп тану,
мемлекеттік органнан айыппұл өндіріп алу тәрізді мүліктік
құқықтарды қорғаудың тәсілдерін
одан әрі жетілдіруге көңіл бөлу.
3) Мүліктік құқықтарды
қорғау объективті түрде азаматтық
құқық институты. Қазіргі таңда оның
субинституттары нақты ажыратылмаған, бірақ олардың
сипатында жедел санкциялар және азаматтық
–құқықтық жауапкершілік түседі.
4) азаматтық құқықтық
жауапкершілікпен қатар жедел санкцияларын заңнамалық бекіту
туралы мәселені заңшығарушылық талдау жолымен бекіту,
және олардың орнын азаматтық құқық
жүйесінде нақты орнын анықтау;
5) азаматтық құқыққа
тиесілі мүліктік құқықтарды
қорғаудың даму түжарымдамасы жария
құқықтық және жеке
құқықтық бастамаларды шегін анықтаудан
анықталады. Біріншіден, өзін өзі қорғаудың,
жекелегенде жедел санкция және аралық соттардың рөлін
жоғарылату; екіншіден, азаматттық
–құқықтық жауапкершілікпен қатар
азаматтық – құқықтық санкцияларды
қолдану барысында азаматтық құқықтың
өтемақы қызметінің мәнін күшейту
қажетсінеді.
Мүліктік құқықтарды
қорғаудың өзге де тәсілдерінің ішінен
Қазақстанда мәмілені жарамсыз деп тану бойынша кейбір
көптеген қиындықтар туындатады. Өкінішке орай,
Қазақстанда, мәмілелерді тұрарлыққа сай
емес (ничтожные) және даулы (оспоримые) деп бөлінуі жоқ.
Ғалым цивилист заңгерлер Азаматтық Кодекс жобасын дайындау барысында өзімізден кәні
кеткенін мойындап отыр. Тәжірибеде көптеген мәселелер туындап
отырады. Жекелегенде құқықтық тәртіп немесе
адамгершілік негізіне жат шындыққа сайкес келетін заңсыз кез
келген мәміле тек қана соттың шешімен ғана жарамсыз деп
танылады. Талап ескеру мерзімін өткізіп алғаннан соң, осындай
мәмілені жарамсыз деп тануға болмайды. Әрекет етіп отырған Азаматтық Кодекске
тұрарлыққа сай емес (ничтожные) және даулы (оспоримые)
мәміле деген түсінікті дер кезіңде енгізу
мақсатқа сай боларлық.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Грибанов В.П. Пределы осуществления и защиты гражданских прав. -М., 1992. - 236 c.
2 Богданова Е.Е. Формы и
способы защиты гражданских прав и интересов // Журнал российского права. -
2008. -№4. С.28-54.
3 Сулейменов
М.К. Защита гражданских прав по законодательству
4
Диденко А.Г. Пресечение незаконных действий как способ защиты
права. В сб.: Гражданское законодательство: Статьи. Комментарии. Практика. Вып.
16. Алматы: ЮРИСТ, 2003. 215 с.