Маханова А.Н., Ерабилова Ж.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДА
АУЫТҚУШЫЛЫҒЫ БАР
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУЫ
Қазіргі
таңда еліміздің егемендік алуы әлеуметтік-экономикалық
және мәдени дамуымызға байланысты көптеген
өзгерістер енгізді. Яғни қоғамымыздың қарқынды
әлеуметтiк дамуы белсендi, жасампаз тұлғаны
қалытастыруға жоғарланған талап қояды.
Әсіресе білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру, үздіксіз
білім берудің бірыңғай жүйесін құру,
оқу мен тәрбие үрдісінің сапасын жоғарлату мен
білім беру үрдісінде оқушылардың тұлғалық
сана-сезімдерінің дамыту болды. [1]
Білім беру поцесінде
жасөспірімдердің тұлғалық сана-сезімдерінің
қасиеттерін қалыптастыра отырып, болашағына жол сілтеу —
қазіргі таңда ауқымды мәселе болып отыр. Өйткені,
тұлғалық сана-сезімдерін қалыптастыру тек білім берумен
ғана шектелмейді, яғни ол үшін мектепте өткізілетін
тәрбие жүйесінің іс-шаралары оқушылардың
болашақта парасатты, білікті, мәдениетті, білімді және
дүниетанымы жоғары болып, еліміздің мәртебелі азаматы
болуына ықпалын тигізуіне түйінделуі қажет.
Ұрпақ -
өміріміздің жалғасы, болашақтағы әр
мамандықтың иесі, қоғамның арқа сүйер
тірегі екні белгілі. Республикамыздың жастарына ең сапалы білім
берумен қатар еліміз егеменді, тіліміз мемлекеттік болуына байланысты
жастардың жағымды мінез-құлқын дамытып, оларды
адамгершілікке, мейірімділікке, тәртіпке, қоғамның
лайықты азаматтары ретінде тәрбиелеу – бүгінгі күнгі
басты мәселелердің бірі. Біздің қоғамымызда
жасөспірімдердің адамгершілік келбетіне қоятын
талаптардың өсуіне, оларды жақсылыққа
тәрбиелеуге баса назар аударылуда.
Елдің экономикалық
жағдайы, бұрынғы дүниетанымның
құлдырауы мен бәсекелі және жоғары
өндірісті жағдайда өмір сүру мен жұмыс жасау
іскерлігі мен дағдысының жоқтығы –
қоғамның күрделі қиындықтары мен ішкі
дау-жанжалдарды тудыруға әкеледі. Жастар арасында ересектермен
күрделі және қиын қарым-қатынастар
көрінеді. [3].
Сонымен
қатар, қаталдық пен агрессивтілік пайда болып,
қылмыстық әрекеттер көбейді. Осындай жағдайларға
байланысты жасөспірімдердің мінез-құлық
ауытқушылықтарын психологтар зерттеп білулері шарт.
Диссертациялық жұмыстың
мақсаты – мінез - құлықтарында
ауытқушылықтарына байланысты мәселелердің
қаншалықты зерттелгендігін анықтап, түрлі
әдістерді пайдалана отырып, оған талдау жасай отырып ,
мінез-құлықтарында ауытқушылықтары бар
жасөспірімдердің өзін-өзі бағалау ерекшеліктерін
айқындау болды. Сонымен
қатар олардың өзіндік психологиялық ерекшеліктерін жан-жақты зерттеу болды.
Жасөспірімдерді
тәрбиелеудің қазіргі қалыптасқан жүйесі
психологиялық ғылымның қиыншылықтары мен
мәселелерін айнадағыдай көрсетеді. Бала бақшасы білім
беруді бірінші кезекке қоятын мекемеге айналды.
Бала бақшасындағы
сабақтар әдетте интеллектуалдық бағытта жүргізіледі.
Мәдениетті және иманды адамды, жан-жақты дамыған
тұлғаны қалыптастыру екінші кезекке ығыстырылды.
Жасөспірімдердің
эмоционалдық дамуы, балаға маңызды жеке
мәселелердің шешілуі, оның өміріндегі
оқиғаларды және жақын адамдармен қары-қатынасын
ойдан өткізуі ұйымдастырылған педагогикалық
үрдістен тысқары қалды. Бала тұлғасын
дамытуға бағытталған жаңа педагогикаға
өтуді - тереңдете білім беру мәселесі ретінде шешу
мүмкін емес. Бұл – біздің бүкіл өмірімізді
қайта құру және ұрпақтар арасындағы
байланысты қайта қалыпқа келтіру мәселесі болып
табылады. [5]
Балалар психологиясы
бойынша зерттеудің өзінде талдай келсе, оның
мінезі ересектермен қарым –қатынасы, жеке
тұлғаның
өзін -өзі
бағалауының
әр сатысында
маңызды екендігін көрсетті.
Біздің зерттеу жұмысымыздың мінез – құлқында ауытқушы бар
балалардың мінезін,
қарым – қатынасы, өзін -өзі бағалауы сонымен қатар жеке
тұлғасын зерттеуге, баланың ары – қарай дамуына
тигізетін әсерімен міндеттеледі. Және соған психологиялық
көмек көрсетіп, күресу.
Осы
жолға қойған
мақсаттарды
орындағанда
ғана оқушылар мен жасөспірімдердің барлық топтарымен және типтерімен өткізілетін түзету оқу – тәрбие жұмыстарын педагогикалық
дифференциация жолымен жүргізуге мүмкіндік береді.
Қандай да бір оқушыны бағалап пікір
айтпаған жөн (нашар,артта
қалған, бетімен кеткен,
ауытқушы, мінез-құлқы
бұзылған, қарым – қатынасы жоқ және т.б.).
Жоғарыда көрсетілген талаптарды
орындаған жағдайда
жасөспірімдерге
көрсетілетін
көмектің
жиынтығы, баса назар аударғымыз келетіні, этнофункционалдық негіздің
сақталуына, ұлттық
құндылықтарға
баса ден қойылуы балаланың психикалық
және физикалық денсаулығының бірқалыпты үйлесімді
дамуын қамтамасыз етеді.
Балалар өмірі бақытты болуы
үшін, ал әрбір баланың жан-жақты дамуына қажетті
жас мүмкіншіліктері барынша пайдаланылуы үшін қазір не істеу
керек екендігін бүкіл қоғам түсінуі қажет.
Мектептегі психологтың
жұмысын қамтамасыз ететін жүйе түрінде мектептегі
психологиялық қызметті
ұйымдастыру және оны дамыту – қазіргі таңдағы
осындай мәселелердің бірі болып табылады.
Э.Эриксонның ой–пікіріне
сәйкес, тұлғаның қалыптасу үрдісінің
әрбір кезеңі дамудың өзіндік мәселелерін
көтереді, белгілі бір қабілеттердің қалыптасуын
және белгілі бір бағытта алға басуын талап етеді;
мұндай алға басудың болмауы, қандай да бір құрылымдардың
қалыптаспауы келесі кезеңдегі тұлғалық даму
үрдісінің құлдырауына және ары қарай
қажетті қасиеттерге ие болу
мүмкіншілігінен айырылуына әкеліп соғады.
Өмір бір орында
тұрмайды. Минут,
сағат, күн,ай,жыл жылжумен
бір сәтте
тоқтатпайды. Біздің
елімізде бала болашағының дұрыс қалыптасуының жан – жақты жағдай
жасалған.
Тек талап -
тілек, жалықпай іздену, ынта болса болғаны. Десек те
осынау қызығы мен қиындығы қатар алмасқан
тірлікте кез – келген бала арманының орындалғанына не
жетсін.
Баланың
барлығы бақытты болуға тиіс. Қазақ
халқы баланы ананың бауыр еті. Баланы
бес жасқа дейін патшадай
көрген. Бірақ қазіргі өмір талабына,
әр-түрлі
ауруларға
түрлі зиянды заттарға атап айтсақ маскүнемдік, нашақорлық,
отбасы ішінде ұрыс –керістер т.б. бала
психикасына әсір етіп,
баланың мінезіне, қарым –қатынасы,өзін -өзі бағалауы төмендеп,
өмірге деген бейімдері
жоғалуда.
Белгілі педагог А.С.Макаренконың өзі балаға көп көңіл бөліп, бала тәрбиесіне,
қарым –қатынасына, өзін -өзі бағалауына, мінезіне
ерекше мән берген.
Және ата – аналарға ақыл – кеңес беріп өткен.
Дәлелденген
тәжірибелердің нәтижесінде өз жасына, ақыл
–ойына сай баланың өзіне
дұрыс тәрбие бермей,
ата –ана көз
жанарынан жіберсе,соның
өзі өзімшіл,
өркөкірек, менменшіл, енжар жан болып қалыптасады. Мұндай
балалар алдауға тез түседі. Сөйтіп
жүріп ауытқушы мінез –құлқы бұзылған балалар санатына қосылады.
Біз
талқыланып отырған мәселені басқаша – мектептегі
психолог қызметінің бағдары ретінде жас шамасының
мәселелерін пайдалану мүмкіншілігі туралы болжам сынақтан
өткен арнайы зерттеулерді жүзеге асыру арқылы – зерттедік.
Зерттеу мәселесі былайша қойылды: мектептегі қазіргі
оқу-тәрбие жағдайындағы өмірлік, шынайы
мәселелерді анықтау және оларды тұлғаның
даму мәселелері ретінде, психологиялық мәселелер ретінде
түсіндіру.
Мінез-құлқында
ауытқушылығы бар балалармен жұмыс жасаудың сан алуан
жолдары бар. Ең алдымен жасөспірімдермен дұрыс тіл табысып,
сөйлесе білу керек. Жақсы беделге ие болған
мұғалімнің жеке өнегесі қандай
оқушыға болса да күшті әсер етеді.
Көмек
көрсететін психологтар баланың ішкі жан дүниесін алыстан
көріп білуі шарт. Мінез-құлқы ауытқыған
жасөспірімдерді ешқандай ұжым өмірінен,
қоғамдық пайдалы еңбектен тыс қалдыруға
болмайды, олар барлық үйірме жұмысына, басқа да
шараларға қатысуы керек. Бұл олардың зиянды істермен
айналыспай, жауапкершілік сезімін туғызға жол салады.
Қазіргі
кезде жасөспірімдердің мінез-құлқындағы
ауытқушылықтарынан әртүрлі қылмыстық
әрекеттер мен жағымсыз істер көбейіп отыр. Осы
жағдайлардың алдын алып, түзету үшін әрбір
пеагог, ата-ана, психолог бірлесе жұмыс жасай отырып, әрбір
жасөспірімнің дербес ерекшеліктері мен мінез
құлқын ескеріп, анықтап, соған сәйкес
жұмыстар жүргізу керек.
Мектепке
қолдау көрсетуші мамандарды сұрастыра келе,
жасөспірімдердің ауытқушы
мінез-құлықтарының алдын алу шараларына қатысты
жұмыстың мазмұнының өзгеріске
ұшырағандығын анықтадық. Әдетте
қолдаушы топ мамандарына ауытқушы мінез-құлық
пайда болған кезде ғана жүгінеміз, енді бұл
ұстанымның өзгергендігі байқадық.
Білім беру
мекемелері басшыларын сұрастырған кезде жоғары сынып
оқушыларының ауытқушы
мінез-құлықтарының алдын шараларына аса
көңіл бөлгендігін көрдік. Алдын алу шаралрын
ұйымдастыруға қатысты көзқарастары өзгерді:
кадрлармен қамтамсыз ету, мекмедегі педагогикалық кадрларды
дайындау, алдын алу жұмыстарының әдістемелік қамтылуы
сияқты ұстанымдар пайда болды.
Мектептердің
жасөспірімдерге жәрдем беруші әр түрлі ұйымдармен
байланысы үдей түсті. Басшылардың алдын алу шараларына
қатысты өзіндік қатынасы да өзгерді. Бастапқы
зерттеу барысында жастар арасындағы девианттық
қылықтардың себебі деп қоғамның
әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қалыпсыздық
пен көпшілік ақпарат құралдарын айтқан мекме
басшылары алдын алу шараларына теріс көзқараспен қарады.
Жүргізіліп
жатқан зерттеуге қатынасуы барысында өз пікірлерін
өзгертті. Жасөспірімдердің ауытқушы
мінез-құлқын ғылыми тұрғыдан түсіну
орын алды: ауқымды сипаттағы себептермен қатар жекелеген
тұлғалық себептер де ескеріле бастады, сонымен қатар
оқушылардың ауытқушы
мінез-құлықтарының алдын алу шараларын
ұйымдастыруда қажет болатын ресурстардың мектепте бар екеніне
көз жетті.
Ата-аналарға
жүргізілген сауалнамалар барысында төмендегідей өзгерістер
байқалды: ата-аналардың көпшілігі мектептегі алдын алу
шараларына қатынасуға деген қызығушылығы артты,
педагогтарға кінә артатын ата-аналардың пікірі өзгеріп,
балаларының девианттық мінез-құлқының
негізгі себептеріне талдау жасай бастады. Ата-аналар балаларының
сабағы, қызығушылығы мен мәселелері жайлы
хабардар болды.
Мектептегі
алдын алу шараларының бағдарламалары нәтижесін бағалаған кезде М.Скрайвер
ұсынған бағалау түрлерін қолдандық, онда
үрдіс пен зерттеуді бағалау әр түрлі жүргізіледі.
Үрдісті
зерттеу әрекеттері жоғары сынып оқушыларын сұрау
және олармен әңгімелесу түрінде жүргізілді,
бұл олардың нені ұнататыны, нені қаламайтыны,
сабақтың қандай болғанын қалайтынын анықтау
мақсатында жүзеге асырылды. Алынған ақпараттар
арқылы алдын алу шаралары бағдарламасына түзетулер енгізілді.
Мысалы,
жоғары сынып оқушылары мынадай пікірлер айтты: « Көп
сөйлесіп кеттік, талдай береміз, біз өзіміздің не істей
алатынымызды, нені ұнататынымызды көрсеткіміз келеді». Осы
ұсыныстан соң эмоциялық жігер алу тренингі деп аталатын
қосымша тренинг сабағын жүргіздік. Бұл сабақтың
мақсаты: оқушылардың эмоциялық ашылуы,
жинақталған эмоциялық күш қуатын шығару.
Қорытынды
зерттеулер жоғары сынып оқушылары тұлғасында пайда
болған өзгерістерге сүйене отырып жүзеге асырылып
жатқан бағдарламалдың тиімділігі жайлы ақпарат алуды
мақсат етеді. Бағалаудың субъективтік көрсеткіші
ретінде мыналарды таңдадық:
1) жағдайға
байланысты алаңдаушылық дәрежесі;
2) агрессия
деңгейі;
3)
тұлғаның жалпы психикалық күйі.
Сонымен
қатар, сипатталған эксперименттің нәтижелері бойынша
жалпыға бірдей мектеп және Облыстық
девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп
интернатының жасөспірім тұлғасының дамуы,
өзіндік сана-сезімі, яғни өзін-өзі бағалау
деңгейінің ерекшеліктері көрсетілді. Бұл
айырмашылықтар олардың біріншіден жас ерекшелігі мен биологиялық
ықпалдарға түйінделсе, екінші кезекте әлеуметтік
жағдайға тәуелді болып келеді. Осы ықпалдарды ескере
отырып, білім беру процесінде оқушылар тұлғасының
жан-жақты шығармашылық қасиеттері мен
қабілеттілікттерін, дағдылары мен іскерліктерін, білім
деңгейлері қалыптасуын арттыру қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Выготский С.Л. Собр. Сочинений - М.: Педагогика, 1983 - 45 с.
2. Выготский С.Л. Психология развития как феномен культуры. - М., 1996. - 40 с.
3. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды. - М.: Педагогика, 1980. – Т.1. 20 с.
4. Ананьев Б.Г. О проблеме современного человекознания. - М., Наука, 1977. - 350 с.
5. Намазбаева Ж.И. Психология. Алматы, 2005.