Сыдықова К., Тұрдыбай
Е.
Қызылорда
қаласы, Қазақстан
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ
ШАРТТАРЫ РЕТІНДЕ АРТТЕРАПИЯНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі
таңдағы көпетегн зерттеулердің нәтижелеріне
сүйенер болсақ, арттерапияның, яғни, өнер
арқылы терапия жүргізудің пайдалы емдік мақсаттағы терапия екенін түсіндіріп,
дәлелдеп отыр. Оларға қысқаша тоқталып кетер
болсақ:
·
Әлеуметтік ортада туындап отыратын көңіл-күйдегі
агрессивті сезімдерден босаңсу. Сурет салу, живопись,
түрлі-түсті бояулармен глинаны пайдалана отырып мүсіндер
жасау – адам бойындағы психикалық қысымдардан босаңсуына
пайдасын тигізетін ең бір зиянсыз әдіс;
·
Психотерапияны жүргізудің вербальды түріне
қарағанда, көптеген бейнелердің көмегімен ішкі
уайымдаулар мен санасыз түрде кикілжіңге түсу себептерін
сыртқа шығару оңайырақ болады. Яғни,
терапияның тиімді әрі пайдалы жақтары осыдан байқалады.
Сонымен қатар терапия барысын алға, жағымды жағынан
ілгерілеуін тездетеді;
·
Терапия жүргізу процесінде диагностикалық жұмыстармен
интерпретация жасаудың негізгі мүмкіндіктерін нақты беріп
отырады. Клиенттің жасап шығарған шығармашылық
туындыларының шындықтағы бар нәрсе екенін ол өзі
жоққа шығара алмайды. Клиенттің
шығармашылық жұмысының стилі мен мазмұны ол жөнінде терапевтке көптеген
ақпарат беріп отырады. Сонымен қатар туындының авторы
терапевтпен бірге интерпретация жасауда көптеген өзіндік
үлесін қосады;
·
Көптеген арыла алмай жүрген ойлар мен қиын ауыр
сезімдермен жұмыс жүргізуге болады. Кейбір уақыттарда
үдемелі сезімдер мен қандай да бір наным-сенімдердің
себептерін анықтаудың, оны
түсіндіре алудың бірден-бір жолы – осы вербальды емес әдіс
арқылы қарым-қатынас жасау болып табылады;
·
Терапиялық өзара қарым-қатынасты
нығайтуға көмегін тигізеді. Топ мүшелерінің
шығармашылық жұмыстарындағы кейбір элементтерінің
ұқсас келуі өзара жағымды сезімдер мен бір-біріне деген
эмпатияның қалыптасуын тездетеді;
·
Іштей өзін-өзі реттей алушылық пен өзін-өзі
бақылай алу сезімінің пайда болуына әсерін тигізеді;
·
Өз сезімдеріне зейін қоя отырып, көңіл бөлуін
дамытады және нығайтады.
Арттерапия өзiн бейнелеу мен
өзiн-өзi тануда кең көлемдi қолайлылықтың
көзi болғандықтан, адамдардың жағымсыз
әсерлерден босануға, оң әсерлi эмоциялардың
көрiнуiне, тығырықты, ішкі конфликтілі жағдайларынан
шығуға және де белсендi өмiр позициясын құруға
жол ашады.
Арттерапияны
құрамды элементтеріне байланысты қолданудың бірнеше
әдіс-тәсілдері бар. Оларды
бір-бірімен байланыстыра отырып, кезектестіре жүйелі түрде
қолдануға болады.
Арттерапия келесi мақсаттарға
қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi:
1.
Агрессивтi көңiл-күйден және негативтi әсер
етушi сезiмдерден босануға жол ашады. Суретпен, картинамен, скульптурамен
жұмыс жасау қауiптi емес екенiн дәлелдейдi.
2.
Емдiк процестi жеңiлдетедi. Өзi сезбейтiн
қарама-қайшылықтарды және уайымдауларды вербальды
психотерапиялық процеске қарағанда, сурет арқылы ашып
салу оңайырақ болады.
3. Диагностикалық қорытынды мен интерпретация
жасауға қажеттi материал алуға болады. Шығармашылық
еңбектің жемiсi
ұзақ өмiрлiк нәтиже болып келедi. Клиент оның шындықтағы факт екенiн жасыра
алмайды. Шығармашылықтың стилi мен мазмұны терапевтке пациент
жөнiнде қосымша ақпарат бередi.
4. Пациенттiң жасырып қалуға
бейiмделген ойлары мен сезiмдерiн көрсете бiлу. Өте қатты
уайым-қайғыларын және
сенiмдерiн көрсетудiң бiрден-бір жолы
кейде вербальды емес қарым-қатынас болып табылады.
5. Терапевт пен клиент
арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтiру. Шығармашылық iс-әрекетке
бiрiгiп әрекет жасау қатынастағы эмпатиямен
бiр-бiрiн жақсы қабылдауға ықпал етедi.
6. lштей бақылау сезiмдерiн дамыту. Суретпен,
картинамен немесе скульптурамен жүргiзiлген жұмыс түстер мен
формаларды бiрыңғай қалыпты қолдануға көмек
бередi.
7. Түйсiну және сезiну арқылы зейiндi
бағыттау. Шығармашылық жұмыспен айналысу кинестетикалық және көру түйсiктерiмен эксперименттеуге
өте бай жағдай жасайды және де
олардың қабылдау қабiлеттiлiгiн дамытады.
8.
Шығармашылық қабiлетiн дамытады және де
өзiн-өзi бағалауын жоғарылатады. Арттерапияның ең негiзгi
маңызды мәнi, ол жасырын таланттарын ашып және оны дамытуда қанағаттанушылық
сезiмiн сезiндіру болып табылады. Сонымен қатар, өзінің
мүмкіндіктерін танып-білу арқылы өзін-өзі
бағалауы жоғарылайды.
Арттерапияны жеке адаммен немесе топпен
өткiзуге болады. Арттерапевт
арттерапияға қатысушыларды қажет құралдармен қамтамасыз
етуi керек, олар: краска, қаламсап, қағаз,
түрлi-түстi карандаштар т.б немесе қатысушыларға
өздерiң әкелуге болады деп айтуға да болады. Арттерапия
жүргiзер орын кең, ауасы таза болуы тиiс. Қатысушылар онда
еркiн қозғала бiлулерi қажет. Арттерапевттiң атқаратын
функциясы айтарлықтай қиын әрi жағдайға
байланысты ауысып отырады. Ол өнер мен шығармашылықтың белгiлi
бiр қағидаларын бiлiп, үйренген болуы тиiс. Өйткенi
арттерапияны жүргiзiп жатқан кезде шығармашылықтың,
өнердiң белгiлi бiр техникалық қабылдауларын
түсiндiрiп қана қоймай, оны iс жүзiнде көрсетуi қажет
болады. Арттерапевт сурет шығармашылығымен өзi шұғылданып
жүруi тиiс, ол оған көптеген процестердi анық сезiнiп,
түсiнуiне көмектеседi. Арттерапевт қатысушылардың әрқашанда
ақыл-ойын, психикалық жағдайын, олардың жеке дара
ерекшелiктерiн, дайындықтарын және өзге де факторларын есепке
алып отырулары қажет. Арттерапия жүргiзер алдында ол қатысушылармен
олардың проблемалары жөнiнде әңгiме қозғауы
керек. Өйткенi қатысушылар арттерапевттi арттерапияға қатысушы
топтың бiр мүшесi ретiнде қабылдаулары тиiс. Сонда ғана
арттерапевттiң өтілетін сабаққа қатынасуы оларға
бiр-бiрiмен қарым-қатынас жасауына керi әсерiн тигiзбейдi. Мұнда
арттерапевт қатысушылардың эстетикалық дағдыларын
дамытушы ретiнде қатысады. Арттерапиямен жұмыс iстеудiң
бiрiншi этапы, ол қайшылықтарды жеңе бiлу болып табылады. Ол
“ Істей алмаймын деген комплекстi” жеңудiң бiрден - бiр жолы.
Клиентті болып жатқан жағдайға қызықтыру керек,
сонымен қатар оның эмоциясы мен қызығушылығына,
көзқарасына сәйкес, оны теоретикалық әңгiмеге
тарта отырып, оған пайдалы әрi айналысатын жұмысына қажеттi
ақпарат берiп отыруы керек. Жұмыстың ақпараттандыру этапы,
ол – клиенттің өнердiң техникалық жақтарымен
танысуы, яғни оған жалпы өнер туралы мағлұматтарды
жеткiзуден тұрады. Бұл этапта әлеуметтiк-коммуникативтi сипаттама
сұрақтары шешiледi./20/.
Арттерапияда тек қана белгiлi бiр тақырыпты
таңдап алу талап етiлмейдi, керiсiнше арттерапияға қатысушылардың
өмiрiнiң әртүрлi жақтарын қамтитын тақырып
болғаны дұрыс.
Оларға
төмендегiдей тақырыптарды ұсынуға болады:
1.
Өзiнiң жекелiк
өткен шағы мен қазiргi уақыты: өзiң туралы не
ойлайсың; қоршаған ортада мен қалай көрiнемiн;
менiң негiзгi проблемам; мендегi ең негiзгi нашар көзқарас;
мен және менiң жағымсыз сезімдерім; мен неден
қорқамын; менiң жанұям; менiң ата-анам;
менiң негiзгi кемшiлiгiм мен мәртебем; мен адамдардың
арасындамын; адамдарда маған не ұнамайды; мен кiммiн; мен жануар
ретiнде; өмiрлiк жол; менiң
түстерiм.
2.
Болашақ, мақсат және
абстрактiлi түсiнiктер: мен қандай болғым келедi; аурусыз
өмiр; мен кiм болғым келедi; егер мен Чародей болғанда; менiң Отаным; үш арман; мен он
жылдан кейiн; махаббат; жеккөрушiлiк; сұлулық; сағыныш;
еркiндiк; күш пен әлсiздiк; тәуелдiлiк пен тәуелсiздiк;
қайырымдылық; қысым; қорқыныш; тiлек; ауру;
сезiмталдылық; ерлiк.
3.
Топтағы
қарым-қатынас: менiң топтағы орным; топтағы
менiң қарым-қатынасым және проблемам; топпен кездесуге
байланысты бүгiнгi көңiл-күйiм; топ жануарлар
көрiнiсiнде; сиқыршы топты өзгертiп жiбердi; сахарадағы
топ; топ дракондармен айқасуда;
топ балмаскарадқа кеткелi жатыр; бiздiң хан сарайымыз; мен
адамдарға не берiп жатырмын және олардан не күтемiн; топ
мүшелерiнiң портреттерi;
Тақырыпты
ұсыну әртүрлi жолмен жүзеге асады. Тақырып
белгiлi бiр соңғы реакцияларға байланысты ұсынылады.
Бiрiншiден қатысушылардың қарсыластығы, яғни “Aдамдардың суретiн
сала алмаймын”, “Оларды қолдан
жабыстырып жасай алмаймын”, екiншiден: топтың алғашқы мақсаты. Тақырыпқа қойылатын
негiзгi талап оның кейiнгi талқылауға катализатор болатын
потенциалды қабiлетiнiң болуы.
Малколмның пiкiрiнше, тақырып дұрыс
таңдалмаған жағдайда оның эффектiсi төмен болады.
Сол себептi тақырыпты өзiндiк орнымен, өзiндiк уақытына
сәйкес таңдауы қажет.
Арттерапияға қатысушы өзiндiк iшкi қайшылықтарын
жеңiп, iске өз еркiмен кiрiскенде, арттерапевт өзiнiң
емдiк мақсаттарын жүзеге асыруға болады. Бейнелеу өнерi сөздiк бейнелеу қорын
күшейтедi. Сондықтан, арттерапевт клиентке жұмыс кезiнде
туындаған ойларын қағаз бетiне түсiрiп отыруға ұсыныс
жасауына болады.
Арттерапияның негiзгi
жетiстiгi, ол – клиенттің қылықтарын әлдеқайда
тереңiрек бағалай бiлуге мүмкiндiгi болып табылады. Қатысушының қандай
өмiрлiк этапта тұрғаны
жөнiнде пiкiр бере отырып, оның суреттерiнен дәл қазiргi
кездегi ойларын ғана бiлiп қоймай, болашаққа және
өткенге деген көзқарасын, жасырын уайым-қайғыларын
көруге болады. Бұлар қатысушының
анық өмiрiнiң күнделiгi мен емi болып саналады.