Сембаева
Г.П.
М.Х.Дулати атындағы Тараз
мемлекеттік университеті, Қазақстан
ҚАЗІРГІ
КЕЗДЕГІ БАЛА АГРЕССИЯСЫ
Қазіргі кездегі бала агрессиясы біздің өмір
жағдайымыздың бүгінгі өзекті мәселесі, ол
нақты психологиялық ерекшеліктерді қозғайды, ол
баланың қоршаған адамдарға ғана тиесілі болмай
(ата-аналары, тәрбиешілер, мұғалімдер,
құрбылары), баланың өзіне және
қоршаған ортамен қарым-қатынасында елеулі қиындықтар
тудырады. Агрессия бала дамуында сәтсіздіктерге әкеп
соқтырады. Лонгитюдтің зерттеу нәтижесінің көрсеткіші
бойынша агрессивтілік қажетінше нақты, уақытына қарай
мүмкіндіктері мол, бала кездегі агрессия біртіндеп орта буындағы
жасөспірім кезінде бекем антиәлеуметтік әрекетке ауысуы
мүмкін. 8 жасар балаларда агрессиялы әрекеттердің
жоғары деңгейде болуы және әлеуметтік байланыстан
қашқақтауы, ары қарай оқу іс-әрекетінде
қиыншылықтарға соқтырады, мектепте үлгерімі
төмен, интеллектуалды дамуы төмен деңгейде, бейімделуі нашар
болуы мүмкін. Бала жастағы агрессивтілік оның өзін
қоршаған ортамен қатынасынан емес, оның бүкіл
жан-жақты тұлғалық дамуын анықтайды. Бала
агрессиясын зерттеуге арналған, алғашқы зерттеу біздің
елімізде 20-30 жылдары өткізілді, бала дамуы педагогикалық зерттеу
негізінде өткізіліп, бұл проблема сол күйі бүтіндей
ашылмай қалды. Осы кездегі бала психологиясының алдна
қойған міндеті: бала психикасына әсер ететін әдістер
өңдеу, балаға тәрбие және тәрбиенің
артықтығы жайында болады. Бала тәрбиесі мен дамуына
жағымды тәсілдер іздеуге, жеке тұлғаның
қасиеттеріне диагностика жасауға, интеллектің даму
деңгейіне көбірек көңіл бөлінді, сондай-ақ
тұлға дамуында, ауытқу қиындықтары,
агрессивтілікпен ішкі қаупін зерттеу мүмкіндіктеріне де
көңіл бөлінді.
Балаларда агрессивтіліктің негізгі себептері: балалар үшін
әлеуметтік қоршаған орта мәнді рөл
атқарады, ендеше балалардың агрессивті
мінез-құлық себептерін, құрбылары мен
тұлғааралық қатынастарында, сонымен қатар ол
үшін референтті болып саналатын топта қабылданған
әлеуметтік нормалар типтерінен іздестіру керек.
Бала кездегі
мінез-құлықтың бұзылуы және агрессиялықтың
негізгі себептері, психикалық зақымданулар, отбасы
тәрбиесіндегі кемшіліктер, мінездің акцентуациясы, әр
түрлі конфликтілермен байланысты болады. Балалардағы жаңа
бағыттағы қалыптасулары, қарым-қатынас
деңгейінің өсуіне байланысты өзіндік сананың
өсуі, ата-анамен, ересектермен,
құрбы-құрдастарымен қатынастарын
күрделендіреді. Балалық шақтың ішкі
қарама-қайшылық аумағы және оның
үлкендерге қарсы сипаттары, өзара әрекеттері
балаларға қатты әсер етеді. Бала үшін барынша тезірек
ересек адамның статусын жаулап алуға тырысу, өз бетінше тез
тәуелсіздікке жету жағдайы ерекше орын алады. Бала
психологиясының даму кезеңін басынан кешіріп жүрген кезде
мінез-құлықтың екі түрі қалыптасады:
бірінші типтегі бала өзінің жеке позициясын сақтау үшін
қоршаған ортамен өзара әрекетін
(қалыптастыруға тырысады) өзгертуге тырысады. Мысалы:
олардағы негативизмді, қарсылық мінезді, қарсыласуды
және шектен шығу сияқты сапаларды айтуға болады.
Екінші
типтегі бала микроортаның кері әсерімен ерекшеленеді, себебі
қоршаған ертемен мінез-құлықтың
қатынас эталоны, әлі қалыптаспайды. Сының
нәтижесінде өзіне, басқаларға деген қатынастарда
сарапшыл емес, өзара қарым-қатынастың жағымсыз
жағын норма ретінде қабылдай. Нәтижесінде
мінез-құлық бағдардың қалыптасуынан балалар
өзінің өмірін өзгертуге тырысады, алайда
мінез-құлықтың бағдардың жеткіліксіз даму
себебінен мақсатқа адекватты құралын таба алмайды.
Сондықтан олардан динамикалық тенденциялары негізінен
мазмұнды, мағыналылығынан басым болады. Балалардың
бейімділігінемесе соларға тән мінез-құлықта
мағына құрастыруы процесінің мотивтерімен байланысы,
қоғамдық жағымды мақсаттары мен баланың
әлеуметтік мәнді мінез-құлықтың
идеологияларының арасындағы арақатынастың
бұзылуына әкеліп соғады. Бала кезде мінездің кейбір
бітістері өмір тәжірибесімен үйлеспейді, сауатты
басқару үшін әр баланың тәрбиесін және жеке
тұлғалық ерекшелігін, эмоциялық-мотивациялық
сферасындағы қажеттіліктің қалыптасу
деңгейінің бағыттылығын ескеру керек.
«Қиын»
балаларда жалған құндылық, қоғамға
қарсылық көрсететін терең тұлғалық
өзгерістер байқалады. Бала – бұл сананың өзіне
бағытталу кезеңі, өзін тану психологиялық
құнды құрылым ретінде өзіндік жетілуге
жағдай жасайды.
Бала кезде
тұлғаның қарқынды мінез-құлық
санасының қалыптасуы, моральдық-этикалық
мінез-құлық нормаларын игеруі, өзінің
мінез-құлқында пайда болған бағалық
пайымдау жүйесіне жетекшілік ете бастайды. Міне, сондықтан да
мінез-құлықтың қалыптасу процесінде пайда
болған өзіндік бағалау жағдайлары баланың
тұлғалық құрылымына тәуелді болады. Бала
кезде өзіндік сананың ерекшеліктері, яғни
тұлғаның өзіндік бағалауды басқарудың
негізгі жетекшісі компонентері, өзбеттілік дәрежесі,
әртүрлі және қоғамдағы күрделі
өзара байланыстар жүйесіндегі адамдармен
қарым-қатынастағы тұлғаның
тәуелсіздігін анықтайды.
Өзіндік
бағалау жоғары болған сайын жалпы агрессия
көрсеткіштері де соғұрлым жоғарылай береді.
Өзіндік бағалау жоғарылаған сайын физикалық
агрессияға бейімділіктің көрінуі жоғарылайды. Парциалды
өзіндік бағалау, яғни лидерлікке қабілетті
өзіндік бағалау, өзін жоғары бағалауға
бейімділік негативизм сияқты агрессия формасымен коррекцияланады. Адамда
агрессивтілік мінезбен байланысты әр түрлі екі мотивациялық
бағыт бар, яғни агрессияға және оны
тоқтатуға қарсы бағыттар. Агрессиялы бағытта
индивид қоршағандардың әрекетін өзіне
қауіпті деп бағалап, ол өз агрессиясын қолданады. Ал
агрессияны басу бағыты – индивид өз әрекетінде қажет
емес, ұят болады деп бағалауға бейім болу ниетінен
тұрады.
Балалардың
агрессивтілік мінезінің мотивтеріне кино мен теледидардың
әсерін жатқызуға болады. Осыған байланысты агрессиялы
әрекеттің төрт түрлі мәселелері
қозғалады: меңгеру эффектісі, яғни коммуникация
арқылы қалыптасқан агрессияны не күшейтеді?
Эмоциялық салдардан туындаған мәселе; жағдай немесе
шарттар мәселесі. Эксперименттік зерттеулер көрсеткендей балалар
ақпараттық құралдар арқылы агрессивтілік
мінездің жаңа түрлерін меңгереді:
«қабілеттендіруші», «қоздырушы» моделдері болып табылады. Сонымен
баланың жасына тән заңдылық агрессия
деңгейінің өсуіне байланысты болады.