Психология/Педагогическая психология

Психология магистрі, аға оқытушы Қуаналиева М.А.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,

Қазақстан Республикасы, Алматы қ.

                                                          

ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУДА КЕЗДЕСЕТІН ҚИЫНШЫЛЫҚТАРДЫҢ

ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

                                                        

Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсетілген. Олай болса, бүгінгі тәрбиеленуші ұрпақтың болашағы жарқын, жан-жақты терең біліммен қаруланған, мәдениетті де құзыретті болуы үшін жағдай жасау керек. Жоғары мәдениетті жастарды тәрбиелеуді бірінші орынға қоятын қоғам ғана өз дамуында жоғарғы сатыға көтеріледі.

XXI ғасырдың талабы мәдени деңгейі жоғары маман даярлап шығару болып табылады, олай болатын болса, жоғары мәдениетті маманның: жалпы, кәсіби, әдіснамалық, кәсіби-этикалық, ақпараттық, тілдік, саяси, психологиялық-педагогикалық, көркемдік эстетикалық  мәдениеті болуға шарт [1;12-13].

           Бүгінгі таңдағы шет тілі мұғалімдерінің алдында шәкіртінің бойында өз ұлтының мәдениетімен қатар, өздері тілін оқып-үйреніп отырған шетел мәдениетін де игеруге, олардың жан-жакты қабілетті, қазіргі жаһандану дәуіріне бейімделген құзыретті азаматтар болып қалыптасуына ықпал ету тұр. Бұл біздің үкіметіміз жүргізіп отырған алдыңғы қатарлы елу елдің қатарына ену саясатына тікелей қатысты адам ресурстарын даярлау мәселесін де қамтиды [2;34]. Содықтан да, әсіресе шет тілін меңгерудегі қолданылатын жаңа технологиялық әдістердің  психологиялық мәселелерін жан-жақты  зерттеу бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

         Шет тілінде үйретудің басты психологиялық негігі сипатының бірі- “бірлескен танымдық диологтық іс-әрекет” (С.М.Жақыпов) үрдісінде   қарым-қатынастың тәсілдерін, стилін, бағыттарын өңдеу арқылы, сонымен қатар өзімен қарым-қатынасқа түсетін адамның жауап қайтаруын, қабылдау, және оған баға беру, кері байланыс негізінде қарам-қатынас тиімділігін бақылау болып табылады [7]. Сонымен қатар, қарым-қатынас барысында  оқушылар танымдық үрдістері мен танымдық қызығушылықтарын қалыптастыра отырып, ақыл-ойын дамыту арқылы, білім-білік дағдыларымен, белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталған өмірлік позициясындағы өз бағыттары мен  мақсаттарын, ұстанымдарын көруге болады.

         Қазіргі кезеңде жоғарғы мектептің қауырт міндетінің бірі- психологиялық білім берудің сапалы жетілдірілуі. Бұл педагогика саласындағы маман иелерін  дайындауда өзекті мәселенің бірі, әсіресе шетел тілін оқытатын ұстаздарды. Сондықтан олардың ғылыми-теориялық білімінің негіздерін, заңдылықтарын, тұлғаны оқыту мен дамыту қағидаларын білу мен шектелмей, шетел тілін меңгеруге арналған қазіргі психолингвистикалық теорияларды, лингвоәдістемелік тәсілдерді де білуі тиісті.

·     оқушыларды шетел тілін оқытудағы психологиялық және психолингвистикалық мәселелерімен таныстыру.

·     жас ерекшеліктеріне байланысты шетел тілін меңгерудегі психологиялық және педагогикалық білім, іскерлік, дағдыны жүйлендіру.

·     қазіргі заманның психолингвистиканың жетістіктеріне негізделген кәсіби маңызды іскерліктің жүйесін қалыптастыру.

·     болашақ шетел тілі ұстазының шығармашылық, аналитикалық іс-әрекеттерінің  теориялық болжамдарын белсенді түрде қалыптастыру.

·     кәсіби  педагогикалық іс-әрекеттегі оқушылардың шетел тілін инновация технологиялар аркылы үйрену барысындағы танымдық қызығушылықтарын  дамыту.

Оқытылатын пән бойынша оқушылардың келесі кәсіби іскерліктері қалыптасуы тиісті:

·     шетел тілін меңгеру барысындағы қарым-қатынастың құралы ретінде оқушының танымдық іс-әрекеттерін басқару.

·     шетел тілін меңгеру барысындағы оқушының мүмкіндігін зерттеу мақсатында жас ерекшеліктер және педагогикалық психология әдістерін қолдану.

·     тілді меңгеру барысындағы психолингвистикалық білімге негізделіп және оқытылатындардың жас ерекшеліктерінің дамуын біле отырып олардың білім деңгейін талқылау.

·     тілді меңгеру және қолдану барысындағы білім, іскерлік, дағдының қалыптасуына ықпал ететін ыңғайлы жағдайды  анықтау.

·     шетел тілінің психолингвистикалық ерекшеліктеріне ескере отырып сабақты жоспарлау, өткізу және талдау.

         Оқушыларды педагогикалық іс-әрекеттегі психологиялық дағдыларының нәтижелі қалыптасуы практикалық сабақ (тренинг өткізу, сұлба, тест қолдану) сапасымен анықталады.Теориялық білімдерін, практикалық ептілік пен дағдының іске асуы ушін болашақ маман иегерінің психологиялық және педагогикалық дайындығы болуы керек. Пәннің мазмұны курстің міндеттері мен және де басқа ғылым салаларымен байланысты екендігімен анықталады.

Соңғы жылдары қоғамымыздың прогрессивті дамуына байланысты шет тіліне үлкен қызығушылық байқала бастады. Бұл пәнді қызыға оқудың көп себептері бар. Соның бірі - әлемді шарлау, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетін білу болып табылады. Ал шет тілін білмесек бұл арманымызды іске асыруымыз мүмкін емес. Жер шарымыздың көп бөлігі қолданатын тіл - ағылшын тілі.  Сондықтан да мектептерде кең тараған тілдер ішінде ағылшын тілін оқытады.

        Шет тілін оқытуда туындайтын психологиялық қиындықтарды көптеген психологтар (В.А. Артемов., Б.В. Беляев., И.А. Зимняя., З.И. Румянцева) мен әдіскерлер (И.Л Бим., Н.И. Гез.,  М.В. Ляховицкий ) зерттеген. Бұл зерттеудің өзектілігінде оқушылардың басым бөлігінің бұл тілде оқуы мен сөйлеуі бірдей меңгере  бермеуінде екенін дәлел  түрінде көрсетеді. Кейбіреуі оңай меңгерсе, ал кейбіреуіне ол қиындық туғызады. Сондықтанда оқушыларда шет тілін меңгеру кезінде қандай психологиялық қиындықтар туындайтынын осы мақалада қарастырылады.

        Шетелде болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес. Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процесінде компьютер технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі. Компьютер мониторындағы көріністер оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процесінде оқушының белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

        Жоғарғы сыныптарда таным  үрдістерінің дамуы жоғары дәрежеге жетеді олар сол арқылы үлкен адамдарға арналған барлық ақыл-ой жұмысын атқара алулары мүмкін. Оқушылардың таным үрдістері оларды ерекшеліктерін асыра көрсететін қасиетке ие болады.

        Бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа көшкенде  оқушының қоршаған адамдармен қарым-қатынасы өзгереді.  Олардың көп уақыты жұмыс жасаумен кетеді.         Психологиялық анализ көрсеткендей, әр түрлі тестік әдістер бір оқушыда әр түрлі нәтиже береді.

        Қиындықтарды анықтау үшін келесі әдістер қолданылды:

1.   Әңгімелесу және анкета:

·     әңгімелесу кезінде  оқушылардың мектеп пәндеріне, мектепке қатынасуын, мектепте болып жатқан мәселелер жайлы, оқушылардың мұғалімдермен, сыныптастарымен қарым-қатынасын анықтауға болады;

·     өз-өзін басқару сезімін анықтау;

·     оқушылар сыныпта өз беделін қалай бағалайтынын және өз сабағының нәтижесін қалай жоспарлайтынын анықтау;

·     мұғалімдер мен ата-аналарымен әңгімелесу;

2.   Бақылау тесті:

·     Таныс фигураларды анықтау тесті;

·     Оқушылар бір мәтінді оқығаннан кейін ондағы кикілжіңді табудың анализі;

·     Бір мәтіннің бөлігін ұсыну арқылы оқушылардың оны ары қарай қалай жалғастыратынын бақылау;

3.   Басқа әдістер:

·     Сыныптағы болып жатқан мәселеге байланысты оқушы өзін қалай басқаратыны жайлы бақылау;

Сонымен қатар осы әдістердің көмегімен келесі зерттеудің негізгі теориялық принциптері құрастырылды:

·     Адаптация қағидасы -  оқушылардың қажетсіз және тиімсіз адаптация формасына ұмтылуы.

·     Құрылым қағидасы-  алған білімдері бір құрылымға сай

·     Қарым-қатынас қағидасы- оқудағы қиындықтарға алып келетін компоненттердің бірі- баламен дұрыс қарым-қатынас жасамау, яғни ерте жастан бастап дұрыс дамуына әсер етуі болып табылады.

·     Жеке даралық әсер ету қағидасы- баланы оқудағы қиындықтарымен бетпе-бет келе білуіне анализ жасау. Бір қиындықта әр оқушы өзін әртүрлі ұстауы мүмкін.

         Әртүрлі  психологиялық әдебиеттерде В.А. Артемов [2]. Б.В. Беляев [4,5,6], И.А. Зимняя [4] айтып кетекендей, шет тілін меңгеруде туындайтын қиындықтардың себебі, олардың тілдік құрылымына да байланысты болып табылады.

      Оқушылардың жеке адамдық ерекшеліктерін, шет тілін меңгеру кезінде кездесетін қиыншылықтарды ескере отырып, интербелсенді әдістерді   қолдану арқылы,  олардың психикалық дамуы мен тұлғалық жетілуіне мол ықпалын туғызатыны байқауға болды.

 

            Әдебиеттер:

       1. Білім туралы Қазақстан Республикасы Заңының ресми мәтіні. 2006 жылдың 15-ақпанына дейінгі нұсқа, 2бас., Алматы «Жеті жарғы», 2006-132б

2.      Артемов В.А. Психология обучения иностранным языкам,-М.: Просвещение, 1969

3.      Околесов О.П.Системный  подход к построению электронного курса для дистанционного обучения // Педагогика.-1999

4.      Зимняя И.А. Психология обучения инностранным языкам в школе.-М.: Просвещение, 1991.- 222с.

5.      Амандықова Г.Н., Мұхтарова Ш.Е., Баймұқанова Б.С., Бисенғалиева А.Н. Шет тілін оқыту әдістемесі: оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2007.-264бет.

6.      Имрамзиева С.Д. Ролевая игра на уроках инностранного языка.  // Білім ҚазҰПУ. №4(46) Алматы,2009.-С.115-116.

7.      Джакупов С.М.Управление позновательной деятельностью студентов в процессе обучения,- Учебное издание.-Алматы,2002.-С.115