Акынтаева Г.Ж.
№43 орта мектеп, Тараз
қаласы, Қазақстан
ЖАҒДАЙЫ НАШАР ОТБАСЫ МЕН ДЕВИАНТТЫ
МІНЕЗҚҰЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІКПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
БЕЛГІЛЕРІ
Отбасылық
берекесіздік, баланың тұлғалық қалыптасуына
және әлеуметтенуінің деформациялық процесінің ізі
ретінде. Балалар мен жеткіншектердің әлеуметтік ортаға
бейімделе алмаушылығының өсуіне алып келеді.
Тұлғаның әлеуметтік бейімделе алмаушылығы
оған жан- жақты үлгідегі қойылатын талаптарға
байланысты жауап беруге қабілетсіздігін түсінуіне әсер етеді
және әлеуметтік мәртебесі мен тұлғааралық
қарым- қатынасындағы нақты жүйелік орнына сай
келмеуіне негізделеді.
Девиантты
мінез-құлық себептерінің түсініктемесі осы
әлеуметтік- психологиялық құбылыстың
табиғатын түсінумен тығыз байланысты болып келеді. Адамның
мінез-құлқында әр түрлі деңгейдегі
компоненттер, атап айтқанда, биологиялық, психологиялық,
әлеуметтік компоненттер үндесіп жататындығы белгілі.
Осыған сәйкес биологиялық детерминаттарға (себептерге)
басты және біркелкі назар аударатын тұжырымдар; психологиялық
факторларға баса назар аударатын тұжырымдар; және девиантты
мінез-құлықты тек әлеуметтік себептермен
түсіндіретін әлеуметтік тұжырымдар пайда болады [1, 125б].
Әлеуметтік девиацияның
басқа обьективті фактолары ретінде мына факторлар мақлданған:
әлеуметтік өзара қарым-қатынасқа
қатысушылар арасындағы айырмашылықтар мен
көңлінен шықпау (Т.Парсонс): игілікті болу мен
адамдардың тұлғалық қасиеттерінің
арасндағы сәйкессіздік (П.Сорокин); девиантты субмәдениет
нормалары мен оқытудың әсерлері (Р.Клауорд, Л.Оулин). Сонымен
жас бала кезден бастап девиантты (қылмыстық,
қақтығыстық немесе ретристік)
субмәдениеттің ықпалына түскен жеке тұлға
девиантты мінез-құлықтың осындай формаларын
өмірде қолдану әбден мүмкін.
Қарастырылған обьективті
әлеуметтік факторлармен қоса девиантты
мінез-құлықтың субьективті себептері пайда болады.
Стигматизация теориясына сәйкес (дәлірек айтқанда,
әлеуметтік топ) жеке тұлғаға нақты адамның
әрекеті мен абстаркты ережелердің (бастапқы
девианттылық) арақатынасын белгілеу жолымен сәйкес
жарлықтар телудің салдары болып табылады. Бірте-бірте девиантты
рөлді сақтауға мәжбүр ететін
атақ-даңқ қалыптасады (қосалқы девиация).
И. Гофман стигманы үш
түрге бөледі: физикалық стигма (туа біткен
ауытқушылықтар және денедегі зақымдар): еріктің
кемшіліктері (ішімдікке салыну, нашақорлық, жан
күйзелістері); нәсілдік тигмалар («қаралар»).
Әлеуметтік орта
факторларының психоаналитикалық дәстүрлері
отбасының ішкі қарым-қатынастарымен тығыз байланысты.
Қайнар көзі З.Фрейдтен
басталаын бұл бағыт сексуалды құмарлық энергиясы
барлық мұқтаждықтардың алғашқы
негіздері – дамумен бірге жүретін барлық өзгерістердің
қозғаушы күші және себептері деп жариялайды.
Жасөспірідік кезеңдегі сексуалдықтың өзгеруін
психоаалитиктер, ең алдымен обьектінің өзгеруімен
байланыстырады: отбасы мүшелерінен – отбасынан тыс қарым-қатынастарға.
Эволюциялық концепция
әлеуметтік сәттерді орта жағдайлары ретінде сипаттаған.
Бірақ ортаға даму барысына әсер ететін биолгиялық
жағдайлар да кіреді. Осыдан мынандай орынды сұрақ туындайды:
не көбірек ықпал етеді – дуализмнен арылу үшін
жасөспірімдік жас теориясын жасаудың әрекеттері.
Бұндай әрекеттердің
бірін Г.С.Салливен жасады. Ол әрекетке бастау болатын биологиялық
қажеттіліктер емес, әлеуметтік қажеттіліктер деп есептеді.
Жас ерекшелік даму теориясын ғалым фрейдистік антологияға
сүйеніп жасайды, бірақ, оның ойынша, дамудың бастау
көзі тұлғааралық қарым-қатынасқа мұқтаждық
болып табылады. Салливен теориясының арқасында жасөспірім
психологиясы қарым-қатынас генезисі сынды маңызды
мәселемен байыды.
Көп аспектілі зертеулердің кешенді
көрсеткіштері бойынша, тұлғаның
қоғамға қауіпті іс-әрекеттері оның
әлеуметке бейімделе алмаушылығын көрсетеді. Көптеген әлеуметтік,
педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік- гигиеналық
мәселелік жұмыстарында, даму шарттарында артта қалу
және алға жылжу процестерін көрсетеді, бұл жағдай
баланың тұлғалық дамуына, оның қоршаған
ортасына және олармен қарым- қатынас жасауына әсер
етеді.
Әлеуметтік
бейімделе алмаушылықтың (дезадаптацияның) пайда болуы-
баланың қоршаған ортасындағы әлемді
түйсінуі мен әлемді түсінуі, оның қандай да бір заңдылықтары
мен нормаларын, отбасымен әлеуметтік байланысын, мектеппен және
басқа да әлеуметтік институттармен қарым- қатынас жасай
алмауынан туындайды. Баланың тұлғалық дамуында
ауытқушылықтар кездесіп, оның қоғамдық
ортадағы қабылдауға тиісті әдістерге талпынуына
қолдау көрсетілмейді. Ол қоғамдық ортада
психологиялық тұрғыда оқшаулануда қалып
қояды да, ортақ мәдениетке байланысты сезімдерін ысырып, тек
кіші ортаның бағалылығын және ережелерін
қабылдайды [2, 288б].
Жасөспірімдердің
соматикалық және жыныстық дамуының ерекшеліктері
денсаулық пен келер жылдары жұмысқа жарамдылығына
ғана тікелей қатысты емес, әлеуметтік дамудың
толықтығын да айтарлықтай айқындайды.
Балаларда жынысқа байланысты
мәселеге қызығушылық жасөспірімдік жасқа
жеткенге дейін пайда болады және қарапайым
құмарлықтың көрінісі болып табылады. Бұл
психофизиологиялық үдерістермен де, пубертатты
оқиғаларды қабылдауымен де байланысты тындайды.
Жыныстық жетілу
нәтижесінде адам өзінің биологиялық жағынан
ғана емес, әлеуметтік және психологиялық
тұрғыдан да ер немесе әйел жынысына жатуының ең
жоғарғы деңгейіне жететін үдеріс. Баланың
жыныстық дамуы оның жалпы дамуынан бөлінбейді және
оның туылғанынан бастап үздіксіз жүреді. Алайда
дамудың белгілі бір сатысында ол кенеттен қарқынды жетіліп,
қысқа мерзімнің ішінде толық жыныстық кемеліне
келеді. Бұл кезең жыныстық жетілу кезеңі (басқаша
айтқанда, пубератты) деп аталады. Жас ерекшеліктерінің
кезеңдерге бөлінуіне сай бұл жасөспірім жасы.
Жыныстық жетілу
белгілерінің көріну дәрежесіне сәйкес жыныстық
жетілу бес сатыға бөлінеді. Алайда екі сатыға бөлу
физиологиялық тұқрғыдан нақтырақ және
практикалық жағынан қолайлы: бірінші саты 8-9 жастан 12-13
жасқа дйін; екінші саты 12-13 жастан 17-18 жасқа дейін.
Жыныстық жетілу
психологялық белгілер тұрғысынан орталық жүйке
жүйесінің жоғары белсенділігінен басталады, оның
артынша эндокринді бездердің белсенділігі артады. Осы бездер қанда
жасайтын және бөлетін гормондардың санының көбеюі
жыныстық жетілудің барлық белгілерінің дамуына
және көрінуіне әкеледі. Физиологиялық
тұрғыда жыныстық жетілудің бірінші сатысын эндокринді
жүйенің жүйке жүйесін белсендіру сатысы ретінде
сипаттауға болады, екінші саты – клеткалар, талшықтар, органдар,
орталық жүйке жүйесінен келетін импульстар, жанама гормондар
деңгейінде жүзеге асу сатысы ретінде сипатталады.
Жыныстық жетілудің бірінші
сатысында бірнеше уақыт бойы эндокринді орталықтардың –
гипоталамус пен гипофиздің белсенділігі артқандығы
байқалады, ал жыныстық бездерінің белсенділігі әлі
қажетті деңгейге жетпегендігі байқалады. Эндокринді
жүйеден жекелеген бөліктердің әрекеттерінің
қайта құрылуы біртіндеп жүзеге асады, соның
салдарынан одан төмен жатқан бөліктер жоғарыда
жатқан бөліктерден шығатын ынталандыруларға
сәйкес деңгейде жауап бере алмасы табиғи кезең болып
табылады. Сонымен қатар, реттеуші бөліктен шығатын
ынталандырудың көлеміне реттеуші бөліктің жакап
көлемі сай келгенде ғана кез келген реттеу жүйесі жақсы
жұмыс істейді. Қарама-қайшы жағдайда олардың
әрекеттерінің үйлеспеушілігі байқалады және
тұтас алғанда жүйе тұрақсыз жұмыс істейді.
Бұл орталық жүйке жүйесінің күйі мен
жыныстық жетілудің бірінші кезеңіне тән
мінез-құлықтың бұзылуын, яғни өзгеру
себептерін толықтай
түсіндіреді [3, 87б].
Қалыпты жағдайда
қоздырушы күш пен жүйке жүйесінің оған
жауабының арасында жас ерекшеліктері мен жеке тұлғалық
ерекшеліктері бар белгілі бір тәуелділік болады. Орталық
жүйке жүйесінің қозған күйіне байланысты
жасөспірімдік жаста бұл қарым-қатынастар
бұзылады. Осы сатыда жүйке орталықтарының қозуы
тежелуден басым болады, сондықтан да жасөспірімдер сыртқы
әсерлерге жоғары және біркелкі жауап бермейді.
Орталық жүйке
жүйесінің барлық осындай күйлерінің
көрінісі жасөспірімнің өз айналасында болып
жатқан тіптен маңызды оқиғаларға бей-жай
қарауы, жақсы не жаман бағалауға деген
селқостық секілді мінез-құлқындағы
ерекшеліктер болып табылады. Ата-аналар жасөспірім «мейірімсіз»,
«селқос», оын ештеңе қызықтырмайды және
ештеңе толқытпайды деген шағымдар айтады. Басқа
жағдайларда немесе басқа уақытта жасөспірім
қандай да бір маңызды оқиғаға,
мақтауға немесе сөгіске еш жауап бермеуі мүмкін,
бірақ қандай да бір түкке тұрғысыз нәрсеге
бола ашу шақыруы мүмкін.
Қыздарда эмоционалдық
тұрғыдағы ауытқушылықтар – ренжігіштік,
көңіл-күйдің өзгеруі, жылауықтық
болып табылса; ұл балаларда мінез-құлық пен
қозғаушы реакциялардың өзгеруі болып табылады
(шуылдақтар, ұшқалақтар, қолдарында бір
нәрсені айналдырады, қозғайды, тыныш отыра алмайды).
Сабақтарда жасөспірім
сөздік қорын жойып алғандай таяз жауап береді, жай
сөйлейді. Осы кезеңде қатты шаршау байқалады
(мазасыздық, ұйқышылдық, қалғып
мүлгушілік немесе керісінше қатты қозу). Бой
қарқынды дамды және омыған байланысты
ауытқушықтар пайда болады. Бұның негізінде екі ебеп
бар: іріншісі, жекелеген мүшелер мен жүйелердің бірлескен
жұмысының өзгеруі, екншісі қарқынды дамып келе
жатқан ағзаға қажетті әр түрлі
заттардың жетіспеушілігі. Бірінші әрекетке мысалы бас айналу,
көздің қарауытуы және тәптен ұзақ
уақыт қозғалыссыз күйден дене жағдайының
кенеттен өзгеруінен туындайтын естен тану. Жасөспірімде
тұрақты қан қысымын тұрақтандыратын
реттеуші жүйе дене өлшемінің тым жедел үлкеюіне
байланысты өз дамуынан уақытша артта қалады, сондықтан
кешігіп іске қосылады. Екінші әрекетке – омыртқаның
қисаюы, денені тік ұстаудың бұзылуы жатады. Бұл
тез өсіп келе жатқан адам сүйегінің механикалық
төзімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті минеалды
тұздардың жетіспеушілігінің, сонымен қатар таза ауада
сирек болудың, аз қозғалудың салдарынан болады.
Сүйектердің дамуы мен олардың қалыпты жұмыс
істеуі үшін буындарда орналасқан жүйке талшықтарын
қоздыру қажет (ал бұл үшін тек белсенді
қозғалу керек) [4, 281б].
Осылайша, жасөспірімдік жасты
адам өмірінің жыныстық жетілуінен әлеуметтік
тұрғыдан есейгендік ретінде сипатталатын кезеңге дейінгі
аралық кезең деп бөлу – ол жаңа уақыттың
жемісі.
Әдебиеттер
1.
Джекебаева У.С. О социально-психологических аспектах преступного поведения. – Алма-Ата: Наука, 1971. –
260с.
2.
Змановсакая Е.В. Девиантология (Психология отклоняющегося поводения). – М., 2004. – 470с.
3.
Вайзер Г.А. Смысл жизни и возраст. //Психолого-педагогические и философские
аспекты проблемы смысла жизни. – М., 1999. – 350с.
4.
Мясищев В.Н. Личность и невроз. – Л.: ЛГУ. 1998. – 295с.
5.
Акажанова А.Т., Кулдашева Н. Жасөспірімдік кезеңдегі
мінез-құлық
ауытқушылығының психогенетикалық негіздері //
Ұлт Тағылымы. – Алматы,
2007. - №1 (2). – С. 279-282.
6.
Моховиков А.Н. Телефонное консультирование. –М., 1999. – 293с.