ФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И СПОРТ/
1.Физическая культура и спорт:
проблемы, исследования, предложения.
Оқытушы
Ажгалиева Г.О.
Орал газ, мұнай және
салалық технологиялар колледжі,
Қазақстан
Салауатты өмір сүру салты
Салауатты
өмір сүру салты дегеніміз – биоәлеуметтік категория.
Салауатты өмір сүру салты интегративті түрде
қалыптасады. Салауатты өмір сүру салты шаруашылық,
күнделікті үй-тұрмысы, материалдық және рухани
формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық
ұжымдарда өзін-өзі ұстай білуі,
қоғамдық тәртіппен санасу, артық сөз
айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау,
біреуді-біреуге шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп,
басқаларды ақымақ ретінде көру т.б. аулақ болу.
Салауатты
өмір сүру салтының жоғары немесе төмен
деңгейде болуы әлеуметтік-экономикалық
жағдайларға байланысты болады. Адамның психикасына,
денсаулығына, ағзаның функционалды биологиялық
қасиеттеріне де байланысты болады.
Адамдардың биологиялық
ерекшеліктеріне сәйкес салауатты өмір сүру салты біркелкі
болмайды. Әр адам өзіне тән қалыптасқан
өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан
ұрпаққа “ген” арқылы беріліп отыруы мүмкін. Міне,
осыған байланысты салауатты өмір сүру салтының үш
категориясы болады:
1)
Салауатты өмір сүру деңгейі;
2)
Салауатты өмір сүрудің сапасы;
3)
Салауатты өмір сүрудің стилі.
Салауатты өмір сүру деңгейі дегеніміз –
экономикалық категория. Адамдардың материалдық және
моральдық-рухани қажеттілігі толығымен қамтамасыз
етілуі.
Салауатты өмір сүрудің сапасы дегеніміз -
әлеуметтік категория. Үй-іші қызмет істейтін орындары
(оқу орындары, мектептер) неше түрлі адам денсаулығын
қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабораториялық
жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүрудің стилі дегеніміз - әлеметтік-психология
-лық категория - адамның қоғамдық орындарда
(мектептерде) өзін-өзі ұстап және көрсете білуі.
Белгілі бір қалыптасқан стандартты ұстап, өмір
сүру.
Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты
өмір сүру сапасы эквипотенциалды болып келеді. Сондықтан да,
адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты
өмір сүру стиліне байланысты болады. Ал,салауатты өмір
сүру тарихи және ұлттық дағды,
дәстүрлер арқылы қалыптасады. Сондай-ақ
тұлғаның бейімділігіне байланысты болады.(5)
Өмір
сүру салты мен денсаулықтың ара-қатынасына салауатты
өмір сүру салты туындайды. Салауатты өмір сүру салты
адамның профессионалды іс-әрекетінің,
қоғамдық қызметімен күнделікті тіршілік ету
функцияларымен дамып отырады. Бұлар денсаулықтың
қалыптасуына және оның сақталуына, мықты болып
бекінуіне жәрдемдеседі. Осыдан келіп қоғамдық
денсаулық қалыптасады. Жалпы алғанда адам денсаулығы
бірінші орында болуы қажет. Бірақ жас жеткіншектер
өздерінің денсаулығына онша мән бермейді. Ол
жастық өмірдің белгісі, тәрбие жұмыстарының
әлсіздігі. Сондықтан да балаларды жас кезінен бастап
денсаулығын сақтай білуге тәрбиелеудің
қажеттілігі туындайды. “Баланы жастан ... ” тәрбиелеу керек дейді
қазақ. Өмір тәжірибесінен жинақталған
қағида екені өзінен-өзі белгілі. Осыдан келіп денсаулық
– зор байлық деген ұғым қалыптасады. Жер шары
халықтарына әлеметтік-гигиеналық зерттеу жүргізу
нәтижесінде жинақталған орасан көп
құжаттарды талдай келіп, дүниежүзілік денсаулық
сақтау ұйымы (ДДСҰ). Мына төмендегідей тұжырым
жасады: “Жер шарының халықтарының
денсаулықтарының сақталуының 49-53% адамдардың
салауатты өмір сүру салтына байланысты екенін анықтады. Бір
сөзбен айтқанда адамдардың өз денсаулығына деген
көзқарасына байлансыты, ал 17-20% әлемдік экологиялық
факторларға байланысты, әдетте әлемдік экологиялық
фактор үнемі өзгеріп отыратын табиғи құбылыс, оны
мөлшерден тыс өзгертетін адамдардың өздері (антропогендік
фактор). әсіресе, тәрбиесі мен түсінігі аз адамдар
табиғи экологияны үнемі бұзып жіберіп отырады. Ал, 18-22%
тұқым қуалайтын себептерге байлансыты (оны генетиптік себеп
деп ғылымдар есептейді). 8-10% денсаулық сақтау
орындарының қызмет істеуіне байлансыты деп қорытынды
жасалған.”(3), (4)
Дене
тәрбиесіне ертеде ғұндар, сақтар, түркілер,
гректер ерекше көңіл аударған. Жас ұрпақ бойына
кішкентайынан шымырлық, икемділік, қиындыққа
төзімділік, жігерлілік, қайсарлық қасиеттер дарытып
тәрбиелеу үрдісі дәстүрлі қазақ
қоғамында да өзіндік жүйе түрінде
қалыптасқан. Қазақ халқының тоқым
қағар, жамбы, қыз қуу, бәйге, көкпар,
күрес, т.б. ұлттық дәстүрлері мен спорттық
ойындары жеткіншектерді жас кезінен шымырлыққа баулуға,
ұлдары мен қыздарының дене күшін, икемділігін
жетілдіруге бағытталған.
Дене
тәрбиесі жайында қазақтың ұлы ақыны
М.Жұмабаев: «Дене тәрбиесіне жеңіл қарауға
болмайды, дененің қанша керегі бар деп ойлау дұрыс емес. Дене
– жанның қабы. Қап берік болса ішіндегі зат та берік
болмақ. Дене – жанның құралы. Құралы
мықты болса, иесі де мықты» - деген.
Чех педагогы
Я.Коменский «Ұлы дидактика», «Ана мектебі» деген еңбектерінде, М.Жұмабаев
«Педагогика» атты еңбегінде балалар гигиенасы, денсаулығы,
тамақ ережесі мәселелеріне, ойындары мен дене шынықтыру
жаттығуларына ерекше мән беріп, дене тәрбиесі
балалардың жас кезінен-ақ басталуы қажет екенің
дәлелдеп, оны педагогиканың маңызды бір саласы ретінде
қарастырады.(2).
Қолданылған
әдебиеттер:
1.Н.И.Косымина «Дене тәрбиесі және
спорт» 2005ж. Алматы.
2. С.Тайжанов, А.Құлназаров «Дене
тәрбиесі оқулығы» 2002ж.Алматы.
3.
Ю.Телеуғалиев,Қ.Адамбеков,С.Қасымбекова «Физическая культура»
2003ж. Астана.
5. Е.Р.Яхотов «Физическая культура и спорт» 2000ж.
6. Егемен Қазақстан, 2009ж.