ФИЗИЧЕСКАЯ КУЛЬТУРА И СПОРТ
2.Развитие физической культуры и
спорта в современных условиях.
Оқытушылар Айтниязова А.М.
Илашев А. Б.
Орал газ,
мұнай және салалық технологиялар колледжі,
Қазақстан
Дене тәрбиесі құралдарын жаңашаландыру тиімділігі
“Халық
денсаулығы – ол Қазақстанның өзінің
стратегиялық мақсаттарына жетудегі табысының ажырамас
құрамдас бөлігі” деп Мемлекет басшысы Н.Назарбаев
биылғы дәстүрлі Жолдауында атап өткеніндей, шынында да,
қоғамның дамуы, әр түрлі бағдарламалардың,
мейлі ол мемлекеттік, не мемлекеттік емес болсын, қандайда бір
жүйелі істердің жүзеге асуы тікелей адамға байланысты.
Оның тұлғалық қасиеттеріне, қабілеттеріне,
интеллектуалдық мүмкіндіктеріне, денсаулығына, сайып
келгенде, ішкі жандүниесіне және өмірлік күшіне
тәуелді. Осы тұрғыдан қарағанда, Елбасы
айтқандай, саламатты өмір салтын қалыптастыру ең
маңызды мәселенің бірі және ол мемлекеттік саясаттың
басты бағыты болып табылады. Елдің денсаулығын көтере
отырып, Елбасы халықтың кем дегенде 30 пайызының спортпен
айналысу қажеттігін алға тартты. Қалай дегенде де, дене
шынықтыру мен спорт, саламатты өмір салтын қалыптастыру,
жастарды рухани тәрбиелеу азаматтар денсаулығын
жақсартудағы ең маңызды құралдардың
бірі.
Осы орайда
арнаулы білім ошақтары қызметінің алатын орны айтпаса да
түсінікті. Ел болашағының бір бөлігін тәрбиелеп,
оқытып отырған мекемелердің бұл тапсырманы орындауы
үшін көптеген көмектер көрсетіліп келеді. Дегенмен де
дене тәрбиесін оқыту саласында әлі күнге дейін
зерттеліп, енді ғана жолға қойылып келе жатқан
оқыту технологияларының қолданысы кең қанат
жаймай отыр. Оған біріншіден оқу бағдарламасындағы
сағат сандары, екіншіден техникалық-материалдық база,
үшіншіден оқу материалдарының кең таралмауы әсер
етеді.
Бүгінгі
таңда дәстүрлі оқу шеңберінен шығып,
жаңа технологияларды қолдану мәселесі педагогиканың
алдыңғы қатарлы, өзекті мәселесі. Соның
ішінде, дене тәрбиесіне қатысты қарайтын болсақ, дене
мәдениетін жетілдіру құралдарының жаңа
түрлерін, жаттығу немесе шынығудың өзге де техникалары
мен технологияларын қолдануды жолға қою мәселесін
айтуға болады. Мәселен, қыз балалар мен ұл
балалардың ерекшеліктеріне қарай қолданылатын
жаттығулар мен спорт түрлерін жетілдіру, соған сәйкес
оқу сабақтарын жаңаша ұйымдастыру қажеттілігі
туады. Айрықша тоқталып өтетін жайт, әсіресе, қыз
балалар шұғылданатын жаттығу түрлерін арттыру.
«Дені сау
ұлт – болашақтың кепілі» екенін ескерсек, ұлт
болашағы жолында қыз балалардың алатын орны айтпаса да
түсінікті. Ендеше қыз балалардың қауіпсіз және
пайдалы дене жаттығуларымен айналысуының маңызы зор. Осы
орайда гимнатика түрлері, аэробика, шейпинг, би түрлері, тренажерда
жаттығулар, степ-аэробика, пилатес, фитнес-йога т.б.
әдіс-тәсілдерін пайдалану нәтижелі болмақ.
Бүгінде
аэробиканың түрлері дамыған елдердің әйелдер
қауымы айналасатын ең қолжетімді және пайдалы
жаттығу болып отыр. Біздің елімізде арнайы фитнес клубтарда
ғана мұндай жаттығулармен айналысу мүмкіндігі туып
отыр, алайда бұған кез келген адамның қолы жете
бермейтінін ескерсек, аэробика түрлерін орта арнаулы оқу орындары
жағдайына бейімдеу мәселесі алға шығады. Ал би
түрлеріне келетін болсақ: сальса, спорттық би, бальдық
билер т.б. қыздардың нәзік келбеті мен физикалық
формасын сақтауға мүмкіндік береді. Алайда би жаттығуы
аса талғампаз жаттығу емес, маман мен арнайы кең
бөлмеде жаттығудан-ақ жетістік көруге болады. Степ-аэробикада әр
түрлі биіктік деңгейіндегі платформа
– степ (қадам) қолданылады. Оны жоғары және төмен
адымдау арқылы қолданады, яғни қарапайым
хореографиялық қозғалыс. Мұндай жаттығуда тек
аяқтар ғана емес, түрлі бұлшық еттер дамып,
жаттығып отырады. Ол қозғалыстың керемет
үйлесімін қамтамасыз етеді.
Фитбол-аэробика диаметрі 50-ден
85 см болатын үлкен үрмелі
шарды қолданады. Мұндай шардың салмағы 400 кг болады. Оның
тұрақсыз қалыбы барлық бұлшық
еттердің үнемі күштілігін қамтамасыз етеді.
Мұндай жаттығудың артроз, тамыр варикозы, остеохондроз,
сонымен қатар артық салмақтан арылуды қалайтын
жандарға пайдасы зор болмақ. Фитнес-йога – бұған барлық жаттығулар
енеді. Ол классикалық би мен дене буындарының
қозғалысын артыратын жаттығулар жүйесінен негіз алады.
Бұл адамның психологиясына әсер етіп, күйзелістен
шығуына көмектеседі. А-бокс
бұл жекпе жек элементтері мен аэробиканың араласқан
түрі. Бұл қыз балалардың қозғалыс
нақтылығын арттырып, күш, шыдамдылық әрекетерін
дамытады. Бастысы өзін өзі қорғаудың
қарапайым тәсілдерін меңгертеді. Тай-бо – күш
жұмсалатын фитнес түрі. Мұнда бокс, таэквондо, каратэ
және аэробика элементтері біріктірілген. Әсіресе қол
арқылы жасалатын ырғақты жаттығуларға
негізделген. Жүрек қан тамырларының жағдайына тиімді
әсер етіп, өзін өзі қорғауды үйретеді. Аэробикалық жаттығулармен
қатар тренажерда жаттығу (жүгірмелі төсеніш, велотренажер)
бұлшық еттердің нығаюына көмектеседі.
Жүректі жаттықтырып, шыдамдылықты арттырып, артық
салмақты тастауға септігін тигізеді.
Бүгінде
қыз балалардың дене тәрбиесі сабағына селқос
қарау мәселесі әлі де шешімін таппай келеді. Сол
мәселені шешудің жолдарының бірі де осы. Ол үшін
ең бастысы материалдық-техникалық базаны нығайту
арқылы, дене тәрбиесінің дәстүрлі арнасынан
шығып, жаңа, заманауи техникаларды көмегіне жүгініп,
оқытудың жаңаша моделін жасақтау қажет.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Лубышева, Л.И.
Технология реализации инновационных проектов совершенствования систем
физического воспитания на региональном уровне //Физическая культура:
воспитание, образование, тренировка. 2002. -№3. -С.2-6.
2. Менхин, A.B. Разновидности
оздоровительной гимнастики / A.B. Менхин // Физическая культура: воспитание,
образование, тренировка. -2008. -№1. -С. 14-17.