Қазақ экономикалық
университетінің
«6М050700-Менеджмент» мамандығының
магистранты
Ибраимов Наржан Аманбайұлы
Ғылыми жетекші: э.ғ.д.,профессор Куватов Р.М.
Шағын
бизнесті басқару жүйесі
ҚР Президентінің Қазақстан халқына
арнаған ұзақ мерзімді «Қазақстан – 2050»
стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты» атты жолдауында Ұлттық экономикамыздың жетекші күші -
кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау деген болатын, осыған
байланысты келесідей негізгі міндеттер койылған:
1.
Шағын және орта бизнесті дамыту
2.
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің жаңа үлгісі
«Қуатты бизнес - Қуатты мемлекет»
3.
Жекешелендірудің жаңа кезеңі - мемлекет рөлінің
өзгеруі [1].
Бизнесті
басқару жүйесі, басқарудың барлық деңгейлеріндегі бизнесті қолдайтын тиісті
инфрақұрылым құру арқылы кәсіпкерлік
қызметті жандандыруды мақсат етеді. Шағын бизнесті басқаруда жүйені құрушы
элементтер ретінде кәсіпкердің өзін және басқару
объектісі ретінде кәсіпорынды құруға және
жұмыс істеуге қажетті - қорларды айтуға болады.
Кәсіпкерлікті басқару жүйесінің
тұтастығы дегеніміз - жүйе қасиеттерінің
барлық уақытта тек қана оның элементтерінің
қасиеттерінен тұруын
білдірмейді. Кәсіпкерлікті басқару жүйесі тұтас
жүйе ретінде, оны құрайтын элементтерінің
қасиеттерінен ерекше жаңа қасиеттермен сипатталады. Барлық элементтер тікелей
немесе жанама түрде бір - бірімен байланысты, сондықтан
олардың бірінің жойылуы немесе бір элементтің қосылуы жалпы алғанда
жүйенің қалған элементтері арасындағы қарым
-қатынастардың өзгеруіне алып келеді. Әрбір
жүйені жүйенің анағұрлым жоғарғы
ретті элементі ретінде қарастыруға болады. Кез келген
жүйенің элементтері өз
кезегінде анағұрлым төменгі жүйе де бола алады.
Кәсіпкерлікті басқару
жүйесіндегі жергілікті басқару жүйесі аймақтық
басқару жійесінің элементі
болып табылады, ал ол өз кезегінде кәсіпкерлікті мемлекетік
басқару жүйесінің элементі болып табылады.
Кәсіпкерлікті
басқару жүйесі, құрамына техникалық
қосалқы жүйелермен қатар, адамдар да кіретіндіктен,
ұйымдық тапқа жатады. Ұйымдық жүйе ретінде кәсіпкерлікті басқару
жүйесі тек өзіне ғана тән бірқатар
ерекшеліктермен сипатталады. Олардың қатарына мыналар жатады:
жүйенің нысаналы сипатта жұмыс істеуі (ереже бойынша
бұл көптеген мақсаттардың бір уақытта болуы)
және ұйымды құрушы элементтердің
(қосалқы жүйелердің) сатылы тәртіптілігі [2].
Жүйелер теориясына сәйкес, жүйелер жабық
(сыртқы ортамен байланысы жоқ
жүйелер) ащық (сыртқы орта және басқа
жүйелермен тығыз байланысы
бар жүйелер) болады; күрделі (элементтерінің өзі бір
жүйе түріндегі жүйелер)
және үлкен (алдын ала болжау мүмкін емес болған,
жаңа құрылымдар мен қасиеттерге ие болу
қабілеті бар және жоғарғы дәрежелі ықтимал
сипаттары бар күрделі жүйелер).
Кәсіпкерлікті басқару
жүйесінің сыртқы ортамен тығыз байланыста болады және ашық жүйелер категориясына жатады.
Кәсіпкерлікті басқару жүйесі
элементтерінің көбісі, мысалы, кәсіпкерлікті
аймақтық басқару жүйесі өз алдына бір жүйе,
сондықтан кәсіпкерлікті басқару жүйелерінің
барлығы күрделі жүйелер категориясына жатады.
Кәсіпкерлікті басқару жүйесі, ұдайы даму
үстінде блатындықтан және барған сайын жаңа
элементтермен тлықтырылып тыратындықтан, үлкен блып табылады.
Аталған классификацияға сәйкес кәсіпкерлікті
басқару жүйесіне келесідей анықтама беруге блады.
Кәсіпкерлікті басқару жүйесі - бұл болжамсыздық
пен тұрлаусыздық элементтерімен сипатталатын жаңа құрылымдар мен қасиеттерге ие
блуға қабілетті, сатылық қосалқы жүйелерден
тұратын, сыртқы ортамен тығыз байланысы бар, үлкен,
күрделі және нысаналы ашық ұйымдық
жүйе Кәсіпкерлікті басқару жүйесі — бұл
мақсатты көп деңгейлі
басқару жүйесі, басқару объектісіне (басқарылушы
жүйе) кәсіпкерлік қызмет
жатады, ал басқару субъектісі (жүйені басқарушы) ретінде
кәсіпкерлікті басқару органдары жүйесі орын алады.
Жоғарыда аталғандай,
кәсіпкерлікті басқару жүйесінің құрылымы сатылылық, қазір көрсетіліп
отырған жағдайда басқару құрылымы үш
деңгейлі. Элементтер арасындағы тік иілімдер олардың
арасындағы ақпараттық байланыстар
мен бағыну қатынастарын көрсетеді. Элементтер мен процесс арасындағы тік иілімдер осы
элементтердің процесті іске асыруға тікелей
қатысатындығы мен тиісті ақпараттық байланыстарды
көрсетеді. Бағынушы элементтері
бар элементтер - басқарушы элементтер немесе орталықтар деп аталады. Бағынушы элементтерді жоқ
және кәсіпкерлік процесті іске асыруға тікелей қатысатын элементтер -
атқарушылар немесе қысқаша - элементтер деп аталады [3].
Ұйымдық шағын
кәсіпкерлікті басқару жүйесі дегеніміз экономиканың шағын секторында кәсіпкерлік қызметті
жандандыру есебінен жалпы ұлттық өнімді көбейту сияқты
мақсаттарға жету үшін элементтердің жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін жүйе. Ұжымдық жүйенің
мақсаттарын талдау процесінде олардың жіктелу
жағдайлары мен бір қатар принциптері ұсынылды.
Мақсаттарды жалпы және жеке, ішкі және сыртқы,
сандық және сапалық деп жіктейді. Осы жіктеуден шыға
отырып, кәсіпкерлікті басқару жүйесінің мақсаты
қоғамның экономикалық өмірінің әр
түрлі аспектілерін қамтитындықтан,
жалпы мақсаттар категориясына жатады. Тұжырымдалған мақсат
сыртқы сипатқа ие, себебі ол жалпы Қазақстанның
экономикалық жүйесі
жағдайында анағұрлым жоғары деңгейде болады,
соңында мақсат бұл сандық емес сапалық
қасиетке ие, дегенмен мақсаттарды бөлшектеп байланыстыру процесінде кәсіпкерлік
қызметін жандандырудың нақты сандық көрсеткіштеріне
шығу ұйғарылуда.
Қанша дегенмен кәсіпкерлікті басқару -
бұл сатылы жүйе, олай болса мақсаттар да саты
деңгейлері бойынша айрықшаланады. Төмендегі келесі мақсат деңгейлері,
анағұрлым жоғары деңгейлі мақсаттарға
қол жеткізу құралы ретінде
орын алады. Осыған орай ұйымдық жүйенің кешенді
мақсаттарын қалыптастыру кезінде бөлшектеп
байланыстыру жүзеге асырылады. Мемлекеттік деңгейде
қалыптасатын бірінші ретті мақсаттарға немесе
аймақтық басқару органдар мақсаттарына айналады.
Мақсаттардың одан әрі бөлшектеп
байланыстырылуы, жергілікті кәсіпкерлікті басқару органдары
үшін мақсаттарды қалыптастыруға мүмкіндік
береді. Қалыптастырылған мақсаттардың тікелей іске
асырылуы нақты кәсіпорындар деңгейінде жүргізіледі.
Басқару механизмі
дегеніміз басқарудың ұйымдастырушылық
құры-лымдарының, функцияларының, қағидалары
мен әдістерінің, сондай-ақ әлеуметтік,
экономикалық және құқықтық
нормаларының жиынтығы, бұлар кешенді түрде
саланың тұрақты қызмет етуін және дамуын
қамтамасыз етеді. Басқару механизмін анықтауда басқарушылық
әсердің мақсаттарын көрсету маңызды. Себебі,
басқару механизмі мекеменің нақты мақсаттарына
қол жеткізуді білдіреді [4].
Басқару –
бұл өндірістің тиімділігін жоғарылату,
ғылыми-техникалық прогресті жеделдету және еңбек
өнімділігін арттыру, өнімнің және қызметтің
сапасын жоғарылату мақсатында өндіріс процесін сапалы
түрде реттеу. Шағын кәсіпкерлікті басқарудың әдіснамалық мазмұны
1-суретте келтірілген. Шағын кәсіпкерлікті басқарудың мақсаты – оны
дамытуды жетілдіре отырып, еліміздің экономикасының өсуіне
серпін беру.
|
|
Сурет 1 – Шағын және
орта бизнес кәсіпорындарын
басқарудың әдіснамалық мазмұны
Басқару жүйесінің тиімділігі ұйымдастыру
деңгейімен анықталады және ол келесідей негізгі элементтерді
үйлестіруді қажет етеді: басқару техникасын, ақпарат
пен кадрларды элемент бойынша бөлу; басқару шешімдерін негіздеу мен
жүзеге асыруды процестік бөлу; функционалдық
иерархиялық еңбек бөлінісін құрылымдық
бөлу.
Шағын
кәсіпкерлікте
басқару процесі бір-бірімен байланысып жатқан
өндірісті жобалау, жоспарлау және ұйымдастыру
кезеңдерін қамтиды. Сонымен бірге, жобалау кезеңі
кәсіпкерлікті басқаруда маңызды, әрі міндетті болып
табылады және әр кезеңде бірыңғай
мақсатқа жету үшін кәсіпкерліктің өнімділігі
мен құндылығын, оларды пайдалану тиімділігін сақтау,
жоғарылату міндеттері шешіледі. Басқару процесіндегі аталған кезеңдердің
айқындылығын мойындай отырып, қазіргі уақытта
басқарудың экономикалық әдістерін ұстанумен
ғана түбегейлі табыстарға жетуге болады.
Шағын
кәсіпкерлікті дамытуды басқарудың негізгі жағдайлары
мен алғышарттарына мемлекет экономикасында өтіп жатқан
үрдістермен тығыз байланысты жағдайларды және
алғышарттарды енгізуге болады (2-сурет). Сонымен қатар, шағын
кәсіпкерлікті басқару үрдісі кәсіпкерлік саясатын жүргізудің жүйелі
бағыттарын қалыптастыруды талап етеді. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік
басқарудың функциялары: барлық кәсіпкерлік иеленушілері
үшін міндетті ережелерді жасау; ережелердің орындалуын
қадағалау; ережелердің орындалуын қамтамасыз ететін
процедураларды жасау.
Сурет 2 – Шағын кәсіпкерлік секторының дамуын
басқарудың
алғышарттары мен жағдайлары
Мемлекеттік
басқару – бұл әлеуметтік басқарудың ерекше
түрі. Кез келген
деңгейдегі
әкімшілік-мемлекеттік шешімдер қандай да бір саяси
шешімдердің шеңберінде жасалады, қабылданады және
жүзеге асырылады [5]. ШКС-ның тұрақты дамуын анықтайтын фактор –
кәсіпкерлік саясаты (институционалдық аспект) болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті
басқарудың ұйымдастырушылық-бақылау механизмі
мемлекеттік тұрғыда қолдау жүйесімен,
әдістерімен, шешім қабылдау процедураларымен, басқару
органдарының құрылымымен, тиімділігімен сипатталады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1.
Қазақстан
Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы – Астана, 2012 ж.
2.
Жеке кәсіпкерлік туралы Қазақстан
Республикасының Заңы.-Егемен Қазақстан, -2006 жыл,
7-ақпан.
3.
Бегежанова,Э.К. Тенденции развития малого и среднего
бизнеса в Республике Казахстан [Текст] / Э.К. Бегежанова (Казаирова, Г.Р.) // Наука:
научно-производственный журнал.- Костанайский инженерно-экономический
университет им. М.Дулатова.- 2012.- №1.- С.67-70.
4. Бердешова, С.. Шағын және орта бизнес
субьектілерін дамытуды салықтық ынталандыру.- Ақтөбе, 2011
5.
Жайтлеуова,А.А.Организационно-экономические
механизмы управления малым бизнесом/ А. А. Жайтлеуова // Наука и образование.-
2011.- № 2.- 170-172.