Аскарбеков Ч.К.

Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ магистранты,

Алматы қ., Қазақстан

 

 

Контроллинг жүйесінің шетелдік тәжірибесі

 

Қазіргі таңдағы контроллинг жүйесі мақсатқа жетуге, келешекке, кәсіпорындағы әлсіз жерлерді анықтап, оларды жоюға, инновациялық үдерістерді үйлестіруге, нарық және клиенттерге бағытталған.

Ағылшын тілдес елдерде контроллинг термині пайдаланылмайды. Англия және АҚШ-та басқарушылық есеп термині түбірге еніп кеткен, бірақ қызметтік міндеттеріне басқарушылық есепті жүргізу жұмыстары кіретін жұмыскерлер бақылаушылар контроллер деп аталады.  Негізінен контроллинг термині Германияда қабылданып, содан барып Ресейге және біздің елімізге келіп жеткен деуге болады.

1880ж. АҚШ-та «Atchison, Topeka and Santa Railway System» жүйесі құрылған, осы жүйенің көмегімен контроллинг кәсіпорындарда қаржылық-экономикалық міндеттерді шешу үшін, қаржылық салымдарды және негізгі капиталды басқару үшін қолданыла бастады.

Ең алғаш контроллерлер қаржылық-экономикалық сұрақтармен және ревизия жүргізумен айналысқан. Бұл американдық корпоративті заңдылықтардың ерекшеліктерімен түсіндіріледі, мұнда екі басқарушылық орган  – акционерлердің жалпы жиналысы және директорлар кеңесі қызмет етеді. Басқа себептермен қатар жеке өзіне тән басқарушылық органның болмауы контроллер қызметін енгізудің басты себебі болды.

XXғ. 30-40 жылдары бұл елде контроллинг тұжырымдамасының айтарлықтай дамуы байқалмаған. 1950 жылдан бастап 1970 жылдар кезеңінде ел экономикасы жоғарғы қарқынмен және едәуір пайдамен өсе бастады, сондықтан неміс кәсіпорындарында кәсіпорынның өмір сүруі мен қызмет етуіне қауіп төндіретін жағдайларды болдырмау тәжірибесі орын алмаған. Германияда контроллингтің енуі және дамуы соңғы он жылдықта әлемдік қоғамдастықтың өзгерісіне, кәсіпкерлік ойлау және әрекет етуіінің принципиалды қайта негізделуіне байланысты болды.

Ең алдымен, Германияда 1965 жылдан бастап ірі фирмаларда есеп жүргізуге қатысты пайда орталықтары құрылған. Олардың қызметін үйлестіру және басқару үшін бұрын қолданылған басқару құралдары жарамсыз деп танылған.

Екіншіден, 80-жылдардың басында көптеген кәсіпорындардың төлем төлеу қабілетсіздігі жайлы мәселе орын алған, бұл жоспарлау мен басқару құралдарын жақсарту, сондай-ақ ұйым жетекшілерінің іс-әрекетін қатаң бағалауға қабілетті мамандар тарту қажеттілігіне әкелді.

Неміс контроллинг мектебі контроллингті фирманың нақты жағдайда едәуір көп пайда табуына мүмкіндік беретін реттеу жүйесі, пайданы басқару жүйесі болып табылады деген пікірді жақтаған.

Әртүрлі көзқарастардың айқын мысалы болып Германия және АҚШ елдерінің контроллинг тұрғысындағы тұжырымдамасы саналады (1-сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Е с к е р т п е - [2] әдебиет көзі негізінде толықтырылған

 

1-сурет  – Контроллинг үлгілерінің ерекшеліктері

 

АҚШ-та прагматикалық әдіс, яғни іс жүзінде пайдалы нәтиже беретінді ғана ақиқат деп білетін философиялық бағыт үстемдік етеді: мұнда контроллинг менеджментпен тығыз байланысты, көбінесе нарық талаптары мен клиенттердің мұқтаждықтарына бағытталған тұжырымдама ретінде қарастырылады.

Еуропа мен Американың дамыған елдеріне қарағанда, Ресейде 90 жылдардың басында контроллингке ынта білдіре бастады, бұл кезде экономикада заңды және жеке нысанда шаруашылықтың нарықтық қағидалары нық орын алған болатын. Қазақстанда контроллинг тұжырымдамасы мен әдістемесі соңғы 4-5 жылдың төңірегінде ғана зерттеле бастады.

Контроллинг термині АҚШ кәсіпорындарында пайда болғанына қарамастан, бұл термин ол елде мүлдем қолданылмайды. Сонымен қатар ағылшын тілдес елдерде «басқарушылық есеп» (management accounting) түсінігі түбірге еніп кеткен, басқарушылық есеп шеңберінде контроллингтің барлық кешенді міндеттері өз шешімдерін табады.

Керісінше, Германияда кәсіпорындарды басқару теориясы мен тәжірибесінде басқарушылық есеп түсінігі жоқ. Бухгалтерия қаржылық және өндірістік деп нақты бөлінген, сол себепті неміс ғалымдары «controlling» терминін ағылшын тілінен алынған кірме сөз ретінде қарастырып, осы ұғымды экономика және басқару саласындағы сапалы жаңа құбылыс деп көрсеткен.

Американдық үлгіде контроллинг қызметтеріне қосымша қаржылық есеп міндеттері енгізілген. Неміс үлгісінде әртүрлі нысандардағы ішкі (басқарушылық) есепке алу орын алған, керісінше, сыртқы есепке алу контроллинг аясына енбейді (2-сурет). Контроллер мен қаржыгердің міндеттері принциптік тұрғыда ерекшеленеді: қаржыгер ақша ағымдарын басқаруға жауапты болса, ал контроллер бухгалтерлік есеп және қаржылық жопарлауға қызмет етеді.

Сонымен, осы тұжырымдардың нақты айырмашылықтары мынада: неміс ғалымдарының тұжырымдамасы бойынша, контроллингтің басты орталық міндеттері-құжаттық, жоспарлы және бақылау нысанындағы ішкі есепке алу мәселелерін шешу болып табылса, ал американдық тұжырымдамада контроллинг ішкі есепке алумен қатар, сыртқы есепке алу, талдау және нәтижелерді бағалау қызметтерін құрайды.

Ресейлік зерттеушілердің көпшілік пікірлері бойынша, Ресей кәсіпорындарында контроллинг жүйесін құрудың «неміс» тұжырымдамасын қолданған қолайлырақ. Бұдан Ресей мен қазақстанның жоспарлау, есепке алу, есеп беру, ақпараттық қамтамасыз етілуі жағынан, басқару теориясы мен тәжірибесі, терминологиясы мен әдістемелері ұқсас, ортақ сипатқа тән екенін ескере отырып, контроллинг жүйесін қазақстандық кәсіпорындарда негіздеу және енгізуде неміс үлгісін қолдануға болады деп санауға болады.

Екіншіден, бухгалтерлік есеп, салық есебі және американдық үлгідегі басқа да қосымша қызметтерді контроллинг жүйесіне енгізу мәліметтердің қатысуына әкеп соғуы мүмкін, осыған байланысты контроллингтің неміс үлгісі қолдануға жарамды және ыңғайлы.

Сондықтан, Қазақстанда кәсіпорынды тиімді басқаруда ұтымды оперативті және стратегиялық шешімдерді қабылдауды қамтамасыз ететін, кәсіпорынды тек пайда алуға бағыттап қана қоймай, бірмезгілде басқа да көптеген маңызды міндеттерді кешенді шешуге негіздей отырып, басқаруға мүмкіндік беретін менеджменттің қаржылық-экономикалық қызметтерінің функционалды оқшауланған бағыты ретіндегі контроллинг жүйесін дамыту қажеттігі туындайды.

                                                                                

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1           Ташенова С.Д. Система контроллинга: теория и методология формирования и модель развития. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. – 286 с.

2           Планирование и контроллинг: Учебник/ Ю.П. Анискин, А.М. Павлова. -М.: Омега-Л, 2003. -280 с.

3           Якименко А.А. Методические рекомендации по разработке положения о службе контроллинга среднего предприятия // Контроллинг. - №1. – 2002. – С. 16-19.