Оқас С.А.
Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ магистранты,
Алматы қ., Қазақстан
Туристік қызмет нарығының саралануында
қолданылатын негізгі критерийлер
Кез – келген елде және кез
– келген туристік нарықта туристік бизнестің дамуы үшін
уәждемелеудің алатын орыны ерекше. Саяхаттау уәждері туристік
сұранымғада, туристік ұсыныстарғада әсер етеді.
Уәждемелеу – тұтынушы психологиясында индивидуумның ояну уәждері.
Туризмнің инфрақұрылымын жасау үшін және туристік
сұранымды ынталандыру үшін оларға шетелдік туристердің
беталысының «қара жәшігін» білуі қажет.
Туристік индустрияның тұтынушылар үшін
артықшылықтары - туристердің сапары кезіндегі
басымдылықты анықтауды зерттеу маңызды мәнге ие болуда.
Сұранымды реттеу мен туризм аясындағы тұтынушы беталысын,
оның талғамдарын, мүмкіндіктерін және т.б.,
анықтау үшін, тәжірибеде тауарлық маркетингтің
диффузиялық моделін қолданған тиімді.
Осы туризмдегі модельге
сәйкес туризмнің жеке түрлері үшін туристік
қызметтің айқын көрінетін сапалық сипаттамаларын
бөлуге болады. Мұндай сипаттамаларды жүйелендіру және
тауарлық маркетингтің диффузиялық моделі ұсынатын шкала
бойынша бағалау керек. Диффузиялық модель шеңберінде
шешілетін негізгі мәселе, тұтынушы – туристік қызмет
өзара әрекетінің векторын анықтау болып табылады.
Ең қарапайымы тұтынушыларды эксперттік сауалнамалау
әдісі көмегімен, тұтынушының беталысын анықтау
болып табылады. Туристік қызметтің әрбір сапалық сипаттамасы,
әдіске сәйкес, сапалық белгілер жиынтығымен сипатталуы
керек, жәнеде әрбір сипаттамаға мәнділіктің
үш деңгейі орнықтырылады:
– қажетті
(мәнділіктің 1 мәні беріледі);
– қалаулы
(мәнділіктің 0,5 мәні беріледі);
– талғаусызды
(мәнділіктің 0 мәні беріледі) .
Сауалданушыларға
әрбір сипаттама бойынша үш деңгейдің бірін белгілеу
ұсынылады. Бұл әдіс туристік қызметті
өндірушілерге туристерге қызмет көрсету кезінде барынша
сапалы сипаттаманы таңдауға мүмкіндік береді, сонымен
қатар, жалпы туризмнің қандай түрлері сұраныста
екенін анықтауға және оларды тұтынушылар уәжімен
сәйкес саралауға, оларды стратегиялық жоспарлау кезінде
қолдану мақсатында туризм аясындағы тұтынушылық
беталысты сұлбалы анықтауға мүмкіндік береді.
Туристік қызмет
нарығының саралануы кезінде қолданылатын негізгі критерийлері: географиялық,
әлеуметтік-демографиялық; психологиялық (сурет 1).


1 - сурет - Туристік қызметте қолданылатын
негізгі критерийлер
Туристік қызмет
нарығы сұранысының географиялық параметрлері бойынша
мүшеленуі тұрақты тұратын елдің ішкіге, кіруге
және шығуға бөлінуіне тәуелді жүргізіледі.
Қазақстанда
туризмнің шығу сегментінде өсу динамикасының беталысы
байқалады, ондағы барлық сапардың 80% шопинг
үлесіне келеді. Ішкі туризм нарығында қолайсыз жағдай
туды. Соңғы екі жылдың ішінде осы сегменттің күрт
төмендеуі байқалады, бұл шиеленіскен экономикалық
дағдарыс пен халықтың пайдасының төмендеуімен
және жұмыссыздықпен байланысты.
Шығу туризміне
сұраныстың төмендеуінің сипаты кездейсоқтық
емес. Туристік белсенділіктің төмендеуі себептерінің бірі –
шетелдерде Қазақстан туралы ақпараттың шектеулілігі,
елдің туристік әлеуеті туралы каталогтардың, жарнамалық
проспектілердің болмауы. Елдегі
мәдени-тарихи ескерткіштерді жөндеу ғана емес, сонымен
қатар туризм индустриясында қолдану мақсатында оларды игеруде
қажет. Одан өзге, туризм инфрақұрылымының
дамуының төменгі деңгейі, әсіресе қонақ
үйлерінің, кемпингтердің, отелдердің, бос уақытты
өткізу индустриясының объектілерінің болмауы,
көңіл көтерер шаралардың жеткіліксіздігі,
туризмнің дамуына қаражат бөлудің тұрақты
төмендеуі кіру туризміндегі белсенділіктің құлдырауын
алдын ала анықтады.
Әлеуметтік шетелдік
туризмді тарту үшін, жан – жақты маркетингілік зерттеулер
жүргізу керек, сол арқылы
оны қандай туристік өнім қызықтыратынын
анықтауға болады, ал соған сәйкес оны қабылдау
базасы құрылады.
Туристік қызмет
нарығының психологиялық критерийлердің негізгі
параметрлері болып табылатындар: уәж, сапарлар, турист типі, мерзімдік,
сапар пішіні, қолданылатын көлік құралдары,
пайдаланылатын орналасу құралдары, сапардың
ұзақтығы, сапарды қаржыландыру көздері [32].
Туристік бизнесте турөнімді
өткізудің каналдар жүйесі үлкен роль атқарады.
Өткізілім желісі көтерме фирмаларға (туроператорлар)
және бөлшекті фирмаларға (тураганттер) бөлінеді.
Сонымен,
қазіргі таңда Қазақстандық және шетелдік
азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге
қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең
мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі
жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен
құру, саланы дамытудың экономикалық және
құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі
Қазақстанның туристік өнімінің сапасын
қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең
маңызды мәселелердің қатарында қала береді.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1
Ильина Е.Н.
Туроперейтинг: Организация деятельности: Учебник. - М.: Финансы и статистика,
2000. - 256 с.
2
Создание туристского
национального бренда // www.tours.kz
3
Яковлев
Г.А. Экономика и статистика туризма: учебное пособие. -М.: Издательство РДЛ, 2006.- 224 с.