Кучкаров Н.С.
Т. Рысқұлов ат. ҚазЭУ магистранты,
Алматы қ., Қазақстан
Басқару
ғылымындағы «cтратегия» ұғымы аясындағы
анықтамаларға теориялық шолу
Заманауи
кезеңдегі Қазақстан Республикасы ұлттық
экономикасының дамуы индустриалды-инновациялық жүйені жетілдіру, экономиканы
жаңа өндірістік-технологиялық басқаруды меңгеру
сипатына ие. Әлемдік және
отандық нарықтарда бәсекелік
қарым-қатынастардың күшеюі, технологиялардың
серпінді дамуы және өзгермелілігі, бизнестің өспелі
әртараптандырылуы, бизнес-жобалардың күрделенуі және
тағы басқа факторлар кәсіпорында басұару жүйесіне
және оны басқаруға деген жаңа талаптарды енгізуге себепші
болып отыр. Тек кәсіпорынның табысты қызмет етуі
үшін басқару
үдерісін жай ғана ұйымдастыру жеткіліксіз, тиімді стратегия
құру және енгізу қажет. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты
Қазақстан халқына Жолдауы экономиканың
сапалы теңдестірілген өсуіне бағытталған мемлекеттің экономикалық
саясатының қалыптасуы мен жүзеге асырылуына ықпалын
тигізеді. Осы Жолдауда компаниялардың нарықтағы
тауашаларындағы бекемділік даму
стратегияларын жүзеге асыру маңыздылығымен айқындалады.
Кәсіпорын стратегиясы
және стратегиялық басқару мәселелері
көптеген отандық және
шетелдік ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Стратегиялық басқару ториясының негіздері, ерекшеліктері,
мақсаттары мен талдау әдістері, әр деңгейдегі
бәсеке артықшылықтарын зерттеген ғалымдардың
еңбегінің негізі болып табылады.
Қазіргі
таңда стратегия ұғымына байланысты анықтамалар
көп. Дегенменде, олардың барлығы сайып келгенде стратегия
ұғымына стратегиялық шешімдерді қабылдауға
байланысты фирманың болашақ жағдайына әсер ететін
жүйелі түрде ойластырылған нормалар мен ережелердің
жиынтығымен түсіндіріледі (кесте 1) .
Кесте 1 –
Әртүрлі авторлардың «стратегия» ұғымына берген
анықтамалары
№ |
Анықтама
сипаты |
Автордың
аты-жөні, фамилиясы |
1 |
Стратегия -
ұйымның негізгі ұзақмерзімді мақсаттары мен
міндеттерінің анықталуы, және осы мақсаттарға
жетуде әрекеттер мен ресурстарды соған бағыттау |
А. Чандлер |
2 |
Стратегия,
сыртқы мүмкіндіктер мен қауіптер, ішкі күшті
және әлсіз жақтарға жауап қату әдісі |
М. Портер |
3 |
Стратегия,
ұйымның бәсекелестік мақсаттарын анықтау
әдісі |
Гарвардтық бизнес мектебі, |
4 |
Стратегия,
корпоративтік, іскерлік және функционалдық дегңейлер
үшін мақсаттардың орнатылау әдісі |
И.Ансофф, |
5 |
Стратегия,
басқарушылық шешімдердің тізбекті, үйлестірілген
және біріккен құрылымы |
Г. Минцберг |
6 |
Стратегия
ұйым негізі болып табылатын адами капиталға негізделген
және ұйымның сыртқы орта өзгерістеріне икемді
әрі уақытында жауап бере алатын басқару |
Виханский |
7 |
Стратегия,
ұйымның негізгі бәсекелік жетістіктерін дамыту әдісі |
Г. Хамель |
8 |
Стратегия,
жоспарланған қызмет көрсеткіштеріне қол жеткізу
бойынша әрекеттер мен тәсілдер жиынтығы |
А. Томпсон |
Ескертпе –
[2,3,4] көздері негізінде автор құрастырған |
Жоғарыда
келтірілген анықтамалардың барлығы дерлік кәсіпорын
үшін маңызды, өйткені стратегия ең алдымен
өндіріс деңгейіндегі ағымды басқарумен жоғары
деңгейдің айырмашылығын көрсетеді. Оның әлі
де көптеген анықтамалары бар. Мысалы: стратегия – дамудың
жалпы бағыты, басқарудың жоғары деңгейіндегі
шешімдерді талап ететін әлуетті қызмет.
Стратегия – бұл көпжақтылы
түсінік. Г. Минцберг, Б. Альтсренд, Д.Лэмпел оны бес бағытта
анықтайды:
-
стратегия –
бұл жоспар, бағдар немесе қазіргі жағдайдан
болашаққа бағытталуының дамуы.
-
стратегия –
бұл мінез-құлық қағидасы немесе
мінез-құлық моделі.
-
стратегия –
бұл позиция.
-
стратегия –
бұл перспектива.
-
стратегия –
бұл бәсекелесті алдау мақсатындағы тәсіл мен
айла.
Стратегиялық
менеджменттің негізгі мазмұнын мыналар құрайды: фирма
бизнесін белгілеу мен негізгі мақсатын анықтау; фирманың
сыртқы ортасын талдау; оның ішкі жағдайын талдау;
фирманың шаруашылық аймағы деңгейінде стратегияны
таңдау мен дайындау; әртараптандырылған фирманың
портфелін талдау; оның ұйымдық құрылымын жобалау;
компания стратегиясы мен нәтижелерінің кері әсерін
қамтамасыз ету; стратегияны, құралымды және
басқаруды жетілдіру.
Стратегиялық басқару – ол
ұйымның өз алдына қойған мақсатына жетудегі
шешімдер жиынтығы мен әрекеттері. Стратегия – ол негізгі
мақсаттарға қол жеткізудегі басымды мәселелер мен
ресурстарды анықтаудағы әрекеттердің бас
бағдарламасы. Стратегиялық басқарудың нысандарына
коммерциялық фирмалар, аймақтар, ел, шағын кәсіпорындар
және тағы басқалар жатады.
Осылайша «стратегия» ұғымы
аясында ғалымдардың берген анытамаларына қатысты
жүргізілген шолу мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік
береді: стратегия – ұйымның перспективалық даму
бағыттарын, сонымен бірге қоршаған орта өзгерісі жағдайында
оның жұмыс жасауының әдістері мен тәсілдерін
анықтайтын басқарушылық шешім жүйесі.
Басқарудағы стратегиялық тәсілдер оның орындалуын
ұзақ мерзімді перспектива бойынша ұйым қызметі мен
нарық талаптарының арасындағы сәйкестікті қамтамасыз
етуден тұрады,
Барлық
кәсіпорындарға бірдей арнайы
стратегиялардың үлгілері жоқ, сол сияқты
стратегиялық басқарудың да біртұтас үлгісі
болмайды. Кез-келген нарықтық экономикада жұмыс жасайтын
кәсіпорындар өзінің жеке сипаттамалары бойынша әр-түрлі.
Сол себептен олардың инновациялық үдерістерді
басқаруларының
стратегиялары да әртүрлі, оның формалары мен
әдістері де басқа,
көптеген кәсіпорындарда қайталанбайтындығын
ескерген жөн.
Қолданылған
әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан
Республикасының Президентi - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан
мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы, "Егемен Қазақстан газетi" № 7
шығарылым, 2013ж, 5-7 б.
2. Басовский, Л.Е. Стратегический менеджмент: Учебник / Л.Е. Басовский 2013. - 365 c.
3. К. Б. Бердалиев. Стратегиялық
менеджмент:оқулық.-Алматы:Дәуiр, 2011.-312 б.
4. Шифрин, М.Б. Стратегический менеджмент / М.Б.
Шифрин. - СПб.: Питер, 2010. - 240 c.