З.С.Тоқбергенова,
т.ғ.к.,С.Қ.Әлімбаева, социол.ғ.к.
Тараз
мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
ЕЛІМІЗДІҢ ТАРИХЫ –
ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ НЕГІЗІ
ХХ ғас.
соңында еліміз халықтарының ұлы жетістігі
Қазақстанның тәуелсіз мемлекеттілігінің орнатылуы
болды. Бұл ұлттық отарлаудан құтылу, толық
мағынадағы тәуелсіздік халқымыздың ғасырлар
бойы аңсаған, күткен арманы болатын. Осы
ұлттық мүдде жолында
алаштың ең ардақтылары өз жандарын құрбан
қылды. Қазақстанның тәуелсіз мемлекетін,
халқымыздың еркін, азат өмірін, өз тағдырларын
өздері шешетін ұлы бақытын көруді бүгінгі
ұрпаққа нәсіп етті.
Қазақстан
тәуелсіздігінің жиырма бір жылдық белесінде егемен ел
болудың саяси-экономикалық алғышарттары орындалды. Енді
рухани, мәдени және тарихи саладағы бар-жоғымызды
түгендеудің сәті туып отыр. Әрине, бұл ең
алдымен, мемлекеттілікті нығайту үшін аса қажет мәселе.
Ең бастысы, ұлт болашағы жас ұрпақтың
санасына туған елінің, туған жерінің қадірін
біліп, Отанын сүюге баулу үшін әлі де көп еңбек
жасалуы керек. Оның бір парасы – ұлттық тарихты саралау,
зерделеу, зерттеу.
Бұл
мәселе мемлекет деңгейінде қолға алынды. Мемлекеттік
хатшы Марат Тәжин басқарған ведомствоаралық
мәжіліс қазақ тарихы мен тарихи тұлғалардың
және тарихи мәліметтердің қайта жандануына зор
мүмкіндік ашқаны сөзсіз. Ұлт тарихын зерделеу
жөніндегі іс-шараның ауқымы кең, мағынасы зор.
Бүгінгі
таңда жоғары оқу орындары оқытушыларының алдына
әлемдік өркениетке шыға алатындай білімді жастарды
тәрбиелеу міндеті қойылып отыр. Әлем сахынасына рухы
күшті, дені сау, білімді, тілін, тарихын, дінін, ділін, өз
ұлтын шексіз сүйетін ұрпақ қана шыға алады.
Ол үшін оның санасына ата-бабаның салт-дәстүрін,
тәрбиесін сіңіру қажет. Тәуелсіз Қазақстан
Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру
жүйесінің міндеті – ұлттық және адамзаттық
құндылықтары, ғылым мен практика жетістіктері негізінде
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби
шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті
жағдай жасау» деп аталып көрсетілген.
Елбасы
Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық
бағдарламасында: «Жастарды қазақстандық патриотизмге
шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға
ретінде тәрбиелеу қажет. Бүгіннен бастап ұлттық
мінез-құлық, биік талғампаздық,
тәкаппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам,
ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз
керек» - десе, 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты» атты халыққа Жолдауында:
«Оқыту үдерісінің тәрбиелік құрамдасын
күшейту қажет. Олар – патриотизм, мораль мен парасаттылық
нормалары, ұлтаралық келісім мен толеранттылық,
тәннің де, жанның да дамуы, заңға
мойынұсынушылық. Бұл құндылықтар,
меншіктің қандай түріне жататынына қарамастан,
барлық оқу орындарында да сіңірілуге тиіс» деп,
ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығына ерекше
тоқталған болатын. Міне, осы тұрғыдан келгенде,
мемлекеттік дәрежедегі мәселе білім беру саласында жастарды
патриотизмге тәрбиелеу мәселесінің өзектілігі
әрқашан да маңызды болып қалмақ.
Біздің
көшбасшымыз Н.Ә. Назарбаев: «Көп ұлтты жастарды
өздерін Қазақстан тарихымен, алдыңғы
ұрпақтың маңызды өмірлік
құндылықтарымен байланыстыруға үйрету керек.
Жастарға нақты өмірлік бағдарлар беріп,
күмән тудыратын түрлі идеялардан сақтау керек» - деген
болатын.
Ұлттық
идеология өзінің көкейтесті міндетін шешу
барысында қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуді
мақсат тұтады. Тәуелсіздігіміздің қалыптасу
кезеңінде патриотизм жаңа сапалы мазмұнға ие болады,
өйткені патриоттық тәрбие мәселелері аса күрделі
болып табылады. Тәуелсіз мемлекетімізге жан-жақты білімді, өз
елі үшін, оның келешегі үшін бар білімі мен күшін
аянбай жұмсайтын нағыз Отаншыл азаматтар керек. Бұндай
міндетті орындау жоғары оқу орнында Қазақстан тарихы
пәнін оқытуда жүзеге асырылады. Егемендік алғаннан
бергі кезең – Отанымыздың тарихына деген зор
сүйіспеншіліктің, Ұлы даламызды мекендеген қазақ
халқының тарихына деген ынта мен ықыластың,
құштарлық пен қызығушылықтың барынша
өскен уақыты. Өз елінің тарихын терең білу
арқылы адамның рухани дүниесі кеңейеді, ішкі
дүние байлығы, адами қасиеттері жалпы адамзаттың тарихы
мен тарихи жетістіктерімен тығыз байланысты.
Тарих –
халықтың алтын қазынасы десек, сол қазынаны
төкпей-шашпай сол қалпында болашақ ұрпаққа
жеткізу Қазақстан тарихы пәнінің тікелей міндеті.
Қазіргі студент жастарымыз қоғамның келешек мамандары,
Қазақстан Республикасының ертеңгі тағдыры мен
тарихын жасаушы зиялы қауым өкілдері. Олардың өз
халқының тарихи дамуының ерекшеліктерін білуінің
мемлекеттік тұрғыдан алғанда да зор маңызы бар.
Бірақ қолға алған ұлттық
мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтап қалу, оның
саяси, экономикалық, әлеуметтік өркендеуін және
келешекте бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына
қосыла алатын мемлекет дәрежесіне жеткізу үшін өте қажетті бір міндет бар. Ол мәселенің қай дәрежеде орындалуы азаматтардың
қоғамдық-саяси дәрежесіне, ұлттық
тәуелсіздік идеясының
олардың санасында қай дәрежеде қалыптасыуна
байланысты. Бұл ұлы да, күрделі міндетті атқаруда білім
мен ғылым, халық ағарту саласы негізгі орынды иеленеді.
Бүгінгі
ғасыр – білімділер ғасыры. Заманына сай зерделі, ой-өрісі
жоғары азаматтарды қалыптастыру – мемлекеттің аса
маңызды стратегиясы. «Нұр
Отан» партиясының кезектен тыс ХV съезінде Елбасымыз «біздің
болашағымыз – алтын жастар» деп атап өтті. Елімізде жүзеге
асырылған және алдағы уақытта жүзеге асырылатын
кешенді бағдарламалардың барлығы, ең алдымен жастар
үшін жасалып жатқанын атап көрсетті. Соның бірі
«Қазақстан – 2050» Стратегиясы болып табылады. Себебі қазіргі
кезде мектеп пен жоғары оқу орнын бітіретін жастар болашақта
ел басқару ісіне араласа бастайды. Стратегия игілігін жастар
көретін болады.
Енді елімізді
мәңгілік ел ретінде сақтап қалу – жастарға аманат
екенін мемлекет басшысы осы съезде бір емес, бірнеше рет нақтылай
түсті. Тәуелсіз
Қазақстанның келешегі болған жас ұрпақты
тәрбиелеу, олардың санасына ұлттық рух пен
патриоттық тәрбие
қалыптастыруда Отан тарихының орны мен мүмкіншіліктері
шексіз. Сондықтан да, осындай мемлекетіміз бен халқымызыдың
келешегі үшін жол болып саналатын міндетті орындауда да
Қазақстан тарихы пәнінің рөлі де, міндеті де
үлкен. Өйткені, тарих халықтың рухани мұрасы,
Отанымыздың өткені, ұрпақтарымыздың аялап
үйреніп, өрнек пен сабақ алатын өмірлік мектебі
саналады. Тарихы жоқ бірде бір халықтың бүгіні
болмағандай келешегі де болмайды.
Тарих
азаматтарды ойландырады, болған тарихи жағдайлар мен
құбылыстарды талқылап, парақтайды, ой елегінен
өткізеді және олардан өмірлік қорытындылар
шығарып алуына негіз болады. Ұлттық бірліктің
қалыптасуында тарихи
шежіреміздің ұлықтылығы мен тазалығын білу мен
оларды қадірлеуде, ежелден дана халқымыздың әлем
халықтары арасында алатын орнына баға беруде, оның бай
өмірлік, тарихи тәжірбиелерін орынды әрі кең пайдаланунда, халқымыздың
көшпелі өркениетіне сай байырлығы, мәрттігі,
ашықтығы мен шешендігін, салт-дәстүрлерін
үйренуде және оны байытуда, жалпы тәуелсіз
Қазақстан азаматтарына тиісті болған жоғары
патриоттарды қалыптастыруда да Отан тарихының маңызы зор.
Қазақ халқының тарихына көз
жіберсек, сонау Күлтегін, Білгеқаған, Тоныкөктен бастап
жерін, елін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге
толы. Бесік жырынан басталатын ерлікке баулу дәстүрлері түркі
халқына тән негізгі ырымдар. Халқымыздың
бойындағы отансүйгіштік құндылықтарды
ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған
заңдылық тұрғысынан да қарауға болады.
Бұған дәлел көне түркі заманынан бастау
алған патриоттық құндылық Күлтегін
жазбаларында былай деп суреттеледі: "Елтеріс қағанның
алғырлығы, еліне деген сүйіспеншілігі Күлтегіннің
қанына ана сүтімен сіңді” – деген көне жазу
қазақ халқының бойындағы ұлттық
патриотизм сезімдері бүгін ғана пайда болған жоқ, ол
ежелден-ақ туындап, дамып келе жатқан қасиет деуге болатындығын
көрсетеді.
Өз
тарихын, ата-бабалары мен
әулеттерінің басып өткен жолын жақсы білген халық
өркениеттің алға басуына әрекет жасайды.
Ұлттық
рухты аңғарып алмаған халық ұлттық
егемендіктің қадіріне жетпейді, бұндай халықтың
санасында ұлттық мақтаныш, Отанның өркениеті
жолындағы жанашырлық сезімдері жанбайды, ұлттың
бірлігі, отансүйгіштік пен жалпы адамгершілік сезімдері
қалыптаспайды. Ондай халық барлық кезде
басқалардың әсеріне түсу қауіпінде өмір
сүреді, қорланады, кемсітіледі, оның ұлттық
және адамгершілік құқықтары тапталады. Бұл
өмірлік ащы ақиқатты халқымыз өз тарихында
бірнеше рет татып көрді.
Тарихта
халқымыздың ұлттық бірлігі мықты болған
замандар да болды, табиғатынан кең пиғылды халқымыз
тарихи кезеңдерде жеріміз бен жұртымызды жаудан
қорғады, оның азаттығы үшін жанын пида еткен
ұлы перзенттерін тәрбиеледі. Бірақ әртүрлі
ішкі-сыртқы факторлар нәтижесінде
дербестігінен айырылып,
біртұтастық жойылды. Бірлігі жойылған ел сыртқы
дұшпандарға жем болды. Бұл тарихи ащы ақиқатты
білмеген, тарихи жағдайлар мен құбылыстарды талқыламай,
олар туралы жас ұрпаққа тарихи білім мен тәрбие бермей
халық санасында
ұлттық сезім мен сананы, отансүйгіштікті
қалыптастыру мүмкін емес. Демек, тәуелсіз
Қазақстанның білім жүйесінде Отан тарихын
тереңдете оқыту уақыт талабы болып тұр.
Сондықтан,
Қазақстан тарихын оқытуда жаңа міндеттер белгілеуіміз
қажет болады.
«Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар.
Сіздер оларға қалай білім берсеңіздер, Қазақстан
болашақта сол деңгейде болады» деген Н.Назарбаевтың
сөздері ұстаздар қауымына
үлкен жауапкершілікті жүктеп отыр. Бұл міндетті орындау
үшін жоғары оқу орындарында заманауи технологиямен
қаруланған, қоғамның даму
заңдылықтарын объективтік және субъективтік жағынан
талқылай алатын азаматтарды дайындауымыз қажет.
Ал, оқу орындарында сапалы білім беру
үшін біріншіден, сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету,
екіншіден, педагогикалық
инновация қажет. Жоғары оқу орындарында Қазақстан
тарихын оқыту мәселесі қазір мемлекеттік деңгейге дейін
көтерілген маңызды оқиға және Отан тарихы қоғамымыздағы алатын орны
мен ерекшелігіне қарай негізгі пән болып отыр. Демек,
Қазақстан тарихы пәні бойынша мектеп пен жоғары
оқу орындарына арналған сапалы оқулықтар дайындау
қажет.
Жоғары
оқу орындарында білім алып жатқан қазіргі жастарымыз
келешекте қоғамның саяси, экономикалық және
ғылыми элитасының негізін қалыптастыратынын ұмытпауымыз
керек. Олар әлеуметтік-саяси және мәдени өзгерістер
процесінде басты қызметті атқаратын болады.
Қазақстандық қоғамның дамуы жастардың
тұлға ретінде қай бағытты таңдайтынына, білім жүйесінің
оларға қандай әлеуметтену түрін ұсынатынына,
жастардың азаматтық санасында қазақстандық
мәдениеттің, тарихтың, менталитеттің қандай
құндылықтары нығаятынына байланысты.
Біз адам
бойында Қазақстан тарихы пәнін оқыту арқылы
дүниетанымдық, ізденімпаздық қасиеттерін
тәрбиелей отырып, Отанын сүйіп, қорғай алатын
болашақ ұрпақ шығара аламыз. Патриотизм –
әлеуметтік, тарихи қалыптасқан сезім – Отанға деген сүйіспеншілік
сезім, олай болса ол да Отанға қызмет көрсетуден басталады.