БОЛАШАҚ  МҰҒАЛІМДЕРДІ ӨНЕРТАНЫМДЫҚ-ӨЛКЕТАНУ ТӘРБИЕСІН БЕРУГЕ  ДАЙЫНДАУ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

 

п.ғ.к., доцент Б.У. Курбаналиев

 

Болашақ мұғалімдерді өнертанымдық-өлкетану тәрбиесін беруге дайындаудың тұжырымдамасының мақсаты - оқушыларға өнертанымдық-өлкетану тәрбиесін беруге болашақ мұғалімдерді дайындау. «Туған өлке өнері» және «Өнертанымдық-өлкетану тәрбиесі» атты арнаулы курс пен семинарды оқыту арқылы болашақ мұғалімдерге өнертанымдық-өлкетану- тәрбиесінен педагогикалық білім мазмұнын беруді жүзеге асырумен сипатталады. «Өнертанымдық-өлкетану» терминін еңдіру педагогика ғылымында әлі де. өз шешімін тапқан жоқ. Бұл термин этнопедагогика ғылымына еңдірілуі тиіс. Өйткені, этнопедагогика-ұлттық тәлім-тәрбиеңі жинақтайтын, оны қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.

Философия, саясаттану, мәдениеттану, психология ғылымдарында соңғы жылдары өнертанымдық-өлкетану терминдеріне жан-жақты әртүрлі анықтамалар беріле бастады.

Өнертанымдық-өлкетану - адамдардың тарихи, әлеуметтік, этникалық тұтастығы. Ал өнертанымдық-өлкетану - белгілі бір өлкеге тән, оның ерекшеліктерін көрсететін, қамтитын белгісі туған өлке өнері. Ұлттық ерекшеліктер оның тілімен, тарихыман, мәдениетімен қатар, туған өлке өнерімен көрініс береді. Егер осы туған өлке өнерінің ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаны тәрбиелесе және оқытса, оқушы өнертанымдық - өлкетану білімі мен тәрбиесін алады. Сонда ғана, оның ұлттық мінезі, санасы, намысы, дүниетанымы ұлттық сипатта дамып, біртұтас болып қалыптасады

Өнертанымдық өлкетану деп - еліміздің белгілі бір өлкесінде кездесетін бейнелеу, сәулет, қолөнер туындыларының жүйесін түсінеміз. Болашақ мұғалімдерді өлкетану тәрбиесіне дайындау дегеніміз - туған өлкенің бейнелеу, сәулет, қолөнерлері арқылы оқушыларды эстетикалық, отансүйгіштік, адамгершілік құндылықтарды менгертуге бағытталған педагогикалық білімдерін, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Мектеп оқушыларына өнертанымдық - өлкетану тәрбиесі отбасында және мектепте берілуі тиіс. Өкінішке орай, қазіргі отбасындағы тәрбие және мектептегі тәрбие мен оқыту кеңестік педагогика және шетел педагогикасы арқылы жүргізілуде. Оқушыларға өнертанымдық - өлкетану тәрбиесін беруге мектеп мұғалімдері даярланбаған, ол өнертанымдық - өлкетану тәрбиесін берудің педагогикалық білім алмаған, өйткені өнертанымдық-өлкетану тәрбиесінің проблемалары педагогтік оқу орындарында оқытылмады. Сондықтан, келешекте қазақ ұлты сақталсын десек, болашақ мұғалімдерге туған өлке өнері мен оны оқыту әдістемесін жүйелі оқытып, оларға педагогикалық білім беруді тезірек жүзеге асырып, солар арқылы отбасы мен мектепке өнертанымдық - өлкетану тәрбиесін еңгізу керек. Сол үшін болашақ мұғалімдерге өнертанымдық-өлкетану тәрбиесінің педагогикалық білімдерін беру тұжырымдамасын жасау және оны іске асыру қажет болды. Тұжырымдаманың мақсаты - туған өлке өнері құндылықтарын ескере отырып, болашақ мұғалімдерге педагогикалық білім беру арқылы оларды оқушыларға өнертанымдық-өлкетану тәрбиесін беруге даярлау.

Болашақ мұғалімдердің өнертанымдық-өлкетану дайындығы дегеніміз - өнердің түрлері, дамуы, қалыптасуы, ерекшелігі туралы білімдер жүйесін менгеру, өнер шығармаларын талдау, оларға баға беру, даму бағытын айқындау, олардың педагогикалық қызметке бағытталған өнертану іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру болып табылады.

Суретіші - педагогтарының көп жылғы ғылыми - зерттеу жұмыстарының нәтижесінде, туған өлке өнері және оның даму тарихы туралы педагогикалық ой пікірлері қалыптасты. Суретші-педагогтар мен ғалым - педагогтарының туған өлке өнері және өнертанымдық - өлкетану тәрбиесі туралы ой пікірлерінің қалыптасуы оларды жоғары оқу орнында оқытуға, Сонымен қатар, туған өлке өнері материалдарын оқу бағдарламасы ретінде жинақтап, оларды гуманитарлық, педагогикалық, психологиялық және әдістемелік пәндер мазмұнына қосымша ретінде қолдануға жол ашты. Бұл жағдай өз кезегінде, «Туған өлке өнері» атты болашақ мұғалімдерге арналған арнаулы курсты оқу үдерісіне еңгізу қажеттігін көрсетті. «Өнертанымдық - өлкетану тәрбиесі» мектеп мұғалімдеріне арналған арнаулы курсты оқу үдерісіне еңгізу мақсаттары, міндеттері, объектісі, әдістері, факторлары, принциптері, заңдары мен заңдылықтары, теориялары, көздері, ұғымдары, терминдері мен қатегориялары анықталып, оның әдіснамасы, теориясы мен практикасы жасалды.

Өнертанымдық - өлкетану тәрбиесі дегеніміз - эстетикалық, отансұйгіштік, адамгершілік құндылықтарды менгерту мақсатына бағытталған мұғалім мен оқушының қарым - қатынас іс - әрекеті және педагогика ғылымының аясында қалыптасып, біртұтас жүйелі өнертанымдық-өлкетану тәрбиесінен білім беретін дербес арнаулы курс ретінде тану қажеттігі көрінді. Өнертанымдық-өлкетану тәрбиесінің нәтижелі болуы болашақ мұғалімдерді дайындауға байланысты.

Болашақ мұғалімдерді оқушыларға өнертанымдық-өлкетану тәрбиесін беруге даярлау үшін туған өлке өнері мен өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің әдіснамалық, педагогикалық, теориялық және практикалық проблемалары бойынша жоғары оқу орындарында арнайы курстар, арнайы семинар мен мектептерде факультативтер ұйымдастырып өткізу жоспарланды. Олар «өнертанымдық - өлкетанудың теориялық негіздері», «өнертанымдық-өлкетанудың даму тарихы», «суретші - педагогтарының өнертанымдық -өлкетану тәрбиесі туралы ой - пікірлері», «сәулет өнеріндегі өнертанымдық-өлкетану тәрбиесі», «мүсін өнеріндегі өнертанымдық-өлкетану тәрбиесі», «қолөнердегі өнертанымдық - өлкетану тәрбиесі туралы ғылыми - зерттеу жұмыстары» бағыттарын қамтыды.       Оқушыларға өнертанымдық - өлкетану тәрбиесін беру мазмұны өнертанымдық - өлкетану тәрбиесін берумен тығыз байланысты шешіледі. Өнертанымдық - өлкетану білімдері деп туған өлке өнері терминдері мен атауларын, мазмұны мен ерекшеліктерінің теориялық негіздерін айтамыз. Ал оқушыларға өнертанымдық - өлкетану тәрбиесін беру - оқушыларға сол білімдерді жүйелі менгерту арқылы олардың туған өлке өнерін талдау іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру процесі, нәтижесінде олардың оқушыларға өнертанымдық - өлкетану туралы өз ойларын айта білуге дайын, туған өлке өнерін ұлттық құндылық ретінде түсінетін, оларға деген қызығушылығы мен оң қөзқарасы бар оқушыны түсінеміз.

Оқушыларға өнертанымдық - өлкетану білімін берудің міндеті - оларды ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу, яғни олардың ұлттық санасы мен ұлттық дүниетанымын өз халқының тілімен, тарихымен, мәдениетімен және салт-дәстүрлерімен біртұтас етіп қалыптастыру, туған өлке өнерін ұлттық құндылық ретінде түсінетін, оларға деген қызығушылығы мен оң көзқарасы бар оқушыны тәрбиелеу болып табылады. Туған өлке өнері мазмұнына жасалған ғылыми талдау, туған өлке өнерін мынандай топтарға бөліп қарастыру жоспарланды: олар, мүсін өнеріне байланысты туған өлке өнері; сәулет өнеріне байланысты туған өлке өнері:  қолөнерге  байланысты туған өлке өнері; қолөнер шеберлеріне байланысты туған өлке өнері; кескіндеме өнеріне байланысты туған өлке өнері; қала мен ауылды безеңдіруге байланысты туған өлке өнері: мұражайларға байланысты туған өлке өнері: киіз үйге байланысты туған өлке өнері; ою - өрнектерге байланысты туған өлке өнері түрлеріне жіктелді. Оқушыларға берілетін өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің мазмұны арнайы бағдарламалар арқылы берілетіндіктен, «Туған өлке өнері» атты оқу бағдарламаларын жасап, оларды ғылыми талқылаулардан өткізіп, оқу процесіне еңдіру көзделді. Оқушыларға берілетін өнертанымдық- өлкетану тәрбиесінің мазмұны өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің педагогикалық білімдерін беру
мазмұнымен тығыз байланыста қарастырылады. Өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің өнертанымдық - өлкетану білімдері деп - туған өлке өнері арқылы мектеп оқушыларына берілетін өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің теориялық педагогикалық негіздерін айтамыз. Ал өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің өнертанымдық - өлкетану білімдерін беруді - болашақ
мұғалімдерге туған өлке өнері ерекшеліктерін, түрлерін, мазмұнынан білімдерді жүйелі менгерту арқылы олардың өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің мазмұнын, формаларын, әдістерін менгеру процесі нәтижесінде оқушыларға өнертанымдық-өлкетану тәрбиесін беруге дайын болуын танимыз.

Болашақ мұғалімдерге өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің этнопедагогикалық білімдерін берудің міндеті - оларды өнертанымдық-өлкетану білімін менгерген, туған өлке өнері, мүмкүндіктері арқылы ұлттық дүниетанымы қалыптасқан, өз халқының ұлттық құндылықтарын түсінетін, оларға деген қызығушылығы бар оқушыны тәрбиелеу болып табылады. Болашақ мұғалімдерге берілетін өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің өнертанымдық - өлкетану білімінің мазмұны арнайы бағдарламалар арқылы берілетіндіктен біз, «Өнертанымдық - өлкетану тәрбиесі» атты болашақ мұғалімдерді дайындау бағдарламаларының, «Өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің теориясы» бөліміне қосып, оларды ғылыми талқылаулардан өткізіп, оқу процесіне еңдірдіру көзделді.

Болашақ мұғалімдерге берілетін өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің өнертанымдық - өлкетану білімінің мазмұны, өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын менгерту мазмұнымен байланысты қарастырылады. Өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің педагогикалық іскерліктері мен дағдылары деп - туған өлке өнері арқылы мектеп оқушыларына өнертанымдық - өлкетану тәрбиесін берудің педагогикалық, практикалық іс - әрекеттер жүйесін айтамыз. Ал өнертанымдық-өлкетану тәрбиесінің педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру - болашақ мұғалімдерге туған өлке өнері ерекшеліктерін, түрлерін, дамуын талдау, үйрету арқылы олардың өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің мазмұнын, формаларын, әдістерін тәрбие ісінде қолдану іскерліктері мен дағдыларын менгеру үдерісі нәтижесінде, олардың оқушыларға өнертанымдық - өлкетану тәрбиесін беруді жоспарлауға, ұйымдастыруға және атқарылған тәрбиелік іс - шараны талдауға дайын болуын танимыз.

Болашақ мұғалімдерге өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру міндеті - оларды қарапайым туған өлке өнеріне талдау жасай білетін, туған өлке өнерінің тәрбиелік мүмкіндіктеріне сай, өз іс - әрекетіне, мінез - құлқына өзгерістер жасай алатын, оқушыны тәрбиелеуте қажетті педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын менгерту болып табылады. Болашақ мұғалімдерге берілетін өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру мазмұны арнайы бағдарламалар арқылы берілетіндіктен біз, «Өнертанымдық - өлкетану тәрбиесі» атты болашақ мұғалімдерді дайындау бағдарламаларының «Өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің практикасы» бөліміне қосып, оларды ғылыми талқылаулардан өткізіп, оқу процесіне еңдірдіру жоспарланды. Болашақ мұғалімдерге берілетін өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің педагогикалық іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру мазмұны болашақ мұғалімдерге өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің этнопедагогикалық білімдерін беру кезеңдерімен кешеңді бірлікте танылады. Болашақ мұғалімдерді өнертанымдық-өлкетану тәрбиесін беруге дайындау, оларға жүйелі түрде өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің этнопедагогикалық білімдерін беру арқылы жүзеге асырылады.

Өнертанымдық - өлкетану тәрбиесінің этнопедагогикалық білімдері педагогикалық білімнің кұрамдас бөлігі болғандықтан, оны студенттер педагогика ғылымының теориялық мәселелерімен танысып болған соң, екінші курстың үшінші семестрінен бастап беру көзделеді. Сонда бірінші кезең - екінші курста болашақ мұғалімдердің өнертанымдық - өлкетану тәрбиесіне даярлығы «Этнопедагогика» атты оқу пәні бойынша жүргізіледі. Екінші кезең - Ш курста студенттерге өнертанымдық-өлкетану білімін беру «Туған өлке өнері тарихы» атты оқу пәні бойынша арнайы курстар мен семинарлар арқылы беріледі, ал педагогикалық іскерліктері мен дағдылары ғылыми - зерттеу жұмыстарын орылдауда және педагогикалық практика кезінде қалыптастырылады. Үшінші кезең - ІҮ курста болашақ мұғалімдерге өнертанымдық - өлкетану білімі арнайы курстар мен семинарлар, факультативтер арқылы беріледі, ал олардың этнопедагогикалық іскерліктері мен дағдылары ғылыми-зерттеу жұміыстарды орындауда және педагогикаіық практика кезінде қалыптастырылады.