БАЛАНЫҢ  ІЗГІ  ҚАСИЕТТЕРІ  ЖӘНЕ ОЛАРДЫ  ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӨНІНДЕ

 

п.ғ.к., доцент Б.У. Курбаналиев, магистр Г.А. Дуйсенбиева

 

Адамның өмір сүруі мен еңбек етуіне лайықты жағдай жасау әлеуметтік әділеттілікті, азаматтық бостандықты және адамның жан-жақты дамуы мен рухани және интеллектуалдық әлеуеті жетілуінің мүмкіндіктерін қамтамасыз ету, Сонымен қатар әр адамның кәсіби біліктілігін жетілдіру қоғамдық прогрестін міндеттері болып табылады. Бұл міндеттер білім беру арқылы жүзеге асырылатыны белгілі.

Алайда қазіргі орын алып отырған әлеуметтік - экономикалық қиындықтар, тәртіптің осалдауы, кейбір жерлерде қылмысты топтардың орын алуы, жастардың санасын, сезімін, мінез-кұлқын, іс-әрекеттерін қалыптастыруда гуманитарлық білім берудің нақтылығы өте қажет болып отыр. Сонымен қатар мынадай жағдайлар кімді болса да алаңдатады. Күн сайын туындап отырған қымбатшылық, тұрмыстағы қайшылықтар, жайсыздықтар адамдарды психологиялық жағынан ойланбастан қызбалылыққа, төзбеушілікке жетелейді. Мұндайда ең қатерлісі адамдардың кейбір тобының өрт тұтатуға да дайын тұратындығы. Оның үстіне дәл осыған мүлделілер әсіресе оқушы жастар ортасына шоқ тастап ұсақ қақтығыстарды, тұрмыстық келіспеушіліктерді оп-оңай ұшықтыруға да бейім тұрады, сөйтіп оған кейіннен ұлтшылдық не шовинистік сипат бере салудан да тайынбайды. Сондықтан гуманистік қарым-қатынас саласында терең ойластырылған мазмұнды жұмыстар жүйесі айқын болуы керектігі туындайды.

Педагог-ғалым А.А.Бейсенбаева қоғамның тәрбиеге мүлделі арнайы педагогикалық мекемелерінің барлық саласы жастар тәрбиесіне ат салысуы қажеттігін алға тартып, гумандық қасиеттерді қалыптастыратын гуманитарлық білім беруді жүзеге асыру керектігін көрсетеді. Оның ішінде ғалымның пікіріне сәйкес аталған білім беру төмендегі міндеттерді жүзеге асыруды көздейтінің атап көрсетеді:

Оқушы жастарды гуманитарлық дүние танымға даярлау; өмірлік мақсат, мүлдесін айқындауға, өзіндік сананы қалыптастыруға, жеке басының қасиеттерін, өмірлік қажеттіліктерін іске асыруына көмектесу;

жастарды мәдени мұраны жүйелі менгеруге, жалпы адамзаттық рухани құнды игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу;

Ұлтымыздың қайта түлеуіне, өзінің қайталанбас төл мәдениетінің, ұлттық салт-дәстүрі мен әдет - ғұрпының гүлдеуіне хақылы екенін санасына сініру, т.с.с..

Гуманитарлық білім беру адамның әлеуметтік мәдени негізін айқындауға көмектеседі. Адамның ішкі интеллектуалдық мүмкіндігінің ашылуына жағдай жасайды. Білім беруді гумунитарландыру бүкіл тәрбие, білім беру, оқу ағарту және барлық мәдениет саласын гуманистік бағытқа жұмылдыру көзделінеді. Қазіргі кезеңде гуманитарлық білім беруді жүзеге асырудың басты міндеттері, қағидалары айқындалған.

Білімді гуманитарландыру халықтардың тарихи ақыл-ойын, адамдардың табиғатын, қарым-қатынасын тереңдете қайта қарауды талап етеді. Бұл айтылғандар тек гумантарлық пәндер арқылы ғана емес сондай-ақ жаратылыстану, техникалық пәндерді оқыту барысында да жүзеге асырылуы тиіс.

Гумандық ұғымын сипаттауда ғылымдар арасында бірізділік көрінісі кездесе бермейді. Бұл салалық ғылымдарға ғана қатысты емес, түрлі дәуірдегі түрлі көзқарастарға да тән.

Гуманизм (лат - Humanus - иманды) - адамның қадір-қасиеті құқын кұрметтеуі, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жалғасын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.

Гумандық қасиеттерді рухани тәрбие мәселесімен да байланыстырады. Рухани тәрбие мәселесі, оның теориялық негіздерін дамыту нақты қоғамда, мемлекетте өмір сүретін әлеуметтік-экономикалық, саяси, идеологиялық, мәдени, ұлттық және т.б. шарттармен тығыз байланысты, яғни осы жағдаймен анықталады және осы жағдайда өмірге жеке тұлғаны дайындауға бағытталады.

Руханилық - бұл (модус, «режим») интеллектуальдылықты және эмоциональдылықты, өнегелілікті және эстетикалық, сондай-ақ эқологиялық идеяны, сезім мен күйгелектілікті, жеке тұлғаның ішкі бекітілімін, бүтіндік жиынтығын сипаттайтын адамның психикасы мен мінез-кұлқының сипаттамасы. Оның орталық қатегориясы - жақсылық және сүйіспеншілік; олардың оптимизміне негізделген сенім, үміт; ақылдылық және шыншылдық; әдемшік және барлық ойлардың және әрекеттердің көтеріңкілігі; ар-ождан мен ұят; батылдық және еріктілік, біреудің қайғы-қасіретін түсіну, және мейірбандық; бақытқа жету жөніндегі қамқорлық пен тек өзі үшін ғана емес, сондай-ақ өзінің бауырына, барлық адамзатқа игілікке ұмтылу; қоршаған табиғат жағдайына жауапкершілік, т.с.с.

Педагогакалық әдебиеттерде "'адамгершілік". "адамгершілік тәрбиесі" ұғымдарына негізінен түсініктер берілген. "Адамгершілік адамдардың күнделікті қарым-қатынасына қатысты гуманизм ұстанымдарын бейнелейтін моральдық қасиет. Адамдарға деген ізгіниеттілік, кұрмет, жаңашырлық пен сенім, кеңпейілділік, басқалардың мүлдесі үшін жан аямаушылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық ..." қасиеттер жатады. Ал, адамгершілік тәрбиесі - "... тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-әрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тәрбие". Бұл тәрбие адамды сүюді, оның бостандығын, құқығын, қадыр-қасиетін құрметтеуді, рақымшылық пен шыншылдық қасиеттерін қалыптастыруды қарастырады.

Гуманизм (адамшылық) жалпы алғанда дүниетеңым принципі десек, адам мүмкіншілігінің шексіз екенігін мойындау, өзін - өзі дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік бостандығын және абыройын қорғау, адамның бағытқа жету жолындағы кұқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету - қоғамның түпкілікті мақсаты.

Педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қарастырсак, адамдар арасындағы қатынастардың сүйіспеншілікке негізделуі, олардың ар - намысын, абыройын, ұжданын кұрметтеу, адамгершілік, парасаттылық тұрғыда қамқорлық жасау, адамды сүйе білу, қадірлеу де гуманизмге жатады.

Сонымен гуманизмді адамға тән адамгершіліктің, парасаттылықтың және ой - шабыттың ерекше жиынтығы ретінде қарастырып, адамды еркін ойлаудың, адамшылықтың шынайы иесі деп қабылдауға болады.

Қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе - мектеп оқушыларын рухани дамыту. Рухани даму дегеніміз - өзінің өмірдегі орнын, атқаратын міндетін. қазіргі және болашақ ұрпақ алдыңдағы жауапкершілігін, дүниенің күрделі құрылымын түсіну және өзін - өзі үздіксіз, бірқалыпты жетілдіру. Адамның тәндік, физиологиалық, психикалық және әлеуметтік дамуын рухани дамудың өлшемі ретінде алуға болады. Рухани даму тұлғаны қалыптастырудың өзегі болып табылады. Даму дегеніміз - адамның тәңдік, жандың және рухтық сипатының біртұтас үйлесімділікте өрбуі, яғни дүниедегі адам болмысының көздеген мақсаты. Егер әр түрлі ғылым салалары, мәселен, тәнтану, физиология, әлеуметтану адам дамуының мүмкіндігін, оның тетігін анықтаса, педагогика дамудың қалай, қандай жағдайда, не арқылы жүзеге асырылатынын сипаттап көрсетеді. Даму күрделі, қозғалмалы үрдіс болғандықтан, тәрбие арқылы ұрпақты жетілдіру тәрбиесі өзара сабақтасады.

Тұлғанын рухани - адамгершшік ұғымының мәніне жатқызуға болатындар: басқаларға жанашырлық білдіру; өзге адамға жақсылық тілеу; адамдарға көмек көрсету; айналадағы өмірді жақсартуға ұмтылу; оны жүзеге асыру; өмір туралы мәселелер жайында толғану; өмірдін мәнін іздеу; өзін-өзі дамыту, жетілу арқылы бүкіл дүниеңі жетілдіру, т.с.с.

Соңғы кезде гуманистік педагогикада тұлғалық - бағдарлы тәрбиеге ерекше көңіл бөлінуде. Қоғамдағы өзінің даралық сипатына сай іс-әрекет ететін тұлғаны әдетте Адам дейміз. Тұлғаның психологиалық ерекшелігіне өзіндік сана, жеке бастық сипат, түрлі салаларының даму денгейі, қоғамдық қатынастар жүйесіне еңуі және өзін-өзі реттеуі жатады.

Тұлғалық-бағдарлы педагогикада тұлғаны мәдениетке еңдіріп, жеке басқа тән қасиеттерін дамыту, адамның ішкі жан-дүниесіне назар аударып, өз мақсатын іске асыруы, өзін - өзі ізгілендіруі, «жеке тұлғаның даралық даму бағытын, анықтауды» ұстануы қажет. Сөйтіп тұлға білім беру жүйесіңдегі ең маңызды орында болуы тиіс. Гуманды - тұлғалық қатынас немесе Ш. Амонашвилидің «Өмір мектебі» атты трактаты педагогикада ерекше мәнге ие. Бұл мектептің басты мақсаты мен міндеттерін белгілеген.

Ш. Амонашвилидің трактаты баланың рухани, адамгершілік, тұлғалық, интеллектуалдық дамуын қамтамасыз енеді.

Гуманды-тұлғалық білім үрдісі баланың жеке психологиялық қасиетіне емес, біртұтас табиғатына негізделуі тиіс. Ол табиғат заңдылығы арқылы дамиды, соның күнтізбесіне бағынады. Табиғат дара жолмен жетіледі, ол бала бойындағы дара мүмкіндіктерді дамытады.

Педагогикада баланың ізгі қасиеттерін қалыптастыруда гуманды педагогиканы қолдану кеңінен айтылып жүргені мәлім. Гумандық -педагогикалық үрдістің мәні, гуманды тұлғалық қатынас орната білу, мұғалім осы үрдістің жасампазы, ол баланың стихиалық құмарлығына сүйенеді; оның көпқырлы күш қабілетін дамытуды, тұлғалық қасиетін анықтап бекітуді, адами қалыптың озық үлгілерін қарым-қатынас, таным, өмір арқылы бойына дарытуды көздейді.

Гуманистік педагогиканың негізіне құңдылықтар алынады. Құндылықтар - тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар. Оларға шындық, қайрымдылық, тұлға, пайда, бостандық, махаббат, шығармашылық, т.б. жатады. Құндылықтар - идеалды  қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой сана арқылы қабылданады. Құндылықтар -құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Құңдылықтар - сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді.

Рухани адамгершілік тәрбиесін түрлі әңгіме өткізу, рөлдік ойындар жүргізу, кішігірім топтармен жұмыс істей білуге үйрету, өмірлік жағдайлар туралы түрлі әңгімелер қарастыру, сурет арқылы бейнелеу, әңгіме оқу, оқыған мәтінді және көрген фильмдерді талдау арқылы іске асыруға болады. Тәрбие сағаттарында ертегі кейіпкерлерін, сондай-ақ түрлі қуыршақтарды да кейіпкерлендіріп пайдалану тиімді.

Адамгершілік мәселесінде басты мәселе баланың назарын үнемі өз өміріндегі елеулі өзгерістерге бұрып, оны саналы түсінуіне баулу көзделеді. Бастауыш сынып балаларының жас ерекшеліктеріне қарай, олардың көңіл күйлерін көтеріңкі ұстау үшін әуең, саз-күй, гүл, өсімдіктер, тордағы құстар және әр түрлі суреттерді сабақ үрдісінде, тәрбие, де орынды қолдана білу қажет.

Рухани адамгершілік тәрбиесін мұғалім қалай іске асыруы тиіс деген орынды сұрақ туады. Мүғалімнің шеберлігі - баланың талап тілегіне қолдау көрсету дәрежесіне байланысты. Балалар үнемі өздерін тәндік және психикалық жағынан сергек, еркін сенуі тиіс. Олардың бір - бірімен түсіністік, достық, танымдық ізденісте болуы әр баланың дамуына ықпал етеді.

Өмірдегі мәдени қалыптарға құндылық қатынас орнату - оқушының өзін -өзі күту, экологиялық тұрғыдағы мәдениетін, еңбек ету, экономикалық, кұқықтық, руханилық және адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу арқылы іске асырылады. Сонымен бірге адамның материалдық және руханилық қажеттіліктерінің маңызы түсіндіріледі. Руханилық дегеніміз - дүниеңі (жанды обьект) деп қабылдау, оны аялау, адам өмірінің мәнін іздеу, өзін-өзі тану.

Адамгершілік тәрбиесі жөнінде айтқанда қазақ халқының ұлы ақыны Абайға тоқталмасқа болмайды. Абай шығармашылығындағы келесі үлкен тақырыптың бірі - адамгершілік тәрбиесінің мәселесі. Халыққа адамгершілік идеясын үндеу дүние жүзі ойшылдарының аса көңіл бөлген мәселесі болды. Абайдың дәріс алған арналарындағы ұлы ойшылдар, ғұламалар, демократтар, ағартушылардың да ұраны, адамгершілік идеясын ту етіп көтеру еді. Олай болса, кеменгер ұлы ойшыл Абай да сол ұстаздардың идеясын, өзінің жүрегінің әмірімен дамыта отырып, ұлы қағидаға батыл үн қосты.

Ақын өзінің бар шығармашылығын адам және адамға лайық қасиеттерге арнады. Ол ең жоғары адамгершілік ұғымын білім-ғылым алу, адал, өнімді еңбек етумен байланыстырады. Ақыл түсінігінде адамгершілік тәрбиеңі құрайтын қасиеттер: адам баласын сүю; адамдардың бір-біріне мейірімді болуы; олардың бір-бірімен бірлікте, ынтымақта болуы және бір-біріне кіршіксіз таза, адал болуы деп білді. Ойшыл ақын жастарды адамгершілікке баулу да гуманизм, интернационализм, патриотизм принциптерін бірлікте қарастырып, бұлардың қай-қайсына да достық пен татулықты, әділеттілікті, мейірімділікті негізгі қазық етті.

Ол адамгершіліктең жұрдай кейбір адамдарды өткір тілмен сынайды. Адамгершшік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді. Бұл жөнінде өзінің «Өлен - сөздің патшасы сөз сарасы» деген өленінде:

Ынсап, ұят, ар, намыс, сабыр, талап

Бұларды керек қылмас, ешкім қалап, деп, осы аталған қасиеттерден аулақ жүргендерді надан деп көрсетті.

Абай түсінігінде адамның ең жақсы қасиеті: елін сүю, халқын сүю, адамды сүю, достыққа, махаббатқа тұрақтылық, әділеттік және шыншылдық, сыпайыгершілік. еңбексүйгіштік, білімге құмарлық және т.б. қасиеттер.

Абай шығармаларындағы негізгі құндылықтар ұңғымы намыс, ұят. Арманы - ақыл, жігер, білім, әділ, адал Адам. Адамдық тамыры - арын сақтау.

Негізгі ұғымы - рухани байлық - денсаулық. Ұраны - адам бол.

Парасаттылығы — ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек.

Салауаттылығы - ізгілік(гуманистік), адамгершілік, имандылық.

Отыз сегізінші нақыл сөзінде - «атаның баласы болма, адамның баласы бол», өсиеті - талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

Ескертетін жат қылығы - көрсеқызарлық, опасыздық. орынсыз мақтаншақтық, пасықтық, өсек.

Жастарды елжандылыққа. ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелеу шартты түрде мынадай қасиеттерді бойға сіңіруді қажет етеді, оны қысқаша былай жүйелеуге болады.

- туған анасын білу, сыйлау, құрметтеу;

- ана тілін білу, сыйлау, кұрметтеу;

- туған жерін ата-мекенін білу сыйлау. құрметтеу:

- туған халқының тарихын білу, сыйлау құрметтеу.

Қазіргі баланың ізгі қасиеттері және оларды қалыптастыру мақсатында білім беру жүйесінде толық мәнді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олардың ішінде төмендегілерді атап көрсетуге болады:

- жоғары оқу орындарында «Өзі-өзі тану» курсы эксперимент ретінде еңгізілуі. Оның негізгі мақсаты жоғары білімді педагогикалық мамандық иелерінің өздерінің ізгі қасиеттерін қалыптастыру:

- жоғары оқу орындарында гуманды педагогика негізінде педагог мамандарды оқушылардың ізгі қасиеттерін қалыптастыруға дайындауды жүзеге асырудағы тәжірибелерді пайдалану:

- ұлтымыздың рухани құндылықтары негізінде тәрбиелеуді жүзеге асырудағы тәжірибелердің еңгізілуі.