ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІ - ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДА
п.ғ.к., доцент Б.У.
Курбаналиев, магистр Г.А. Дуйсенбиева
XXI
ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын
қалыптастыру бағытындағы білім беру мәселесі
мемлекетіміздің басты назарында. Білім мен ғылымның Қазақстан
дамуына оң әсер етуі үшін дүние жүзілік білім
кеңестігіне еңу, білім беруді одан әрі демократияландыру,
оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті
туындап білімге, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге
жаңа талаптар қойылуда.
Халқымызда
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген аталы
сөз бар. Халық мақалын түйіндей айтқан бұл
мақалдың қанша заман мен ғасырды бастан кешірсе де
өз мәнін жоймағанын көреміз. Тоқсан ауыз
сөзді түйіндеп айтуға шебер халқымыз білек
күшінен гөрі білімді ерекше бағалап, оны өмірлік
мұра етуді кейінгіге аманат етіп, басты байлық - білім екенін
түйіндеген.
Тәуелсіздік
алған елдің тәуелсіз әрі терең мазмұнды
үздіксіз білім жүйесі болуы керек. Ол тәуелсіз
мемлекеттің, оның халқының бүгініне, еркіндігіне
қызмет етуі тиіс.
Тәуелсіз
мемлекетіміздің келешегі жас ұрпаққа сапалы білім,
саналы тәрбие беру, оны қазіргі заманға сай білімді, жан
дүниесін рухани бай етіп тәрбиелеу сияқты қиыны мен
қызығы бірдей іс ұстаздар еңшісіне тиген міндет пен
парыз.
Бүгінгі
желкілдеп өсіп келе жатқан ұрпақ ертеңгі
келешегіміз. «Еліміздін ертеңі бүгінгі жас
ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың
тағдыры ұстаздардың қолында» деп көрсеткен болатын
Елбасы білім қызметкерлерінің 1 құрылтайында
сөйлеген сөзінде.
Қоғамымыздың
қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің
алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып
отыр. Осындай сұраныстарға орай оқытудың әр
түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне еңуде. Осы
педагогикалық технология терминіне мынадай түсініктеме бершген:
Педагог икал ық мақсатқа қол жеткізу жолындағы
қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен
әдіснамшіық құратдарьшың жүйелі
жиынтығы мен жұмыс істеу реті. Ұстаздар академик В.И.
Монаховтың технологиясы. профессор Ж. Қараевтың
«Оқытудың педагогикалық технологиясы» және
М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» еңбектерін,
жергілікті авторлық бағдарламаларды басшылыққа алып,
шәкірттерін түрлі тапсырмалар беру арқылы дамыта оқыту,
модульдік оқыту, денгейлеп оқыту идеяларын жүзеге асырып
келеді. Бір технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп,
тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр.
Оқытудың
жаңа технологиясы іс-әрекетті жоспарланған нәтижесіне
жетудің шартты тәсілі ретінде қарастырьшатын жаңа
әдістердің жиынтығынан тұрады. Оның бұрынғы
белгілі дәстүрлі оқыту технологиясынан айрықша
ерекшеліктері мынадай:
Оқушының
интеллектуаяды дамуы аз уақыт ішінде қабылдау
дәрежесінің жоғары мөлшеріне жетуіне
бағытталатындығы;
Оқушы
мен мұғалімнің белсенділігін сайма-сай болуы;
Мұғалім
мен шәкірттін өз ара қарым-қатынасында жауапкершіліктің
міндеттілігі.
Оқытудың
дамыту функциясы оқушы тұлғасын жетілдіруге
бағытталған арнайы дайындалған кейбір оқыту
технологиясында әдістемелік жүйелері мен әдістерде
жүзеге асырылады. Оларға бүгінгі өркеңдеп келе
жатқан жаңа сипаттағы мектептер менгерген жаңа
технологияларды жатқызуға болады. Бұл қасиетті істерде
мұғалімге қойылар талапта ерекше болып отыр. Бүгінгі
күні мектептің, мұғалімнің басты міндеті - рухани
бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны
қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен әр
халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиеті,
мәдениеті, өнері, шыққан түп тамырында жататыны
белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат
ұрпағының бойына сіңіруде гуманитарлық
пәндердің алатын орны ерекше.
Қазіргі
кезде гуманитарлық пәндерді, соның ішінде ана тілі мем
әдебиеті пәнін оқыту арқылы оқушыларға
эстетикалық тәрбие беру ісіне айрықша көңіл
бөлінуде. Әдебиет пәні мен ана тілі жас жеткіншектерге жай
білім беріп кана қоймайды, жас ұрпақтықтың бойына
өмірдің ең қьшбаттысы, ең асыны -
жақсылық пен ізгіліктің ұрығын себеді.
Әдебиет пәнінің әр сабағын адам бойындағы
асқак арман, берік сенім, әсемдік пен сұлулыққа
құштарлық тәрізді ең мөлдір сезімдер мен
кісілік қасиеттер туралы сырласу сабағы десе жарасады.
Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани
дүниесі байиды. Жас қауымды мақсатты өмір сүруге,
туған анасы мен Отанды сүюге жетелейді. Әдебиет
пәнінің алдында тұрған осындай қасиетті
мақсат ең алдымен, сабақ үлгісінде, оның әр
тақырыбына байланысты жүйелі түрде жүзеге асуға
тиіс.
Осы
орайда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту
барысында ұлттық педагогиканы ұштастыра отырып,
оқушылардың ізденімпаздық, танымдық қабілеттерін
дамыту барысында дарынды, ізденімпаз, шығармашыл тұлғаны
қалыптастыру бағытында жұмыс жүргізіп келемін.
Бұл бағытты жүзеге асыру үшін оқу - тәрбие
саласында М. Жанпейісованың модульдік оқыту технологиясын пайдалана
отырып, шығармашыл тұлғаны дамытудың тиімді жолдарын
анықтау, оқушының өзіндік пікірін, ойын дамыта отырып,
дербес ойлайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. Ұзақ
жылғы тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған
мақсатым - баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше
қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай
туғызу. Ол үшін басты оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру,
оқушылардың оқудағы іс - әрекеті арқылы
ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім any процесінде бірлесе
әрекет ету. Мақсатқа жету оқушының өзі
арқылы жүзеге асады. Мұғалім - ұйымдастырушы,
бағыт беруші. .
Бұл
әдісте оқушының өз бетінен жұмыс істеуінің
жеке топтық, ұжымдық тағы басқа жұмыс барыс
оқытуындағы түрлі қызметінің жүйесі
қаралады. Бұл жұмыс түрлері: баланың тіл
байлығын дамыту жолдарын, яғни өз ойын, көргенін айта
білетін, тіл байлығы, сөздік қоры дамыған,
ұлттық санасы қалыптаскан тұлғаны дамытуды
көздейді.
Сабақта
логикалық жаттығу, жұптың, топтық, жеке
жұмыс түрлері мен сөзжұмбақ, жұмбақ
шешу, ойын әлементтерін пайдалану арқылы тұлға бойында
ынтымақ пен ұйымшылдық, шапшаңдық,
тапқырлық, уақытты үнемді пайдалану қасиеттерін қалыптастырады.
Сондай - ақ оқушының қисыңды ойлауын,
қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын
дамытуға, яғни білім берудің мақсаттары болып табылатын
тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталады.
Оқу мазмұнына өсу бағытымен - қарапайымнан күрделіге,
репродуктивті тапсырмалардан шығармашылық ізденіске, кей
жағдайларда зерттеушілік қызмет әлементтеріне қарай
бірнеше мәрте қайта оралу, әрбір оқушының
оқу материалын қарапайым білім денгейінен «білімді талдау»
денгейіне дейін менгеруіне мүмкіндік береді.
Сондықтан
мұғалім мен оқушы іс - әрекеті төмендегіше
айқындалады.
|
Міғалім іс -
әрекеті |
Оқушы іс -
әрекеті |
|
Білім алуға жетелейтін әдіс - тәсілдерді (технологияларды)
пайдалану. Өздігінен білім алудың жолдарын ойластыру,
ұсыну, әдіс -тәсілдерді жүйелі қолдану. Оқушы
еңбегін ұйымдастыра білу. Оқу процесін ұйымдастыру жолдарын ойластыру. Оқушы пікірімен санасу. Қарым –
қатынас мәдениетіне
тәрбиелеу. Қадағалау, топ жетекшілері
арқылы тексеру.бағалау. Коррекция. |
Сұрақтар қойып, оған
жауап іздену. Өздігінен білім алуға ұмтылу,
жауапкершілікпен қарау. Білім алу үшін қажетті дағдыны
өз бетімен қолдана білу. Өз еңбегін өзі
ұйымдастыра алу. Бірлесіп жұмыс істеу. Басқаларды
кұрметтеу. Бір - бірін оқыту, тыңдау, сыйлау. Сөзге тоқтау. Проблемаларды
анықтап, өздері шеше алу. Топтың мүлдесін
қорғау. Өзін - өзі, бірін - бірі
бағалау. |
Оқу модулі
қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш
құрылымдық бөліктең: кіріспеден, сұхбат
бөлімінен, қорытынды бөлімнен тұрады». Өзім
оқытатын 8 - сыныпта әдебиет пәнін оқыту барысында
оқу жоспарын модульдік - блоктік жүйесімен құрдым.
Модуль 1 Ежелгі дәуір
әдебиеті. Ислам дәуіріндегі
әдебиет
|
|
Реті |
Дәріс
мазмұны |
Са-ғат саны |
Уақыты |
Дәріс
түрі |
Әдебиеттер
әдістемелік құралдар |
Зертханалық жұмыстар. Білім-білік дағдыларын байқау |
||
|
|
I сабақ |
Ежелгі
дәуір әдебиеті
Орхон ескерткіштері «Күлтегін» жыры
«Қорқыт ата»
кітабы Аңыз.«
Оғыз қаған» жыры. |
I |
|
Визуал-дық лекциясы. |
Н.
Келімбетов. «Ежелгі
дәуір әдебиеті». «Қорқыт
ата» кітабы. |
|
||
|
2 сабақ |
Ислам дәуіріндегі әдебиет Әбунасыр
Әл-Фараби өмірі, шығармашылығы
Ахмет Иассауидін өмірі, Хикметтері Жүсіп Баласағұни «Құтты
білік дастаны» Махмут Қашқари мақал- |
1 |
|
Визуал-дық лекциясы. |
Әл-Фараби еңбектері А.
Иассауи «Даналық сыйы» Ж.
Баласағұн «Құтты
білік» М.
Қашқари «Диуана
лұғат ата-түрік» М.Жолдасбеков «Асыл арналар» А.
Сейдімбек «Елтұтқа». |
|
|||
|
К I Р I С П Е |
|
мәтелдері Рабғузи «Лұқман Хакім» Сайф Сарай «Түрікше
Гүлстан» Тірек сызбаларды
жазып алу. |
|
|
|
|
|
||
|
С Ө Й Л Е С У Б Ө Л I М Д Е Р I |
сабақ 4 сабақ 5 сабақ 6 сабақ 7 сабақ 8 сабақ 9 сабақ 10 сабақ 11 сабақ 12 сабақ 13 сабақ 14 сабақ 15 сабақ 16 сабақ |
«Алып
ер Түнға». Орхон ескерткіштері. «Күлтегін» «Қорқыт ата» кітабы. «Оғыз Қаған» жыры Әбунасыр
Әл- Фараби
өмірі мен шығармашылы ғы. А.
Иассауи өмірі. Хикметтері. Ж.
Баласағұни «Құлты
білік» М.
Қашқари өмірі, шығармашылы ғы. Рабғүзи. Қиссалары. Сайф
Сарай. Шығарма
Тест |
|
|
Білімді тексеру сабағы. Білімді тексеру. жинақтау сабағы. Білімді тексеру. Білімді тексеру, Жинақтау сабағы Конфе- реңция сабағы. Жинақтау жазбаша |
Сұрақ-жауап «Қазымыр» оқушы «Өрмекші» ойыны «Қазымыр» оқушы. «Сиқырлы сандықша» сұрақ-жауап. Пікірталастық рөлдік
ойын II топлен
ойын. Топпен
жұмыс. пікірталас.
I нұска. Сиқырлы сандықша. Зерттеу, дәлелдеу. Жазбаша жұмыстар |
Сұрақтар дайындау. денгейлік сұрақтарға жауап. Баяндама.
Сұрақ- жауап. Шығарма
«Екінші ұстаз» |
||
Кіріспе бөлімінде
мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы
құрылымымен, оның мақсат -міндеттерімен таныстырады.
Сонан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық
уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут
ішінде), сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене
отырып түсіндіріледі.
Психологтардың
пайымдауынша, әрбір дербес тарауды оқып - үйрену үш
негізгі кезеңнен: кіріспе - қызықтырушылық,
операционалдық - танымдық және рефлексиялық -
бағалау кезеңдерінен тұруы тиіс (Л. М. Фридман).
Аталмыш модульде кіріспе
- қызықтырушылық кезең кіріспе бөлімінде іске
асырылады. Бұл кезеңде оқушылар бағдарламаның осы
тарауын неге және ең үшін оқып - үйренулері
керек, өздері нақты нені менгеріп, үйреңгілері
тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай
екенін түйсінуі қажет. Психолоктар дәлелдегендей білімді
неғұрлым тиянақты менгеру үшін оқушылардың
мақсатты түсінуі аса маңызды. Ол үшін мақсат
нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тәсілдері көрсетілуі
керек.
Сөйтіп оқу
модулінің кіріспе бөлімінде мұғалім:
1 .Оқушыларды
оқу модулінің жалпы құрылымымен және
мазмұнымен таныстырады.
2.оқушылардың
осы оқу модуліндегі танымдық қызметінің
мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл
мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының қабылдауына, түсінуіне ерекше көңіл бөлінеді.
3. Тірек сызбаларға
сүйене отырып, модульдің тұтас тақырыбы бойынша
оқу материалын қысқаша 15-20 минут ішінде түсіндіреді.
Осы мақсаттарды
басшылыққа ала отырып, 8 - сыныпта әдебиет пәнінен
өтілген алғашқы 1 - 2 модульде төмендегіше жоспарладым.
Алғаш екі
сабақ тірек - сызбалар арқылы визуалдық лекция түрінде
түсіндіріледі. Оқушы берілген мәліметтерді дәптерге
сызба түрінде түсіруте мүмкін болатындай уақыт
қалдырылуы керек.
Сұқбат
бөлімінде ежелгі дәуір әдебиеті бойынша берілген
тақырыптардан алынған білімді тексеру барысында «Қазымыр
оқушы», «Өрмекші» ойындарын пайдаландым. Бұл кезде
оқушылар өздері мәтінді жылдам әрі мұқият
оқып шығып, сұрақтар дайындайды. (5мин) Оқушылар
кезегімен басқаларға сұрақтар қояды. Сабақ
барысында кім көп әрі сұрақтар дайындаған
оқушы анықталады. Ислам дәуіріндегі әдебиеттің
көрнекті өкілдерінің өмірі мен
шығармашылығынан алған білімдерін тексеру барысында
«Пікірталастық рөлдік ойын» түрлерін пайдаландым. Бұл
кезде оқушылар топпен отырып ынтымақтаса жұмыс істейді.
Оқушы жауаптары сараптаушы топтар арқылы бағаланады,
топтық іздендіру арқылы бала білімін оқушылық денгейден
шығармашылық денгейге дейін көтеруге мүмкіндік
беріледі. Оқытуды осындай ойын түрінде ұйымдастыру және
әр түрлі белсенді формаларын (топтық, жеке
топтық, жүлпен жұмыс пікірталастар) қолдану
оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу
бөлімінде алғашыңда оқу материалын қайта
жаңғырту және қарапайым білік пен дағды
қалыптастыру мақсатында, кейіннен - алынған білімді талдау,
жинақтау және бағалау мақсатында оқытудың
белсенді формалары қолданылады 3, 4 - сабақтардан бастап
оқушыларға стаңдарт талаптарына сай сараланған
тапсырмалар беріледі. Оқу бөлімінің сөйлесу
бөлімі оқытушылардың өзін - өзі оқытуына
және өзін - өзі бағалауына, бірін - бірі
оқытуына, бірін - бірі бағалауына құрылған. Сондықтан
мен әр бөлімде алынған білімге қайта оралу
мақсатын көздеп «Сиқырлы сандықша» ойынын пайдаландым.
Оқушылар сиқырлы сандықша сұрақтарына жауап бере
отырып өткенге толық шолу жасайды.
Оқу
модулінің қорытынды бөлімі - бақылау. Егер
сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында
оқушылардың бір - біріне көмегі, бірін - бірі оқытуы
түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып
келсе, еңді қорытынды бөлімде оқушы өзінің
сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын
ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін
бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау
жұмыстары, сынак, шығарма немесе диктант оқу
пәнінің ерекшелігіне орай қолданылып, оқу
модулінің осы қорытынды бөлімінде беріледі.
Ал қорытынды
бөлімде оқушы білімі мазмұндама, тест сұрақтары
арқылы тексеріліп қорытындыланады. Оқыту моделі
оқушылардың өз - өзін, бір - бірін бағалау
арқылы жауапкершілік, өз - өзіне сын тұрғысынан
қарау қасиетін дамытуға жағдай жасайды. Бұл
кезеңде мұғалім бағыт - бағдар беруші,
кеңесші және оқушылардың танымдық процесін
ұйымдастырушы рөлінде болады.
Бірлескен
ұжымдық іс - әрекетке негізделген оқыту технологиясын
тиімді пайдаланған жағдайда ғана нәтижелі болмақ.
Ол нәтиже:
Оқушының оқуға деген
қызығушьшығьгның артуы; іскерлік дағдысының
дамуы; өзіне деген сенімділігін қалыптасуы; өздігінен
оқып, түйінді мәселелерді іріктеп алу, сызба, моделін
құрастыра алу: мақсатқа өз бетімен ұмтылуы;
ойлау белсенділігі, тапқырлығы, шешім қабылдау
әректіңің дамуы; Шығармашылықпен айналасуға
талпынысы өзіндік пікір айта білуі.
Туған елінің
ана тілі мен әдебиетінің кыр - сырын, табиғатын, тарихын
таныта отырып, ертең өмірден орын таба алатын өзіне сенімді,
нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін
педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен
пайдаланып, тәжірибені дамыта түсу - бүгінгі
таңның басты мәселесі. Сонау XX ғасырдың басында
Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру -үйреңгішті жай
ғана шаберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер
деген екен». Сондықтан оқу -тәрбие саласында қазіргі
таңдағы жаңа технология әлементтерін еңгізе отырып,
оқу үрдісін жаңа ұйымдастыру, оқушылардың
оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын
жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет етуді
көздеу мақсат етіледі.
Сондықтан
бүгінгі таңдағы педагогиканың жаңалықтарын,
қазіргі қолданылып жүрген пән ерекшелігіне қарай
білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы.