ӘОЖ 378.02: 372.857¹854:378
Пәндерді кіріктіре
оқыту арқылы оқушылардың интеллектуалдық ойлауын
дамыту
Жайдақбаева Л.Қ., Құрбанова З.П., Тілекова А.Ж.
М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
Мемлекеттік университеті
Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінде ғылым
саласындағы өзгерістер - өндірісте, әлеуметтік ортада,
оқыту жүйесі мен тәрбиелеуде жаңаша көзқарасты
қажет етеді. Осы мақсатта жалпы орта мектептегі білім беру
мазмұны, оқу жоспарлары өңделіп, жаңа технологияларға
негізделген бағдарлама мен оқулықтар жетілдіріліп,
оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен әдістері
жаңаруда [1]. Сонымен қатар мұғалімдерге арналған
әдістемелік құралдар мен нұсқаулар да
дидактикадағы заманауи жетістіктер мен негізгі ғылымдардың
оқыту әдістемесіне қажетті материалдармен
толықтырылуда. Жаратылыстану пәндерінің ішінде информатика
пәні жаңа пән болғандықтн бағдарламалармен
толықтырылып отыруды қажет етеді. Жалпы білім беру барысында
ғасырлар бойы жиналған жалпы адамзаттық
құндылықтарды психология-педагогикалық
тұрғыдан қалыптастыру тәсілдерін кеңінен
пайдалану, қазіргі кездегі ақпараттық технология
мүмкіндіктерін тиімді пайдалана отырып, пәндерді кіріктіре
оқыту арқылы оқушылардың интеллектуалды ойлауын дамыту,
оларды шығармашылық дербестікке жеткізу бүгінгі заман талабы [2].
Жаратылыстану пәндерін оқытудың мақсатына,
міндетіне және күтілетін нәтижесіне қол жеткізу
үшін оқушылардың білік дағдыларын дамытуға
ынталандыру мақсатында пәнаралық байланыс негізінде кіріктіре
оқыту мәселесіне назар аудару керек. Пәнаралық байланыста оқыту бастауыш сыныптарда,
жалпы орта мектептің негізгі сатысында оқушыларға білімді
жан-жақты терең меңгертуге бағытталған.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру мәселесі – бұл
педагогтар үшін жаңалық емес. Бұл мәселенің
дидактикалық қажеттілігі қашанда философиялық
көзқараспен негізделген, саралау мен кіріктіру үрдісінде
ғылыми білімнің жалпылама дамуы болып табылады.
Пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолында 20-шы жылдары
кешенді бағдарламалар жасалынған екен. Оқытудың тарихи
даму процесінде пәнаралық
байланыстың қолданудың өзектілік мәселелерін
Я.А.Коменский, К.Д.Ушинский, А.Дистерберг өз еңбектерінде
көрсеткен. Сонымен бірге
пәнаралық байланыстар негізінде шығармашылықты
дамытудың жалпы мәселелері В.Н.Максимова, А.Тажмағанбетов
ал, психологиялық негіздері
бойынша И.П.Павлов, Ю.А.Самарин және ғылыми-әдістемелік
талдаулары Т.Ф.Федорец, В.Н.Фёдорова И.Д.Зверев, Ә.Ж.Көшеров т.б., зерттеген. Қазақстандағы жаратылыстану
пәндерінің оқыту әдістемелерін дамытуға
еңбек сіңірген ғалымдар қатарында А.Е.
Әбілқасымова, Қ.А. Аймағамбетова, ал, пәндерді
кіріктіре оқыту бойынша Қ.А. Аймағамбетова,
Ә. Мұханбетжанова, Ә. Түркменбаев, Б.Абуова
және өзге де ғалымдардың еңбектерінің
зерттеу объектісі болып табылады.
Информатика
курстарын оқыту әдістемелерінің түрлі бағыттарына
М.П.Лапчик, Е.Ы.Бидайбеков, Т.О.Балықбаев, компьютерлік оқыту
мәселесіне Ж.А.Қараев, т.б. назар аударған.
Аталған зерттеулер, еңбектер
информатикалық білім мен тәрбие берудегі педагогикалық
мәселелерді шешудің теориялық базасы болып отырғанымен,
зерделенген теориялық және әдістемелік ұсыныстар мектеп
іс-тәжірибесіне баяу енгізілуде.
Сондықтан да информатикалық білім беру мәселесін мектеп
жағдайында оқу үрдісінде жүзеге асыруды күшейту
қарастырылып отыр.
Оқушыларға
информатикалық, математикалық білім мен тәрбие беру –
ең күрделі педагогикалық процесс екені белгілі. Бұл оқу процесінде белгілі бір
пәннің бағдарламалық талаптарын жан-жақты
қарастыру арқылы оқушылардың интеллектуалды
қабілетін дамытуды қажет етеді. Басты мәселе
оқушылардың ақпараттық сауаттылықты
қоғамдық жетістік деп сезінуі, оны қоғам талабына
сай тәжірибеде қолдана білу – еліміздің әр
азаматының ісі деп бағалау дәрежесіне көтерілуіне
ықпал ету. Оқушыларға жан-жақты информатикалық
білім беру мектептегі оқу-тәрбие үрдістерін, ең алдымен
жаратылыстану ғылымдарына енетін пәндермен байланыструды
қажет етеді. Осы бағытта информатика мен математика
пәндерінің арасындағы байланыс негізінде пәндерін
кіріктіре оқыту оқушылардың
танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру
зерттеу жұмысымыздың
мақсаты деп алдық.
– Қазіргі кезде білімнің кіріктірілуін қамтамасыз ету, оның
ғылыми деңгейін арттыру пән мұғалімдерінің
ғылыми негізде ізденуінің нәтижесінде болмақ. Пәндерді кіріктіре
оқыту автономды түрде гуманитарлық пәндер мен
жаратылыстану пәндерінде бір-бірімен байланысы әлсіз
болғанымен, әрбір пән өзіне тән математика,
физика, информатика және т.б. пәндермен өзара
байланысқан. Пән мазмұнына дидактикалық
тұрғыдан талдау жасай отырып, математика мен информатиа пәндерін
кіріктіре оқытудың бағдарламасын жасау және оқу
үрдісіне енгізу зерттеу жұмысымыздың міндеттерінің бірі
болмақ. Жаңа бағдарламаның маңызды тұсы –
кешенді әдіске әкелуге ұмтылу. Бұл әдіс
оқулықты ысырудан аулақ, ортақ тақырыптарды ары
қарай жете түсіндіруге мүмкіндік жасайды. Мысалы,
электрондық кесте оқушылар бұл тақырыпта
электрондық кестеде математикалық есептерді, қаржылық
функцияларды, графиктер салуды, орта есебін табуды, математикалық есептеулер
жүргізеді.
Біздің
көзқарасымыз бойынша кіріктіру – педагогикалық
категорияға жатады. Нысандар арасындағы кіріктірілген
қатынастар, нақты әрекеттегі құбылыстар мен
процесстер, оқу формасында және оқу-тәрбие
әдістерінде көрініс табады.
Осы арада мектептің оқу-тәрбие
процесін пәндерді кіріктіре оқыту негізінде ұйымдастыруы,
ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысу,
оқушылардың интеллектуалдық өрісін байытумен бірге,
бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің
де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас
жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың
қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұдан шығатын
қорытынды пән мазмұнын іріктеу және оқу
түрі мен әдісін таңдау.
Мазмұнын өзгертудің мұндай түрі
оқыту әдісінің білім беру мәселесін шешудің
жаңа сапалы деңгейі болмақ.
Әдебиеттер:
1. Фёдорец Г.Ф.Проблемы интеграции в
теории и практике обучения (Пути развития).-Л.,
2. Абуова Б. Д.Педагогикалық оқу орындарында
биология мен химия пәндерін ақпараттандыру негізінде кіріктіре
оқытудың әдістемелік ерекшеліктері. Педагогика
ғылымдарының кандидатығылыми дәрежесiн алу үшiн
дайындалған диссертацияның авторефераты